7-сыныпта «Жұмыр құрттар» тақырыбына өткізген ашық сабағы

Преображенка  орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі М.Қ.Рахимжанованың 7- сыныпта  «Жұмыр құрттар» тақырыбына өткізген ашық сабағы. Сабақтың тақырыбы   Жұмыр құрттар класы. Сілтеме Биология пәнінің бағдарламасы.Биология 7 сынып Қ.Қайым, слайдтар, қосымша ресурстар. Сабақтың мақсаты Жұмыр  құрттардың тіршілік әрекеті, құрылыс ерекшелігі, көптүрлілігі туралы оқушының өз бетімен меңгеруге мүмкіндік туғызу.   Оқыту нәтижелері   *тапсырмалардың өзгергенін түсінеді; *тапсырмаларды орындауға арналған нұсқаулықтарды    қолданады; *жұмыр құрттар  класына жалпы сипаттама,құрылысы,    көбеюуі, пайдасы мен  зияны туралы толық мәлімет    алады;     Преображенка  орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі М.Қ.Рахимжанованың 7- сыныпта  «Жұмыр құрттар» тақырыбына өткізген ашық сабағы. Сабақтың тақырыбы   Жұмыр құрттар класы. Сілтеме Биология пәнінің бағдарламасы.Биология 7 сынып Қ.Қайым, слайдтар, қосымша ресурстар. Сабақтың мақсаты Жұмыр  құрттардың тіршілік әрекеті, құрылыс ерекшелігі, көптүрлілігі туралы оқушының өз бетімен меңгеруге мүмкіндік туғызу.   Оқыту нәтижелері   *тапсырмалардың өзгергенін түсінеді; *тапсырмаларды орындауға арналған нұсқаулықтарды    қолданады; *жұмыр құрттар  класына жалпы сипаттама,құрылысы,    көбеюуі, пайдасы мен  зияны туралы толық мәлімет    алады;    
Раздел Биология
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Преображенка орта мектебінің

биология пәнінің мұғалімі

М.Қ.Рахимжанованың

7- сыныпта «Жұмыр құрттар» тақырыбына өткізген ашық сабағы.

Сабақтың тақырыбы

Жұмыр құрттар класы.

Сілтеме

Биология пәнінің бағдарламасы.Биология 7 сынып Қ.Қайым, слайдтар, қосымша ресурстар.

Сабақтың мақсаты

Жұмыр құрттардың тіршілік әрекеті, құрылыс ерекшелігі, көптүрлілігі туралы оқушының өз бетімен меңгеруге мүмкіндік туғызу.

Оқыту нәтижелері

*тапсырмалардың өзгергенін түсінеді;

*тапсырмаларды орындауға арналған нұсқаулықтарды

қолданады;

*жұмыр құрттар класына жалпы сипаттама,құрылысы,

көбеюуі, пайдасы мен зияны туралы толық мәлімет

алады;

Негізгі нәтижелер

*Топпен жұмыстарды ұйымдастыру;

*өзара әрекетрін арқылы бір-бірімен кеңесу , оқушылардың

құрттар тақырыбы бойынша түсініктрін одан ары дамыту;

*оқушылардың кеңейтілген тапсырмаларды тиімді

орындауын жүзеге асыру;

Болжамданған нәтижелер

*жұмыр құрттардың тіршілік әрекеті, құрылыс ерекшелігі,

көбеюуі, көптүрлілігі, пайдасы мен зиянының

ұғады;

Сабақтың кезеңдері

Ресурстар/керек жабдықтар/

Оқыту моделі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі 2 мин.

Топқа бөлу

Оқушыларды түгендеу,назарын сабаққа аудару, суреттер арқылы топқа бөлу

Оқу құралдарын даярлау, топқа бөлінеді,сабақтың мақсатымен танысады.

Кіріспе. Ой қозғау

Сергіту сәті 6 мин

Интерактивті тақта слайдтар.

АҚТ, топтық жұмыс.

Сабақтың мақсатын айқындау үшін сөзжұмбақтар

Берілген тапсырмаларды топ болып шешу

Түсіну 6 мин

Кітап,суреттер

СТО, топтық жұмыс

Оқушыларға берілген тапсырмаларды пайдалана отырып, жаңа сабақтың азмұнын меңгертуге бағыттау. Топтарға тапсырмалар:1-топ тапсырмасы.

Әр түрлі құрттардың суреттері. Тіршілік әрекеті.

2-топтың тапсырмасы.

Құрттардың дамуы. Пайдасы мен зияны.

Қолдану 15 мин

Постэр??????

Әр топтың тапсырмаларды орындау үшін осы тапсырма арқылы не біліп шығамыз?- деген сұрақтар қою.

Оқушылар постэрда сызбанұсқа, суреттер,жажзбалар салу, түсіндіру.

Анализ синтез

7-мин

Оқулық, оқушы дәптері

Топтық жұмыс диалог

мұғалім әрбір тапсырманы талдауды ұсынады

Оқушылар жұмыс дәптермен жұмыс жасайды.

Бағалау 7-мин

Бағалау парақтары

Топтық және жұптық жұмыс

Мұғалім әрбір топқа бағалау ресурстарын ұсынады

Алғаш топтар бірін бірі содан соң топ мүшелері бірін бірі бағалайды.

Үйге тапсырма 1-мин

Оқулықтан 35 тапсырманы мазмұндау.

Рефлексия 2-мин.

Не үйрендім? Не білгім келеді?Келесі сабаққа ұсыныс пікірлер, талап тілектер.



23.10.14.

7а сыныбында «Жұмыр құрттар» тақырыбына өткізілген ашық сабаққа рефлексиялық есеп.

Сабақтың мақсаты; жұмыр құрттардың тіршілік әрекеті, құрылыс ерекшелігі, көптүрлілігі туралы оқушының өз бетімен меңгеруге мүмкіндік туғызу.

7А сыныбында 9 оқушы бар. Сабаққа барлық оқушы қатысты. Сабақта қолданылған әдіс тәсілдер: СТО,АКТ, диалог, топпен жұмыс, жұппен жұмыс,бағааалау.

7- сыныпта «Жұмыр құрттар» тақырыбына өткізген ашық сабағы.7- сыныпта «Жұмыр құрттар» тақырыбына өткізген ашық сабағы.7- сыныпта «Жұмыр құрттар» тақырыбына өткізген ашық сабағы.7- сыныпта «Жұмыр құрттар» тақырыбына өткізген ашық сабағы.

Бұл сабақтағы негізгі мақсатым оқушыларды тақырыпты түсіне оқи отырып, мазмұнын аша білуге сөздіктерге назар аударуға дағдыландыру, оқушының тілдік қорын молайту мен қатар есте сақтау қабілеттерін , шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. Сабақты бастамас бұрын сыныпты суреттер арқылы топқа бөліп отырғыздым. Оқушылар арасында жағымды ахуал туындату үшін әр топқа күнделікті айтылатын немес ерекше тілек ойлап табуды ұсындым. Бір топтың тілегі жиі айтылатын тілек болды да, бір топтың оқушысы Ерасыл « Үйлеріңде гүл көп болсын деген тілек айтты» бұл балалардың күтпеген ерекше тілегі болып шықты, өйткені оқушылар жануарлар тарауын оқып жатқандықтан көбіне құстар, жануарлар туралы пікірлерін тілектерін ортаға салған. Оқушылар сабақта топпен жұмыс жасау кезінде белсенділік көрсетті. Бірінші топ жетекшісі Ерасыл өз тобының барлық тапсырмаларға қатысуын қадағалап отырды. Диалогтық кезеңде екінші топ оқушылары белсенділік көрсетті. Келесі кезекте оқушыларды бағалау критерийімен таныстырып, яғни оқушылар топ ішінен басшыны сайлап алып, топ басшысы бағалау парағы арқылы бағалап отыру керектігін және қалай, қандай критерий бойынша бағалауы түсіндіріп өттім. Бағалау кезеңінде оқушылар сабақ барысында толтырып отырған бағалау парақтары бойынша өздеріне бағаларын қойды. Өзіне қойған бағаға досының бағасын және мұғалім бағасын қосып ортақ бағаны қойдым.

Бағалау кезінде оқушылар арасында келіспеушілік те байқала бастады.Мысалы: Мейрамғазы өз бағасын асыра қойса, менің бақылауымдағы орташа оқитын Еркежан сабаққа жақсы қатысып отырса да, тартыншақтап бағасын төмендетіп жіберді. Топ жетекшілері Ерасыл мен Динара топтың бағасын бергенде олар да Еркежанның сабаққа даярланып келгенін айтып жақсы бағалады. Осыларды бақылай келе топтық жұмыстың бала ынтасына әсерін тигізетінін көрдім. 7а сынып оқушылары басқа сыныптарға қарағанда әлі топта жұмыс істеуге толық дағдыланбағандықтан, артық шуылдап кетіп жатады. Топтық жұмыс кезінде бақылауға алған Еркежанды басқа қырынан көрдім. Еркежанның белсенділігі артты. Топ ішінде қуана - қуана жұмыс істейтін болды. Топтық жұмыс сыныптағы білім алуда ғана емес, сынып ішіндегі бөлек жүретін оқушылардың бойында да өзгеріс тудырды деп ойлаймын. Оқушыларда бағалауда аздаған қиындықтар болды, себебі топ ішіндегі оқушылардың кейбіреуінің көңіліне қарап бір сөз айтса да жақсы деп бағалады. Кері байланыс кезінде оқушылар стикерге бүгінгі сабақтан не алдым, не үйренгісі келетіндіктерін жазды. Смайликтер арқылы сабақтағы көңіл - күйлерін көрсетті. Осы сабақ нәтижесіне қарап оқушылардың белсенділігі мен білім деңгейін артуда жаңа модуль әдіс тәсілдердің тиімділігін тағы бір көз жеткізді. 7А сынып оқушыларымен әлі де жұмыс жүргізе түсу қажеттігін түсіндім. Жалпы сабақ тақырыбы толық ашылып қойған мақсатына жетті.



© 2010-2022