Популяциядағы табиғи сұрыпталудың формалары

Раздел Биология
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін: ______________ Күні: 02.02.2016ж Сыныбы: 9 "Ә"

Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Популяциядағы табиғи сұрыпталудың формалары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға популяциядағы табиғи сұрыпталудың формалары туралы

мағұлмат беру

Тәрбиелілік: Оқушыларды популяциядағы табиғи сұрыпталудың формалары туралы

білуг тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушылардың популяциядағы табиғи сұрыпталудың формалары

туралы ой -өрісін дамыту

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың көрнекілігі: плакат

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысын тексеру
II. Үй тапсырмасын тесеру

1. Табиғи сұрыпталу деген не?

2. Тіршілік үшін күрес деген не?

3. Түр аралық күрес деген не?

III.Жаңа сабақ

Табиғи сұрыптау - тіршілік үшін күресте күштілердің жеңуін қамтитын эволюцияның жүзеге асырылуы үрдісі. Эволюция теориясы 1858 ж. Чарльз Дарвин және Альфред Рассел Уоллеспен ұсынылды.[1]

Табиғи сұрыпталуды кейде Қозғаушы сұрыпталу деп атайды. Себебі бұл - бағыттауышы сұрыпталу, тек ғана бірбағыттағы өзгергіштікке бейім табиғи сұрыпталудың бір түрі. Қозғаушы сұрыпталу арқылы популяцияның генофоды толығымен келешек ұрпақтарының дивергенциясыз өзгереді; түрдің осындай эволюциясын Дж. Симпсон, (1944) филетикалық эволюция деп атады. Қозғаушы сұрыпталу нәтижесінде популяцияның генофондында фенотиптің бір бағытына өзгергіштік болатын мутациялар жинақталады және таралады.[2]

Табиғи сұрыпталудың формалары

  1. Қалыпты сұрыпталу

    1. Сұрыптау жолымен мутация залалсыздандырылады, олардың қарама-қарсы бағытталған әрекеті бейтараптанады.

    2. Генотип және тұрақты фенотип барысында жеке даму процесі жетілдіріледі.

    3. Залалсыздандырылған мутайия резерві пайда болады. Осы сұрыпталудың нәтижесінде орташа нормадағы реакциясы бар ағзалар аз өзгерісті жағдай тіршілігінде доминатты болады, жәндіктермен тозаңданатын өсімдіктер гүлінің формуласы мен пішіні сақталады( гүлдер жәндік тоңандандырушының мөлшері мен пішініне, оның алдыңғы ауыз сору құрылысына сәйкес келу керек)

Тіршілік үшін күрес

  1. Қозғаушы сұрыпталу залалсызданған рецессивті мутациядан тұратын моболизденген резервін ашады. Залалсызданған мутация және оның сәйкес келуін сұрыпталуды іске асырады. Жаңа фенотиппен генотип пайда болады. Осы сұрыпталу нәтижесінде фенотипі мен генотипі бойынша айырмашылықтары бар, жаңа орта формадағы, өзгерген жағдайға неғұрлым сәйкес келетін популяциядағы дарақтар пайда болады. Жәндіктер улы химикаттарға тұрақты келеді.

  2. Дизруптивті сұрыпталу. Бұл жерде қозғаушы сұрыпталу кезінде қандай процесс болды, сондай болады. Бұл сұрыпталу ағзаның орта норма реакциясының ауытқуынан екінші бір ағзаға қысым көрсетіледі.

  3. Жыныстық сұрыпталу - Түрдің көбеюі, ұрпақтарының ары қарай өсіп-өніп тіршілігін қамтамасыз ететін, тіршілік үшін күресте реңдерінің әдемілігімен , әрекеттерінің белсенділігімен , тіршілікке икемділігімен күштілерді жеңеді. Жыныстық сұрыпталудың ағзаға зиянды жері де бар. Мысалы, жұмақ құсы мен қырғауыл аталықтарының әдемі ұзын қауырсындары ұшуына кедергі жасайды, әрі оларды жаулары тез байқайды. Бұғы аталығының үлкен мүйізі қатты жүгіруіне кедергі келтіреді. Жыныстық сұрыпталудың нәтижесінде жетілген мүйіздері, ит тістері, иісті бездері, жарық шығаратын мүшелері жыныстық айырмашылықтарын көрсетеді

IV. Бекіту

1. Табиғи сұрыпталу деген не?

2. Тіршілік үшін күрес деген не?

3. Түр аралық күрес деген не?

V. Қорытынды

Табиғи сұрыптау - тіршілік үшін күресте күштілердің жеңуін қамтитын эволюцияның жүзеге асырылуы үрдісі. Эволюция теориясы 1858 ж. Чарльз Дарвин және Альфред Рассел Уоллеспен ұсынылды.[1]

Табиғи сұрыпталуды кейде Қозғаушы сұрыпталу деп атайды. Себебі бұл - бағыттауышы сұрыпталу, тек ғана бірбағыттағы өзгергіштікке бейім табиғи сұрыпталудың бір түрі. Қозғаушы сұрыпталу арқылы популяцияның генофоды толығымен келешек ұрпақтарының дивергенциясыз өзгереді; түрдің осындай эволюциясын Дж. Симпсон, (1944) филетикалық эволюция деп атады. Қозғаушы сұрыпталу нәтижесінде популяцияның генофондында фенотиптің бір бағытына өзгергіштік болатын мутациялар жинақталады және таралады.[2]

VI.Үйге тапсырма

§42 Популяциядағы табиғи сұрыпталудың формалары

VІІ.Бағалау

Сабақ айтқан оқушыларды бағалау


© 2010-2022