Әдістемелік нұсқаулық Бақша зиянкестері

Бақша өсімдіктерін қоректендіру, суғару, қосымша күтім көрсетуден басқа бақша  зиянкестерінен қорғау әр бағбанның міндеті. Егер зиянкестерге бір күн көңіл аудармасаңыз бүкіл бақты жаулап алуы ғажап емес. Әсіресе, оларға түсетін биттердің күнделікті көбеюін нақты айту қиын. Бақша зиянкестерінің көптеген түрлері бар. Олардың ішінде Қазақстанда жиі кездесетіні және бақшаны қалай қорғауға болатындығы жайлы айтып кетеміз.Маусым айы бақша зиянкестерінің күшейетін сәті. Олардың біразы көбею кезеңін бас...
Раздел Биология
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Зиянкестер

Бақша өсімдіктерін қоректендіру, суғару, қосымша күтім көрсетуден басқа бақша зиянкестерінен қорғау әр бағбанның міндеті. Егер зиянкестерге бір күн көңіл аудармасаңыз бүкіл бақты жаулап алуы ғажап емес. Әсіресе, оларға түсетін биттердің күнделікті көбеюін нақты айту қиын. Бақша зиянкестерінің көптеген түрлері бар. Олардың ішінде Қазақстанда жиі кездесетіні және бақшаны қалай қорғауға болатындығы жайлы айтып кетеміз.

Маусым айы бақша зиянкестерінің күшейетін сәті. Олардың біразы көбею кезеңін бастаса, енді бірінің жұмыртқалары жетіліп, ұшуға шығады. Бақшаның басты зиянкестері: өсімдік биті, көбелектер, листовертка, жапырақ жегіш қоңыздар және т.б. Маусым айында листовкалар раушан гүлінің жапырағының астына жұмыртқа салады. Жұмыртқалар жапырақтың шырынын сорып тіршілік ететіндіктен, аз уақыт ішінже жапырақтың жиегі ішке қарай ширатылып кетеді.

Ал, өсімдік биті баршамызға таныс. Биттер жер бетінде 280 миллион жыл бұрын пайда болған. Биттердің тағы бір ерекшелігі гүлдердің түсіне қарай қызыл, күлгін, қоңыр немесе қара түске еніп, өсімдікті жаулап алады. Бит қанша ұсақ болғанымен (көлемі 1-3 мм ), үлкен тал теректердің өзін тұншықтырып, жойып жібереді. Ендеше раушан секілді әдемі гүлдер өсімдік битіне сөз емес. Ол өсімдіктің кез-келген бөлігінде (гүл, жапырағы, тамыры, сабығы) жиі және топтасып орналасады.

Өсімдік битін болдырмас үшін алдымен ауладағы құмырсқалардан құтылу керек. Құмырсқалар биттердің жұмыртқасын қыс бойы ұясында сақтап, көктемде өсімдіктердің сабағы мен жапырағына орналастырады. Биттер өсімдіктен алған шырының жартысымен өзі қоректеніп, жартысын құмырсқаға бөліп береді. Бірігіп тіршілік жасайтын өсімдік биті мен құмырсқалар арасында достық байланыс шексіз болады. Сондықтан да құмырсқалардың ұясына оларды өлтірмейтін, бірақ, ауладан аулақ көшіп кетуіне септігін тигізетін дәрі себу керек. Мысалы дуст керолин.

Жасыл қоңыздар басқа жәндіктер сияқты шырын сормайды, ол бірден өсімдіктің жапырағын, гүлінің күлтесін қырқып жейді. Себебі, олар күндіз жасырынып жатады да, қоректенуге түнде шығады. Бірақ өсімдікке жасыл қоңыздың түскенін жапырақтың жиегінің ойық болуынан және гүл бүрлерінің ашпай солып қалуынан білуге болады. Оларды дәрілемес бұрын кешке қолығызға қолғап киіп, шам алып гүл бүрлерін ашып қараңыз. Егер 1 см болатын сопақ қатты қабықты жасыл қоңызды көрсеңіз бірден жабық ыдысқа теріп алып, артынша өртеп жіберіңіз.

Қоңыз биттерінен арылудың тағы бір жолы қылқан жапырақты қарағай немесе сарымсақ, ащы бұрыш, темкі шөп, мыңжапырақ тұнбасын өсімдіктерге бүрку керек.Сондай - аө табиғатта зиянкестермен қоректенетін жәндіктер мен құстар бар. Мысалы алтын көзді қоңызбен елқайда (божья коровка) биттердің басты жауы.

Көбелектер аурулары ауладағы әсем гүлдерге келіп, хош иісімен рахаттанып артынша өсімдікке өз жұмыртқаларын қалдырып кетеді. Осылайша гүлдерді де будандастырып, өзінің ұрпағын жалғастырып көбелектер тіршілік жасайды. Олар кез-келген гүлге қонбайды. Шырыны мол иісі аңқыған және күлтесі сия көк, сары немесе көк түсті гүлдерге әуес болады. Атап айтсақ: қашқаргүл, көкбасшөп, гүлкекіре, күнбағыс, лаванда және мыңжапырақ көбелектердің қоректену үшін жүретін нағыз мекені. Аулада қылқанжапырақты өсімдіктер көп егіліп, жерге көгал төселсе бақшаңызда көбелектер аз ұшады.

Көбелекке арналған квас. Бақшада жеміс ағаштарын химиялық дәрілермнен емдеу қажет емес. Жемісін өзіңіз жейітіндіктен оларға түскен зиянкестерден арылудың бірнеше жолы бар.Мәселен, «халық медицинасы». Жемістердің құрттың болуына ауладағы көбелектің көптігі себеп. Аулада көбелек ұшып, жемістерді зақымдамас үшін арнайы «Квас» жасау керек. Үш литрлік банкіге 200-300 г қара нан үгіндісін, 3-5 дана қант науа және аздаған ащытқы салып араластырып, бетін мәрлімен жауып, 1-2 тәулікке жылы жерге қойыңыз. Дайын болған квасты ыдысымен жеміс ағаштарының бұтағына іліп қойыңыз. Квастың иісіне тұншыққан зиянкестер өздері-ақ өсімдіктен аулақ жүретін болады.

Ағашты әктеу керек пе?

Көп бағбандар көктемдегі бақтың қарбалас жұмыстарын ағаштың діңін әктеумен бастайды. Кейбір сырттан қарағандарға бұл көрініс бос әурешілік сияқты көрінеді, кейбіреулер кеңес заманынан қалған әдет деп есептейді немесе пайдасынан бұрын әдемілік үшін жасалады деп ойлайды.

Әктеуге қарсы тұлғалар: ол тек әдемілік үшін жасалады, ағашты әктеген, бағана әктегенмен бірдей, ал ағашқа пайдасынан гөрі зияны тиеді, демалатын саңлауларын әк бітеп тастайды деп есептейді.

Әктеуді жақтайтындар: көктемде ағашты әктеу - ағаш діңін күн сәулесінен қорғайды, зиянкестерден қорғайды, зиянкестердің зардабынан болатын аурулардың алдын алады деп есептейді. . Ағаш діңімен емес жапырағымен демалады.

Әктеуді жақтайтындар: көктемде ағашты әктеу - ағаш діңінің күн сәулесінен қорғайды, зиянкестерден қорғайды, зиянкестердің зардабынан болатын аурулардың алдын алады..

Ағаштарды әктеу - пайдалы, әрі керек іс. Әк - ағаштың діңінің көктемгі күннің сәулелерінен күйіп кетуден сақтайды және қысқы ұйқыдан оянған зиянкестерден қорғайды. Әсіресе кәрі және жеміс ағаштары үшін өте керек шаралар. Бірақ, әктеуді уақытысында және жөн жобамен жасау керек. Ағаштарды әктеудің екі түрі бар: профилактикалық және емдік әктеу. Емдік мақсатта ағаштардың жарылған жерлерін, жараларын, ауруларын жазатын шараларды жүргізеді.Ағаштардың әктеудің уақытын белгілеу өте маңызды. Жер батпақ болмай, басып жүретіндей құрғағанда, бірақ ауа райы жылып кетпей тұрып әктеу керек. Өйткені зиянкестер оянып, ағаштың қуыс - қуысына кіріп алғанда әктегеннің ешқандай пайдасы болмайды. Жаңбыр жауып түрғанда да пайдасы жоқ.

Қалай әктеу керек. Әктеу алдында ағаштың діңінің қурап қалған қабықтардан қына мен мүктерден тазарту, жарылған жерлерін бақша қамыры мен (садовый вар) жағып қою керек. Осыдан кейін ғанга бояу жаққышпен немесе бүріккішпен әктеуге болады. Қазіргі кездерде дүкендерде дайын бақша әктері (садовая побелка) сатылады. Нұсқамасында көрсетілген мөлшерде сумен араластыруға болады. Ал өзіңіз жасап алғыңыз келсе, 2,5 кг әк, 0,5 л мыс купоросын (медный купорос) бір шелек сумен араластырып, сонаң соң 200 г. Ағаш желімін қосады. Ағаштарды көктемде ғана емес, күзде де әктеу керек, қыстың аязынан сақтайды, әрі зиянкеситердің ағаш діңінде қыстауына жол бермейді.


© 2010-2022