Урок Пчелы (7 класс)

Раздел Биология
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 7

Тақырыбы: §49 Аралар мен құмырсқалар - қоғамдық бунақденелілер. Олардың тіршілігі мен отбасын (семья) құру ерекшеліктері. Мінез-құлықтары. Түйсігі (инстинкт). Аралардың және басқа жарғанаттылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

Мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға бунақденелілердің ішінде қоғамдық маңызы бар аралар мен құмырсқалардың өзіндік ерекшелігі мен табиғи айналымдағы маңызы жайлы білім беру.

Дамытушылығы: Оқулықтағы және слайдтағы суреттер арқылы оқушының ой-өрісін, қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды топта жұмыс жасай білуге, топтық талаптарға бағынуға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: дәстүрлі

Сабақ типі: аралас

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, он сұрақ, шындық па жалған ба ?, константинополь, венн диаграммасы, ББҮ

Көрнекілігі: слайд, плакаттар, суреттер, видео

Сабақ құрылымы:

  1. Ұйымдастыру 5 мин

  2. Үй тапсырмасы 12 мин

  3. Жаңа сабақ 10 мин

  4. Бекіту 10 мин

  5. Бағалау 5 мин

  6. Үйге тапсырма 3 мин

Сабақ барысы

Ұйымдастыр. Оқушыларды стикер түсі арқылы 3 топқа бөлу.

Сары, Көк, Жасыл. Оқушылар топқа бөлінгеннен кейін топ басшысын сайлауы керек.

Үй тапсырмасы

Слайд сұрақтары арқылы 3 топ ішіндегі оқушылар жауап береді.

10. Будақденелілер атауының мағанасы ? Бұл класқа жататын жәндіктердің денсі бунақтардан тұрады

10. тарақанның денесі неше бөліктен тұрады ? 3

10. тарақанның сипап сезу мүшесі ? мұрты

10. Хитинді тақташа ? күйсеуік

Константинополь әдісі.

Бүгінгі негізгі сөзден барынша көп қысқа сөздерді құрастыру қажет.

Негізгі сөз.

Бунақденелілер

Сіздің нәтижеңіз қандай?

өте жақсы: 10 және одан да көп сөз

жақсы: 8 және одан да көп сөз

жаман емес: 6 және одан да көп сөз

Үш топтың нәтижесі қандай.

Жаңа сабақ.

ВЕНН ДИАГРАММАСЫ

Аралар Ұқсастығы Құмырсқалар

Басы үлкен, жақтары жақсы жетілген, ауыз апараты кеміргіш, үш жұп аяғы болады. Құрсағында улы безі жақсы дамыған. Оны құмырсқа қышқылы деп атайды. Аталықтары ұрықтанғаннан кейін қліп қалады. Илеудегі қарымқатынас фермондар арқылы реттеледі. 1 илейдегі құмырсқа 10 -30 мың жәндікті жояды. Құмырсқаның денесінде 70 микроэлменттер, 20 амин қышқылы бар. Құмырсқалар ін қазатын, үй құмырсқалары.

Ұрғашы ара ұрпақ өсіреді. Ұзындығы 20-25 см. Тәулігіне 2 - 3 мың жұмыртқа салады Аралар анасы 3,5 - 10 жыл өмір сүреді. Омартаны қалайтн жұмысшы аралар. Арадан ара уы, балауыз, сүтше медицинада қолданылады

Жарғаққанаттылар отрядына жатады. Денелері бас, көкірек, құрсақтан тұрады. Ара - ара патшасы, еркек, жүмысшы ара Құмырсқа жұмысшы, жауынгер, аналық, аталық. Жұмысшылары жыныстық жағынан жетілмеген. Топтанып тіршлік етеді. 10 - 100 мың. Илеу жасайды.






Бекіту.

1.Шындық па ? Жалған ба ?

  1. Аралардың ұрғашысы ұрпақ өсіреді ? Ш

  2. Денелері 3 бөліктен тұрады Ш

  3. Құмырсқалар мен аралар бірге өмір сүреді Ж

  4. Жұмысшы аралар жыныстық жағынан жетілгендер Ж

  5. Фермондар аралар да болады Ж

  6. Арада улы без жақсы дамыған Ж

  7. Омартаны қалайтын аналық аралар Ж

  8. Аралар мен құмырсқалар жарғаққанатылар отрядына жатады Ш

  9. Аталықтары ұрықтанғаннан кейін өледі Ш

  10. Аралардың анасы 3,5 - 10 жыл өмір сүреді Ш

  11. Құмырсқа қышқылы арада болады Ж

  12. Құмырсқада 3 жұп аяғы болады Ш

Оқушымен жұмыс. ОЖСБ - ға дайындық.

1.Шымтезек мүгі(сфагнум)көбейеді:

а)тұқымымен б)тозаңмен в)спорамен г)зооспорамен

2.Алма гүлінің формуласы:

а) *Т5К5А5Ж1; б)*Т5К5А∞Ж1; в)*Т5К5А∞Ж∞ г)*Ге3+3К3+3А6Ж1

3.Өріктің жемісі:

а)жаңғақ б)сүйекті шырынды в)қауашақ г)көпжылдық

4.Адамның гүлді(түрлі-түсті)қауданды орамжапырақтардың тамаққа мына мүшесін пайдаланады:

а)өзгерген төбе бүршікті б)шалқан тәрізді жуан сабағын

в)түрі өзгерген гүлшоғырын г)түрі өзгерген жанама бүршіктен

5.Масақ гүлшоғыры тән:

а)інжугүлге б)сиреньге в)қара бидайға г)жолжелкенге

6.Тек паразиттік тіршілік ететін қарапайымдылар:

а)тамыраяқтылар б)талшықтылар в)сәулелілер г)лейшмания

7.Гидра тіршілік етеді:

а)қатты ағыны бар тұщы суларда

б)бір орында тұратын тұщы суларда

в)мұхиттың шеттерінде

г)теңіздерде

Жауабы:

1.в

2. в

3. б

4. в

5. в

6. г

7. б

Бағалау.

Топ басшысының бағалауы. Мұғалімнің стиклер жинауы арқылы топты және топ оқушыларын бағалауы.

Рефлексия

Оқушылардың сабақтың қалай өткені жөніндегі көзқарасы.

Үй тапсырмасы. §49 Аралар мен құмырсқалар - қоғамдық бунақденелілер. Олардың тіршілігі мен отбасын (семья) құру ерекшеліктері. Мінез-құлықтары. Түйсігі (инстинкт). Аралардың және басқа жарғанаттылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

Оқушының үйден «аралар мен құмырқалар қоғамдық бунақденелілер» атты тақырыпта реферат жазу.

Білгім келеді

Үйрендім






© 2010-2022