Жоба Оқушы жетістігін өлшеу құралы ретіндегі Б. Блум таксономиясы Жақаева Зина

Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқушы жетістігін өлшеу құралы ретіндегі Б.Блумның таксономиясы

Мақсаты:

Блум технологиясын пайдалана отырып оқушылардың білім сапасын арттыру.

Тақырыптың негізгі түйінін табуға бағыт беру, негізгі қасиеттерін табуға, шығармашылыққа, проблемаларды көре және болжай білу, жаңашылдықты ендіру, өз білімін бағалау, рефлекциялау, идеялар тудыра алуға үйрету.

Міндеті:

- теориялық материалдарды жинақтау барысында Блум технологиясының мағынасын анықтау

- биология сабақтарында технологияны пайдалану барысында оқушылардың білім алу дағдыларын дамыту

- Блум таксономиясының мұғалім құзіреттілігін арттырудағы ролі

Зерттеу болжамы: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында «Үздіксіз оқу» негізге алынған Блум таксономиясының мақсаттық жүйесінде де «Оқыту- екі есе оқу» технологиясына негізделген.Егер білім жүйесінде критериалды бағалауға көшетін болсақ, онда Блум таксономиясын қолдану тиімді деп ойлаймыз, себебі оқушыларды өзін-өзі және өзгені оқыту барысында деңгейлеп білім алуға және шығармашылдыққа баулуға болар еді.

Зерттеу нысаны: Б.Блум таксономиясы.

Зерттеу пәні: биология

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Блум таксономиясын биология сабағында қолдану арқылы оқушылардың зерттеу жұмыстарына деген қызығушылығы артады, өз ойларын, пікірін айта білуге дағдыланады.

Зерттеу кезеңдері:Теориялық

Практикалық

Зерттеу жұмысында қолданылатын әдіс-тәсілдер: зерттеу проблемасы бойынша, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге теориялық талдау жасау; мемлекеттік стандарттарға, оқу бағдарламаларына және оқу әдебиеттеріне салыстырмалы-педагогикалық талдау; мұғалімдердің озық тәжірибелерін зерттеу; жалпы білім беретін орта мектептік білім мазмұнына ғылыми-әдістемелік талдау; бақылау; әңгімелесу; педагогикалық эксперимент; мәліметтерді өңдеу.




Мазмұны

Кіріспе....................................................................................................................3

Негізгі бөлім..........................................................................................................5

1.Нысаналы оқыту --------------------------------------------- 5

2.Б.Блум таксономиясы туралы түсінік. .............................. 9

3. Биология сабақтарында Б.Блум таксономиясын қолдану тиімділігі .....12

Қорытынды.................................................................................................................18

Қолданылған әдебиеттер..........................................................................................

Қосымша материалдар..................................................................................












КІРІСПЕ

Қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, іскерлікке қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке - ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында «Өмір бойы білім алу» әрбір Қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» деп бекер айтпаған.

Инновациялық процесс жаңа бір өнімнің алынуын білдіреді де, ол идеяның пайда болуынан бастап, оның коммерциялық тұрғыда жүзеге асырылуына дейінгі ұзақ жолды қамти отырып, әр түрлі қарым - қатынастар (өндіру, алмасу, тұтыну) кешенін өз қарамағына алады.

Осы орайда, білім берудің мақсаты - қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Оны жүзеге асыру - білім беру мекемелерінде жеке тұлғаның танымдық белсенділігін арттыруға септігін тигізетін оқу процесін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді.

Бүгінгі күні еліміздің білім беру саласында ірі өзгерістер дүниеге келіп, білім берудін дүниежүзілік жаңа сатысына көтерілу кезеңінде түрлі-түрлі реформалар жасалуда.
Оқыту формасы бұрынғы білім беруді ғана негіз еткен дәстүрлі оқыту формасынан жеке тұлғаны қалыптастыру формасындағы сапалы оқыту жүйесіне өзгерді. Оқыту барысын зерттеп үйрену іс-әрекетін басты форма ете отырып, іс-әрекет барысында өзін-өзі басқару мен өзара әсерлесіп үйренуді іске асыру ерекшелігіне ие болды. Мұғалім оқыту мақсатына жету үшін оқулықты жете түсіну негізінде оқыту іс-әрекетін мұқият жоспарлауға көшті және окушыларды зерттеп үйренуге ұйымдастырудың алуан түрлі әдістерін колдануда.
Бірақ, барлық мұғалімде ортақ оқыту технологиясы болмағандықтан оқытуда біркелкілік сақталмай отырғаны жасырын емес бұл оқушылардың білім алу сапасына ықпал етпей коймайтыны сөзсіз.

Осыдан екі жарым мың жыл бұрын қытай ғұламасы Конфуций былай деген екен: «Маған айтып берсең-ұмытып қаламын, көрсетсең-есімде сақтаймын,өзіме жасатсаң-үйренемін!»
Сондықтан қазіргі сыныптық оқытуға үйлесетін, оқушыларды үйренуге ұйымдастыру икемді.

«Технология» - ұғымы соңғы кездері ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы сияқты психологиялық-педагогикалық ұғымдармен байланысы саналуан. Жоғарыда аталған технологиялардың қай түрі болмасын, өзінің мәнін анықтап, сипаттама беруді қажет етеді.

«Технология» ұғымы «тehne» - өнер, шеберлік , «logos» - ілім, білім, оқу, ғылым деген мағыналарды білдіретін, грек тілінен енген екі сөзден тұрады. Сондықтан, «технология» - терминін - өнер туралы ғылым немесе шеберлік туралы ғылым - деп аударуға болады.

«Білім беру технологиясы» - ұғымын мұғалімдер мен оқушылардың білім берудің жоспарланған мақсаттарына бағытталып, арнайы ұйымдастырылған өзара қарым-қатынас процесі технологиясы ретінде қолданамыз.

Сырттай қарағанда, технологияның әдістемесі мен оқыту үрдісіңдегі әдістемелік және технологиялық әдіс-тәсілдер арасында қарама-қайшылық жоқ. Себебі, «оқытудың әдістемесі» - ұғымы «білім беру технологиясы» - ұғымынан әлдеқайда кең. Дәлірек айтсақ, әдістеме «не үшін, неге және қалай оқыту керек?» - негізгі үш сұраққа жауап беруге тырысады. Ал, технология болса, мақсат белгілі болып, оған жетудің нақты іс-әрекетін, жолдарын анықтау қажет болған сәтте ғана іске кіріседі. Олай болса, технология әдістемелік процестің құрамына еніп, әдістемені жүзеге асыруға қызмет етеді деген қорытынды жасауға болады.

Педагогикалық технологияларға барлық елдер ғалымдары қызығушылық танытуда.

Сонымен, педагогикалық технологияны - оқыту үрдісін түгелдей қолдану және бағалау, сол сияқты, білімді адамдар мен техника ресурстарын ескеру арқылы білімді игеру, және осы жолда тиімді түріне жету үшін оларды жоспарлаудың жүйелі әдісі ретінде қарастыруға болады.

Технология:

  • көздеген нәтиженің орындалу кепілі

  • нақтылы мақсатқа негізделген болашақ оқу үрдісінің жобасы

  • сатыланған және тәртіптелген іс-әрекет жүйесі

  • мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы,

  • жоспарланған түпкі нәтижеге жетудің кепілдік берерліктей іс-әрекеттер жиынтығы

  • Білім беру стандартының негізгі талаптарына жетудің нақты жолы

Дәстүрлі оқытуда

мұғалім - оқушы

технологияда

оқушы - мұғалім

Қазіргі кезде оқушы шығармашылығын,белсенділігін дамытуда интербел- сенді әдістер мен құралдар қолданылуда. Сондықтан бүгінгі жобамызда Б.Блум таксономиясын қолдана отырып оқушы белсенділігін дамыту жолдарына тоқталамыз.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Нысаналы оқыту технологиясын пайдалану қажет деп санаймыз әрі мұғалімдердің пайдаланып көруін ұсынамыз.
Нысаналы оқыту технологиясы бүгінгі күнде дүние жүзі бойынша тәлім-тәрбие саласында орасан зор ықпал көрсетіп отырған технологиялардың бірі.
Қазірде бұны АҚШ, Жапон, Қытай сынды көптеген дамыған елдер өздерінің білім беру саласында кеніне қолданады. Нысаналы оқыту технологиясы АҚШ педагогы және психологы Блумның "Тәлім-тәрбие нысанасын түрге бөлу" теориясы мен "игеріп оқу" теориясы; негізінде қортындыланып жасалған.

Анығырақ айтқанда нысаналы оқыту дегеніміз окыту мазмұның нысаналандыру, жүйелендіру, ғылымиландыру және оны игерудің әдіс-тәсілдерін жүзеге асыру, сол аркылы окыту сапасын жан-жақты көтеру мақсатына жету деген сөз.
Нысаналы оқытуды теориялық жақтан түсіну үшін Блумның "Тәлім-тәрбие нысанасын түрге бөлу" теориясы мен "Игеріп оқу" теориясына қыскаша тоқтала кеткен жөн.
I. "Тәлім-тәрбие нысанасын түрге бөлу" теориясы адам өмірінде істелуге тиісті әрқандай бір жұмыс ол үлкен болмасын, кіші болмасын қандай да бір нысанаға жетуді көздейтіні ақиқат. Дәл сол секілді окыту жұмысы да белгілі оқыту нысанасына жетуді мақсат ететіні шындық, екінші сөзбен айтқанда, оқыту жұмысы өзі тәрбиелеп отырған оқушының болашақта қандай жетістікке жетуін, қандай адам болу керектігін алдың-ала анықтап алуы қажет. Осы тұрғыдан келіп оқыту нысанасын Блум: таным саласындағы нысана, сана-сезім саласындағы нысана және әрекет шеберлігі (қабілет) саласындағы нысана деп үш салаға бөледі.
Таным саласындағы нысана дегеніміз оқушының үйренген білімін есте сақтау және қайталай тану барысындағы ақыл-парасат пен қабілеттің калыптасу нысанасын, яғни, білім алу мен қабілетті дамыту жағындағы нысананы көрсетеді.
Сана-сезім саласындағы нысана қызығушылык, мінез, кұндылық көзқарасі, сондайақ бейімділік қабілеті жағындағы нысананы, яғни ақыл-парасатқа жатпайтын факторлар жағындағы нысананы көрсетеді, іс-әрекет шеберлігі саласындағы нысана дегеніміз - меңгеру және әрекет шеберлігі жағындағы нысананы көрсетеді.
Блумның еңбегі оның оқыту нысанасын белгілі өлшем бойынша тәртіпті түрде жүйелеп айқындық пен жүйелілік қалыптастыруынан көрінеді. Ол бұны АҚШ-тың тәлім-тәрбие ісіне мұқият зерттеу жүргізу аркылы қол жеткізді әрі бұл еңбегі Блумның әлемдегі атағын да асқақтата түсті.
Бұрын жұрт бір адамның үйрену жағдайын тексергенде оның тек алған біліміне ғана назар аударатын, ал Блумның таным саласындагы нысанасы алты жақты білім, түсіну, қолдану, талдау, синтез, бағалау) қамтиды, яғни, оқушылардың әр түрлі қабілеттерін жетілдіру нысанасын алға кояды. Бұл, бұрынғы көзқарасқа өте ылғары көзкарас екені айкын.

Сондықтан қазіргі кезде бүкіл дүние жүзінің білім беру саласы осы көзқарасты ұстанып, оқушылардың қабілетін жан-жақты тәрбиелеуді дәріптеп келеді. Білім теориясы оқушыны бағалаудың ортақ мойындалған өлшемін де ортаға қояды.
Бұл өлшем мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасу қызметі мен бағалау кызметін де алға бастырады.
Сөйтіп, бағалаудың айқын нысанасы орнатылды. Блумның таным саласындағы оқыту нысанасы бүгінгі күні көптеген елде оқытуды бағалау мен оқулық жасаудың негізгі іргетасына айналды.
ІІ "Игеріп оку" теориясы дегеніміз сыныптық окыту кезінде үздіксіз кері байланысқа шығу және дер кезінде түзету жасау, оқушыларға қажетті үйрену уақытын беру және көмектер көрсетіп отыру, сол арқылы көп санды оқушылардың оқулық нысанасы белгілеген өлшемге жету теориясы.
Бұл өз ішіне екі мазмұнды қамтиды:
(1) оқыту мен оқуда үміткерлік сезімін туғызу.
(2) оқытуды өнімді түрде дербестендіріп, көп санды оқушылардың жақсы үйренуіне көмектесу.
"Игеріп оқу" теориясы өте өнімді оқыту тәсілі саналады, оның ең өзекті мәселесі - көп санды оқушылардың айтарлықтай үйрету нәтижесіне жете алмауы олардың ақыл-парасат жағындағы кеністігінен емес, қайта, өз ерекшеліктеріне сай келетін үйрену уакыты мен оқыту көмегінің жетіспеуінен болады, егер мектеп оларды лайықты үйрету шартжағдайымен қамтамасыз етсе болғаны, басым көпсанды оқушылар оқытқан нәрселерді игере алады, оқытудың міндеті - тек қана оқушыларға оқыған пәнін игеруге қажетті материалдармен қамтамасыз ету деп қарайды.
"Игеріп оку" теориясының іс жүзіндік манызын мынадай бірнеше жактардан көруге болады:
1. Мұғалімнің оқушы үйретуіндегі көмекші күшін сезінуіне мүмкіндік береді. Әрбір оқушыны жақсы оқи алатындығына сендіреді, мұғалімде оқыту үміті, оқушыда оқу сенімі болады.
2. "Игеріп оқудың" сәтті болу-болмауы оның "кері байланыс пен толықтыру" барыстарының сәтті орындалу-орындалмауына байланысты. Блум: дәстүрлі сыныптык оқытудағы ең басты қайшылық - біртұтас оқыту мен жеке қажеттілік арасындағы қайшылық, бұл қайшылық кей оқушылардың үйрену қызығушылығын жояды, ал дербес оқытудағы "дер кезінде кері байланыс орнату, толыктыру, үйренуді дұрыс жолға салуды" сыныптағы оқытуға шеберлікпен колданса, қызықты оқыту ортасы калыптасып, біліміне карай оқыту, барлық окушыны негізге алу сынды көзқарасты іске асырып, оқыту сапасын жан-жақты көтеруге жол ашады деп санайды..
3. "Игеріп оқу" - "Тәлім-тәрбие нысанасын түрге бөлу" теориясы анықтаған окыту нысанасына сан жүргізіледі. Бұл мұғалімнің оқытудағы сұрақ қою, түсіндіру, жаттығу орындату, тексеру жүргізу барысындағы білім мен біліктік қатынасын толық меңгеруге, қателіктерден сақтануға немесе түзетуге, оқушылардың ұқсамаған сатыдағы үйрену өресіне жетуіне пайдасын тигізеді.
4. Оқытуды бағалауды тек оқушыларға балдық жүйе бойынша баға беру ғана емес, қайта олардың үйрену белсенділігін жоғарылату қүралына айналдырады.
Бұндай тексеру қалыптаса келе оқушыларға кысым түсіру емес, кайта, табысқа жетудің шаттыгын сыйлайды.
5. "Игеріп оқу" теориясы окушылардың үйрену барысындағы жүрексіну психикасын жоюға назар аударады, әсіресе оқуда нашар окушылардың талпыныспен жеткен табыстарының дәмін татуға көмектесуге ерекше мән береді.
Нысаналы оқыту барысы:
1. Байқап көру және толыктау барысы-"Байқап көру" дегеніміз оқушылардың жаңа білімді үйренуге қажетті даярлық білімін тексеріп көру деген сөз. "Толықтау дегеніміз "байқап көру незгізінде анықталған кемшіліктерді түрлі формалармен (оқулықты оқыту, өзара пікір алмасу, түсінік беру) толықтыру барысын керсетеді.
Оқыту мазмұны жалғастылыққа ие болатыны белгілі. Жаңа білімді үйрену окып кеткен білім негізінде, окушының тырысып үйренуі арқылы орыңдалады, басқашада айтқанда, белгілі бір жаңа білімді игеру үшін, сөзсіз даярлық шарты болуға тиісті.
Блумның көзкарасы бойынша окушының игерген білімі оның жаңа үйренуіне 50% дық ықпал жасайды. Міне бұл оқушының үйрену нысанасына жету-жетпеуі оның алған біліміне байланысты екенін көрсетеді.
Нысананы көрсетіп түсінік қалыптастыру. Нысаналы оқытудың ең басты ерекшелігі оқыту нысанасын белгілеп, оны окыту мазмұнының темірқазығына айналдыру.
Жаңа сабақтың нысанасы оқушыға айқын болғаннан кейін бүкіл бір сағаттық оқу қимылы сол темірказықтың төңірегінде өрбиді.
Оқыту нысанасы мұғалім мен оқушының окыту және оқу қимылының әрі шығар жері, әрі тиянақтар жері болады.
Мұғалім мен оқушыда ортақ нысанаға жету сезімі болғандықтан, сыныптағы оқыту үйлесімді де саналы түрде реттеліп, оқыту мен оқу өзара сәйкестік табады.
Оқыту нысанасы жаңа сабақты бастаған кезде немесе оқыту барысында жеке-жеке көрсетілуі қажет.
Нысананы қосымша тақтаға алдын-ала жазып әкеліп көрсетуге де, сабақ үстінде жазып көрсетуге де немесе бейне магнитофон, кодоскоп арқылы көрсетуге де болады. Нысананы көрсету уақыты әдетте 1-2 минуттан аспауы керек.
Нысанаға жету Жаңа сабақ өткізу - сынып оқытуының ең өзекті мәселесі. Ол алдың-ала жоспарланады да, нысанаға мұғалім мен оқушы болып ортақ қимыл арқылы қол жеткізеді. Бүған әдетте 19-20 минуттай уақыт кетеді.
Нысаналы оқытуда нысана белгілеу, бағыттау және бағалау сынды барыстар бүкіл оқыту қимылының негізі болады. Сондықтан мұғалім оқыту барысында саналы түрде оқушыларды нысанаға карай жетектеп, нысана төңірегінде үйрену ұйымдастыру арқылы, нысанаға жету үшін белсенді түрде ортақ кимылдауы қажет. Бұл нысаналы оқытудың дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы болып табылады.
Нысаналы оқытудың тағы бір ерекшелігі - кері байланыс пен толықтырудың бүкіл оқыту барысында бастан аяқ қайталанып отыруы. Кері байланыс пен толықтыру сәтті жүргізілсе, оқыту барысында жасалған әрбір қадамның нәтижелілігін тексеріп, мұғалім мен оқушының уақытын үнемдеп оқытудың өнімділігін арттырады.
Сондықтан кері байланыс пен толыктыру окыту барысын меңгеру мен үздіктендірудің маңызды кұралы саналады.
Оқыту нысанасының нақты мазмұныңа жету мәселесіне келетін болсақ, оған жаңа сабақ өту барысында әр түрлі оқыту формасынан пайдаланып жетуге болады. Мысалы, "түсіну" мазмұныңда оқушыларға оқуға тиісті мазмұнды көрсету, оқыту, түсіндіру арқылы "түсіну" нысанасына жетуге болады; "есте сақтау" мазмұныңда оқушыларға лайықты уақыт бөліп оқытып, онан соң сұрақ қойып жауап алу арқылы "есте сақтау" нысанасына жетуге болады; "игеру" мазмұныңда оқушы түсінігін қиындық туғызатын мазмұнды мұғалім бір жағынан түсіндіріп, бір жағынан талқылап, жинақтап, қорытындылау формаларымен нысанаға жетуге болады; "колдану, талдау және жинақтау" нысанасына оқушыларға нақты сұрақтар кою, жаттығулар мен есептер беру арқылы жетуге болады.
4. Оқушы өзінің алған білімін мұғалім көрсеткен нысанаға салыстыру арқылы жүйелеп есте сактайды.
Мұғалім бұл барыста оқушының ұғымды түсінуіне, қателескен жерін түзуіне көмектеседі және оқулықтың қай бөлігін тиянақтап оқу керектігін, қосымша қандай материал қарау керектігін көрсетеді.Әдетте бұған минуттай уақыт беріледі.
5. Нысанаға жеткен-жетпегенін тексеру.Оқушылардың нысанаға жеткен-жетпегенін тексеру үшін мұғалім әр түрлі сұрақтар қойып, жауап алу немесе сынақ жүргізуі, егер олқлықтар байқалса, толықтау жасауы қажет. Әдетте бұған 5 минуттай уақыт кетеді.

Тапсырма беру. Берілетін тапсырма оқушылардың осы сабақтан алғаң білімін бекітумен бірге, келесі сабаққа тікелей көмегі тиетін, даярлық негізіндегі тапсырмалар болу керек. бұған әдетте 1-2 минуттай уакыт ажыратылады.


Блум таксономиясы «интерактивтік - педагогикалық әрекет» ұғымын іске , жүзеге асырушы болып табылады. Американдық ғалымдар

Ди Кэрон мен Б.Блумның білімді толық меңгерту технологиясының да маңызы зор. Педагогикада бұл технологияны «Блум таксономиясы» деп атайды.

«Таксономия» ұғымы биологиядан алынған.Ол күрделілігінің өсуі бойынша(яғни,иерархия бойынша) бірінен соң бірі орналастырылған және өзара тығыз байланыстағы обьектілерді жіктеу және жүйелеуді білдіреді. Американдық психолог Бенджамин Блумның жетекшілігімен құрастырған таксономиясын келтіруге болады.Б.Блум бір топ әріптестерімен бірге

1956 жылы «Таксономияның» танымдық саладағы мақсаттарды сипаттайтын бірінші бөлімін шығарған. Блум таксономиясы бір ізбен реттелген мақсатар жүйесі арқылы оқушылардың білім деңгейлерін, шығармашылық деңгейге жетуді ұсынады: оның кестесі төмендегідей:

Білім:

Бұл категория оқу материалын есте сақтау мен қайталауды білдіреді.

Оқу материалы деп әртүрлі мазмұндағы ақпаратты (нақты фактілерден бүтін теорияларға дейін) атауға болады.

Бұл категорияның негізгі сипаты - қажетті мәліметтерді есте сақтау.

Оқушы:

  • Қолданылған терминдерді біледі (есте сақтайды және қайталайды);

  • Нақты фактілерді біледі, негізгі ұғымдарды, ережелер мен қағидаларды біледі.

Түсіну:

Түсіну дегеніміз мәліметті таныс,анық күйге ауыстыру арқылы өзіндік түсінік қалыптастыру.(түрлендіреді,салыстырады,нәтижелерді суреттейді)

Түсіну категориясын төрт топқа бөледі:

  • Түсіндірме - яғни оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (мәселен биологиялық формуланы сөзбен айтып беру немесе керісінше; сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.);

  • Аударма - оқу материалын "өз сөзімен" түсіндіру, қысқаша баяндау;

  • Мысалдар - практикадан алынған фактілерге жүгіну, соларды келтіру;

  • Анықтамалар-түсініктің мағынасын өз сөзімен жеткізу,таныс және түсінікті сөздермен анықтама түрінде тұжырымдау;

Мұндай оқу нәтижелері материалды есте сақтау деңгейіне қарағанда анағұрлым жоғары болады.

Оқушы:

  • Фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді;

  • Сөзбен келтірілген материалды,схемалар, графиктер, диаграммаларды түрлендіреді;

  • Сөзбен келтірілген материалды математикалық ұғымдарға өзгертеді;

  • Берілген ақпарат бойынша болашақта туындауы ықтимал салдарын сипаттайды;

Қолдану.

Қолдану- қандай да бір проблеманы шешу үшін берілген мәліметті іс жүзінде қолдану,жүзеге асыру. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды практикалық тұрғыдан қолдану

кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек

игеруді талап етеді.

Оқушы:

  • ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады;

  • заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда

қолданады;

  • әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатындығын көрсетеді;

Талдау:

Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу:

  1. Негізін тану - ауқымды әрі бүтін құрылымды құрамдас бөліктерге жіктеу;

  2. Астарлы мағынаны ажырату - екі тұжырымның өзара қатынасын көрсету;

  3. Мотивация - «Неліктен?», «Не себепті?» деген сұрақтарға жан-жақты жауап беру арқылы қозғаушы күштер мен себептерін айқындау.

  • Бүтіннің бөліктерін ажырату;

  • Бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықталу;

  • Бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну;

Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысы қалайша құралатындығын білуді меңзейді.

Оқушы:

  • Жасырын (көзге көрінбейтін) жәйттерді ашады;

  • Ойдың өрбуінен қателер мен олқылықтарды айқындайды;

  • Фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады;

  • Ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындайды;

Синтез:

Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттағы бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама,сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.

Оқушы:

  • Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығармашылықпен қолданады;

  • Шығармашылық тұрғыдан кішігірім шығарма (эссе) жазады;

  • Тәжірибе жасаудың өзіндік жоспарын ұсынады;

Бағалау:

Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Мұнда шәкірттің пайымдаулары нақты критерийлерге негізделуі керек:

- ішкі - құрылымдық, логикалық тұрғыдан;

- сыртқы - алдына қойылған мақсаттарға сәйкестігі тұрғысынан.

Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелеріне қол жеткізуді меңзейді.

Оқушы:

  • Оқу материалы құрылымының логикасын жазбаша түрде бағалайды;

  • Жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген фактілерге сәйкестігін анықтайды;

  • Ішкі немесе сыртқы критерийлерге сүйеніп, оқу материалының маңыздылығын айқындайды.

Блум таксономиясының басты белгісі осындай жүйеленген мақсаттармен ерекшеленеді. Блум таксономиясы оқудың нақты нәтижелерін оқушылардың іс әрекет- тері тұрғысынан көрсетуге бағытталған. Таксономияның жоғарғы деңгейлері өзінен төмен деңгейлерден күрделі болып келеді және олардың барлығын қамтиды,мәселен, «Бағалау» деңгейі барлық деңгейлерді қажеттейді. Блум таксономиясының да сол оқушылардың білімін шығармашылық деңгейге жетелеумен ерекшеленеді. Олай болса Блум таксономиясы - тұлға шығармашылығын дамытушы әдіс.

Блум таксономиясы жеке тұлғаның біліктілік қасиеттерін шыңдай түсуге жол салады, атап айтсақ, аса сезгіштік, ой ұшқырлығы, жаңаға ұмтылушылық, шығармашылық қабілеттер, өзіндік ой - пікірлерге тұра білу, өзіне сын көзбен қарау, қисын ойлау, жаңаны сезгіштік, күмәншілдік, әр нәрсеге күмән келтіру. Блум таксономиясының негізінде жеке тұлғаның креативтілігі, шығармашылық дербестілігін қалыптастырады. Демек, б.т. оқытуы арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру - жеке тұлғаның сапалық қасиетін дамытатын рухани құндылықтарды игерудің бірден - бір жолы.
Бұл жүйені ары қарай жете түсіну үшін мұғалім қандай тірек ұғымдағы сөздерді пайдалануы мүмкін, соған көз жүгіртейік.

Білім

Айтыңдар, жазыңдар, атап беріңдер, орнына қойыңдар

Түсіну

Өз ойларыңды айтыңдар, түсіндіріңдер, ұқсастық, айырмашылығын көрсетіңдер, мәнін түсіндіріңдер

Қолдану

Қолданыңдар, табыңдар, мәнін түсіндіріңдер

Анализ (талдау)

Былай қарағанда, салыстырғанда, басқаша ойластырғанда, басқаша ерекшелігін табыңдар, негізгі қасиетін дәлелдеңдер

Синтез

Баға

Құрайық, ойлайық (жаңа нәрсе), керісінше, мүмкін. Бәрінен жақсы, бәрінен жаман, неге солай, пікірдің біреуіне келісемін, сын айтыңдар.

Мысалы: Биология сабағында 11 сыныпта Генетика негіздері. Тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтары тақырыбы бойынша төмендегідей кесте құруға болады.

Білімі

Генетика ғылым нені зерттейді? Анықтама беріңіздер. Шағылыстырудың қандай түрлері бар?

Түсіну, ұғу

Өз ойларыңызды айтыңыздар, түсіндіріңіздер. Мендель зерттеу жұмыстарына не себепті бұршақ өсімдігін таңдап алды? Гибридологиялық әдістің ерекшелігі неде?

Қолдану

Берілген дидактикалық суреттер арқылы немесе суретті есепке айналдыру, жаттығуларды орындау.

Анализ (талдау)

Моногибридті, дигибридті,, полигибридті будандасуды саралап, ажыраудың себебін дәлелдеңіз. Салыстырыңыз, ұқсастық айырмашылығын дәлелдеңіз.

Синтез

(Жинақтау)

"Адам қан топтарының тұқым қуалауына байланысты ата-ана, өздеріңіздің, жора-жолдастарыңыздың қан топтарын анықтап, есеп-жаттығулар құрыңыз (білімдерін, теорияны, пеннет торын пайдалану)"

Баға

Генетика - биологияның ең маңызды саласы, бүгінгі таңда генетиканың маңызы бар ма? Осы тақырыптардың өзіңізге әсері жайлы ойларыңызды айтыңыздар.

Зер сала қарасақ,оқушының білімді меңгеру деңгейі анализден бастап,синтез, бағада жоғарылай түседі. Яғни, оқушы деңгейі,алгоритмдік,эвристикалық, шығармашылық деңгейге көтеріледі. Биология сабағында Блум таксономиясын пайдалана отырып оқушы білімін шығармашылық деңгейге жеткізу мақсатын қоямыз.Осы мақсатта бірнеше биология пәні бойынша сабақ жоспарларын ұсынамыз.

Сабақтың тақырыбы:

«Иммунитет, иммунитет түрлері. ЖИТС (СПИД). ЖИТС-тің алдын алу»

Проблемалық сұрақтар қоя отырып, оқушының қабілетін мен мүмкіндіктеріне қарай топтарға бөлу, тапсырманы топтың ерекшелігіне, икемділігіне сәйкес ыңғайлап беру, сабаққа оқушылардың ынта-ықыласын ояту.

Оқушыларға берілетін тапсырмалар

І.Ұйымдастыру кезеңі

Көпір тапсырмалары

1.Донор дегеніміз - ....

2.Реципиент деп ... .

3.Қан топтарын зерттеген ғылым?

Теориясы:

«Білу»

(Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?)

1.Иммунитет дегеніміз не?

2.Антиденелер дегеніміз не?

3.Қанды және оның құрамын, қызметін зерттейтін ғылымды ..., ал қан ауруларын емдейтін дәрігерді ... деп атайды.

Теориясы:

«Түсіну»

(Неге? Себебі? Неліктен?)

1.Елімізде балаларда неліктен вакцина егілді?

2.Адам тауық тырысқағымен, ірі-қара обасымен неге ауырмайды?

3.Лейкоцидтерді неге «жебір» жасушалар деп атайды?

Теориясы:

«Талдау»

(Салыстыр? Айырмашылығы неде?)

Кестемен жұмыс.

1.Туа пайда болған иммунитет

2.Жүре пайда болған иммунитет

Теориясы:

«Жинақтау»

(қорытынды, шығар, сызба, сөзжұмбақ құрастыру)

Жаңа тақырып бойынша өз ойыңнан анықтама беріп, қорытынды жасаңыз.

1.Иммунитет - ....

2.Жүре пайда болған иммунитет - ...

3.Лейкоциттерді не үшін «аққан» жасушалары деп атайды?

Практикасы «Қолдану»

Кітаппен жұмыс. Жаңа тақырыпта кездескен тірек сөздерді, анықтамаларды дәптерге жазыр алу.

Практикасы «Баға беру» (сіз қалай

ойлайсыз? Не істер едіңіз?)

1.Күнделікті өмірде иммунитет түрлерін кездестіріп жүрміз бе? Біз үшін қандай маңызы бар? ... , ... , ... .

ІІІ. Бағалау кезеңі, деңгейлік тапсырмаларды орындап, ұпайларды жинаңыздар

Теориясы:

«Білу»

(Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?)

І деңгей

1.Табиғи иммунитет дегеніміз не?

2.Енжар имммунитет қанша күн сақталады?

3.Лейкоциттер қайда түзіледі?

Практикасы «Қолдану»

Оқулықтағы «ойланып жауап беріңіздер» айдарын орындаңыздар.

ІІ деңгей

Теориясы:

«Түсіну»

(Неге? Себебі? Неліктен?)

1.Бала кезінде шешекпен немесе көкжөтелмен аурыған адам неліктен қайталап ауырмайды?

2.Неге ЖИТС вирусы қауіпті?

3.Қаназдық ауруының себебі?

Теориясы:

«Талдау»

(Салыстыр? Айырмашылығы неде?)



Практикасы

«Қолдану»

Адам ағзасындағы қорғаныш қызметі мен иммунитет түрлері арасындағы сәйкестікті анықтаңыздар.

Қорғаныш қасиеттері

Иммунитет түрлері

Қан плазмасында тұқым қуалау арқылы алынған антиденелердің болуы,

А) белсенді

Б) енжар

В) туа біткен

Антиденелерді емдік қан сарысуы арқылы алу

Вакцинация нәтижесінде қанда антиденелердің түзілуі

Аурудың әлсіретілген

қоздырғыштарын енгізгеннен кейін анитденелердің түзілуі

Ағзаның қорғаныштық қасиеті, оның иммунитеті туралы ғылым ... деп аталады.

ІІІ деңгей

Теориясы:

«Жинақтау»

(қорытынды, шығар, сызба, сөзжұмбақ құрастыру)

Қан жасушалары

Қан жасушалары

Жасушыларының пішіні

1 мм3 қандағы саны

Жасушалардың маңызы

Практикасы

«Баға беру»

(сіз қалай ойлайсыз? Не істер едіңіз?)

Иммунитет түрлерінің маңызы неде? Сіз қалай ойлайсыз? ЖИТС ауруы қалай пайда болады? Алдын алуға бола ма? Сіз бұл үшін не істер едіңіз?

Іздену сабағы

Интерактивті тақтаны пайдалана отырып, СТО технологиясының «Блум таксономиясы» әдісі бойынша «Өсімдіктер экологиясы» тақырыбында іздену сабағы.

Блум таксономиясы

Білім

Өсімдік экологиясы жайлы мұғалімнің кіріспе сөзі

Түсіну

«Наурызым табиғи қорығында кездесетін өсімдіктер

Қолдану

«Құпия сан» ойыны

Талдау

Тәжірибелік кезең (электронды оқулық арқылы)

Өсімдіктердің экологиялық жағдайы. Пікірталас кестесі.

Шығару

Оқушының шығармашылығын арттыру мақсатында екі жақты күнделік әдісі арқылы эссе жаздырту «Өсімдіктер-тіршілікті тірегі»

Бағалау

Оқушы білімін бағалау

I Білім кезеңі. Өсімдіктер экологиясы.

Мұғалім. Өсімдік - жер шарының өкпесі деп бекер айтылмаған. Өсімдіксіз тіршілік атаулыны елестетуге болмайды. Жер шарында өсімдіктер жамылғысы біркелкі таралмаған.

«Терминдер кабиенті», «Нақты сандар кабинеті» арқылы слайдтар арқылы оқушыларға түсінік беру.

500

26

49

5700

9

21,8 млн.га

«Нақты сандар» кабинеті

180-120 кг

1981

220-280 кг

3,35%

«Терминдер

кабинеті"

Қызыл кітап

Қорық

Табиғат ескерткіші

Жасыл ел

Қорықша

II. Түсіну кезеңі. Наурызым табиғи қорығында кездесетін өсімдіктер видеоролик арқылы көрсетіледі.

Мәртебесі: Республикалық маңызы бар. Табиғатын қорғау және ғылыми мекеме мәртебелі ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

Жалпы сипаттамасы: наурызым табиғи қорығы үш телімнен тұрады. Орталық телім (1 39714 га) жайылмалық шалғындар, сондай-ақ Наурызым қарағайлы орманы, Аққансай дала өзені, даланың әртүрлі түрлері (әртүрлі шөпті-құмды, бұталы-селеулі, бетеге-селеулі), қайынды-орманды жыралар мен көктеректер қоршаған тұщы және ащы көлдер.

Сыпсың (38720 га).Наурызым-қарасу өзенінің жайылмасындағы ұсақ жапырақты-тікенді ормандарды, құрғақ шалғындарды, әртүрлі шөпті-құмды, бұталы-селеулі далалардың аймақтық беткейлері, әртүрлі шөпті-бұталы-селеулі, бетеге-селеулі далалар жатады.

Телімдер бір-бірінен 9-14 шқ дейінгі қашықтықта орналасқан.

Экотуризм. Қорықта 6 танымжорық маршруттары әзірленген, табиғат мұражайы бар.

III. Қолдану кезеңі. «Құпия сан» ойыны. Интерактивті тақтаны пайдалану.

Ойын шарты: тақтаға дайын сегіз сөз ілінеді.Мұғалімнің қойған сұрақтары оқушылар кестедегі жауапты қоюлары қажет.

1.»Қызыл кітап» (өсімдіктер)

2.Таушымылдық

3.Қорық

4Жас эколог

5. Қаратау табиғи қорығы

6.Жалбызтікен

7.Антропогендік

8.5700

1.Арнайы қорғалған табиғи аймақ

2.1978 жылы қоршаған ортаны қорғау мақсатында ұйымдастырылған басылым

3.Дәрілік өсімдік

4.Қазақстандағы өсімдіктің саны

5.Еліміздің орман шаруашалығының белсенді көмекшілері.

6.Өсімдіктердің «Меккесі»

7. «Қызыл кітапқа» енген өсімдік

8.Адамның іс-әрекеті

IV Талдау кезеңі. (тәжірибе)

Қоршаған ортаның ауа ылғалдығын анықтау.

Пікірталас кестесі

Сұрақ: Өсімдіктер экологиясына антропогендік факторлардың әсері бар ма?

Иә

Жоқ

Семей сынақ алаңында өсімдіктер экологиялық апатқа ұшыраған. Кейбір өсімдіктер мүлде жойылып кетті. Өсімдіктің кейбір мұшелерінің өзгеруі, мутациялық өзгергіштік пайда болды.

Жойылып, сирек кездесетін өсімдіктер үшін арнайы қорықтар, ботаникалық бақтар ұйымдастырылған. Қазіргі таңда өсімдіктерді күтіп-баптау қолға алынуда. Адамдардың экологиялық мәдениеттілігі, сауаттылығы артып, табиғатты аялауда. Осы негізде Елбасымыздың «Жасыл ел» бағдарламасы жыл сайын жоғары деңгейде жүзеге асырылуда.

V.Шығару кезеңі

1.Оқушының шығармашылығын арттыру мақсатында «екіжақты күнделік» әдісі арқылы эссе жаздыру. Тірек сөз: өсімдік, экология, қорғау.

2.Интерактивті тақтаны пайдалана отырып «Ойын сүйген лақтыру».

3.Сирек кездесетін және дәрілік өсімдіктерді, орманды қорғауға арналған аймақ?

4.Жойылып кету қаупі бар өсімдіктер енгізілген тізім жинағы?

5.Орманда, көгалдандыру жұмысын сақтап қалу үшін ұйымдастырылатын шара?

6.Дәрілік өсімдікті атаңыз.

7.Қазақстанда кездесетін өсімдік саны?

VI Бағалау .

Үйге жергілікті жердің «Қызыл кітабін»ұйымдастыру. Өз жерінің орман немесе тоғайларын есепке алып, олардыңсапасы мен экологиялық жағдайы туралы зерттеу жұмыстарын жүргізу тапсырмасын бердім.

«Өсімдіктермен жалпы танысу» үшін, оқушылар білу қажет:

- өсімдіктер әлемінің алуан түрлілігін, біржылдық және көпжылдық өсімдіктер туралы;

- жабайы және мәдени өсімдіктерді;

- олардың адам өміріңіздегі маңызы;

Оқушылар нені анықтай алады:

- тіршілік ұзақтығы бойынша өсімдітерді білу;

- мәдени және жабайы өсімдіктерді айыра білу.

Ағымдағы тақырып үшін сұрақтар мен тапсырмалар.

1.Қандай өсімдіктер біржылдық деп аталады?

2. Тіршілік ету ұзақтығына қарай шөптесін өсімдіктер қалай бөлінеді?

3. Қандай өсімдіктер екіжылдық деп аталады?

4. Дәнді-дақылдарға қандай өсімдіктер жатады?

5. Майлы, азықтық, техникалық, сәндік және дәрлік өсімдіктерді атаңыздың.

6. Бұршақ дақылдарын атаңыздар.

7.Көкіністерге сиапттама беріңіздер.

Сүретпен жұмыс.(Дәнді-дақылдар, жеміс-жидектерге сипаттама беру)

Кесте толтыру. Қалыптасқан дағдыны тексеруге арналған тапсырмалар

Мәдени дақылдар

Дәнді-дақыдар

Бұршақ

Көкініс

Майлы

Азықтық

Техникалық

Сәндік

Кестеге өсімдіктердің сәйкес нөмірін жазыныздар:

  1. Картоп 5. Қайын 9. Жолжелкен

  2. Қызылша 6. Терек 10. Бақпақ

  3. Емен 7. Жаңғақ 11. Сәбіз

  4. Қырыққабат 8. Қияр 12. Баклажан

Өсімдіктер

Өсімдіктер нөмірлері

Мәдени

Жабайы

Жоғарыда көрсетілген бес басқаша жалпылама бағыт болып, ол мүлде өзгермейтін қағида емес, оқытудың іс жүзіндегі ыңғайына карай оны толықтап тағы да басқыштар қосуға немесе кей басқыштарды алып тастап, өзіңнің оқыту жоспарына тікелей байланысты басқыштарды ғана пайдалануына әбден болады.



Қорытынды

Жалпы алғанда "Нысаналы оқыту технологиясы", Б.Блумның таксономиясы қазіргі заманғы оқыту талабы ортаға қойған зерттеп үйрену, селбесіп үйрену және өзін-өзі басқарып үйрену талабына өте жаксы үйлеседі. Бұл оқыту технологиясының дәстүрлі окытудан басты ерекшелігі де, басты айырмашылығы да осында.

Сонымен, Блум таксономиясы жеке тұлғаның біліктілік қасиеттерін шыңдай түсуге жол салады, атап айтсам, аса сезгіштік, ой ұшқырлығы, жаңаға ұмтылушылық, шығармашылық қабілеттер, өзіндік ой - пікірлерге тұра білу, өзіне сын көзбен қарау, қисын ойлау, жаңаны сезгіштік, күмәншілдік, әр нәрсеге күмән келтіру. Блум таксономиясының негізінде жеке тұлғаның креативтілігі, шығармашылық дербестілігін қалыптастырады. Демек, б.т. оқытуы арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру - жеке тұлғаның сапалық қасиетін дамытатын рухани құндылықтарды игерудің бірден - бір жолы.







Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Әлімов А.Қ. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері

Алматы 2013 447 б

2.Биология және салауаттылық негізі №5 2011 жыл



19


© 2010-2022