БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ

Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасында білім беру саласының ең негізгі талабы - кең дүниетанымдық қөзқарас, толық құзыреттілік, шығармашылық әрекетке бейім тұлға. Қоғамда әсіресе, білім саласында қызмет ететін адамдар,оның ішінде мұғалімдер шығармашылықпен жұмыс жасай білулері керек деген талап қояды. Ал, ғылымның әр саласында білімнің мазмұны мен көлемі өсіп отырған қазіргі ғылыми-техникалық прогресс кезінде оқушылардың білімге,пәнге қызығушылықтарын,танымдық белсенділік... Қазіргі кезде педагогика ғылымының үлкен мәселелерінің бірі - оқушылардың танымдық әрекетін дамыту, олардың ақыл-ой мүмкіндігін жетілдіріп, оқушыға еркіндік беру болып табылады.Баланың мектеп жасындағы кезеңінде барлық мүмкіндіктері жан-жақты үйлесімді дамыса, үлкен өмір жолына аяқ басқанда, оның қызметі соғұрлым мазмұнды,жан-жақты болады. Мектептегі білім берудің негізгі сипаты оқушылардың барлық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға, өзін-өзі дамыту мен жеке қасиеттерін ашуға бағытталуда.
Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ

Алмасова Гүлнар Бектайқызы

Алдаберген Бисенов атындағы №38 орта мектеп, Қызылорда облысы,

Жалағаш ауданы


Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасында білім беру саласының ең негізгі талабы - кең дүниетанымдық қөзқарас, толық құзыреттілік, шығармашылық әрекетке бейім тұлға. Қоғамда әсіресе, білім саласында қызмет ететін адамдар,оның ішінде мұғалімдер шығармашылықпен жұмыс жасай білулері керек деген талап қояды. Ал, ғылымның әр саласында білімнің мазмұны мен көлемі өсіп отырған қазіргі ғылыми-техникалық прогресс кезінде оқушылардың білімге,пәнге қызығушылықтарын,танымдық белсенділіктерін арттыруда шығармашыл мұғалімдердің еңбегінің мәні зор.

Қазіргі кезде педагогика ғылымының үлкен мәселелерінің бірі - оқушылардың танымдық әрекетін дамыту, олардың ақыл-ой мүмкіндігін жетілдіріп, оқушыға еркіндік беру болып табылады.Баланың мектеп жасындағы кезеңінде барлық мүмкіндіктері жан-жақты үйлесімді дамыса, үлкен өмір жолына аяқ басқанда, оның қызметі соғұрлым мазмұнды,жан-жақты болады. Мектептегі білім берудің негізгі сипаты оқушылардың барлық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға, өзін-өзі дамыту мен жеке қасиеттерін ашуға бағытталуда.

Қазіргі замандағы өзекті мәселелердің бірі- өмірді, тіршілікті жақсартуға өз үлесін қоса алатын, ықпал ететін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны калыптастыру болып табылады.Осыған байланысты әрбір мұғалім оқушыға мынадай талаптар қойып, оның орындалуына ықпал ету керек. Ол талаптарға мыналар жатады:

1. Белсенділік әрекеті

2. Әлеуметтік жауапкершілігі

3. Ой-өрісінің кеңдігі

4. Сауаттылығы

5. Танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығы.

Жоғарыда аталған жеке тұлғаға тән қасиеттер өзінен-өзі қалыптаспайды,оған педагогикалық жағдайлар қажет.

Әрбір жеке тұлғаның танымдық белсенділігі оның қалыптасуы-үздіксіз жүретін үрдіс. Сондықтан мектептегі оқушылардың алатын білімі - болашақта өз білімін жетілдірудің және өз бетімен білім алуының негізі. Оқушыларды үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру - өзекті мәселелердің бірі.

Мектепте өтілетін әрбір пәнге оқушының танымдық қызығушылығын ояту, оларда белсенді ізденіс,зерттеушілік қөзқарас сияқты қасиеттерді тудырады.Оқушының пәнге қызығушылығын ояту арқылы олардың белсенді жеке шығармашылық қабілеттерін арттыруға болады. Балалардың танымдық белсенділігін арттыру мәселесінің шешімін өз бетінше табуға ұмтылуға тәрбиелеу - мұғалімнің басты міндеті. Танымдық қызығушылықтың ядросы - ойлау үрдісі. Оқушылардың интеллектуалдық ойлауын, қызығушылықтарын арттыруда төмендегі жұмыс түрлерін қолдануға болады.

1. Логикалық ойлауды дамытуға арналған ойын түріндегі тапсырмалар.

2. Өз ойын еркін жеткізуге берілген ізденіс бағытындағы тапсырмалар.

3. Берілген тапсырмаларды түрлендіруге бағытталған жұмыс түрлері.

Оқушылардың дербестік қабілетін дамыту, белсенділіктерін арттыру, пән бойынша теориялық, білімдік міндеттерді шешу, ғылыми ізденістерді ұйымдастыруда тапқырлық, танымдық ойындарды пайдаланудың маңызы зор. Сабақ үрдісінде ойын әдістерін қолдану оқушылардың алған білімін одан әрі толықтыруға, түсініктерін тереңдетуге, ойлау қабілеттерін арттыруға мүмкіндік береді.

Ал, оқу - тәрбие үрдісінің тиімділігін көтерудің басты шарты- оқушылардың танымдық және ойлау қабілетін дамыту. Әр баланың педагогикалық - психологиялық тұрғыдан даму ерекшеліктері болады, оқу үрдісіндегі дамыту мәселесінде басты рөлді оқушының өз бетімен әрекеті, белсенділігі атқарады. Қандай пән болса да мұғалімнің білімі, тәжірибесі, шеберлігі мол болып, сабақты сапалы өткізгенімен, оқушы тарапынан өзіндік белсенділік, әрекет болмаса, берілген теориялық білімнің нәтижесі көрінбейді.

Сол себепті оқушыны өзіндік әрекетке бағыттайтын, өз бетімен ойлануға мүмкіндік беретін танымдық ойындарды өз сабағымда үнемі пайдаланамын.

Биология пәніне қызықтыруда логикалық дамытушы ойындармен тапсырмалар құрастырып, үнемі жаңа сабақты бекіту кезеңінде қолданамын. Оқушылар ойын арқылы өз ойларын сыртқа еркін шығарып айтуына мүмкіндік береді.

Ойынды түрлендіріп құрастыру, теориялық білімнің ең түйінді жерлерін қайталау, оқушылардың оқу материалын есте жақсы сақтауына, қисынды ойларының дамуына, өзін таныту мүмкіндігіне әсер етеді. Сабаққа қандай ойын түрлері қолданылса да төмендегі талаптар орындалу керек.

1. Ойын балаларды қызықтыру керек.

2. Ойынның тәрбиелік жағына назар аудару.

3. Әр сабаққа ойынды түрлендіріп отыру.

4. Ойын шартының оқушыларға жеткілікті түсіндірілуі.

5. Ойынға оқушылардың түгел қатысуы.

Биология сабағында 'Бас қатырғылар базары' атты оқыта үйрету ойындарын пайдаланамын. Оқушылар үйден өздері де сөзжұмбақтар, сөзтізбелер, құпиясөздер, басқатырғылар құрастырып келеді де, сабақ барысында жеке де ұжым болып та шешеді.

Әр тақырыпқа құрастырылған басқатырғылардың оқушы білімін саралауда,білмегенін білуге ұмтылдыруда, миды жұмыс істетіп логикалық ойландыруда маңызы зор.

8 сыныптың биология пәніне қолданып жүрген әртүрлі басқатырғылар үлгілері төменде көрсетілген.


1. Басқатырғы - анықтамаБИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ

г

е

т

и

к

а

л

р

р

и

Я-

ж

а

ы

е

д

м

и

т

с

қ

н

н

о

х

о

у

сБИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ

ң

ы

н

а

ш

т

ы"

с

я

и

ц

н

а

2БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ. Басқатырғы - анықтама


т

і

р

н

г

т

і

а

с

а

н

ж

ұ

с

к

і

і

т

к

е

і

ш

К-

ж

у

ш

ы

ң

м

ы

ү

й

Шешуі:Тітіркенгіштік - жасушаның жұмыс күйі

3. Басқатырғы - анықтама

БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ

Р

А

Д

З

Ы

У

-

Г

Е

Н

К

Р

Т

І

З

І

І

Ә

І

Р

Ш

І

Л

Н

Шешуі: Нәруыздар - тіршілік негізі.

4. Басқатырғы - анықтама


БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ


Басқатырғының бастапқы кілтін тауып төмен жоғары жүріп отырғанда жасырынған анықтаманы оқисыздар .

Шешуі: Ұлпа - құрылысы, қызметі ұқсас жасушалар жиынтығы.


5. Басқатырғы - анықтама


БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ




Бастапқы буынды тауып сағат тілімен

бірдей бөліктен тастап оқығанда

жасырынған анықтаманы табасыздар.

Шешуі: Нейрон - жүйке жүйесінің

жасушасы.


6. Басқатырғы - анықтама

БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ


Бірдей бөліктен тастап сағат тілі мен жүріп отырғанда жасырынған ұғымды оқисыздар. Алдымен сыртқы шеңбер, одан кейін ішкі шеңберді жалғастырып оқу керек. Шешуі: Тірек - қимыл жүйесі сүйектер мен бұлшық еттерден тұрады.




7. Басқатырғы - анықтама

Т

О

З

М

Д

Н-

Е

И

Л

Л

Б

Г

Ы

Я

Г

А

Р

І

О

Н

Б

С

О

Е

О

Қ

И

Л

Басқатырғының бастапқы әрпін тауып бұрыш жасап жүре отырып алға және кейін қарай оқығанда жасырынған ұғымды табасыздар.

Шешуі: Гормон - биологиялық белсенді зат.

8. Басқатырғы - қалқанша безі

Бастапқы кілтін тауып, түзу сызық бойымен оқып шыққанда, қалқанша безіне қатысты ұғыммен танысасыздар

- З Ы Қ Ң І Н І З Е Б А Ш Н А Қ Л А Қ

- Е Р К Н А Н Ы У Л Ы З Ұ Б І Т Е М

В О Д Е З А Б Е Н Ә Ж М З И Н И Т

Ы Д А Л О Б А Д Й А П Ы Р А Л У Р У А

Шешуі : Қалқанша безінің қызметі бұзылуынан кретинизм және базедов аурулары пайда болады.

Оқушылардың таным белсенділігін дамытуда ойын әдістерін қолдану білім сапасының артуына ықпал етеді. Оқушылардың алған білімдерінің нәтижесі сыртқы бағалау болып табылатын Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде көрінеді. Төмендегі кестеде биология пәнін таңдаған оқушылардың 3 жылғы білім көрсеткіші салыстырылып көрсетілген.

Ұлттық бірыңғай тестілеу көрсеткіші.

1 - кесте

Р/с

Оқу жылы

Биология пәнін таңдаған оқушы саны

Орташа ұпай саны

1.

2011 -2012

оқу жылы

14

18

2.

2012 -2013

оқу жылы

6

17,8

3.

2013 -2014

оқу жылы

7

18,5


Жеке тұлғаның дамуына жағдай жасай отырып, оқу үрдісін ұйымдастыру кезінде әр мұғалімнің шығармашылық шеберліктері басты орын алады. Мұғалім мен оқушы арасында байланыс танымдық іс-әрекет арқылы жүзеге асырылса, білім сапалы да жүйелі болмақ.

Қорыта айтқанда қазіргі кезде білім беру сапасы оқушының түрлі әрекет саласында өз бетінше шешім қабылдауға мүмкіндікті қамтамасыз ететін қалыптасқан негізгі құзіреттілік түріндегі білім нәтижелерімен түсіндіріледі.

Оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту мәселесі теория мен практикада жаңалықты іздеуді талап етеді. Әрбір сабақтың құндылығы - оқушылардың ойын дамытуды мақсат етіп оның оқуға ынтасын ояту, әр оқушының қабілетіне сай еңбектену тәсілін ұйымдастыру, оқу үрдісін шығармашылық еңбекке айналдыру.

Оқушыларға терең білім бере отырып танымдық қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыруда төмендегідей қағидалар әрбір мұғалімнің бойында табылу керек

1. Мұғалімнің теориялық білімінің тереңдігі.

2. Әр оқушының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес білім алуын қамтамасыз ету.

3. Әр баланың шығармашылығы мен қабілеттерін дамытуға ықпал ету.

4. Әр баланың тұлғалық ерекшеліктерін ашып көрсетуге және оны дамытуға арналған жұмыстарды ұйымдастыра алуы.

Өскелен ұрпақтың сапалы білімі еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуының ең маңызды факторларының бірі болып табылады және оны әлемдегі бәсекеге қабілеттілікпен қамтамасыз етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушы дамыту құралы ретінде
Алматы, 2002 жыл.

2. Рохлов. В. Теремов.А. Петросова. Р. Занимательная ботаника.

Москва «Аст - Пресс», 2002 жыл.

3. Тұрғынбаева. Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы, 2000 жыл.

4. «Білімдегі жаңалықтар» журналы №1 2008 жыл.

5. «Биология және салауаттылық негізі» журналдары №2, 2005жыл, №6, 2003 жыл

6. «12 жылдық білім» журналы №3, 2006 жыл, №3, 2007 жыл.

© 2010-2022