Биология пәнінен сабақ жоспары 7 сынып

Раздел Биология
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Биология

Сабақты құру және жоспарлау кестесі

Сабақтың тақырыбы:

Жемістер

Сабақ жүргізетін мұғалімнің

аты-жөні

Искендирова Динара Әлібекқызы


6 «ә» сынып


Қаракөл орта мектебі

Сілтеме, көрнекіліктер

Биология оқулығы 6 сынып

Ғаламтор материалдары

Жалпы мақсаты

Оқушыларға жемістердің түрлерін, олардың түзілуін және көбеюі мен таралуы туралы түсіндіре отырып, жемістердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата білуге дағдыландыру



Міндеттері

  1. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау

  2. Оқушыларды ойланта отырып, өзбеттерімен, жұппен және топпен жұмыс жасауға үйрету.


Мұғалімдер үшін оқу нәтижесі

  1. Оқушылардың тақырыпты өздері меңгеріп шығуы

  2. Оқушыларды оқуға бағыттап отыру

  3. Бір-біріне көмектесуі

  4. Мұғалім оқушыларға тек бағыт - бағдар беріп отыру

  5. Оқушыларды мадақтап бағалау (стикер арқылы) және оқушылардың өзін-өзі бағалауы..

Сабақта туындаған негізгі идеялар

  1. Алған білімдерін өмірде қолдана алуларына жағдай жасау, ойлау дағдыларын арттыру.

Күтілетін нәтиже

  1. Жемістердің түрлерін ажырата алады, құрғақ және шырынды жемістерді салыстыра отырып, маңыздылығын талдай алады.

Сабақтың әдісі

Баяндау, сұрақ-жауап, диалог, тест жұмысы, топпен жұмыс, сыни ойланту

Жалпы

Білу:

Үй тапсырмасы: «Сұрақты қағып ал»

Түсіну:

Жаңа сабақ

Топтық жұмыс -Постер қорғау

Біле жүрейік-қосымша мағлұмат

Сергіту

Қолдану:

«Бинго» ойыны


Талдау:

  • Семантикалық карта

Жинақтау:

Тест жұмысы

Бағалау

Бағалау бетшелері арқылы өз-өздерін бағалау

Сабақтың жүрісі


Уақыты


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

3 минут


Ұйымдастыру

  1. Сыныппен сәлемдесу

2. Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу

3. Топқа бөлу: Сыныптың оқушыларын жемістер арқылы топқа бөлу және «Жылулық шеңбері» тренингі арқылы оқушылардың алақандарын бір-біріне беттестіре отырып тілек тілету

І топ-«Шырынды жемістер»

ІІ топ-«Құрғақ жемістер»

ІІІ топ-«Жинақталған жемістер»

4. Оқушыларға бағалау критерийлерін ұсыну

  1. 1. Мұғаліммен сәлемдесу

  2. 2. Оқушылар жемістердің суреттері бойынша топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады

  3. 3.Әр топ өз тобынан хатшы, репортер, тәлімгер, басшы, бақылаушы сайлайды.

  1. Сендер саяхатқа шыққанды ұнатасыңдарма? Онда сендермен бірге «Білім шыңына» саяхатқа шығамыз. Осы шыңға жету үшін алдымызда тұрған кедергілерден сүрінбей өтуіміз керек, онда берілген тапсырмалар бізге келесі бөлімге өтуге жолсерік болады. Ал онда мен сендерге Сәттілік тілеймін!

5 минут

Білу

«Қанат қақты»

Үй тапсырмасы: «Сұрақты қағып ал» сұрақтар

1.Жынысты көбею дегеніміз не?Аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы

2. Жынысты көбеюге гүлдің қай бөлімдері қатысады? Аталық пен аналық

3. Тозаңдану деген не, оның қандай түрін білесіңдер? Аталық тозаңның аналықтың аузына түсуі

4. Өздігінен тозаңдану деген не? Өздігінен тозаңданудың ерекшелігі неде?

Бір гүлдің өз аталық тозаңының сол гүлдің аналығының аузына түсуі

5. Айқас тозаңдану деген не және оның қандай түрлері бар? Бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына түсуі

6. Бунақденелілермен айқас тозаңданатын өсімдіктердің негізгі ерекшеліктері қандай? Қандай өсімдіктер бунақденелілер арқылы айқастозаңдана алады? Гүлдері ашық реңді, хош иісті, тозаңдары өте ірі, тәтті шірне бөледі.Шие,алма,лимон,шай,асқабақ,алхоры

7. Айқас тозаңдануға қатысатын қандай бунақденелілерді білесіңдер? Ара,шыбын,көбелек,құмырсқа.

8. Өсімдіктер жел арқылы айқас тозаңдануға қалай бейімделген? Өсімдіктерді ата. Тозаңдары өте майда, жеңіл,көп, аталығы-ның жіпшелері ұзын әрі төмен қарай иілген, аналық аузы қауырсын тәрізді үлпілдеген.

9. Ұрықтану дегеніміз не және қай кезде жүреді? Аталық және аналық жыныс жасушалары-ның қосылуы . Тозаңданудан кейін жүреді.

10. Қосарланып ұрықтану деген не және бұл құбылысын кім ашқан?Аталықтың бір жасушасы аналық жұмыртқа жасушасымен, екінші жасушасы орталық ірі жасушамен қосылады. С.Г.Навашин

Оқушылар қапшықты қағып алып, ішіндегі таңдап алған сұрағына жауап береді де, келесі оқушыға лақтырады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан есептеледі.

14 минут

Түсіну

«Самғау» Постер дайындауға-9 минут, қорғауға-5 минут

Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Жемістер»

Өзім: Жемістер туралы қысқаша мәлімет беріп кетемін.

(Постер қорғауға тапсырмаларын бөліп беру)

1-топқа «Шырынды жемістер»

2-топқа «Құрғақ жемістер»

3-топқа «Жинақталған жемістер»

«Біле жүрейік» -қосымша жемістер туралы мәліметтер беру

Сыни ойлауға: Неліктен алманы кескен кезде немесе соғып алған кезде қараяды,

ал лимон қараймайды?

Топтар:

Топтар тақырыпты оқып, топта талдап, постерге түсіреді де, қорғайды.

Формативті бағалау

Оқушылар өздерінің жауаптарын айтады, мұғалім қосымша түсінік беріп кетеді.

2 минут

Сергіту

Шырынды жемістерді кәрсеңкеге жинату

Шырынды жемістерді кәрсеңкеге жинайды.

6 минут

Қолдану

«Шарықтау»

Қызығушылықты ояту.

Менің электронды поштама Ақтауда тұратын жиен сіңлім Әсемнен мынадай хат келді. Онда осы тақырып бойынша сұрақтар берілген, сұрақтарына жауап беріп көмектесеміз бе?

-Жарайды, онда «Бинго» ойыны арқылы сұрақтарына жауап берейік.

1. Жеміс гүлдің қай бөлімінен пайда болады?

2. Неліктен құрғақ жеміс деп аталады?

3. Құлпынай жемісін неліктен шырынды жеміске жатқызбайды?

4. Шырынды жемістер нешеге бөлінеді, әр түріне мысал келтір

5. Бұршаққап пен бұршаққынның айырмашылығын түсіндір

6. Тұқымшаның дәнектен айырмашылығы қандай?

7. Жинақталға жемістер деп қандай жемістерді айтады, мысал келтір

Әсемге көмектесу мақсатында сұрақтарға жауап береді.





4 минут

Талдау

«Өрлеу»

Сабақты қорытындылау

«Семантикалық карта»

Биология пәнінен сабақ жоспары 7 сынып

«Семантикалық картаны» интерактивті тақтаның көмегі арқылы орындайды.

4 минут

Жинақтау (синтез)

«Шырқау»








Тест жұмысы

1.Қауашақты құрғақ жеміс

А) беде

В) сүттіген

С) арпа

2. Бір тұқымды сүйекті жеміс

А) грек жаңғағы

В) жүзім

С) қарақат

3. Жемістің жеміс серігі ағаштанып қайтайып кететін жеміс

А) жаңғақ

В) дәнек

С) қанатты жеміс

4. Жидек тәрізді жеміс

А) бадам
В) бидай
С) лимон

5. Жинақталған жеміс

А) құлпынай

В) жаңғақша

С) қайың

6. Сүйекті шырынды жеміс

А) өрік

В) шалқан

С) асбұршақ

7. Алма қандай жеміс түріне жатады?

А) Жидек

В) жидек тәрізді

С) сүйекті

8. Қырыққабат жемісі

А) бұршаққап

В) қауашақ

С) бұршаққын

Алған білімді жинақтау

3 минут

Бағалау

«Білім шыңы»

Оқушыларды бағалау

Мұғалім өзінің бағалауымен оқушылардың бағалауын салыстыра отырып бағалайды.

Оқушылар берілген критерийлер арқылы өз-өздерін бағалайды Әрқайсысы өз тұстарындағы ұпайларын есептеп, бүгінгі бағасын айтады

1 минут

Үйге тапсырма:

&26

Зертханалық жұмыс

«Жемістедің пайдасы» эссе

Оқушылар үй тапсырмаларын дәптерлеріне жазып алады

3 мннут

Рефлексия

«Сұрақтары бар қорап»


Биология пәнінен сабақ жоспары 7 сынып

Стол үстіндегі қорапқа оқушылар тақырып бойынша түсінбеген сұрақтары болса, жазып салып кетеді. Бұл сұрақтар келесі сабақтың басында талқыланады.



© 2010-2022