Онтогенез сабақ жоспары

Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Онтогенез

Сабақтың мақсаттары:

  1. Білімдік: Оқу материалын шығармашылық ізденіс арқылы оқушыларға меңгерту;

  2. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру;

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшыл болуға, топпен жұмыс істеуге, жауапкершілікке, тиянактылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: интербелсенді тақта, электрондық оқулық,

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақ әдісі: сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, интербелсенді тақтада көрсетілген геометриялық фигураларды таңдау арқылы топқа бөлу. 2. Негізгі бөлім.

І кезең, Қызығушылықты ояту.

Ұрықтану дегеніміз не?

Гүлді өсімдіктерге қандай ұрықтану тән?

Гүлді өсімдіктердегі қосарлы ұрықтануды кім ашты?

Ұрықтанған жасуша қалай аталады?

Зиготадағы хромосома жиынтығы?

Жыныс жасушаларының атауы?

ІІ кезең. Топпен жұмыс

I топтың тапсырмасы:

  1. Бөлшектену нәтижесінде көпжасушалы ұрықтың бластуланың түзілуі

  2. Екі қабатты ұрықтың пайда болуы

II топтың тапсырмасы:

  1. Мүшелердің пайда болуы

  2. Постэмбриондық даму кезеңі

ІІІ кезең. Сабақты бекіту

Ұғымға сәйкес келетін сипаттаманың рет санын жазыңдар


Бластула

Гаструла

Нейрула



  1. Ұрықтың ерте сатыда жасушалардың митоздық жолмен тез бөліну үдерісі.

  2. Үшқабатты ұрық.

  3. Екіқабатты ұрық.

  4. Бірқабатты ұрық.

  5. Мезодерма қалыптасады.

  6. Энтодерма қалыптасады.

  7. Жүйке түтігі қалыптасады.

  8. Эктодерма қалыптасады.

Сәйкес келуін анықтаңдар

Метаморфоз_________________________________________________

Метаморфозсыз______________________________________________Көбелектер, Қоңыздар, Құстар, Адам, Сүтқоректілер, Шала даму, Толық даму, Бақалар, Жорғалаушылар.

Сәйкес келуін анықтаңдар

Эктодерма

Мезодерма

Эндодерма


  • Жүйке жүйесі.

  • Сезім органоидтері.

  • Тіс эмалі.

  • Ортаңғы ішек эпителийі.

  • Бұлшық ет.

  • Дәнекер.

  • Шеміршек.

  • Сүйек ұлпалары.

  • Бүйрек.

  • Жыныс бездері.

  • Тері эпителийі.

  • Қанайналым жүйесі.

ІV кезең. Рефлексия. Мына сөйлемдерді аяқта:

  • Бүгінгі сабақта маған ұнағаны ...

  • Менің бүгінгі сабақтан үйренгенім ...

  • Сабаққа дейін мен ... ойладым, ал қазір білемін...

  • Бүгінгі сабақтағы басты ой ... болды.

  • Менің ұсынысым ...

V кезең. Қорытындылау. Бағалау



© 2010-2022