Lesson study бойынша 2 зерттеу сабағына рефлексивтік есеп

Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Рефлексивтік есеп

8 «А» сыныбында ақпан айының 12 күні биология пәнінен екінші зерттеу сабағы өтілді. Зерттеудің мақсаты - оқытудың жаңа әдіс тәсілдерін пайдалана отырып сынып оқушыларының пәнге деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ нысанаға алынған оқушылардың білім деңгейін көтеру болып табылады.

Сабақтың тақырыбы «Тынысалу мүшелерінің аурулары. Тынысалу гигиенасы», оқушылар деңгей бойынша топтарға бөлініп отырғызылды, топ басшылары да менің тарапымнан сайланды. Нысанаға алынған оқушылардан В деңгейіндегі Сериков Руслан 4 топтың басшысы қызметін атқарды. Алдымен «тынысалу» деген сөзге ассоциация құру арқылы, сабақтың мақсатын оқушылармен жұмыла отырып анықтап алдық. Жаңа сабақты меңгеру оқушылардың өздеріне жүктелді, әрбір топқа тақырып бойынша әртүрлі сұрақтар тасталды, оқушылар өзара жұптасып сол сұрақтарды жан-жақты зерттеп, қорғады. Қорғаған уақытта ешбір оқушы тыс қалып қойған жоқ, барлығы бірдей сөйлеп, белсене қатысты.

Lesson study бойынша 2 зерттеу сабағына рефлексивтік есепLesson study бойынша 2 зерттеу сабағына рефлексивтік есеп

А деңгейіндегі оқушы Якупова Гульнараға жеке күрделенген тапсырма берілді. Ол мен берген қосымша ақпараттарды пайлана отырып темекінің ашылу тарихына қысқаша түсініктеме бере отырып, статистикалық талдаулар арқылы оның зиянын дәлелдеуі қажет еді. Гульнар бұл тапсырманы өте тиянақты әрі жоғары деңгейде орындады. Ол айтқан тарихи оқиғалар мен дәлелдемелер өте қызықты болды, бүкіл сынып ұйып тыңдады. Осылайша А деңгейіндегі оқушының ізденушілік-зерттеушілік қабілеті ғана емес, ораторлық қасиеттері де көрінді.

В деңгейіндегі оқушым Сериков Руслан керісінше топ басшы ретінде өз міндетін жақсы атқарғанмен бұл жолы ашылып өз ойын емін еркін жеткізе алмады. Себебі үй тапсырмасын сұрағанда, блиц-сұрақтардың бесеуінің тек біреуіне ғана жауап берді, яғни үй тапсырмасына дайын емес. Осыдан кейін төмен баға алып қалғандықтан сабақ бойы көңіл күйі болмады. Lesson study бойынша 2 зерттеу сабағына рефлексивтік есеп

С деңгейіндегі Абдуллин Дамир үшін менің ойымша бұл сабақ сәтті болды. Себебі Дамир өз тобында оған берілген тапсырманы тиянақты орындап, өте жақсы қорғады. Басқа сабақтардағыдай шетте қалып қоймай, аурудың пайда болу себептері туралы өзінің жеке пікірін білдіріп, ұсыныстар да жасады. Демек мен алдыңғы сабақта қойған мақсатыма сәл де болса жеттім деп есептеймін. Lesson study бойынша 2 зерттеу сабағына рефлексивтік есеп

Lesson study бойынша 2 зерттеу сабағына рефлексивтік есеп Lesson study бойынша 2 зерттеу сабағына рефлексивтік есеп

Lesson study бойынша 2 зерттеу сабағына рефлексивтік есеп Lesson study бойынша 2 зерттеу сабағына рефлексивтік есеп

Қорытындылай келе бұл сабағым А және С деңгейіндегі оқушыларға жақсы нәтиже берді, ал В деңгейіндегі оқушыға келесі сабақтарда үй тапсырмасын сұраған уақыттарда фронталдық сұрақтарды пайдаланбау керектігіне көз жеткіздім. Себебі оқушының сыныптың алдындағы абыройының түсуі әрі қарай жұмыс жасауына кері әсерін тигізді. Келесі зерттеу сабақтарында бұдан да жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз деген ойдамын.

Биология пәні мұғалімі: Өзбек Д.М.

© 2010-2022