Открытый урок Қан айналым мүшелері (8-класс)

Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Барлық өмір қуанышы - шығармашылықта.

Р.Роллан.

Сабақтың тақырыбы: Қанайналым мүшелері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға жүрек, қантамырлар туралы түсіндіре отырып, олардың құрлысын, бөлімдерін, атқаратын қызметтерін меңгерту.

Дамытушылық: Оқушыларға жаңа тақырып бойынша өз бетінше жұмыстар жасату арқылы білімдерін, ойлау қабілетін, шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Өздігінен ізденімпаздық, білімділік, еңбексүйгіштік, адамгершілік дағдыларын тәрбиелей отырып, салауатты өмір салтын ұстану, өз ойын айта отырып, өзгені де тыңдай білуге, алған білімін өмірге қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа ұғымдарды меңгерту.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, СТО технологиясы, Эссе, Синквейн, Ассоциация, биологиялық диктант, ДЖИКСО стратегиясы.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, суреттер, тірек-сызбалар, плакаттар, кестелер, үлестірме қағаздар.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, қазақ тілі, математика, музыка, өзін-өзі тану.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Өткенді қайталау.

«Сәйкестігін тап»

ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық.

«Миға шабуыл».

ІV. Жаңа сабақ.

1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

2. ДЖИКСО әдісі.

V. Бекіту.

Шығармашылық тапсырма.

VІ. Қорытындылау.

«Жүректен жүрекке»

VІІ. Бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма.

І. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, топқа бөлу.

ІІ. Өткенді қайталау. «Сәйкестігін тап».

1 топқа: Жүрек.

1. Ішкі ортаға не жатады:

қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа

2. Қанның мөлшері қанша:

4,5-5 л

3. Қан пластинкасы қалай аталады:

тромбоцит

4. Гемоглобин не:

қанның қызыл пигменті

5. Эритроциттің диаметрі:

7,5 мкм

6. Плазма нәруызы қаншаға бөлінеді

3

7. Фагозитоз қандай процесс:

бөгде бөлшектерді сіңіру, қорыту

8. Лейкоцит қызметін ашқан ғалым:

Мечников

9. Лимфа латынша: таза су, ылғал

Таза су, ылғал

10. Ұлпа сұйықтығы мөлшері:

14-20 л

2 топқа: Артериялар

1. АИВ

адам иммунитет тапшылығы вирусы

2. Қанның түссіз жасушалары:

лейкоцит

3. Қанды қабылдайтын адам:

реципиент

4. Егу арқылы қабылданатын иммунитет:

жасанды

5. Қан ұйымайтын ауру:

гемофилия

6. Қан ұю ұзақтығы:

4-5 мин

7. Қанның қызыл пигемнті:

гемоглобин

8. Қан ұюына қатысатын жасуша:

тромбоцит

9.Бөгде бөлшектерді сіңіру процесі:

фагоцитоз

10. Тұқымқуалайтын иммунитет:

табиғи

3топқа Капиллярлар

1. Адам лимфа түйіндерінің саны:

460

2. Лейкоциттің қызметі:

фогоцитоз

3. Қан глюкозасы қызметі:

жасушаның энергия көзі

4. Ядросыз қан жасушасы:

эритроцит

5. Плазма нәруызы қанша топ:

3

6. Тромбоцит қызметі:

қан ұю

7. Рентген сәулесінен лимфоциттер:

жойылады

8. Плазма нәруыздарын ата:

альбумин глобулин фибриноген

9. Тромбоциттің тіршілік ұзақтығы:

7-10 күн

10. Лимфа түйіндерінің түсі:

қызғылт-сұр

4 топқа Вена

1. Ағзаның қорғану реакциясы:

иммунитет

2. Лейкоцит тіршілігі:

2-5 тәулік

3. Қан плазмасының мөлшері:

55

4. Мөлдір сұйықтық:

лимфа

5. Гемофилия қандай ауру:

қан ұйымауы

6. Ішкі ортаға не жатады:

қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы

7. Эритроциттің тіршілік ұзақтығы:

120 күн

8. Лимфа диаметрі:

5-6.5 мкм

9. Кемік май түрлері:

түтікті жалпақ, қысқа сүйектер

10. 1 қантоп реципиенті:

барлық топтар

III. Жаңа сабақ алдында дайындық «Миға шабуыл»

Мынадай өлең шумақтарымен сабағымды бастаймын.

Оу, ием менің,

Өзіңнен бұрын жаралғам

Алдымен менмін

Сонан соң - сенсің жаралған

Басың мен миың, ақылың, есің, қимылың

Аяқ пен қолың -

Барлығы менен нәр алған.

Бұл өлеңде оқушыларға не туралы айтылып тұр? деген сұрақ қоямын. Оқушылар жүрек деп жауап береді.

Ендеше бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы: Қанайналым мүшелері.

IV.Жаңа сабақ.

1) Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Мұғалімнің түсіндіруі.

Тірек-сызба түрінде түсіндіріледі:

Открытый урок Қан айналым мүшелері (8-класс)







Жүректің құрылысы.


Открытый урок Қан айналым мүшелері (8-класс)

Қантамырлардың құрылысы.


Открытый урок Қан айналым мүшелері (8-класс)

2) ДЖИКСО әдісі.

Оқушылардың түсіндіруі.

1-топ: Жүрек туралы.

2-топ: Вена қантамыры туралы.

3-топ: Капилляр қантамыры туралы.

4-топ: Артерия қантамыры туралы.

Бұл стратегия бойынша оқушылар топқа бөлініп, оқушыларға 1, 2, 3, 4 деген нөмірлер таратылады. Сосын 1-ші нөмірлер 1-топқа, 2-ші нөмірлер 2-топқа, 3 нөмірлер 3-топқа, 4-ші нөмірлер 4-топқа жиналады. Сабақты меңгеріп болғаннан кейін оқушылар орындарына топқа қайтадан оралады. Осылай оқушылар өз бетінше жұмыс жасау арқылы жаңа сабақты меңгереді.

Жаңа сабақты қаншалықты меңгергенін плакат арқылы қорғайды.

V. Бекіту. Шығармашылық тапсырма.

1-топ: Синквейн 5 жолды өлең:

1-оқушы:

1. Зат есім 1 сөз: Жүрек.

2. Сын есім 2 сөз: Қуысты, бұлшықетті.

3. Етістік 3 сөз: жиырылады, босаңсиды, соғады.

4. 4 сөзден тұратын сөйлем: Жүрек - қанайналым жүйесінің мүшесі.

5. Синоним: Мүше.

2-оқушы:

1. Артерия.

2. Қалың, иілгіш.

3. Тасымалдайды, төзеді, созылады.

4. Мүшелер, ұлпаларға ағатын тамырлар.

5. Тамыр.

2 топқа Эссе жазу. «Жүрек- жан жылуы».

1-оқушы: Темірболат Жайнаның жазған эссесі:

Жүрек адам өмірі үшін өте маңызды. Жүрек - жан жылуы. Адамның суық сөздері мен жылы сөздерінің барлығы жүректен шығады. Тірі адамның жүректен аяулы жүгі бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені - батыр дегені. Рақымдылық, мейірбандылық, уа әрбір түрлі адам баласын өз бауырым деп өзіне ойлағандай ойды оларға да болса игі демек, бұлар жүрек ісі, асықтық та жүрек ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Біздің қазақтың жүректісі мақтауға симайды. Жүрек - он екі мүшенің патшасы. Жүрек сенің жаман қылықтарынан жиренуге көмектеседі. Сондықтан өз жүрегіңді тыңда, өз жүрегіңе сен деп текке айтылмаған.

2-оқушы: Рсқұл Жансаяның шығарған өлеңі:

Жүрексіз адам өмір сүре алар ма?

Соқпаса бір минутта тұра алар ма?

Сезім, жігер, білім, қайрат бәріде,

Сол жүректің тамырынан таралған.

Сабырлысың, қайраттысың, күштісің,

Шапшаңдаймын қалмасын деп бір ісім.

Мұның бәрі сенің арқаң деп білем,

Минутына соққан жүрек күшінің.

3 топқа Ассоциация құрастыру.

1-оқушы:

Открытый урок Қан айналым мүшелері (8-класс)

2-оқушы:

Открытый урок Қан айналым мүшелері (8-класс)

4 топқа Биологиялық диктант

1. Қанның тұйық жүрек қан тамырлары жүйесі бойынша үздіксіз қозғалуы ................ (қан айналым) деп аталады.

2. Жүрек сұйықтықтың аздаған мөлшері бар .................( жүрек қабында) орналасқан.

3. Жүрек қабырғасының негізгі бөлігін ................ (бұлшықет қабаты) құрайды.

4. Артерия қабырғасы ........(қалың), иілгіш және ............болып келеді.

5. Жүрек ..............(тұтас қалқа) арқылы оң және сол жақ бөлікке бөлінеді.

VI. Қорытындылау.

«Жүректен жүрекке» әдістемелік тәсілін төмендегідей формада ұйымдастырдым. Мұғалімнің сөзі:

- Құрметті оқушылар, сабағымызда өз мәресіне жетті. Сендердің қуанышты, жайдарлы, ақжарқын жүздеріңнен сүйіспеншіліктің белгісін көріп тұрмын. Бүгінгі сабағымыз сендердің жан дүниелеріңе кішкене болсада жылулық ұялатып, ізгілікке қарай бастағаныма қуаныштымын. Олай болса бір-бірімізге жақсы, жылы сөз жазып, мына тақтаға жапстырайық.

VII. Бағалау. Бағалау парағы бойынша топ басшысы бағалайды.

VIII. Үйге тапсырма. § 36 оқып келу, тест құру.

© 2010-2022