• Преподавателю
  • Биология
  • Доклад на тему Табиғат қорғау дәстүрлері арқылы оқушының экологиялық санасын қалыптастыру

Доклад на тему Табиғат қорғау дәстүрлері арқылы оқушының экологиялық санасын қалыптастыру

Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Табиғат қорғау дәстүрлері арқылы

оқушының экологиялық санасын

қалыптастыру

Жер шарындағы барлық халықтардың табиғат ресурстарын пайдалану және қорғау туралы қалыптасқан салт дәстүрлері бар.

Қазіргі кезде адам табиғат байлықтарын өз керегінше алып, пайдаға жаратып қана қалмай, олардың табиғи түріне өзгерістер енгізуде.

Бірақ адамдар күнделікті тіршілікпен жүріп қоршаған ортаның табиғи кейпінен айырылып бара жатқанын байқаймыз. Күні кешегі Алматының көз жалын алатын апорт қайда?

Өзеннің жағаларына елдер неге қалдық төгеді? Әлі де болса экологияның сауаттылық төмен бе?» деген ойлар мазаламайды.

Осы арайда мектеп мұғалімдерінің аса жауапты міндеттерінің бірі- оқушылардың санасына қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті қалыптастырып, сол арқылы туған жердің табиғатының байлығын сақтау, туған жерді сүюге тәрбиелеу.

Табиғатты қорғау дәстүрлерін тиімді пайдалана оқушыдың (оқушыларға) пайдасы зор.

Геологиялық зерттеулурдің атасы академик Қ.Сәтбаев: «Туған жердің тағдыры толғатпаған, жолы жіберіліп, ол туралы ойланбаған жігітті қайтып азамат дейміз?». «Туған жердің қара таты мақтан ете білмеген азамат бөгде жердің алатын тасын да мақтан жарпақ емес» - деген еді. Бұл киелі сау астарында туған өлкенің табиғатын қорғау жатыр емес пе? Қазақ халқы жануарларды, құстарды, түз тағиларын киелі деп қастерлеген, «Әулие бұлақ», «Әулие ағаш» т.б.

Халық табиғат жүздеуіне жол бермейтін тыйым ережелерін қоғамның сана деңгеіне көтерді.

«Суға түкірме», «Күл патша», «Көк шөпті жұлма», «Тал кеспе», «Көкті таптама» т.б. бұл тыйым сөздер мен ескерпелер табиғат пен қарым-қатынас жасаудың халықтың ережесі.

Мақал-мәтелдерге көп көңіл бөлген. Сол арқылы жасөспірімдердің табиғатқа деген еуімін оята біліп, оны сүюге, ал жат қимықтардан аулау болуға тәрбиелеген. «Жер-ана, ел-бала»6 «Жері байдың-елі бай», «Тозған жерде жоқшылық болмайды», «Судың да сұрауы бар», «Қарағай кессең қаңғырып қаласын», «Қара жер қару арқаламайды»-деп жерді қоғауға шақырған.

Аққан судың жолы сары- деп табиғат болмысына өзгеріс әкелуге абай болуды ескертті. «Қарлығаштың үйін бұзба»- деп құстарды қастерлеуге тәрбиеледі.

«Ұлар етін жедің бе?, Ұлы жауға шықтың ба?»-деп ұлардың киелі құс екенін білдіреді. Ата-бабамыз өзінің жақсы көрген, сүйген адамдарын құстарға олардың сымбатты сәніне теңеген, жаңа түскен келінді құсқа теңеп, той иесіне «Құс құтты болсын!»-деген тілмен айтқан. Құстардың атын ұл-қыздарға қойған. Қазақ халқында үйдің есігін күн шығысқа қарату әдісіде күнді қастерлеуден туған ырым.

«Көк тәңірі»-деп аспанды қадірлеуге шақырған. «Көкті жұлма, көктей соласын»- деп жер бетіндегі өсімдіктерді бүлдірүді қатаң тыйым салған.

Наурыз Қимыл мұрындық Сабайтай Күзелі сиряқты той-думандарды тұрмысқа еңгізіп, тәрбие құрамына айналдырды.Мектепте өтілетін «Алтын күз» мерекесі де табиғатты аялауға шақырады. Сөйтіп қазақ халқы табиғатты қорғау ісіне бай дәстүр, әдет-ғұрып қалдырды. Оларды бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне пайдалану мектептен тыс барлық әлеуметтік- мәдени тәрбие мекемелерінің төл ісі. Осындай табиғатты қорғау шараларына Алматы мемлекеттік қорығының қызметкерлері өткізетін жыл сайынғы экологиялық іс -шараларын атап айтуға болады. Оқушылар арасында табиғатқа арналған өлеңдер, әндер суреттер жарысын ұйымдастырып оқушыларды марапаттап отырады. Мектептегі «Жасыл сақшылар» атты экологиялық топтың алған жүлделі орындары осыған куә. Экологиялық топ мүшелерінің міндеті ауыл арасыендағы аула тазалығы, ағаш егу, гүл отырғызу т.б. жумыстар жургізе отырып , тұрғындарға үндеу қағаздарын таратып , үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп отырады. Мектеп ауласындағы раушан гүлдерді , ашық тұқымды өсімдіктерді күтіп-баптау, суғару, түбін қобсыту әр оқушының міндеті.

Табиғат әлемі материалық ресурстар көзі ғана емес, жан сұлұлығын сыйлайтын орта саналады.

Табиғатты аялайық жас буын!

© 2010-2022