Сабақ жоспарыЕсту мүшесінің құрылысы мен маңызы

Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Биология

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Есту мүшесінің құрылысы мен маңызы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға есту мүшесінің құрылысы мен маңызы туралы жан-жақты түсінік беру.

Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып оқушылардың өй өрісін,ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, жауапкершілікке, жан-жақты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелер, суреттер

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, ауызша, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен : а) амандасу

ә) түгендеу

б) сабаққа назарларын аудару

2.Үй тапсырмасын сұрау

1.Көздің қосымша мүшелерін атаңдар?Ол қандай қызмет атқарады?

2.Көз алмасы қандай қабықтардан тұрады?Көз алмасының құрылысы қандай?

3.Жарыққа сезімтал рецепторлар - құтышалар мен таяқшалар қайда орналасады?

3.Үй тапсырмасын пысықтау

4.Жаңа сабақ

Адам туылғаннан бастап дыбыс әлемін қабылдай бастайды. Есту мен сөйлеу адамдар арасындағы қарым - қатынастың маңызды құралы, қоғамдағы адамдардың өзара қатынасының негізі болып саналады.Егер бала саңылау болып туылса, онда ол ешқашан ауызша сөзді меңгере алмайды.Естімей қалу адамның мінез - құлқының бұзылуына себеп болуы мүмкін.Есту арқылы адам сыртқы дүниеде не болып жатқанын және бізді қоршаған табиғаттағы әртүрлі дыбыстарды қабылдайды.Есту мүшесі сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ болып бөлінеді.Сыртқы құлаққа құлақ қалқаны мен сыртқы есту жолы жатады.Ортаңғы құлақ самай сүйегінде орналасқан және ол есту сүйекшелері бар тар қуыс болып табылады.Ортаңғы құлақ қуысы жұтқыншаққа ашылатын есту түтігіне жалғасады.Есту сүйекшелері - балғашық, төстік, үзеңгі буын арқылы қозғалмалы байланысқан.Ішкі құлақ самай сүйегінде тереңірек орналасқан жіңішке иірім өзектер (канал) жүйесі (шытырман) болып табылады.Ішеі құлақ есту иірімінен, жартылай иірім өзектерден, сопақша және домалақ қапшықтардан - вестибула аппаратынан тұрады. Есту иірімінің іші сұйықтыққа толы болады.

5.Сабақты бекіту

1.Есту анализаторының құрылысы қандай?

2.Есту сүйекшелері қандай қызмет атқарады?

3.Құлақтың қандай бөлігінде тепе - теңдік орналасқан?

6.Үйге тапсырма

§ 20 оқу мазмұндау

7.Оқушыларды бағалау





Күні: 13.11.2015 ж

Пәні: Биология

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Тері және бұлшық ет сезімі, иіс сезу және дәм сезу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға тері және бұлшық ет сезімі, иіс сезу және дәм сезу және оның маңызы туралы жан-жақты түсінік беру.

Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып оқушылардың өй өрісін,ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, жауапкершілікке, жан-жақты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелер, суреттер

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, ауызша, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен : а) амандасу

ә) түгендеу

б) сабаққа назарларын аудару

2.Үй тапсырмасын сұрау

1.Есту анализаторының құрылысы қандай?

2.Есту сүйекшелері қандай қызмет атқарады?

3.Құлақтың қандай бөлігінде тепе - теңдік орналасқан?

3.Үй тапсырмасын пысықтау

4.Жаңа сабақ

Тері сыртқы ортамен тікелей жанасады.Сондықтан сыртқы ортада жүретін өзгерістерді, ең алдымен тері сезінеді, ақпаратты қабылдайды.Ол жанасу мен қысымды, жылу мен суықты, ауырсынуды қабылдайды.Теріде ауырсыну рецепторлары көп, 1 см2-де, шамамен, 100 ауырсыну рецепторы бар.Ауырсыну - қорғаныш реакциясы, қауіпппен күресуді жеделдетудің маңызды сигналы.Ауырсыну сезіміне адам үйренбейді.Ал температура өзгерістеріне жеңіл бейімделеді.Жылуды бір рецепторлар, ал суықты басқа рецепторлар қабылдайды.Сипап сезу - бұл тері сезімі және ол терідегі арнайы рецепторлармен іске асырылады.Олар саусақ, тіл ұшында, ерінде көп болады.Теріге түсетін қысымға біз тез үйренеміз, сондықтан біраздан кейін киімнің тигенін сезінбей қаламыз.Көзді жұмып, затты ұстағанда, біз оның пішінін, молшерін, бетінің сипатын, температурасын анықтай аламыз.Бұл сезім соқыр адамда өте жақсы дамыған.Осыған байланысты соқыр адам оқудың арнайы әдісін меңгереді.Дәм сезу - тағамды оның иісімен бірге қабылдаған кезде дәм сезімі пайда болады.Дәм сезу рецепторлары суда еріген заттың дәмін сезіп, қабылдай алады.Сілекеймен немесе сұйықтықпен араласпаған құрғақ тамақтың дәмі сезілмейді.Дәм сезу рецепторлары тілде орналасқан, бұл - тіл бүршіктері.Дәмді тілдің әртүрлі бөліктері түрліше сезеді.Тіл ұшы тәтті нәрсеге, орталық-артқы бөлігі ащы, алдыңғы және бүйір бөліктері тұзды нәрсеге сезімтал.Қышқыл дәмді тілдің бүйір шеті сезеді.

5.Сабақты бекіту

1.Сипап сезу дегеніміз не?

2.Қимылдаған кездегі бұлшық ет сезімінің рөлі қандай?

3.Адам үшін иіс сезу мен дәм сезудің маңызы қандай?

6.Үйге тапсырма

§ 20 оқу мазмұндау кесте толтыру

7.Оқушыларды бағалау









© 2010-2022