Презентация по биологии на тему: Үздік жас биологтар

Раздел Биология
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



"Үздік жас биологтар" танымдық сайысы


«Үздік жас биологтар» сайысы
Мақсаты: Білімді жүйелеп,ойлау және есте сақтау қабілеттерін арттыра отырып,танымдық қызығуын дамыту мақсатында оқушылардың ұжымдасып жұмыс жасауы, белсенділіктері артуы, жылдам қимылға, ұшқыр ойлауға дағдылануы.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
«Үздік жас биологтар» атты 6,7 - сыныптар арасында биология пәнінен өткізілетін танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!
Сайыскер топтарымызды таныстырып өтейін:
1-топ «Білімділер» тобы
2-топ «Зерделілер» тобы


Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтетін болсам


Енді сайысымыздың негізгі бөлімдерімен таныстырар болсам:
Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады:
І кезең "Бәйге"
ІІ кезең "Сөз мерген"
ІІІ кезең "Кімнің еңбегі?"
ІV кезең "Жұмбақтар"
V кезең "Іздеу ұйымы"
І кезең «Бәйге» кезеңінде әр топқа ботаника және зоология бойынша 10 сұрақ беріледі. Әр сұраққа 2 ұпайдан есептеледі.


«Білімділер» тобы
1. Өсімдіктерді зерттейтін ғылым: ботаника
2. Қазақстанның тұңғыш Қызыл кітабы қашан шықты? 1978 жылы
3. Қазақстанда қанша қорық бар? 10
4. Тек өсімдік жасушасына тән денешік. Пластидтер
5. Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы: ұлпа
6. Жасыл эвглена ненің көмегімен қозғалады? Талшық
7. Денесі бір ғана жасушадан тұратын ағзалар: Қарапайымдар
8. Қолайсыз жағдайлардан қорғайтын қабықша. Циста
9. Бунақденелілердің денесі: Бас, көкірек, құрсақ
10. Ұлуларды қандай ғылым зерттейді? Малакалогия
«Зерделілер» тобы
1. Өсімдіктің өсімді мүшелері: тамыр, сабақ, жапырақ
2. Жасушаны ашқан ғалым: Р.Гук
3. Жарықта өсімдік жапырағында жүретін үдеріс: фотосинтез
4. Бір гүлде аталық пен аналықтың болуы. Қосжынысты
5. Қарашірік, шымтезек қандай тыңайтқыштарға жатады? Органикалық
6. Амеба ненің көмегімен қозғалады? Жалған аяқ
7. Шаян, өрмекші, бунақденелілердің денесіндегі су, газ өтпейтін қатты қабықша. Хитин
8.Күйіс қайыратын малдардың қарны неше бөлікті? 4
9. Өрмекшілердің денесі: Баскөкірек, құрсақ
10. Жәндіктерді қандай ғылым зерттейді? Энтомология


ІІ кезең. «Сөзмерген», мұнда сөздер берілген, соның ұйқасын табу керек. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі.


ІІІ кезең . «Кімнің еңбегі?». Бұл жерде ғалымдардың аты-жөнін табу керек. Дұрыс жауап үшін 10 ұпай.


ІV кезең «Жұмбақтар» шешу. Мұнда өсімдіктер мен жәндіктер туралы жұмбақтар жасырынған. Әр дұрыс жауап үшін 3 ұпайдан беріледі.
1. Улы газ да, су да оның қорегі,
Тіршілікке қоректік зат бөледі.
Сары менен қызыл түске боялып,
Күздің ызғар суығынан өледі. (Жапырақ)


2. Тұщы су оның тұрағы,
Өзгеріп пішіні тұрады.
"Аяғының" саны көп,
Бірақ, жоқ оның "құлағы". (Амеба)


3. Аналық та, аталық та бір гүлде
Ажырасып көрген емес, ол мүлде
Жарасымды жазылмайтын жұптары
Ондай гүлді көріп жүрміз әр күнде. (Қосжынысты)


4. Көзшесімен жарықты ол сезеді,
Талшығымен судың ішін кезеді.
Асқорыту вакуолі болмайды,
Тереңірек ойланып көр ол жайлы. (Жасыл эвглена)

5. Топырақтың арасында тұрағы,
Топыраққа құнар беріп тұрады.
Жаңбырдан соң жер бетіне шығады,
Ойланған жан оның мәнін ұғады. (Шұбалшаң)


6. Жер астында тұрағы,
Қорегін жұтып тұрады.
Сол қоректің нәрінен,
Жайқалады жапырағы. (Тамыр)


7. Жеп көріп ем өзін мен,
Жас шығарды көзімнен. (Пияз)


8. Жануарлардың денесінде болады,
Кейбір кезде адам қанын сорады.
Тойған кезде томпайып,
Құрсағы қанға толады. (Кене)


9. Жайлы, жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін.
Қабат - қабат тоным бар,
Қалай оны шешемін? (Орамжапырақ)


10. Төрт қанаты тым әдемі өрнекті,
Тоқымайды бірақ олар өрмекті.
Ұшады олар қанаттарын себелеп,
Оның аты түрлі-түсті ... (Көбелек)


V кезең "Іздеу ұйымы" . Бұл кезеңде әр топқа өсімдіктер туралы қысқаша мағлұмат берілген, ол қандай өсімдік екенін табу керек. Дұрыс жауапқа 10 ұпай.


«Білімділер» тобы
Маған гүлдің барлық бөліктері бекінеді. Мен гүлсағақтың жоғарғы жағының жуандаған жерімін. Пішіндерім алуан түрлі. Мен гүлдің қандай бөлігімін? (Гүлтабан)


«Зерделілер» тобы
Бұл өсімдікті ұзақ уақыт ботаникалық бақтарда өсірген. Гүлдерін ханымдар әдемілік үшін шаштарына таққан. 200 жылдан кейін ғана шаруалар өздерінің бақшаларына егіп азық ретінде пайдалана бастаған. Бұл өсімдікті ресейге ең алғашқы рет І Петр әкелген. Қандай өсімдік туралы айтылуда? (Картоп)


«Білімділер» тобы
Мен екі жылдық көкөністік дақылдардың маңыздыларының бірімін. Сыртқы келбетім қабыршақты құрғақ, сары, ақ кейде күлгін түсті болып келеді. Мені шұжық өндіруде, сүрлеме жасауда, асқа дәм беретін зат есебінде пайдаланады. Аршыған кезде көзді ашытып, жылатады. Тұмау, жүрек жұмысын жақсартатын дәрі ретінде қолданылады. (Пияз)


«Зерделілер» тобы
Мен жылуды, ылғалды, жарықты және құнарлы топырақты сүйетін дақылмын. Мені дәнді ботқа, палау жасауға пайдаланады. Қайнатпам - асқазан ауруына қолданылатын тамаша дәрі. Мені өсіруден дүние жүзілік рекорд жасаған Ыбырай Жақаев. Сонда мен қай өсімдікпін? (Күріш)

Сонымен бүгінгі «Үздік жас биологтар» сайысы өз мәресіне жетті.
Алда әлі де биік -биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіреміз. Сау болыңыздар

© 2010-2022