• Преподавателю
  • Биология
  • Биология пәнін оқыту барысында оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру және танымдық белсенділігін арттыру жолдары

Биология пәнін оқыту барысында оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру және танымдық белсенділігін арттыру жолдары

Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Биология пәнін оқыту барысында оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру және танымдық белсенділігін арттыру жолдары.

Қалалық білім бөлімінің ғылыми-әдістемелік орталығы биология пәнінің әдіскері Базарбаева Сәуле Ибадуллақызы.

Биология пәнін оқыту барысында оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру және танымдық белсенділігін арттыру жолдары.

«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретін-бүгінгі

мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай

тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады.

Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр»

Н.Ә. Назарбаев.

Оқытудың жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларын меңгеру-қазіргі заман талабы. Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі-тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Білім беру саласында инновациялық үрдісті жүзеге асыру мұғалімдерден өз мінез-құлықтарын, ұстанымдарын,мүмкіндіктерін түрлендіруді талап етеді. Мысалы: 8сыныпта «Жүрек жұмысы» тақырыпты сабақта explorer GLX құралдарын пайдалану арқылы оқушы танымдығы, қолданбалы дағдылары жақсы қалыптасады. Оқушылар жүрек кардиограммасын анықтау арқылы әр түрлі сусындардың адам ағзасына әсерін талдау арқылы, қай сусынды ішуге болатындығын, қайсысы адам ағзасына зиян келтіретіні туралы білімдерін кеңейтеді.

Биология сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

-оқушының өз бетімен жұмысы;

-аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;

-қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

-білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;

-шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыс

тарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру;

-қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

-іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды

оқып үйрену;

-экономикалық тиімділігі;

-қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен

есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процес

терімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;

-оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор;

-мұғалім сабағында ақпараттық-коммуникациялық технология

ларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете

біледі.

Қазір білім саласындағы болып жатқан мемлекетаралық бақылау, ұлттық бірыңғай тест, 12 жылдық оқуға көшу барлығы Қазақстандық білім сапасын көтеруді және халықаралық деңгейге жеткізуді көздейді. Осы проблемалар мектептегі биология пәнінің оқытылуына да тікелей қатысты.

Сабақ барысында әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану кезінде оқушылардың жеке қабілеттерін, білім алу деңгейін тыс қалдырмау қажет. Қиын шығармашылық тапсырмаларды тек қабілеті жоғары оқушыларға беру керек. Шығармашылық деңгейі жоғары тапсырмаларды орта деңгейлі қабілеті бар оқушыларға беру олардың өзі-өзіне деген сенімін түсіріп, келе-келе сабаққа деген ынтасын жоғалтуының себебі болады. Оқушылардың сабақ меңгеру барысында әр түрлі іс-әрекет жасайды: мұғалімді тыңдайды, оқулықты оқып, қосымша әдебиетпен жұмыс жасайды, зертханалық тапсырмаларды орындайды. Жоғарыда аталған әр іс-әрекет бөлек психикалық үрдіске жатады: жады, қабылдау, ойлау, ойша бейнелеу. Аталған прцестер ішінде ойлау ең негізгі болып табылады. Ойлау мен жады арасында тығыз байланыс бар. Ой елегінен өткен материал жадыда жақсы сақталады. Ойлау басқа да танымдық әрекеттерге әсерін тигізеді.Әр сабақ тақырыптан басталады, тақырыпты жай ауызша мәлімдеу керек емес, тақырып айтпас бұрын қызығушылығын арттыру керек, өтетін тақырыптың маңыздылығын, бұрын өткен сабақпен байланысын көрсету маңызды. Оқушы тақырыптың маңызын түсіну барысында игеруге талпыныс жасау керек, әр сабақтың басты міндеті-білім алушының танымдық құзырлылығын дамыту. Ол үшін мыналарды ескеру қажет:

-оқушының материалды қабылдау ерекшелігін ескеру;

-оқыту үрдісіндегі ашықтық, еркіндік;

-оқушының тұлғалық қасиетін қалыптастыру;

-жеке дара оқыту үрдісін ұйымдастыру.

Танымдық қабілетті арттырудың жолдары:

-ақпаратты өмірмен ұштастыру, байланыстыру;

-мәселелік жағдаятты туғызу;

-әдеби, ғылыми-көпшілік әдебиеттерді қолдана білу;

-салыстыру, талдау, жинақтауды үйрету.

Биологияны оқыту барысында оқушылардың танымдық қызметін белсендіру-білім мазмұнын тереңдетеді, қоғамдық әлеуметтік өмір мен ғылым-білімді ұштастыра келіп шәкірттің дүниетанымын кеңейтеді, өзінше ой-пікір түйіндеуге үйретеді. Таным үдерісі, біріншіден, ұстаз бен оқушының бірлескен әрекеті арқылы іске асса, екіншіден, олардың әрқайсысы жеке тұлға ретінде түрліше әсерге бөленеді. Биологияны танымдық тұрғыдан оқыту мынадай мәселелерді қамтиды:

1. Биология пәнінің білім мазмұнын бағдарламаға сәйкес тіршіліктің қағидаларын басшылыққа ала отырып, сабақтың білімдік мақсатымен қоса танымдық мақсатын жүзеге асыруға ықпал етеді. Бұл оқушыны сыртқы орта мен тірі ағзаның арасындағы байланыстылықты түсінуге, табиғат заңдылықтарын меңгеруге жетелейді.

2. Сабақ барысында жеке тұлғаның психологиялық жай-күйін ескере отырып, есте сақтау қабілетін, жадысын, кез-келген ақпаратты қабылдау дағдысын, дәлелді мысал келтіре алу қабілетін жетілдіру табиғатқа бақылау жүргізе білуімен байланысты. Берілген тақырып ішінен ең қажетті, ең пайдалы нәрсені сұрыптап, таңдай білу оқушының ойлау қабілетін ұштап, соған сай әрекет етуге жетелейді.

3. Сабақтағы материал сынып шеңберінен шығып, табиғи ортамен тығыз байланысты бола келіп, одан әсер алатын күнделікті қоғамдық өмірмен астасып, ұштасып жатса, теориялық білім практикамен жалғасып, баланың ой-өрісін, сана-сезімін кеңейтеді.

4. Оқушының танымдық белсенділік қабілетін жаттықтырады.

Таным үрдісі-өте күрделі үрдіс. Білім қорының молаюы да осыған байланысты. Таным белсенділігін арттыруда биология пәнінің қосар үлесі ерекше. Ал, оқушылардың таным белсенділігі артуының негізгі шарты проблемалық оқыту. Іздену-оқу-таным проблемасын шешуге бағытталған оқушылардың іс-әрекеті. Оны ұйымдастырудың тәсілдері жиынтығынан зерттеу әдісі туады, ал одан проблема шешіледі. Алдымызға қойған проблеманың басты мақсаты-оқушылардың таным белсенділігін, ойлау қабілетін сабақ үстінде және сабақтан тыс уақыттарда арттыру, өз бетінше еңбектене білуге дағдыландыру. Жеке оқушының таным белсенділігін арттыра түсуге болады. Нәтижесінде:

1. Оқушылардың таным деңгейі кеңейе түседі.

2. Оларға қиын, түсініксіз болып көрінетін тақырыптың өзіне бейімділік белсенділігі артады.

3. Оқушылардың бойында «Басқа сыныптасымнан кеммін бе, мен де оқиын» деген сияқты намыс белсенділігі артады.

Оқушылардың таным белсенділігін арттырудағы өз дәрежесінде жабдықталған кабинеттік жүйенің әсері мол. Кабинетте оқушылар да, мұғалімдер де жұмыс орнына қалыптасады. Мұғалім жұмыс жүргізуге қажетті құрал-жабдықтарды жинақтайды, оны оқушылар алдында дұрыс дәрежесінде көрсете білуге дағдыланады. Оқу құрылысын жүйелі талдау негізінде оқушылардың танымдық әрекетінде екі іс-әрекет тобын бөліп шығарады:

-оқушының мұғаліммен бірге араласа отырып орындаған әрекеті;

-оқушының дербес іс-әрекет элементтері.

Сабақты тартымды әрі сәтті өткізе білу мұғалімдер қауымынан көп ізденуді, білімділікті, қабілеттілікті және тапқырлықты қажет етеді. Сабақты сәтті ұйымдастырудың бірнеше шарттары бар:

-сабақтың тақырыбына сай сабақ жоспарын жасау;

-тақырыпқа сай сабақ түрін, оның әдіс-тәсілдерін түрлендіріп отыру;

-қосымша материалды тақырыпқа сай шығармашылықпен іріктеп алу;

-дидақтикалы, техникалық құралдарды, электрондық оқулықтарды мақсатқа сай, оқушы сезіміне әсер ететіндей тұрғыда пайдалану;

-сабақта алдыңғы қатарлы озық іс-тәжірибелер мен жаңа технологияларды пайдалану.

ХХІ ғасырдың жан-жақты дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Егеменді ел болып, таңдаулы елу елдің қатарына ену басты мақсатымыз болған соң, білім мен ғылым саласы дүние жүзілік деңгейге сай болуы керек. «Білім беру-табиғат пен қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі», білім-теңіз, оның тереңіне құпиясын аша алатындар ғана бойлай алады. Ондай адамдарды дайындайтын, білім беретін, бала жанының бағбаны-мұғалім, ал мұғалім білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді.









© 2010-2022