9 сыныпқа арналған тест сұрақтар

Раздел Биология
Класс 9 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1.Жасуша шырыны болады?

А)цитоплазмада В) ядрода С) митохондрияда D) вакуольде

2. Тек өсімдіктер жасушасына ғана тән денешік?

А) рибосома В) пластид С) ядрошық D) плазма

3. Жасушаның көбеюіне қатысады?

А) цитоплазма В) ядро С) вакуоль D) митохондрия

4. Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы:

А) организм В) мүше С) жасушалар тобы D) ұлпа

5. жасушалары үнемі бөлінуге қаблетті және өсімдіктің өсуін қамтамасыз ететін ұлпа:

А) жабын В) тінек С) түзуші D) негізгі

6. Өзіне тән құрылысы бар, белгілі бір қызмет атқаруға бейімделген ағзаның бір бөлігі:

А) жасуша В) ұлпа С) организм D) мүше

7.Негізгі тамыр жақсы жетілген тамыр жүйесі:

А) негізгі В) кіндік С) жанама D) шашақ

8. Кіндік тамыр жүйесі тән өсімдіктер:

А) бидай, үрмебұршақ, асқабақ В) үрмебұршақ, асқабақ, қауын

С) пияз, күріш, беде D) жүгері беде пияз

9. Жасушалары бөлінбей, ұзынынан созылып ұзаратын тамыр бөлімі:

А) бөліну аймағы В)сору аймағы С) тамыр оймақшасы D) өсу аймағы

10. Сабақтың едауір бөлігін алып жататын камбийден кейін орналасқан қабат: А) қабық В) өзек С) тін D) сүрек

11. Түйнек арқылы көбейеді:

А) бүлдірген В) қарағай С) картоп D) құлпынай

12. Алма мен терек жапырағының жүйкеленуі:

А) қауырсын тәрізді торлы В) доғалы С) параллель D) саусақсалалы

13. Өсімдіктердің жаңа іріктемесін алуда қолданылатын көбейту тәсілі:

А) телу В) өркен арқылы С) қалемше арқылы D) тамырсабақ арқылы

14. Бірнеше жыл тыныштық күйде болатын бүршік:

А) төбе В) бүйір С) бұйыққан D) қосалқы

15.Өсімдіктің кез келген мүшесінің әр жерінен дамитын бүршік:

А) қосалқы В) төбе С) бұйыққан D) бүйір

16. Сабақтың жапырақ өсетін жері:

А) буынаралық В) буын С) сағақ D) қынап

17. Қысқарған өркенде не қысқа болады?

А) буын В)қойнауы С) бүршіктері D)буынаралығы

18.Өркеннің ең ұшында орналасқан бүршік:

А) бүйір В) төбе С) қосалқы D) қойнау

19. Қабық пен сүректің аралығында орналасқан сабақ қабаты:

А) камбий В) тоз С) тін D) өзек

20. Жапырақ сабаққа қалай бекінеді?

А) бүршік арқылы В) тамыр арқылы С) сағақ арқылы D) өркен арқылы

21. Қабықшасы қалың өлі жасушалардан тұратын қабықтың қабаты:

А) өң В) тін С) өзек D) тоз

22. өркен дегеніміз-

А) түрі өзгерген сабақ В) жапырағы және бүршігі бар сабақ

С) гүлі бар сабақ D) жапырағы бар сабақ

23. Өсімдіктер әлемін зерттейтін ғылым:

А) ботаника В) зоология С) биология D) цитология

24. Минералды заттар мен суды өсімдіктің қай мүшесі сіңіреді?

А) жапырағы В) сабағы С) тамыры D) жемісі

25. Өсімдік суды қай мүшесі арқылы буландырыды?

А) сабағы В) тамыры С) бүршігі D) жапырығы


© 2010-2022