Интеллектуалды ойын Алтын қақпа

«АЛТЫН ҚАҚПА» ойыны. Мақсаты: оқушылардың биология пәніне деген қызығуын арттырып, өз бетінше қосымша білім алып, шығармашылық ізденіске баулу. «Батаға» деген сөздің мағынасын түсіндіріңіз. (Жауабы. Батаға - қамыстан салынатын балықшылар үйі.) Арнаулы орынға отырғызылған «Алтын қақпа»  ойынына қатысушы оқушылардың ішінен шапшаңдық көрсетіп дәл жауап берген оқушы ортаға алдына шақырылды. Тас қақпаның сұрағы «Жаубүйрек» деген сөздің мағынасын түсіндіріңіз. (Жауабы. Жаубүйрек- жаңа сойылған малдың ...
Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«АЛТЫН ҚАҚПА» ойыны.

Мақсаты: оқушылардың биология пәніне деген қызығуын арттырып, өз бетінше қосымша білім алып, шығармашылық ізденіске баулу.

«Батаға» деген сөздің мағынасын түсіндіріңіз.

(Жауабы. Батаға - қамыстан салынатын балықшылар үйі.)

Арнаулы орынға отырғызылған «Алтын қақпа» ойынына қатысушы оқушылардың ішінен шапшаңдық көрсетіп дәл жауап берген оқушы ортаға алдына шақырылды.

Тас қақпаның сұрағы

«Жаубүйрек» деген сөздің мағынасын түсіндіріңіз.

(Жауабы. Жаубүйрек- жаңа сойылған малдың бүйрегінен жасалатын ұлттық тағам.)

Бірінші ойыншы тас қақпаны аша алмады. Сондықтан тағы да қатысушыларға мынадай сұрақтар қойылды

«Тірілету» сөзінің мағынасын түсіндіріңіз.

(Жауабы. Тірілету- бүркітті алғаш рет аңға салу. )

Екінші ойыншы тас қақпа мен күміс қақпаны ашып, барға қанағат ететті.

Тас қақпаның сұрағы.

«Нәурізек» сөзінің мағынасын түсіндіріңіз.

(Жауабы. Нәрізек- бәйшешек гүлі немесе жылқышы гүлі.)

Күміс қақпаның сұрағы.

«Мес» сөзінің мағынасын түсіндіріңіз.

(Жауабы. Мес- ешкіні бүтін сойып дайындап, су, айран сақтауға арналған ыдыс.)

Ойыншыларға алтын сандыққа дейін ашқызу мақсатым болғандықтан үшінші сұрақты қойдым.

«Керғайзан» сөзінің мағынасын түсіндіріңіз.

(Жауабы. Керғайзан- терінің көпке дейін иін қақпай тұрғаны.)

Үшінші кезекте шыққан оқушы тас, күміс, алтын қақпа және алтын сандықты ашып, мол олжаға кенелді.

Тас қақпаның сұрағы.

«Ершік» сөзінің мағынасын түсіндіріңіз.

(Жауабы. Ершік- арба шанаға жеккен көліктің бел көтермесі.)

Күміс қақпаның сұрағы.

«Азбар» сөзінің мағынасын айтыңыз.

(Жауабы. Азбар- малдың тұратын орны, шағын қора.)

Алтын қақпаның сұрағы.

«Арлау» сөзінің мағынасын айтыңыз.

(Жауабы. Арлау- сөзі атты баптау, оны бәйгеге қосуға дайындау.)

Алтын сандықтың сұрағы.

«Тарамыс» сөзінің мағынасын айтыңыз.

(Жауабы. Тарамыс- теріден жасалған мықты жіп.)



© 2010-2022