Поурочнқй план по биологии на тему Сердца

Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Поурочнқй план по биологии на тему СердцаПоурочнқй план по биологии на тему СердцаПоурочнқй план по биологии на тему СердцаПоурочнқй план по биологии на тему СердцаПоурочнқй план по биологии на тему СердцаПоурочнқй план по биологии на тему СердцаПоурочнқй план по биологии на тему СердцаПоурочнқй план по биологии на тему Сердца21.01.2016 жыл 8-Г сынып 5-сабақ

Биология пәні мұғалімі: Саидова Насиба

Сабақ тақырыбы: Жүрек. Жүректің құрылысы.

Сабақ мақсаты: Білімділік: Оқушыларға жүрек құрылысы мен қызметі жайлы түсінік беру;

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін , есте сақтау қабілеттерін дамыту, жеке ізденіске үйрету,

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, денсаулықты сақтай білуге үйрету;

Сабақ түрі: Ізденіс сабағы

Сабақ әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта, тірек-сызбалар

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, математика, әдебиет

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

а) Сәлемдесу

ә) Түгелдеу

Шаттық шеңбері

Ортаға оқушылар шығып, стикер алып, жылы лебіздерін білдіреді.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

«Сұрақ бізден, жауап сізден» кезеңі

Тақтаға ілінген стикерлерде өтілген тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беріледі.

Топқа бөлу

Стикерлер бойынша оқушылар топқа бөлінеді.

ІІІ. Жаңа сабақ:

Жүрек. Жүректің құрылысы.

Бейнебаян. (Жүрек туралы бейнебаян көрсетіледі.)

Мұғалім: Оқушылар, бейнебаянда не көрсетілді? Бүгінгі сабағымыз не туралы екен? Мен үйге жүрек туралы мәлімет жинап келуге бергенмін. Кім жауап береді?

Тақтаға төрт оқушы шығып, жүрек туралы айтып береді. Мұғалім қосымша түсінік береді

Поурочнқй план по биологии на тему СердцаПоурочнқй план по биологии на тему Сердца

Жүректің қабырғасы

Сыртқы қабаты- эпикард (грекше «ері»-сыртқы, «cоr»-жүрек), өте жұқа,жүректі қоршап тұрады

Ортаңғы қалың бұлшықетті қабаты-миокард. (грекше «mios»-бұлшықет)

Ішкі қабаты жұқа-эндокард (грекше -«endo»-ішкі) жүректің ішкі қуыстарын, қақпашаларын астарлап жатады



Поурочнқй план по биологии на тему Сердца

Қан жүрекшеден-қарыншаға-қарыншадан-артерия қантамырларына қарай ағады.

Мұғалім:

Қанайналым - қанның ағзада қантамырлар арқылы ұдайы қозғалысы. Қан өз қызметін тек айналыста болуы арқылы ғана атқара алады.

Қанайналым жүйесінің мүшелері:

  1. Жүрек

  2. Қантамырлар

Қанайналым жүйесін зерттеуде үлес қосқан ағылшын дәрігер, физиолог, эмбриолог ғалым Уильям Гарвей (1578-1657).

Жүрек бұлшық етті, қуысты мүше.

Адам жүрегінің салмағы еркектерде 250-350, әйелдерде 180-250, нәрестелерде 20 гр.

Жүрек - адамның өмір бойы тынымсыз жұмыс істейтін мүшесі. Жүрек белгілі ырғақпен жиырылып, босаңсиды.

Жүректің циклі - жүректің бір рет жиырылып және бір рет босаңсуының алатын кезеңі үш фазадан тұрады:

І. Жүрекшелердің жиырылуы -0,1 сек.

ІІ. Қарыншалардың жиырылуы - 0,3 сек

ІІІ. Жүректің жалпы босаңсуы - 0,4 сек.

Ол жалпы ұзақтығы шамамен 0,8 сек.

Салыстырмалы тыныштық күйінде жүрек минутына шамамен 60-80 рет жиырылады.

Жүрек адамның бүкіл өмірі бойында жұмыс істейді. Жүрек істеуі үшін адам оған қамқорлық және күтім жасауы керек. Аз қимылдау, мөлшерден тыс тамақ ішу, спиртті сусындарды ішу, темекі тарту жүрек іс-әрекетін нашарлатады, ал бұл бүкіл организмге әсер етеді. Жүрек және қантамыр ауруларын туғызуы мүмкін. Сол үшін организмді үнемі шынықтырып, таңертең жаттығу жасап, спортпен айналысып, серуендеп, ақыл-ой еңбегін дене еңбегімен кезектестіру керек.

Бейнебаян. Спиртті ішімдік ішудің зор зияндылығын алдын алу.

Сабақты пысықтау.

Қандай жүрек ауруларын білесіз? (ауызша)

Дәптермен жұмыс

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Қазақша

Өзбекше

Орысша

Жүрек

Жүрекше

Қарынша

Қос жармалы қақпақша

Үш жақтаулы қақпақша

Жарты ай тәрізді қақпақша

Юрак

Булмача

Қоринча

Икки тавақали клапан

Уч тавақали клапан

Ярим ойсимон клапан

Сердце

Предсердие

Желудочек

Двухстворчатый клапан

Трехстворчатый клапан

Полулунные клапаны

Бейнебаян. (сұрақтарға жауап береміз)

  1. Балықтардың жүрегі неше камералы? (екі камералы)

  2. Қосмекенділердің жүрегі неше камералы? (үш камералы)

  3. Жорғалаушылардың жүрегі неше камералы? (үш камералы)

  4. Құстар, сүтқоректілердің және маймылдардың жүрегі неше камералы? (төрт камералы)

  5. Адам жүрегі неше камералы? (төрт камералы)

  6. Адамның нешеге жүрегі бар? (бір)

  7. Сегізаяқтың неше жүрегі бар? (үш)

  8. Шұбалшаңның неше жүрегі бар? (бес)

  9. Қай құстың жүрегі 1500 рет ұрады? (колибри)

  10. Жүрек қабаттары неше қабаттан тұрады? Оларды атаңыз. (3.эпикард, миокард, эндокард)

  11. Жүрек бөлімдері нешеу (4)

  12. Қан айналым жүйесін қай ғалым зерттеген? (У.Гарвей)

  13. Қан айналым жүйесіне қандай мүшелер кіреді? (Жүрек, қантамырлар)

  14. Адамның жүрегі бір минутта неше рет жиырылады? (70-75 рет)

  15. Жүрек ауруын емдейтін дәрігер. (Кардиолог)

  16. Жүректің әрекетін көрсететін құрал (электрокардиограмма)

Кестемен жұмыс

Жүрек бөлімдері

сол жақ жүрекше

оң жақ жүрекше













жақ



үш жақтаулы қақпақша

қос жақтаулы қақпақша



сол жақ қарынша

оң жақ қарынша





Жүрек қабаттары

эндокард

миокард

ішкі қабат

жүрек еті

журек қабы

эпикард



«Синквейн» әдісі

Қаралатын мәселе

Зат есім. Не?

Жүрек

Сын есім. Қандай?

Кішкентай, негізгі

Етістік. Не істеді?

Соғады, қысылады, ауырады

Сөйлем құраңыз

Жүрексіз өмір жоқ

Бейнебаян. (Жүрек туралы)

Оқушылар жүрек туралы өлеңдер оқиды.

Рефлексия.

Үйге тапсырма: & 33 Жүрек. Жүректің құрылысы. 104-107 бет.

© 2010-2022