«Табиғатты жырлайлық»

Сабақтың тақырыбы :     «Табиғатты жырлайық».«Табиғатты жырлайық» атты тақырып «поэзиялық кешпен» аяқтағалы отырмыз. Кешті жерлесіміз ақын С.Оспанов ағамыздың шумақ өлеңімен бастағалы отырмыз.Жер шарым- жан жүрегім дүрсілдеген,Тоқтамас  тіршілігм тылсым терең .Маужырап мақпал түнмен тыныстанып,Ақ таңым арайланып құйсын өлең.Бір туған бауырым ғой барша ғалам,Төсінде өлең –жырлы ақ шағалам.Шарықтап бейбітшілік күйін шертісіпАйып па бақытымды тапсам одан.Кешіміз 8-9-10 сыныптар арасында өтіледі. Олай болса, кешімізді бастайық.
Раздел Биология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы : «Табиғатты жырлайық»

Сабақтың мақсаты: А) Білімділік

Оқушыларға биология пәні бойынша кеш өткізе

Отырып, оларға қосымша мағлұмат беріп, білімдерін тереңдету

Ә) Дамытушылық

Оқушылардың әнге деген қызығушылығын арттырып, ақыл-ойларын қабылдау қаблеттерін дамыту.

Б) Тәрбиелік

Оқушыларды

Жауапкершілік,тазалыққа,ұқыптылыққа, табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Поезиялық кеш

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, табиғат суреттері, ақындардың суреттері.

Пән аралық байланыс: Қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Таныстыру

ІІІ. Ақын жыршылардың өлеңдерін мәнерлеп оқу

IY. «Табиғат-тал бесігім» туралы жазған оқушылардың жазған өлеңдері

Y. Табиғатты суреттеу

YI. Қорытынды бөлім



  1. Ұйымдастыру кезеңі.

«Табиғатты жырлайық» атты тақырып «поэзиялық кешпен» аяқтағалы отырмыз. Кешті жерлесіміз ақын С.Оспанов ағамыздың шумақ өлеңімен бастағалы отырмыз.

Жер шарым- жан жүрегім дүрсілдеген,

Тоқтамас тіршілігм тылсым терең .

Маужырап мақпал түнмен тыныстанып,

Ақ таңым арайланып құйсын өлең.

Бір туған бауырым ғой барша ғалам,

Төсінде өлең -жырлы ақ шағалам.

Шарықтап бейбітшілік күйін шертісіп

Айып па бақытымды тапсам одан.

Кешіміз 8-9-10 сыныптар арасында өтіледі.

Олай болса, кешімізді бастайық.

ІІ. Таныстыру

Әр сынып оқушылары өздерін таныстырып өтеді.

  1. 8-ші сынып оқушысы Жанерке мен Мереке

  2. 9-шы сынып оқушысы Сақтапберген мен Гүлханым

  3. 10-шы сынып оқушысы Айдана мен Инабат

Оқушылардың өздерінің сүйікті ақын-жыршыларының өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

Оқушылардың барлығы көктем,табиғат тақырыбында өлеңдерін оқиды.

Гүлханым 9 сынып оқушысы, Махмұтбай Әміреұлының өлеңін оқыды.

Тып тыныш табиғаттың бар ма шағы.

4«Табиғат- тал бесігім»туралы жазған оқушылардың шығармашылық өлеңдері.

8 сынып оқушысы Сақтапберген өз шығармашылығынан үзінді:

«Табиғат ана»

О табиғат,топырағыңнан жаралдым

Құмында ойнап,көліңде жүзіп,нәр алдым

Табиғат ана,сенің аппақ мойныңа

Өлеңменен алтын алқа тағармын.

Жемістерін мөлдір суын бар ағаштың,

Жиып бердің сен маған бар тазасын

Сен менің таусылмас қазынамсың

Алақанда өсірген ару анамсың

Бұл жырдың үгісің сен бұл терменің,

Аямадың мен үшін бар тергенің

Сен арқылы қолыма қалам алып

Ақпарақ бетіне сыр шертемін

Мен сен үшін жан-жағыма ән саламын,

Сен арқылы ғылым тапты бар саланың,

Сенің мұндай ерекше қасиетіңе

Тізерлеп,басыиды иіп,тамсанамын.

5 Табиғатты суреттеу

Әр сынып өздерінің табиғат көорінісі бар суреттерін,ауызша суреттейді.

6 Қорытынды бөлімі Бүгін біз «поезиялық кешпен»аяқтағалы отырмыз. Енді осы 6 кезең оқушылар өз өнерін,білімін, талантын көрсете білген оқушылырымыз бар, осы оқушылырдың ішіне марапаттауға ие болды.

© 2010-2022