АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МЕКТЕПТЕРДЕ АЛАТЫН ОРНЫ

Раздел Биология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Каймолдина Маржан

Молдахметовна

Химия- биология пәнінің мұғалімі

«Естай Есжанов атындағы

№9 орта мектеп» КММ

Kaimolmar @mail.ru

АҚПАРАТТЫҚ- КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МЕКТЕПТЕРДЕ АЛАТЫН ОРНЫ.

«Басқа халықтардан кем болмау үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек, күшті болуға бірлік керек.......»

А.Байтурсынов

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту... білім беру мен ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады» деп атап көрсетілген.

Жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың оқушыларға сабақ барысында қолданудың тиімді жақтарын қарастырсақ оқушылардың қызығушылығы артады жанындағы баламен бәсекелесіп көзбен көру, қолмен ұстау арқылы жүзеге асады. АКТ-ны қолдану заман талабынан қажеттілікке байланысты туып отыр. Біз мектептерде жаңа технологияларды яғни интерактивті тақтаны қолдану бізді басқа елдермен бәсекеге қабілетті болу мақсатында пайдалы. Әр түрлі тестік тапсырмалар орындау, сабақтың барысында сөзжұмбақтар құрастырып, сәйкесін табу, дұрыс жауабын табу сияқты көптеген тапсырмаларды орындауда Activ Inspir, Pover Point,бағдарламаларын қолданамын.

АКТ оқушыларға ғылыми үғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр.

Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды ойланып қолдануды қажет етеді.(нұсқаулық 57 бет)

АКТ-ны тиімді пайдалану мен үшін әрі таныс, әрі қызық. Бұрын да өз сабақтарымда интерактив тақтаны пайдаланып, онымен жұмыс жасауда сабақты түрлендіріп өткізуге тырысатынмын.

Енді алдымдағы міндетті түсіне бастағандаймын. Мен үшін АКТ-ның тиімділігі мынада деп ойлаймын.

  • Ғылыми ұғымдарды түсіндіруде;

  • Ақпаратты түсіндіру үшін маңыздылығында;

  • Техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар)

  • Оқушының шығармашылық қабілеттерін дамытуда;

  • Логикалық ойлау қабілеттерін шыңдауда;

Осылайша жас ұрпақты ақпараттық- коммуникативтік технологиялар құзіреттілігін арттырып, оларды пайдалана отырып оқытуда көптеген жетістіктерге қол жеткізугі болады.

Еліміздің кепілі, болашақ тірегі мектептердің білім деңгейін көтеру және онда ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу -тәрбие процесін тиісті деңгейде көтеру, ұстаздардың, басшылардың педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз.

© 2010-2022