Гендердің тіркесіп тұқым қуалауы (9 класс)

Раздел Биология
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: __________________

Сыныбы: 9 «А»

Тақырыбы: §25. Гендердің тіркесіп тұқым қуалауы.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік - оқушыларға дигибридті будандастыру туралы білім беру.

Дамытушылық - теориялық білімді практикада есептер шығаруға үйрету.

Тәрбиелік - генетиканың жанашырлары болған ғалымдардың есімдерімен таныстыру (Г.Мендель, Т.Морган, Г.де Фриз, Э.Чермак, Р.Пэннет, т.б.), олардың еңбектері мен тәжірибелерін бағалай білуге және байқампаздыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі, аралас

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, салыстыру, дәлелдеу

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  1. Өзгергіштік дегеніміз не?

  2. Генетиканың негізін салушы ғалым:

  3. Екінші ұрпақта ата - аналардың екеуіне тән белгілердің көрініс беру заңдылықтары.

  4. Моногибридті будандастыруда бір белгіні қалыптасуына қанша аллельді ген қатысады?

  5. «Гибридология» деген сөз қандай мағынаны білдіреді?

  6. Г. Мендель бірінші ұрпақ будан алу үшін тозаңданудың қандай түрін пайдаланды?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау, қорыту

IV. Актуалдау

V. Жаңа білімді меңгерту

Америкалық биолог, эмбриолог Томас Хант Морган (1886-1945) 1910 жылы шәкірттерімен бірге бірнеше жыл бойы жеміс шыбыны - дрозофилаға тәжірибе жүргізді. Өйткені өте қолайлы зерттеу объектісі болып табылады. Дрозофиланы жазда бүлінген жеміс - жидектер үстінен жиі кездестіре аламыз. Дрозофиланы зерттеу нысаны ретінде таңдап алуының мынандай ерекшеліктері бар:

  1. Аз уақыт ішінде ұрпақ береді, 8 - 10 күн;

  2. Ұрпақтарының саны көп, бір аталық пен бір аналық жұбы 100 - ден артық ұрпақ береді;

  3. Хромосома саны аз, 4 жұп - 8 хромосома;

  4. Қолда өсіруге арзан;

  5. Белгілері жақсы білінеді.

Бұл жағдай дененің түсі мен қанаттың дамуын анықтайтын гендердің бір хромосомада орналасқанын және олардың бірлесіп тұқым қуалайтынын көрсетеді. Бір хромосомада орналасқан гендердің бірлесіп тұқым қуалауы гендердің тіркесуі немесе тіркесіп тұқым қуалау деп аталады. Мұны Морган заңы деп те атайды. Бір хромосомада орналасқан гендерді тіркес гендер деп атайды. Бір хромосомада орналасқан гендер тобы тіркесу топтарын құрайды.

Морган жыныс генетикасына қатысты зерттеулерді де жасады. Аталық және аналық даралардағы хромосома жиынтығы біркелкі емес. Қазіргі кезде адамның 46 хромосома - 23 жұп құрайды. Мұны диплоидты жиынтық деп атайды. Ал гаметалардағы диплоидті жиынтықтың тең жартысы - 23 хромосома ғана болады. Мұны гаплоидты жиынтық деп атайды. Олардың 22-сі - аутосомалар, біреуі - жыныстық Х - хромосома. Жыныстық хромосома - аталық және аналық организмдерде екі түрлі болатын соңғы хромосомалар жұбы(ХХ және ХУ). Барлық гаметалары бірдей және ондағы хромосомалары мөлшері және пішіні бойынша ерекшеленбейтін жыныстар гомогаметалы деп аталады.

Кейбір түрлердің жыныс хромосомалары

♀ - ХХ

♂ - ХУ

♀ - ХУ

♂ - ХХ

♀ - ХХ

♂ - ХО

♀ - ХО

♂ - ХУ

Сүтқоректі жануарлар

Құстар

Шегіртке

Қаракүйе

Дрозофила

Жібек құрты

Қандала

Адам

Көбелектер


VI. Дамытушылығы

Егер адамның бұйра шашы түзу шаштан, ал қара түсті шаш ақшыл шаштан басым болса, келесі будандастырулардан қандай ұрпақ күтуге болады?

1)әкесі-қошқыл түсті дигетерозиготалы, бұйра шашты, шешесі-басылыңқы дигомозиготалы болса ше?

2)әкесі-ақшыл шашты және бұйралық ген бойынша гетерозтготалы, ал шешесі-түзу шашты, шашы қошқыл гомозиготалы болса ше?

3)әкесі екі ген бойынша гомозиготалы, әрі ақшыл шашты, шашы-бұйра, ал шешесі-дигетерозиготалы болса ше?

4)әкесі-басылыңқы дигомозиготалы, ал анасы-дигетерозиготалы болса ше?


  1. С-бұйра шаш

с-түзу шаш

B-қара

b-ақшыл

Р♂ СсBb х ♀ ссbb

♂ СB

Сb

сB

сb

Сb

СсBb

Ссbb

ссBb

ссbb

Сb

СсBb

Ссbb

ссBb

ссbb

Сb

СсBb

Ссbb

ссBb

ссbb

Сb

СсBb

Ссbb

ссBb

ссbb

Бұйра, қара шаш: 4

Бұйра, ақшыл: 4

Түзу, қара: 4

Түзу, ақшыл: 4

Фенотип: 1:1:1:1

Генотип: 1:1:1:1


  1. Р ♂ Ccdd х ♀ ccDD

♀ cD

cD

cD

cD

Cd

CcDd

CcDd

CcDd

CcDd

Cd

CcDd

CcDd

CcDd

CcDd

Сd

ccDd

ccDd

ccDd

ccDd

Сd

ccDd

ccDd

ccDd

ccDd

Бұйра, қара: 8

Түзу, қара: 8

Фенотип: 1:1

Генотип: 1:1

  1. Р♂ CCbb х ♀ CcBb

♀CB

Cb

cB

cb

Cb

CCBb

CCbb

CcBb

Ccbb

Cb

CCBb

CCbb

CcBb

Ccbb

Cb

CCBb

CCbb

CcBb

Ccbb

Cb

CCBb

CCbb

CcBb

Ccbb

Бұйра, ақ: 8

Бұйра, қара: 8

Фенотип: 1:1

Генотип: 1:1:1:1

4. Р♂ aacc х ♀ АаCc

♀AC

Ac

aC

ac

Ac

AaCc

Aacc

aaCc

aacc

Ac

AaCc

Aacc

aaCc

aacc

Ac

AaCc

Aacc

aaCc

aacc

Ac

AaCc

Aacc

aaCc

aacc

Бұйра, ақ: 4

Бұйра, қара: 4

Түзу, ақ: 4

Түзу, қара: 4

Фенотип: 1:1:1:1

Генотип: 1:1:1:1

VII. Бекіту

  1. Морган дрозофила шыбынына қандай тәжірибелер жүргізді?

  2. Тіркес гендер деген не?

  3. Кроссинговер дегеніміз не?

  4. Аутосома дегеніміз не?

  5. Жыныстық хромосома деп нені айтамыз?

VIII. Қорытындылау

IX. Үйге тапсырма §25. Гендердің тіркесіп тұқым қуалауы.

X. Бағалау

© 2010-2022