2 Диалогтік оқыту коучинг жоспар

Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Каспакова Ш.А.-№ 14 орта мектеп-гимназиясының биология пәнінің

мұғалімі.


Коучниг сабақтың тақырыбы:

Диалогтік оқыту

Сілтеме:

Мұғалімге арналған нұсқаулық 98- бет

cpm.kz үлестірмелі материалдар бейнесюжеттер

Мақсаты:

Мұғалімдердің іс -тәжірибесіне сүйене отырып диалогтің білім берудегі тиімді педагогикалық тәсіл екендігін түсіндіру. Диалогтік тәсілдердің түрлерін тәжірибеде қолданудағы тиімділігі туралы бағыт-бағдар беру.

Оқыту нәтижесі:

Мұғалімдер:

  • оқыту мен оқудағы тілдің басты рөлін түсінуге;

  • білім беруде оқушыға жеке көңіл бөлуді дамытуға ықпал ететін оқыту әдісі ретінде әңгімелесуді, мысалы, жауап алу мен шағын топта жұмыс істеу әдістерін қалайша тиімді қолдануға болатыны туралы өз түсінігін қалыптастыруға;

  • оқу үдерісіне диалогтік әдістерді енгізуге;

  • сыныптағы диалогтік әдістерді бағалауға;

  • диалогтік әдістердің оқуға көмегін түсіндіруге дайын болады.

КОУЧИНГ сабақтың өту барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

а)әріптестерді қарсы алу

в)әріптестерді топтарға бөлу



2 Диалогтік оқыту коучинг жоспар




БІЛУ






ТҮСІНУ





2 Диалогтік оқыту коучинг жоспар2 Диалогтік оқыту коучинг жоспар





ҚОЛДАНУ





ТАЛДАУ

2 Диалогтік оқыту коучинг жоспар






ЖИНАҚТАУ











БАҒАЛАУ


2 Диалогтік оқыту коучинг жоспар

Тапсырманың сипаты

Берілген тапсырманы орындаудағы қолданылған тәсілдер

«Тіл-қарым-қатынас құралы»

«Тіл - оқытуда және оқып-білуде негізгі рөл атқарады»

Жоғарыдағы пайымдаумен сіз қаншалықты келісесіз?

Өз жауабыңызды жазыңыз.

Диалогтік оқыту бұл-

мұғалімнің тәрбиелік, "әмірлі" әңгімесі мен оқушылармен ашық диалогы арасында тепе-теңдікке жету;

  • оқушылардың ойын білу және олардың дәлелдемелерін күшейту үшін бүкіл сыныптың талқылауын пайдалану;

  • оларды құру және даулау арқылы оқушылардың идеяларын пайдалану;

- сыныпта ашық талқылау

жүргізуге оқушыларды ынталандыру;

  • топтық жұмысты оңтайлы пайдалану.

Диалогтік оқыту бұл-

Оқушылардың ауыз жаппай сөйлеуі;

- мұғалім тарапынан қажетті түсіндірулерді, нұсқаулар мен түзетулер жасау емес.

Мазмұндау диалог-

Агрессивті диалог-

Жағымды микроклиматта қалыптасқан диалог-

Диалогтік тәсіл қандай мақсаттарға жетуге бағытталған?

*Сабақ кезінде оқушыларды ғылыми ойлауға белсенді тарту;

*Оларға тереңірек түсінуге көмектесу;

*Болашақта осы пәндерге қатысуын ынталандыру;

*Барлық сыныптың және шағын топтардың талқылау сапасын арттыру

Үш түрлі әңгіме.

Бейнеслайд.

1.Әңгіме-дебат

Келіспеушіліктер көп болады және әркім өз шешімін қабылдайды.Ресурстарды біріктіруге немесе сындарлы сын ұсынуға бірнеше әрекет жасайды.

«Иә! - Жоқ!» түріндегі өзара әрекеттер көп болады.

Бәсекелестік атмосферасы өзара әрекеттестік атмосферасынан күштірек болады.

2.Кумулятивтік кезінде:

Басқалардың айтқанын барлығы жайбарақат қабылдайды және келіседі.

Балалар әңгімені сыни түрде емес, біліммен бөлісу үшін пайдаланады.

Балалар бір бірінің идеяларын қайталайды және мұқият ойлайды, бірақ лайықты түрде бағаламайды.

3.Зерттеушілік кезінде:

Барлығы белсенді тыңдайды

Адамдар сұрақтар қояды

Адамдар тиісті ақпараттармен бөліседі

Идеяларға дау айта алады

Даудың себептері

Қатысу алдыңғы тәжірибеге негізделеді

Барлығының қатысуы ынталандырылады

Идеялар мен пікірлерге құрметпен қарайды

Сенім атмосферасы көрінеді.

Бөлінген мақсат сезімі білінеді

Топ бірлескен шешімдер үшін келісім іздейді

4 -тапсырма.

-Сабақтарыңызда әңгімелесудің қандай түрлерін қолданасыздар?

Осындай диалогтен оқушылар өздері үшін не алды?

Бұндай диалогтен мұғалім өзі үшін нені түсінді?

а) Диалогтен мұғалім өзі үшін не алады?

  • Осы тақырып бойынша оқушылар нақты нені түсінді немесе түсінбеді.

  • Оқушылар пән туралы «сөйлей» ала ма.

  • Келесі жолы оқушыларға аса пайдалы болатын нені үйретуге болады.

ә) Оқушы өзі үшін не алады?

  • Осы тақырып бойынша оқушылар нақты нені түсінді немесе түсінбеді?

  • Пән туралы қай тілде "сөйлеу" керек?

  • Дауыстап қалай негіздеу керек?

  • Қалған оқушылар нені біледі (нені білмейді)?

Миға шабуыл немесе ой қозғау:

Кесте толтыру, ой толғау

Топтық жұмыс.

Мұғалімдер өз ойын білдіреді


Пікірталас. Жұптық және топтық жұмыстар кезінде.

Слайд

(Салыстыру түрінде)

2 Диалогтік оқыту коучинг жоспар





Жеке жұмыс.

Диалог.

Өз ойларын

флипчартқа түсіру.


2 Диалогтік оқыту коучинг жоспар


Топтық жұмыс

Өз ойларын салыстыру.

2 Диалогтік оқыту коучинг жоспар

2 Диалогтік оқыту коучинг жоспар
















Жеке жұмыс.

Өз ойларын

флипчартқа түсіреді

.


1.Бейнефильм көрсету

(Алла тағаламен сұхбаттасу; егіздер; бастық пен қол астындағы жұмысшы)


Сергіту сәті.

«Екі балық»

2 Диалогтік оқыту коучинг жоспар


Жұптық жұмыс.

Әңгімедебат(егіздер)

Кумулятивтік әңгіме

(Бастық пен қол астындағы жұмысшы)

Зерттеушілік әңгіме

(Аллатағала мен ханшайымның сұхбаты)


Топ мұғалімдері келесі топты бағалайды.



Сіздің ойыңызша...

«Диалогтік оқыту бұл- »

өз ойыңызды тезис түрінде жазып беріңіз.

2 Диалогтік оқыту коучинг жоспар



Рефлексия.

«Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі бойынша бір-бірінің

іс-әрекеттеріне баға беру.

Ресурстар:

Интерактивті тақта, стикерлер, маркерлер, түрлі-түсті жапырақшалар, ақ қағаздар (А3), флипчарт. Мұғалімге арналаған нұсқаулық

Қолданатын әдіс-тәсілдер

Топтық жұмыс,АКТ -ны пайдалану,пікіралысу,сергіту тренингтері.

Келесі тапсырмалар:

Осы диалогтік оқытуды сабақта пайдалану.

Келесі (қосымша) оқу:

Мұғалімге арналған нұсқаулық.


© 2010-2022