Разработка урока по биологии на тему Ас корытудын манызы (Значение пищеварения)

В данном материале дается разработка урока по биологии на тему "Ас корытудын манызы (Значение пищеварения)" для 8 класса, на казахском языке. (Даже не знаю принимаете ли вы материалы на казахском языке). Тип урока комбинированный. С использованием ИКТ, стратегии критического мышления. Учителям предлагаться разбить классы на 3 группы использовав цветные стикеры. Каждая группа выбирает спикера. 1 этап - начинается с проверки домашнего задания, в виде фронтального опроса. Также можно провести физ м...
Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қарағанды қаласы

Жалпы білім беретін № 81 орта мектебінің

биология пәні мұғалімі Калиева Тогжан Нуртаевна

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Ас қорытудың маңызы. Ас қорыту жүйесі: ас қорыту жолы, ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, ішек; ас қорыту бездері

Мақсаты: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер пайдалана отырып, адам ағзасындағы ас қорыту жүйесінің басты ролін анықтауда адам өміріндегі маңызы мен қажеттілігі жайлы білуге, ас қорыту жүйесінің құрылысы бойынша дұрыс тұжырым жасауға бағыттау.

Міндеттері:

-оқыту барысында таратпа материалдар, ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдаланып, ас қорыту жүйесінің маңызын өздігінен меңгеру;

-мәтінді саралай отырып медициналық, салауаттық білімін дамыту

- өз ойын басқаларға жеткізу білу дағдылану, топты ынталандыра отырып жұмыс істеуді қалыптастыру;

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер,сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, АКТ қолддануы, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Стратегиялар: "Шаттық шеңбер", Жеке, жұпты, топтық жұмысы, диалогтық оқыту (сұрақ-жауап),"Ыстық орындық","Топка бөлу", "Сергіту сәті", "Формативтік бағалау", "Рефлексия", Миға шабуыл, Ой жинау, K W L стратегиясы (ББҮ кестесі).

С а б а қ т ы ң б а р ы с ы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу.

  • Түгендеу.

  • Сабаққа даярлығын қадағалау.

  • Жұмысқа жағымды көңілді қамтамассыз ету.

  1. Топқа бөлу

Оқушыларды түрлі түсті стикерлер бойынша топқа бөлу.

Топ басшысына бағалау парағы таратылады, алдағы жұмыс алгоритмін түсіндіру


  1. Үй тапсырмасын тексеру

1. «Мүшелер жүйесі дегеніміз не?»

2. Қандай мүшелер жүйесін білесіңдер? Және солардың ішінде қай жүйе ағзамызды қоршаған ортадан органикалық заттармен қамтамасыз етеді?

3. Адам ағзасы қоректік заттарды неге қажетсінеді?

4. Тамақтың органикалық заттардан айырмашылығы?

5. Неге қоректік заттарды мысалы, сүтті немесе тауық сорпасын тікелей қанға енгізсе, бұл өлімге әкеледі?

6. Қоректік заттарды қорытуға адам ның қай мүшелері атқарады?

Разработка урока по биологии на тему Ас корытудын манызы (Значение пищеварения)

Сергіту сәті-Қызыл өрік биі (1-2 мин.)

  1. Жаңа тақырып өту

Ас адамның арқауы

1)Тақтада ББҮ (KWL) кестесін толтыру

1-ші бағанын мұғалім оқушылардың көмегімен толтырады


Білемін

Білгім келеді

Үйрендім


Содан оқушылар ас қорыут жүйесі жайында көбірек білу үшін сұрақтар құрастырып, кестенің 2-ші бағанын толтырады. Жұппен сұрақтар ойластырады, содан оларды ортаға салып, топпен ең жақсы үш сұрақтарды таңдап алады да, сұрақтарды А4 қағазына түсіреді. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді.

Разработка урока по биологии на тему Ас корытудын манызы (Значение пищеварения)

Содан кейін, оқушылар §-ты оқып, жаңа алған ақпаратты дәптерге кестенің 3-ші бағанына (дәптерге тек 3-ші бағанды толтырса болады) жазып енгізеді.

2) Миға шабуыл

Орта есепппен адамның бойы 1,7 см болса,ас қорыту жүйесі жолының ұзындығы шамамен 8-10 см. Бұл қалай мүмкін, бұл жүйенің мүшелері қандай ұлпалардан тұрады, ас қорытуға тек осы мүшелердің өздерінің қатысуы жеткіліктіме?

Күрделі органикалық заттарды жай органикалық заттарға қандай реакция арқылы жүзеге асады, және бұл заттарды ыдырататын сөлдердің құрамы қандай?

Осындай тапсырманы қарастыра отырып, ас қорыту жүйесінің құрылысын анықтау.

Жұмыс жеке, жұптық, топтық.


  1. Бекіту

Сөйтіп, оқушылар өздері бүгінгі тақырыпты жоспары бойынша ашады. Ал ол тақырып қаншалықты ашылғанына мұғалім оқушыларға пысықтау сұрақтар қойып анықтайды.

Тапсырма:

  1. «Сәйкестендіру»

Ас қорыту мүшелері

Ас қорыту бездері

ауыз қуысы

жұтқыншақ

өңеш

асқазан

ашішек

тоқішек

сілекей бездері

бауыр

ұйқы безі

«Кесте толтыру» Разработка урока по биологии на тему Ас корытудын манызы (Значение пищеварения)

2) «Блиц сұрақтар»

Мұғалім бәрін байқап тұрады.

«Ас қорыту жүйесі қандай мүшелерден тұрады?»

«Асқазан құрылысының қандай ерекшеліктері бар?»

«Ашішек қандай бөлімдерден тұрады»

«Тоқ ішек құрылысы қандай?»

«Ол қандай бөлімдерден тұрады»

  1. Рефлексия

«Бағдаршам»

Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін бағалайды.

  • Жасыл - өзімнің мақсатыма жеттім, барлығы түсінікті

  • Сары - мақсатыма толық жеткен жоқпын, бірақ көп еңбектенемін.

  • Қызыл - мақсатыма жеткен жокпым.

Смайликтер таратылады, оқушылардан бүгінгі сабақтан түйгендерін бағдаршам арқылы көрсетуді ұсынады.

  1. Үй жұмысын анықтау

§45

© 2010-2022