Шылым шегудің тыныс алу мүшесіне келтіретін зияны

Көмекші мектепте «Дүниетану» пәнінің оқытылу мақсаты: Көмекші мектепте «Дүниетану» пәні ерекше орынға ие. Дүниетaну сабақтарында мүмкінділігі шектеулі балалар төмендегіше білім алады. -          Тірі және жансыз табиғат-су, ауа, пайдалы қазбалар, өсімдік, жануарлар дүниесі, адам организмінің қалыптасуы және өмірі туралы; -          Табиғи заңдар:жаңбыр, қар, жел, бұлт, тұман және өсімдіктермен  жануарларға күтім жасау; -          Денсаулықты сақтау; -          «Дүниетену«пәні құрал-жабдықтар, суретті материалдар, түсті және түссіз кестелерді пайдалану барысы бойынша жүргізіледі. Көмекші мектептерде «Дүниетану«пәнінің мақсаты: -          Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды табиғат пәніне қызықтыру, еліктіре білу, сөйлеу мәнерін арттыру, еркін түрде баяндауға айта білуге үйрету,табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Раздел Биология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Джантаева Мархабо Хавазматовна

учитель биологии

Көмекші мектепте «Дүниетану» пәнінің оқытылу мақсаты:

Көмекші мектепте «Дүниетану» пәні ерекше орынға ие. Дүниетaну сабақтарында мүмкінділігі шектеулі балалар төмендегіше білім алады.

  • Тірі және жансыз табиғат-су, ауа, пайдалы қазбалар, өсімдік, жануарлар дүниесі, адам организмінің қалыптасуы және өмірі туралы;

  • Табиғи заңдар:жаңбыр, қар, жел, бұлт, тұман және өсімдіктермен жануарларға күтім жасау;

  • Денсаулықты сақтау;

  • «Дүниетену»пәні құрал-жабдықтар, суретті материалдар, түсті және түссіз кестелерді пайдалану барысы бойынша жүргізіледі.

Көмекші мектептерде «Дүниетану»пәнінің мақсаты:

  • Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды табиғат пәніне қызықтыру, еліктіре білу, сөйлеу мәнерін арттыру, еркін түрде баяндауға айта білуге үйрету,табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Тақырып:Шылым шегудің тыныс алу мүшесіне келтіретін зияны.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды жаман әдеттер, шылым шегу және оған қарсы күресу жайындағы түсіндіру жұмыстарын талқылау;

б)Денсаулықты сақтау,жағымсыз әдеттерден бойды аулақ ұстау;

с)Оқушылардың сөйлеу және ауызша баяндауын арттыру;

Сабақтың барысы:

  1. Негізгі бөлім: Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа шолу жасау.Ай, күн, мезгіл жайындағы сұрақ-жауаптан соң, желтоқсан айындағы басты күндер жайлы әңгіме өрбітеміз.

  • Желтоқсан айында қандай мерекелер бар?

  • 1- Желтоқсан Елбасы күні;

  • 16- Желтоқсан-Қазақстан тәуелсіздігінің 23 жылдығы;

  • Қазір қандай сабақ?

  • Адам анатомия сабағында нелерді үйренеміз?

  • Бұл сабақта адам организмін, оның дене түзілуі, әртүрлі аурулардың келіп шығу себептері және олардың алдын алу шаралары;

  1. Өтілген сабақтарды қайталау.

Оқушылар өткен сабағымызда біз сендермен «Ауа арқылы жұғатын ауруларды» өткен болатынбыз.

Сұрақ-жауап өткізу:

  • Ауа арқылы адам организміне қандай аурулар жұғады?

  • Грипп,туберкулез,ангина,сарыауру аурулар жұғады.

  • Гриппен сырқаттанған адамның халі қандай күйде болады?

  • Ыстығы көтеріледі, жөтел, көз іші қызарады, жүрегі айниды.

  • Грипп қалай жұғады?

  • Грипп тамшылы инфекция, сондықтан әлсіз адамға тез жұғады.

  • Мектеп және балабақшаларда балаларға дәрігерлер жағынан гриппке қарсы қандай шаралар жүргізіледі?

  • Гриппке қарсы түрлі екпелер салынады.

  • Гриппен науқастанған адам жатып емделуі,сұйық тағамдарды ішуі,ыдысын бөлек ұстауы қажет.

  • Грипптен сақтану үшін не істеу қажет?

  • Салауатты өмір салтын сақтау керек.Гриппен ауырған адамдармен қарым-қатынаста болғанда ауызбен мұрынға бетперде тағып жүрүі қажет.Бетперде ауаны өткізгенімен,бірақ ауруқозғаушыларды өзіне сақтап, тамшыларды тұтып қалады. Гигиена қағидаларына қаншалықты жақсы бағынсақ,ауру бізден сонша алыста болады.

  1. Демалу сағаты:

Оқушылар крассвордпен сөзжұмбақтар табу ойынын ойнайды және тапқан оқушылар ынталандырылады.

  1. Жаңа сабақ:Шылым шегудің тыныс алу органына әсері.

Шылым шегу бүтін организміне, тынысалу органдарына зардабын тигізеді. Темекі түтінінде құрамында болатын никотин улы зат бар. Одан бөлек темекінің улы түтіні тыныс жолдарының пердесіне әсер етеді. Шегетін кісілердің көбінде тынысалу органдарының әртүрлі аурулары: бронхит, өкпежолы, тынысалудың қысылуы көп ұшырауы мүмкін. Өкпе рагымен науқастанушы кісілердің көпшілігі шегетін адамдар екендігі анықталған.

Шылым шегудің нәсілге, одан басқа жасапшығаруға әсері зиянды болып, жауын және жол әрекеті жағдайларының, қоршаған ортаның ластануына әкеліп соқтырады. Шылым шегу өлімге алып бармаса да, қатерлі ауруларға алып барады. Егер сіз тынысалу ағзаңызды микроптармен шаң кіруінен сақтаушы гигиена талаптарына бағынсаңыз, шылым шегуді доғарыңыз,себебі,шекпеу қауіпті аурулардан сақтайды.

Шылым шегу- өз жанын біртіндеп құрбан қылу деген сөз. Темекі шегудің тағы бір жағымсыз жағы, темекі шегілген бөлмеде отырған адамдарда оның қауіпті иісін иіскеу арқылы да өкпені құртады.

Құрметті оқушылар!Темекіге назар аударып қана қоймай, қолмен ұстауды да жатсанайық. Темекіге қарсы күресу өз қолымызда. Әртүрлі спорт ойындарына белсенді түрде қатысыңдар, бос уақытта мектеп жұмыстарына жәрдем беріңдер.

  1. Сабақты пысықтау:

Сұрақ-жауап өткізу.

  • Шылым шегу тынысалу жолдарына қалай әсер етеді?

  • Шылым шегу жолында қандай аурулар келіп шығады?

  • Темекі түтіні әсерінен қандай ағзалар уланады?

Бағалау:

Сабақта белсенді қатысқан оқушыларды мадақтап, білім дәрежесіне орай баға қою.

Үй жұмысы:

Шегудің тынысалу органына әсері тақырыбын оқып,түсінік айту.

Сайрам көмекші мектеп-интернаты

Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

Олигофренопедагог мұғалімі

Джантаева Мархаба Хавазматовна

© 2010-2022