Жаңашыл ұстаз - заман талабы

Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жаңашыл технология-заман талабы»


Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену барысында үкіметіміз нақты бағыттарды көрсетіп, маңызды қадамдар жасауға біз секілді педагог кадрларды ынталандырып келеді. Елбасының әр жылғы Жолдауларында айқындалғандай, еліміздің келешегін кемелдендіретін бүгінгі жастардың мектепте дұрыс бағытта білім алуы үшін мол мүмкіндіктер жасалынуда. Қазіргі орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген танымал оқыту әдістемелеріне негізделген Кембридж оқулары-осы бағыттағы анағұрлым табысты атқарылып жатқан білім беру саласының заманауи жетістіктері. Орайы келгенде, мен де осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар мен оның маңыздылығы туралы ойларымды ортаға салғым келеді.

Әрине, бастапқыда мен үшін жаңалық болған Кембридж оқуларын терең тану үшін, мәліметтерді ақтаруға, ғаламтор деректеріне көз салуға, аталған оқу тәсілдерін оқып, сертификат иеленген мамандармен сұхбаттасуға тура келді. Бүгінгі күннің басты талаптарын үнемі орындайтын әрбір мұғалімнің әрекеті де осылай болуы керек қой. Мен 2014 жылдың қыркүйек айының 2-сі мен қараша айының 23-і аралығында Республикалық «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында Кембридж тәсілдерін оқып-үйрендім. Осы аралықтағы тынымсыз еңбек, тың ізденіс, зерттеулер, тәлімгерлік сабақтар, ақ қағаз бетіне түскен болжамдар-бәрі-бәрі жаңашыл ұстаздың мұраты жолындағы нақ әрекеттер екенін түсіндім. Нәтижеге жету үшін қиындықтарға төзу керек екенін сезіндім. Дайындаған есептер, таныстырылымдар мазмұнында жіберілген олқылықтарға тәлімгер Кансейтова Жумагүл дер кезінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қазақта «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген аталы сөз бар ғой. Атқарған жұмыстарым кезінде осы сөздің астарына көп мән бердім. Тереңірек ой бөліп, ізденіспен туындайтын есептер шығармашылықты да шыңдады. Айта кетейін, Кембридж тәсілдерінің ішінде менің оқыту тәсілдеріме ерекше үйлескені-сындарлы оқыту теориясы. Әрбір сабақты өтуге дайындалғанда мақсат қоямыз. Мақсатқа жету үшін, біздің шәкірттеріміздің ой өрісінің деңгейі озық, есте сақтау қабілеті жоғары болса, нәтиже зор болады. Ал сындарлы оқыту теориясын оқу үдерісіне енгізіп, оны тиімді қолдануды жүзеге асыру арқылы білім сапасына қол жеткіземіз. Халқымыздың кемеңгер ақыны Абай Құнанбаев жастардың басқалар айтқан сөзге ермей, ақылмен өлшеп тапқан өз пікірі болу керектігін айтып, сол пікірде табандап тұра білуі қажеттігіне ерекше назар аударған.

«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек» деген өлең жолдарының мәні сыни тұрғыдан ойлаудың түсінігіне сай келеді. Әлем мойындаған Абайды зерттеушілер сыншыл ақын деп тегін танымаған болса керек. Міне, ұлттық педагогикамыздың негіздері әлемдік озық әдіс-тәсілдермен сабақтасып жатыр. Ендеше сындарлы оқыту-ұлттық орта мектептердегі білім алушылар үшін аса оңтайлы тәсіл.

Үкіметіміз тарапынан химия, биология ғылымдарының дамуына ерекше назар аударылуда. Түрлі химиялық мекемелер, индустрияны дамыту ісі, медициналық орындардың ашылуы, кадр даярлау бұл саладағы соңғы онжылдықтағы табыстарымызды құрайтыны жаңалық емес. Ендеше осынау табытардың іргетасы білім ошағы, яғни мектептерде қаланады. Ал, іргетастың мықты болуы дұрыс таңдалған оқыту тәсіліне тікелей байланысты. Сондықтан да Кембридж оқуларының 7 модуліне негізделген біліммен жас ұрпақты құнарландыру-әрбір іскер ұстаздың міндеті. Өзім оқып- үйренген соң мен химия, биология сабақтарында осы жаңашыл тәсілдерді пайдаланып келемін. Мектепішілік семинар сабақтар ұйымдастырылғанда, ашық сабақтар өттім. Химия пәнінен 10- сыныпта «Судың кермектілігі және оны жою жолдары», биология пәнінен «Бақытым да, байлығым да денсаулық» атты сыныптан тыс ашық сабақтар өттім. Басшылар тарапынан талдаулар жасалынды. Тәжірибе жинақтау мақсатында енген мұғалімдер салыстырулар жасады. Кейбірі ұсыныстарын айтты. Қалай болғанда да өзім бұл оқытудың әлеміне енген соң, мейлінше өзгелерге толық таныстыруға, насихаттауға тырыстым. Көкейлерінде «Несімен ерекшеленеді екен?» деген сұрақтармен жүрген топтар да біраз жауаптар алғандай. Кембридж оқуларының тәсілдерін игеруге қызығушылық таныта бастады.

Жоғарыда аталғандай, сындарлы оқыту-бүгінгі оқушыларымыздың жан-жақты дамуына ықпал ететін оқытудың тәсілі. Семинар барысында оқушылармен «Фишбон», «Ойлан, жұптас, бөліс», «Ақиқат, не жалған», «Өрмекші торы», «ИНСЕРТ», т.б. әдістерді пайдаландым. Оқушылар жаңа әдістерді құптады, қолдады. Әрекеттерінен айқын байқалды. Қазіргі балалардың жылт еткен жаңалыққа елең ететінін білеміз. Оқушылар да жаңа әдістерге тез төселді. Сабақтарда да мен осыған көз жеткіздім.

Мектеп өмірі жаңалыққа, қызыққа толы. Өзіндік ұстанымы айқын ұстаз үшін жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың озық үлгілерін күн сайын тәжірибеге енгізіп, онымен шығармашыл әрекеттерді белсенді атқарудың өзі бақыт. Ұстаз өмір бойы ізденетіні рас екен ғой. Күнделікті дайындықтар, пікір алмасулар, ОМЖ, ҚМЖ жұмыстары, оқушылар рефлексиялары, тәлімгермен хабарласу-бәрі-бәрі өзім таңдаған қызығы мен қиындығы мол мамандығымның жолы. Ізденіс жұмыстарымның нәтижесін енді баяндамаға мазмұн етпекпін. «Биология-химия сабақтарындағы сындарлы оқыту» тақырыбы бойынша жазған еңбегімде де Кембридж оқуларының модульдері, соның ішінде сындарлы оқыту бойынша оқушыларға білім негіздерін сапалы түрде меңгерту жолдары туралы баяндадым. Аудандық педагогикалық тамыз оқуына ұсынып, аудандығы әріптестерімнің ой-пікірлерін біліп, олармен ой бөліскім келеді.

Баспасөз- мұғалімнің білімін арттыратын құрал. «Биология және салауаттылық негіздері», «Химия мектепте», «Химия анықтамалығы» секілді көмекші басылымдарды ақтарып отырамын. Республикамыздың әр түкпіріндегі әріптестермен тілдескендей боламын. Олардың ойларымен келісіп, кейде сол ойларымыз бір арнада тоғысып жататынын байқаймын.

Еліміздің келешегін кемелдендіру жолында, ұлт санасын дамыту жолында, болашақ даналардың қалыбын жасауда педагогтардың үлесі зор. Ендеше бүгінгі таңда әрбір оқушыдан үміт күтетін жеке кәсіби даму аспектілері қалыптасқан, ізгі ниетті қарым-қатынасқа бейім шебер педагог болу үшін әлемдік технология негізіндегі жаңа сипаттағы Кембридж оқуларының теориялық негіздерін меңгеруге ұмтылайық.


© 2010-2022