Урок на тему ӨРМЕКШІТӘРІЗДЕСТЕР

Раздел Биология
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы,

Сарыкемер орта мектебінің биология пәні мұғалімі

Исокова Алтын Нұрадинқызы

«Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі

үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет»

Шоқан Уәлиханов.

Сабақтың тақырыбы: Өрмекшітәрізділердің жалпы сипаттамасы және

көптүрлілігі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өрмекшітәрізділердің құрылысын, тіршілік ортасын, көбеюін, көптүрлілігін үйрету.

Білімділік: Оқушылар өрмекшітәрізділердің негізгі ерекшеліктері туралы

білімін жетілдіреді.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін

арттыра отырып, табиғатты қорғауға үйрету.

Тәрбиелік: Экологиялық тәрбие.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың типі: жаңа білім беру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ойын, әңгімелеу, СТО бағдарламасы.

Сабақтың көрнекіліктері: Интерактивті тақта, слайдтар, кестелер, суреттер, стикерлер.

Күтілетін нәтиже: Өрмекшітәрізділер туралы біледі, логикалық ойлауы дамыған, зейінді тұлға қалыптасады.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

А) Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу.

Б) Топқа бөлу.

С) Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

(жылы лебіздерін білдіру)

2.Үй тапсырмасын тексеру. «Миға шабуыл»

*Шаянтәрізділердің құрылысының ерекшеліктері.

*Олар қалай қоректенеді?

*Шаянтәрізділердің тыныс алу мүшесі.

*Шаяндарды зерттейтін ғылым саласы.

*Шаянтәрізділер қалай көбейеді?

*Шаянтәрізділердің табиғаттағы маңызы қандай?

*Шаянтәрізділердің адам өміріндегі маңызы қандай?

3. Жаңа сабақ. «Құпия сурет»

Оқушылар оқулықтағы тақырыппен танысып болған соң, әр топқа суреттер таратылады.Құпия сурет бойынша бес сұрақ құрастырады.Бір- біріне сұрақтар беріп мағынасын ашады.Мұғалім көмектесіп отырады.

1-топқа шаршылы өрмекшінің құрылысы.

2 -топқа қарақұрттың суреті

3 -топқа қыршаянның суреті

4 -топқа бүйінің суреті

«Білгенге маржан» Өрмекшілер өрмекауды қалай тоқиды?

Аулауыш торды аналық өрмекші тоқиды.Өрмекші ең алдымен жуантық өрмектен көпбұрышты жақтау дайындап, одан аулауыш тордың тармақтарын созып, бірімен бірін түйістіру арқылы өрмекау жасап шығады.Ауға түскен қорегін өрмекші өрмекаудың ортасынан созылған хабаршы жіптің қимылынан сезеді.Өрмекауға түскен шыбын бұлқынған кезде хабаршы жіп тербеледі де, өрмекші жасырынып жатқан жерінен қорегіне қарай ұмтылады.

«Алты қалпақ» әдісін пайлана отырып оқушылар:

Ақ (ақ бұлттар)- фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру (Өрмекшітәрізділерге жалпы сипаттама)

Қызыл (от) - ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру

(Адамды қарақұрт, бүйі шағып алғанда қандай күй кешеді?)

Қара (тұман)- негативті ойлау (Өрмекшітәріздестер қандай жағдайда зиян? Күресу шаралары).

Сары (күн)- оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар (Өрмекшітәріздестердің табиғатқа тигізер пайдасы бар, өйткені.....)

Жасыл (дала) - жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар (Өрмекшітәріздестерге байланысты бес жолды өлең немесе оларға қатысты мақалдар айту)

Көк (аспан)- жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды білдіреді, қорытындылайды (Өрмекшітәріздестердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы).

Сергіту сәті. «Қара жорға» биін билеу

4.Сабақты қорытындылау. Кестені толтыру.

Өкілі

Құрылысы

Қоректенуі

Тыныс

алуы

Қан

айналымы

Тірш.

орта-

сы

Көбеюі

Шаршылы өрмекші

Құршаян


5.Сабақты бекіту. «515» әдісі

Өрмекшітәріздестерге байланысты оқушылар 5 минуттың ішінде 15 термин сөздер немесе жаңа сөздер жазады.

«БББ» әдісі. Оқушылар стикерге жазып, кестеге іледі.

Білемін

Білгім келеді

Білдім


6.Үйге тапсырма. §28

7.Бағалау критерийіне сүйене отырып, бағаланады.

Тақырыбы

Мақсаты

«2»

«3»

«4»

«5»

Өрмекшітәрізділердің жалпы сипаттамасы және көптүрлілігі.

Өрмекшітәрізділер-дің құрылысын, тіршілік

ортасын,көбеюін, көптүрлілігін, негізгі

ерекшеліктерін білу.

Өрмекшітәрізді-лер

туралы білмейді.

Өрмекшітәрізді-лердің құрылысын біледі.

Өрмекшітәрізділер-дің құрылысын, тіршілік

ортасын,көбеюін біледі.

Өрмекші-тәрізділер-дің құрылы-сын, тіршілік

ортасын,

көбеюін, көптүрлі-лігін, негізгі

ерекше-ліктерін біледі


© 2010-2022