АНТРОПОГЕНЕЗ тақырыбын қорытындылауға тапсырмалар. 11 сынып

Раздел Биология
Класс 11 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Антропогенез» тақырыбын қорытындылауға тапсырмалар. 11 сынып

І. Тесттік жұмыс

1.Адамдар адам тәрізді маймылдардан жаралған деп алғаш жазған ғалым кім:

а) Дарвин;

б) Ламарк;

в) Линней.

2. Адамдардың жануарлардан тарағанының дәлелі :

а) способность к абстрактному мышлению;

б) бас миының үлкендігі;

в) рудименттер мен атавизмдердің болуы

3. Адам эволюциясының әлеументтік факторларына нелер жатады:

а) іс-әрекеттің бір бағытты болуы(еңбек);

б) табиғи сұрыпталу;

в) өзгергіштік

4. Ежелгі адамдар ол:

а) неандертал адам

б) кроманьон адам

в) питекантроптар

5. Антрогенездің биологилық факторына:

а) сөйлеу;

б) табиғи сұрыпталу;

в) ақыл-ес.

6. Ертедегі адамдар,гоминид өкілі:

а) неандертал адам

б) синантроп

в) саналы адам

7. Төмендегінің қайсысы рудимент:

а) құйымшақ сүйегі

б) құйрықты адам

в) көпемшектілік

8. Төмендегінің қайсысы атавизм:

а) үшінші қабақ

б) қалың түктілік

в) соқырішек

9. Ертедегі адамдардың тіршілік уақыты:

а) 1,5 млн. - 500 мың жыл бұрын

б) 500 - 150 мың жыл бұрын

в) 40 мың жыл бұрын.

10.Синантроп қаңқа қалдықтары қай аймақта табылған?

а) Қытай

б) Африка

в) Шығыс Азия

ІІ. Тапсырма : «Адамның жануармен туыстығы» кестесін толтыр

Жүйелік бірлік

Ортақ белгілер

Эукариоттар патшалығы

Жануарлар патшалығы

Көпжасушалы жануарлар патшалық тармағы

Хордалылар типі

Омыртқалылар тип тармағы

Сүтқоректілер классы

Ұрықжолдастылар класс тармағы

Приматтар отряды

Адамтәрізді маймылдар отряд тармағы

Гоминидтер тұқымдасы

Адамдар туысы

Саналы адам түрі

ІІІ. Жабық тест

1. Адамдардың пайда болу кезеңі: Антропоген

2.Адамның шығу тегін, тарихи даму кезеңдерін зерттейтін ғылым саласы: антропология

3.Алғашқы қылқанжапырақтылар шықты: Палеозой

4. Алғашқы құс - археоптерикстің шыққан кезеңі: Юра

5. Алғашқы құрлық өсімдіктері: Псилофиттер

6. Алғашқы прокариоттар пайда болды: Архей

7. Алғашқы құс - көнеқұс пайда болды? Мезозой

8. Ежелгі заманның атауы: Архей

9. Ерте палеозойға жатады? Кембрий

10. Ең ұзақ мерзімге созылған заман: Архей

11. Жер бетіндегі алғашқы организмдер: Протобионттар

12. Жер бетінде тірі ағзалар қай заманда пайда болды? Архей

13. Көпжасушалы балдырлар өсті: Протерозой

14. Қай дәуірде жалаңаш тұқымдылар кеңінен таралды? Мезозой

15. Қай дәуірде өсімдіктер судан құрлыққа шықты? Палеозой

16. Органикалық дүниенің даму кезеңдері: Архей, пртоерозой, палеозой, мезозой, кайнозой

17. Палеозой кезеңі: Девон

18. Парапитектің пайда болуы: Кайназой

19. Палеозой эрасының қай дәуірінде өсімдіктер құрлыққа шықты: Силур

20. Папоротник тәрізділердің жер бетінде кеңінен таралу дәуірі: Палеозой

21. Псилофиттерден пайда болды? Папоротниктер

22. Приматтардың миы және сезім мүшелері дамыды? Кайнозой

23. Силур, девон кезеңдері жататын заман: Палеозой

24. Теңіз ішекқуыстылары, буылтық құрттар, ұлулардың басым көпшілігі дамыған заман: Протерозой



© 2010-2022