Зертханалық жұмыс Кірпікшелі кебісше

Раздел Биология
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Кірпікшелі кебісшенің құрылысы мен қозғалуын бақылау

Сабақтың мақсаты:1.Кірпікшелі кебісшенің тіршілік ерекшеліктері жайлыбілімдерін толықтыру. 2.Оқушылардың шапшаңдығын, тез ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3.Жауапкершілікке, табандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Зертханалық

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.

Сабақтың әдісі: жаңа техналогия элементтерін пайдалану.

Сабақтың барысы:1 ұйымдастыру.

2Жаңа сабақты түсіндіру.

Зертханалық жұмыс.

ЖЗертханалық жұмыс Кірпікшелі кебісшеұмыс жабдықтары: ішінде кірпікшелі кебісшелер бар сынауық, сапты үлкейткіш әйнек, микроскоп, тамызғы, заттық жабын шынылар, мақта.

Орындалатын тапсырмалар:

1. Сынауықты алып, ішіндегі суды мұқият қараңдар. Кірпікшелі кебісшел ер көріне ме? Көрінсе сынауықтың қай жағында олар көбірек?

2. Тамызғымен ішінде кебісшелер бар судан алып заттық шыныға бір тамшысын тамызыңдар да, үлкейткіш әйнектің үстелшесіне орналастырыңдар. Әйнекпен мұқият қарап, тамшыда қанша кебісше жүргенін, дене пішінін, қалай қозғалатынын, денесінің алдыңғы жағының артқы жағынан айырмашылығын анықтаңдар.

3. Заттық шыныдағы тамшыға 3-4 мақта талшығын салып, жабын шынымен жабыңдар. Микроскоптың үстелшесіне қойып, айнасымен жарық түсіріңдер. Кіші ұлғайтқышпен тамшыны зерделеңдер. Оқулықтағы суретті пайдаланып қандай органоидтарды көруге болатынын ойланып, соларды мұқият қарап іздеңдер. Нені көргендеріңді жазыңдар.

4. Заттық шыныдағы тамшыға мақта талшықтарын салғанда екі талшық арасында бір-екі кебісше жүрген жерді микроскоппен көретіндей етіп препаратты орналастырыңдар. Күштірек ұлғайтатын окуляр мен объективті қойып, бұрандалар арқылы анық көрінетін етіңдер. Қандай органоидтар қалай көрінді, қысқаша жазыңдар.

5. Көргендеріңнің суретін салып, әрқайсысына қысқаша сипаттама беріңдер.

Қорытындылау.

Үйге тапсырма: Өткенді қайталау .Кірпікшілі кебісшенің аппликациясын жасау.


© 2010-2022