Ұстаз-ұлық емес, ұстаздық ұлы қызмет. Эссе

Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оңтүстік Қазақстан облысы

Сарыағаш ауданы №52

М.Өтемісұлы атындағы жалпы орта

мектебінің биология және химия

пәндерінің мұғалімі

Турсынова Жаннат Манаповна

Ұстаз-ұлық емес, ұстаздық-ұлы қызмет.

Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесінде оқыту процесін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Білім берудің басты мақсаты - келешек өмірге белсенді араласуға дайын құзіретті тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету. Осы мақсатқа жету үшін педагог ең алдымен білім берудің жаңа тәсілдерін бойына сіңіруі керек. Осы орайда біздің еліміздің педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында бағдарлама жасалынды. Бұл бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Міне осы сындарлы оқытуды негізге алған бағдарламаны оқу барысында жеті модульді оқып, сабақтың қай жерінде қалай кіріктірілуі керек екендігін үйрендім. Бұл мен үшін үлкен жаңалық болды. Сүйікті кәсібіме жаңашыл бастама енгізуді мен қашанда қолдаймын. Ертең осы елге ие болып, тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі мектеп оқушылары. «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін-білім» деп ұлы жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай, елімізді өркениетке апарар жолдың бастауында мектеп тұрады. Мектептегі білім-барша әлем тыныс-тіршілігінің алғашқы іргетасы. Осы бағдарламаның негізгі міндеті - Қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу. Сондықтан оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби құзіреттілігімен өзара байланыста қарастырылады. Осы бағдарламаның негізгі міндеті - Қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу. Сондықтан оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мәнмәтінмен өзара байланыста қарастырылады. Осы курстың бірінші «Бетпе - бет» кезеңін аяқтағаннан кейін, тың идеялар нәтижесінде, өзімнің бағдарламаның негізгі деңгейін оқу арқылы өзгергенімді көрсететін сәттің келгенін түсіндім. Дәстүрлі оқыту арқылы алған білімнің жаттанды, оқушылар үшін келешек өмірде көп іске аспайтынын білдім. Осы бағдарлама аясында жеті модуль бойынша сындарлы оқыту арқылы алған теориялық білімнің терең, өмірде, мектептен басқа жерде де қолдануға болатынына көзім жетті. Бұл кезде өзімнің көшбасшылық дағдыларым жетілдірілді. Сабақ барысында метатануды тиімді іске асыру арқылы оқушылардың когнитивті қабілеттерін жетілдіруге болатындығын түсіндім. Сонымен қатар сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып жаңаша әдіс тәсілдерді тиімді қолдануды үйрендім. Тізбектелген сабақтар топтамасында оқушылардың сыни ойлау дағдыларын жетілдіретін әдіс тәсілдерді қолдана отырып тәжірибе жүргізген сынып оқушыларының өз ойын анық жеткізуге, бірін-бірі оқытуға, қойылған сұрақтарға сыни ойлау арқылы жауап беруге, өзін және бірін-бірі бағалау дағдыларының қалыптаса бастағандығын байқадым. Келешекке жоспар құра отырып мен осы курс барысында алған білімдерім мен тәжірибемді ұштастыра отырып, өз сабақ беру үрдістерімді үлкен бағытқа өзгертемін деп ойлаймын. Жаңаша әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар беруге тырысамын. Менің ойымша барлық ұстаздар да өзгеруі тиіс. Өйткені дамып келе жатқан мына заманда жаңашылдыққа бет бұруымыз қажет. Тәрбиелеп жатқан ұрпағымыздың білімі терең, ойы ұшқыр болуы тиіс. Болашақта сабақтарымда 7 модульді кіріктіре отырып сабақ жоспарын жасап,оқушылардың бойында өз бетімен білім алу, өзін -өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру, қазіргі заманда табысты өмір сүруге дайын, сандық технологияларды пайдалануда құзырлылық танытатын белсенді азамат, адамдармен тиімді диалог жүргізе алатын қажетті біліммен қамтамасыз етемін деген сенімдемін. Осы курстан алған білімімді әрі қарай жетілдіріп, өзімнің де заманауи, жаңашыл мұғалім болуыма ынта қоямын. Алдағы уақыттарда осы бағдарламадан алған біліміме сүйене отырып, нақты жоспарлар жасап, сабағымды жоғарғы деңгейде өткіземін деген сенімдемін.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Мұғалімге арналған нұсқаулық, 2012 жыл.



© 2010-2022