«Саңырауқұлақтардың көптүрлілігі» Ашық сабақ. 6 сынып

Раздел Биология
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Биология 6 -сынып

Сабақтың тақырыбы: «Саңырауқұлақтардың көптүрлілігі»

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: оқушылардың білім, білік дағдысын

қалыптастыру. Оқушыларға саңырауқұлақтардың көптүрлілігі

туралы түсінік беру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын

ояту. Оқушылардың өзін- өзі дамытуына жетелеу

және оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

3.Тәрбиелік: тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу және

табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: Электронды оқулық, плакаттар, кеспе қағаздар.

Пән аралық байланыс: Экология

Сабақтың әдісі: Өз бетінше оқып, танып білу.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

III. Жаңа сабақ.

IV. Сабақты бекіту.

V. Оқушыларды бағалау.

VI. Үйге тапсырма беру.

I. Ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесіп, оларды түгелдеу. Білім алуға деген құштарлығын арттырып, жаңа сабақты бастау.

II.Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар қою.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Саңырауқұлақтар жеуге жарамды және жеуге жарамсыз - улы болып екі топқа бөлінеді.

Жеуге жарамды саңырауқұлақтар - қозықұйрық( шампиньон) құрамында қарашiрiгi мол, ылғалды топырақта өседi, орманда, шалғындықта, бақша өсiмдiктерiнiң арасында кездеседi. Сондықтан оның кәдiмгi қозықұйрық, шалғындық қозықұйрық, орман қозықұйрығы деген түрлерi бар. Қалпағының үстiңгi бетi ақ, астыңғы жағы қатпарлы, қызғылт түстi. Қалпағының диаметрi 15 см, дiңгегiнiң ұзындығы 10 см, енi 2-2,5 см-ге жетедi. Құрамында 20-30% нәруыз, май, минералды заттар, дәрумендер, микроэлементтерден - темiр, кальций, мырыш, йод, калий, фосфор бар, сондықтан жеуге жарамды саңырауқұлақтардың 300-ге жуық түрлерi белгiлi.

Ақ саңырауқұлақ қайың, емен, шырша, қарағай, шамшат, қарағаш, шаған ағаштарының астында өседi. Қайың маңында өскен саңырауқұлақ қалпағының үстiңгi бетiақшыл- сұрғылт, астыңғы жағы -ақ, хош иiстi. өсiп тұрған жерiне қарай түстерiде құбылмалы. Дiңгегiнiң ұзындығы 10 см, қалпағының диаметрi 20 см.

Қайың саңырауқұлағы - қайыңды орманда топырақтың жылылығы 10 - 16 0 С-да, ылғалдылығы 53 - 98 % - ға жеткенде дами бастайды. Дiңгегiнiң биiктiгi 4 -15 см, жуандығы 1-3 см, қалпағының диаметрi 5 -15 см, 10 күн iшiнде терiп алмаса жеуге жарамсыз болып қалады. Қайынның тамырымен селбесiп микроза түзедi, ағашқа пайда келтiредi. Кептiрiлген саңырауқұлақтың қуаттылығы баклажан мен қарабидай нанының қуаттылығымен тең түседi. Қайың саңырауқұлағын кептiргенде қараяды.

Күзгi түбiртек ( осенний опенок) - өте тез өседi, құрамында су - 91,4 % ,

нәруыз -2,6 %, крахмал, қант-3,8 %, май-0,4%, тұз - 0,8%, жасунық -0,9%. Түбiртегiнде ақтүстi жарғақты белдеушесi бар. Қуаттылығы сәбiз, орамжапырақ, қияр, қызаннан әлдеқайда жоғары саналады, ол айранның қуаттылығымен парапар келедi.

Жеуге жарамсыз улы саңырауқұлақтар - Улы саңырауқұлақтарға шыбынжұт ( мухомор), боз арамқұлақ ( поганка), жалған түбiртек ( ложный опенок), жалған түкiжем ) ложная лисичка) және т.б.

Шыбынжұттың түрлерi: қызыл шыбынжұт, сұрғылт- қоңыр шыбынжұт, порфир шыбынжұты, ақ қалпақшалы сасық шыбынжұт, бозғылт - сары шыбынжұт және т.б.

Шыбынжұт саңырауқұлағының құрамында шыбынды өлтiретiн улы зат « мускарин» алкалоиды болатынын анықталды. Көбiнесе шырша, қарағай, балқарағай ормандары мен қайың ағаштарының жарық көп түсетiн ашық алаңдарда өседi. Қызыл шыбынжұттың диаметрi 20 см-дей, қалпағы күңгiрт - қызыл түстi, әр жерiнде сүйел тәрiздi ақ дақтары жуылып кетедi.

Уы тез әсер етедi, адам тұншығып, тыныс алуы нашарлайды, сiңiрi тартылып, талып қалады. Ертеде шыбынжұттан жасалған препараттарды бездiң iсуi, өкпе ауруы, жүйке жүйесi ауруларына қарсы пайдаланған және шыбын, қандала, бүрге сияқты зиянды жәндiктердi өлтiру үшiн қолданған. Қазiргi кезде медицинада түрлi препараттар әзiрлеу үшiн шикiзат көзi болып табылады.

Боз арамқұлақ ( бледная поганка) - ақ, сарғыш, жасылдау, сұрғылт - ақшыл түстi қалпағының үстiнде мақта тәрiздi қабыршақты ақ жарғақтары бар. Дiңгегiнде жарғақты белдеушесi болады. Түп жағын қалта тәрiздi жамылғы қаптайды. Көбiнесе жалпақ жапырақты және қылқан жапырақты орман шетiнде өседi.. Құрамында « фаллоидин» алкалоиды болғандықтан өте улы саңырауқұлақтардың қатарына жатқызады.

Паразит саңырауқұлақтар- тірі ағзалардың денесінде өсіп жетіліп, тірі жасушалардың ағзалық заттарымен қоректенеді.Жазда әр түрлі өсімдіктердің жапырақтарына аппақ ұн сеуіп тастаған сияқты болады. Оның күздік бидай, қара бидай сабақтарынан емен жапырақтарына мақта тәрізді болып тұрғанын байқауға болады. Бұл ақұнтақсаңырауқұлақтарының жіпшумақтары.Олар өсімдіктің жапырақ,сабағына жіпшелерін жіберіп, жасушаның ағзалық заттарымен қоректенеді.Саңырауқұлақтардың көптеген түрі адамға және шаруашылыққа зиян келтіреді. Тірі ағзаның денесінде өсіп жетіліп, тірі жасушалардың ағзалық заттарымен қоректенетін саңырауқұлақтар паразит саңырауқұлақтар деп аталады.

IV. Сабақты бекіту

1. Саңырауқұлақтарды зерттейтiн ғылым (микология ХIХ ғ. п.б.)

2. Саңырауқұлақ жасушасында жиналатын қоректiк қор затының атауы (гликоген)

3. Талшығы бар спораның атауы (зооспора)

4. Споралар түзiлетiн орын (спорангий)

5. Нан ашытуға пайдаланылатын саңырауқұлақ (қантты)

6. Көгiлдiр зең саңырауқұлағының атауы (пеницилл)

7. Лимон қышқылы алынатын саңырауқұлақ (аспергил)

8. Қалпақшалы саңырауқұлақтың жемiстi денесi неден тұрады? (Қалпақ,түбiртек)

9. Саңырауқұлақтың өсiмдiкпен селбесуi (микориза)

10. Қалпақшалы қызыл түстi улы саңырауқұлақ (шыбынжұт)

11. Қалпақшалы саңырауқұлақтың топырақ iшiнде көрiнбей жататын бөлiгi (жiпшумақ, жiпше)

12. Қайыңқұлақ саңырауқұлағы улы ма, усыз ба? (усыз)

13. Бидай масағын зақымдайтын паразит саңырауқұлақ (қаракүйе)

14. Жүгерi собығында болатын паразит саңырауқұлақ (қаракүйе)

V. Оқушыларды бағалау.

VI. Үйге тапсырма беру. Саңырауқұлақтардың көптүрлілігі, кесте толтыру, суретін салу.



© 2010-2022