Биология пәнінен (анатомия) ҰБТ-ға дайындауға арналған көмекші құрал

Раздел Биология
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кіріспе

Табиғаттың дара тұлғасы

- Адам

Ағзалық дүниенің тарихи дамуының жемісі

- Адам

Анатомия

- ағза мен мүшелердің пішінін, құрылысын зерттейтін ғылым

Физиология

- мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметін зерттейді

Гигиена

-адам денесінің дұрыс қалыптасуына және денсаулығын сақтауға көмектеседі

Гиппократ

-Б.з.д 460-377 ж.ж өмір сүрген грек ғалымы, медицина атасы, адамның ми сауытын және жалпақ сүйектердің бір-бірімен жіктер арқылы байланысқанын ашқан. Омыртқалар мен қабырғалардың, бұлшықеттердің, ірі қантамырлардың құрылысын зерттеген.

К. Гален

-маймыл мәйітіне алғаш зерттеу жүргізген, мидан тарайтын 12 жұп жүйкенің 7 жұбын толық сипаттаған. Еңбегі "Адам дене бөліктерінің міндеттері туралы"

Әбу Насыр Әл Фараби

-"Қайырымды қала" еңбегінде жүрек туралы құнды пікірлер айтқан. 150-дей еңбек қалдырған. Басқа мүшелерге жылу нақ осыдан тарайды, ол жүректен нәр алады "жүрек басты мүше, мұны тәннің ешқандай мүшесі билемейді" және т.б. "Адам ағзасындағы мүшелер ", "Жануар ағзасындағы мүшелердің құрылысы мен қызметі" және т.б еңбектер жазған.

Абу Али Ибн-Сина

-"анатомия мен физиологияға кіріспе", "дәрігерлік ғылымның ережелері" еңбегінің авторы.

А. Везалий

-мәйіттермен жеке бақылау жүргізіп "адам денесінің құрылысы туралы" еңбегін жазған. Анатомия ғылымының негізін салушы.

У. Гарвей

-Қан айналымының тұйық екенін, үлкен қан айналым шеңбері бар екенін ашқан. Физиология ғылымының негізін салушы.

И. М. Сеченов

-физиология атасы. Қанда еріген оттегіні алғаш рет зерттеген. 1863ж. "Ми рефлекстері" еңбегін жазған, тежелу процесін ашқан.

И.И.Мечников

-Нобель сыйлығының лауреаты, фагацитоз процесін ашқан.

И.П.Павлов

-асқорыту физиологиясын зерттеп, шартты рефлексті ашқаны үшін 1904 ж. Нобель сыйлығы беріледі. Жүрек бұлшықетінде жүйкелердің болатындығын зерттеген.

Х.Досмұхамедов

-әр мүшенің тазалығы туралы өсиеттер айтқан. Еңбегі "Қырғыз өлкесі халқының арасында обамен қалай күресуге болады", "Табиғаттану", "Оқушының денсаулығын сақтау", "Адамның тән тірлігі"

Пирогов

-наркозды қолданған, гипсті ойлап тапқан.

Гуманизм

-адамды жеке тұлға ретінде тани білу туралы көзқарастар жиынтығын қамтиды.

Отбасы

-жеке адамдардан құралады.

Әулет

-туыстық жақын отбасылардың бірігуінен пайда болады.

Кемеліне келген адам

-дені сау, ересек адам. Бойы 170см, салмағы 70кг, өмір сұру ұзақтығы 70жас, терінің ауданы 1,8м2

Адамдардың ден саулығын сақтау туралы заң қабылданды

-1997ж

Ұлпа


Ұлпа дегеніміз

-шығу тегі, құрылысы атқаратын қызметі бірдей жасушалар мен жасушааралық заттар жиынтығы.

Адамдағы ұлпа саны

-4 (эпителий, дәнекер, жүйке, бұлшықет)

Эпителий ұлпасы

-жабын ұлпа, мүшелердің сыртқы жағын жауып, ішкі мүшелерді астарлап жатады. Жасушаларының пішіндері жалпақ, цилиндр, төртбұрышты т.б

Жасушаның пішіні мен атқаратын қызметіне қарай эпителий ұлпалары бөлінеді.

-6 топқа (жалпақ, бағана тәрізді, кірпікшелі, текшелі, сезгіш, безді)

Жалпақ эпителий (көп қабатты)

-жасушасы көп қырлы, терінің үстіңгі қабаты мен ауыз қуысын, өңештің ішкі жағын астарлайды.

Текшелі эпителий

-бүйректің өзекшелерін іш жағынан астарлап тұрады

Бағана тәрізді эпителий

-жасушалары ұзынша, асқазан мен ішектердің ішкі қабатында орналасқан.

Кірпікшелі эпителий

- бағана тәрізді жасуша бетінде цитоплазмадан түзілген кірпікше тәрізді өсінділер болады

Сезгіш безді эпителий

-тітіркенуді қабылдайды, мұрын қуысында орналасқан

Безді эпителий

-сүт, тер, сілекей, құлық бөледі, жасуша пішіні бағана және төрт бұрышты.

Эпителий ұлпасының қызметі

-қорғаныштық, суды реттеу, зат алмасуға қатысу және реттеу

Дәнекер ұлпа

-Сүйек, шеміршек, сіңір, май, қан, лимфа.

Жасушаның пішіні мен атқаратын қызметіне қарай дәнекер ұлпасы бөлінеді

-5 топқа (тығыз талшықты, шеміршекті, сүйекті, борпылдақ, қан)

Бұлшықет ұлпасына тән қасиет

-жиырылғыштық

Бұлшық ет талшығы

-миофибрилла

Көлденен жолақты бұлшықет

-талшықтары көп ядролы, ядросы шетінде, адам еркімен жиырылады

Жүрек бұлшық еті

-талшықтары көп ядролы, ядросы талшық ортасында, адам еркінен тыс жиырылады

Жүрек бұлшықетінің қаңқа бұлшықетінен айырмашылығы

-талшықтары тарамдалып әр жерінен бір-бірімен бірігіп торланып жатады

Бірыңғай салалы бұлшықет

-ішкі мүшелерде болады, талшықтары ұзын, екі ұшы жіңішке үшкір, ортаңғы бөлігі жуандау, талшықтың дәл ортасында таяқша тәрізді бір ядросы бар, адам еркінен тыс жиырылады

Жүйке ұлпасы

- жүйке жасушасы "нейроннан" тұрады

Нейрон

-дене мен өсінділерден тұрады "ұзын-аксон, қысқа-дендрит"

Аксон

-1- еу болады, сыртында май тектес миелин деп аталатын ақ қабықшасы бар, ақ затты түзеді

Дендрит

-қысқа өсінді, көп, бұлардын жиынтығы мен нейронның денесі сұр затты түзеді, дендрит денесіне қозу дендрит арқылы келеді

Сұр затты түзеді

-дене мен дендрит

Қозу бағытының сызбанұсқасы

-дендрит→дене→аксон

Денедегі ядро саны

-1-еу

Нейроглия немесе қосымша жасуша

-жүйке жасуша айналасын қоршап тұрады

Нейроглия қызметі

-қоректік, қорғаныштық, тірек және зат алмасуға қатысады

Жүйке ұлпасының негізгі қызметі

-қозғыштық, қозу өткізгіштік

Мүшелер жүйесін түзеді

-атқаратын қызметі бір-бірімен байланысқан мүшелер бірігіп

Ішкі секреция бездері


Ішкі секреция бездеріне жатады

- гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқаншамаңы, айыршық (тимус), бүйрекүсті бездері

Аралас бездер

- ұйқы, жыныс бездері

Сыртқы секрециялық бездер

- тері, жас, сілекей, сүт бездері мен бауыр

Ішкі секреция безі деп аталу себебі

- сұйықтық шығаратын өзегі болмағандықтан, бірден қанға өтеді

Сыртқы секреция безі деп аталу себебі

- сұйықтықтар арнайы өзекшелер арқылы сыртқа шығарылады

Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық

- биологиялық белсенді зат гормон деп аталады

Ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық

- аралық мидағы гипоталамус

Гипоталамус пен гипофиздің қызметі бір-бірімен тығыз байланысып

- гипоталамус-гипофиздік жүйені құрайды

Гипофиз

- аралық мидың астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы бекінеді, пішіні үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдағы салмағы 0,5-0,6 грамға жетеді. Безді және жүйке ұлпаларынан тұрады, алдыңғы, ортаңғы және артқы деп аталатын 3 бөліктен тұрады. 25 гормон бөледі 7 толық зерттелген

А) алдыңғы бөлік - құрамы нәруыздан тұратын өсу (сомотропин) гормонын бөледі; нәруыздың, майдың, көмірсудың алмасуын реттейді; жыныс бездерінің жұмысын қалпына келтіреді; сүт безінен сүтің бөлінуін, бүйрекүсті безінің қыртысының өсуін, гормондар бөлінуін; қалқанша бездің дамуына әсер етеді; қандағы темірдің тұрақтылығын сақтайды.

Б) ортаңғы бөлігі - пигментті жасушалардың мөлшері мен санын ұлғайтады. Тері пигменті меланиннің түзілуін күшейтеді

С) артқы бөлігі - 2 түрлі гормон бөледі. 1-шісі жатыр бұлшықетінің жиырылуын күшейтеді; 2-шісі ұсақ артерия қантамырланың жиырылуын арттырып, артерия қысымын жоғарылатады, ағзадан зәрдің бөлінуін азайтады

Өсу гормоны артық бөлінсе

- адамның сүйегі ұзынынан бойы 2 метрден асады.Ересек адамда көп бөлінсе аяқ-қол сүйектері ұзарып, маңдайы мен бет сүйектері алға шығыңқы болып, тілі аузына сыймайтын ауруды акромегалия деп аталады.

Бұл ауруды емдейді

-тек рентген сәулесімен

Гипофиз гормондары аз бөлінсе

- адамның бойы өспей қалады, терінің дәнекер ұлпасының синтезі бұзылып, тері құрғап, бетке көп әжім түседі

Алыптық ауруы

- жас кезінде өсу гормонының көп бөлінуінен пайда болады

эпифиз

- ортаңғы ми мен аралық мидың арасында орналасқан, мелатонин гормонын бөледі, ол тәуліктік ырғаққа, қандағы калийдің мөлшеріне әсер етеді

Қалқанша без

- ішкі секреция бездерінің ішіндегі ең ірісі, көмекейдің алдыңғы жағында орналасқан; ересек адамдағы салмағы 30-60 г; пішіні таға тәрізді, бір-бірімен байланысқан 2 бөліктен тұрады. Гормоны тироксин, құрамында йод бар, ағзаның өсуі мен дамуына, зат алмасуға (нәруыз, май), жүйке жүйесі мен жүрек жұмысының қозуын арттырады.

Тироксин жетіспесе

- микседема ауруы пайда болады

Ішетін су мен тағамда йод жетіспесе

- алқым ісу (эндемиялық зоб) ауруы пайда болады

Тәулігіне адамның қабылдайтын йод мөлшері

- 0,15-0,20 мг

Жас балаларда тироксин жетіспесе

- бойы өспей жыныстық жетілуі тоқталады. ми сыңарлары қыртысының жұмысы бұзылып, ақыл есі кем болып кретинизм ауруына ұшырайды

Тироксин көп бөлінсе

- жүрек соғуы жиілейді, қан қысымы көтеріліп, жүйке жүйесінің қозуы артады,тез ашуланады және терлегіш болады, көздері бадырайып, шарасынан шығып тұратын ауру бадырақкөз немесе базедов пайда болады. Бұл ауруды қалқанша бездің кішкене бөлігін алып тастау арқылы емдейді

Базедов қай елдің дәрігері

-неміс

Қалқаншамаңы безі

- екі-екіден қалқанша бездің жоғарғы және төменгі жағына жабысып оған жанаса орналасқан. Бездердің үлкендігі асбұршақтай, салмағы 20-50 мг, гормоны - паратгормон, ағзадағы кальциий мен фосфордың алмасуын реттейді.

Айырша без (тимус)

- кеңірдектің жоғарғы жағын жауып тұрады, гормоны - тимозин, жетіспесе ағзаның иммундық қасиеті төмендейді

Бүйрекүсті безі

- оң жақтағы үшбұрышты, сол жақтағы жарты ай тәрізді. Сыртқы қыртысты қабатынан кортизон гормоны, ішкі милы қабатынан (10℅) адреналин гормоны бөлінеді

Көңіл күй гормоны

- адреналин жүйке жүйесінің бақылауымен бөлінеді

Бүйрекүсті бездерінің қыртыс қабаты қызметі нашарлауынан және жарақаттануынан туатын ауру

- аддисон (қола түсті) ауру

Аддисон қай елдің дәрігері

- ағылшын

ұйқы безі

- құрсақ қуысының сол жағында асқазан астында орналасқан. Ішкі секрециялық қызметі - инсулин және глюкагон гормонын бөледі. Сыртқы секрециялық қызметі - ұлтабарға панкреатин гормонын бөледі

Дені сау адамның қанындағы глюкоза мөлшері

- 4,6-6,7 млмоль/л

Гликоген қор заты ретінде жинақталады

- бауырда, бұлшықетте

Жыныс бездерінің сыртқы секрециялық қызметі

- ер адамдарда сперматозоид, әйел адамдарда жұмыртқа жасушасын түзу

Ер адамдарда бөлінетін жыныс гормоны

- андроген, негізгісі тестесторон

Әйел адамның жыныс гормоны

- экстрогендер

Екіншілік жыныс белгісінің пайда болуына әсер етеді

- жыныс бездерінен бөлінетін гормон

Ағзада мүшелер қызметінің гормондар арқылы реттелуі

- гуморальдық


Жүйке жүйесі


Құрылысы мен қызметіне қарай нейрон бөлінеді

- 3-ке (сезгіш, байланыстырғыш, қозғалтқыш)

Қозғалтқыш жүйке

- нейронның ұзын өсіндісінен тұрады

Сезгіш жүйке

- дендриттен тұрады

Аралас жүйке

-дендрит пен аксоннан тұрады

Рефлекстік доға

- 5 бөлімнен тұрады (рецептор, сезгіш нейрон, жүйке орталығы, қозғалтқыш нейрон, тітіркендіргішке жауап беретін мүше)

Рецептор

- жүйке ұштары

Жүйке жүйесі бөлінеді

- 2-ге: орталық (ми мен жұлын) және шеткі (жүйкелер мен жүйке түйіндері)

Қаңқа бұлшықеттерінің жұмысын реттейтін бөлімі

- сомалық

Жұлынның қызметі

- рефлекстік және өткізгіштік

Рефлекстік қызметі

- тізе рефлексі - жұлынның бел бөлімінде, көз қарашығын ұлғайтатын орталық - арқа бөлімінде, зәр шығару орталығы - сегізкөз бөлімінде

Өткізгіштік қызметі

- орталыққа тебетін және орталықтан тебілетін

Ми мен жұлынның жұмсақ қабығының қабынуынан көбінесе сәбилер мен жас балаларда болатын жұқпалы ауру

- менингит (делбе)

Мидың салмағы

- 1300-1400 г

Ми қыртысында

- 14 миллиард нейрон бар

Ми дамиды

- 20 жасқа дейін

Ми қарыншаларының саны

- 4

Ми қарыншасындағы сұйықтықтың қызметі

- қорғаныштық, ыдырау өнімдерін шығару, қысымды реттеу

Ми қабаттары

- 3 (қатты, торлы, қантамырлы)

Ми ұрықтың даму ерекшеліктеріне байланысты тұрады

- 5 бөліктен (алдыңғы, ортаңғы, аралық, сопақша ми және мишықтан)

Сопақша ми

- ұзындығы 2,5-3 см; қорғаныш рефлекстерінің (жөтелу, түшкіру, көзді жыпылықтату), тыныс алу, жүрек-қантамырлары, асқорытуды реттейтін орталықтар орналасқан

Мишық пен ми көпірі жатады

- артқы миға

Мишық

- қимыл-қозғалысты реттейді

Ортаңғы ми орналасқан

- артқы ми мен ми көпірінің арасында

Аралық ми

- ортаңғы мидың алдыңғы жағында жатады; зат алмасу, ішкі секреция бездері, ұйқы жұмысын реттеу орталықтары орналасқан

Алдыңғы ми

- оң және сол жақ екі бөліктен тұрады, 4 аймағы бар (маңдай, төбе, самай және шүйде)

Маңдай бөлігі

- ойлау, күрделі қимылдарды басқару орталығы

Төбе бөлігі

- тері-бұлшықет сезімталдығының орталығы

Шүйде бөлігі

- көру орталығы

Самай бөлігі

- есту орталығы

Ми бағанына кірмейді

- алдыңғы ми сыңарлары мен мишық

Мидан тарайды

- 12 жұп жүйке

Мидың жұмыс істеу белсенділігін анықтау әдісі

- электроэнцефалография

Мидың қозуын күшейтеді

- никотин

Жүйке жүйесін бұзып, бүкіл ағзаны улайды

- алкоголь

Вегетативті жүйке жүйесін кейде автономды деп атау себебі

- адамның еркіне бағынбағандықтан

Вегетативті жүйке жүйесі бөлінеді

- симпатикалық және парасимпатикалық болып

Симпатикалық бөліктің орталығы

- жұлынның арқа сегменттерінде, омыртқа жотасының екі бүйірінде

Парасимпатикалық бөліктің орталығы

- ортаңғы және сопақша мида,жұлынның сегізкөз сегменттерінде, шеткі бөлімі - ішкі мүшелердің маңында немесе тікелей өзінде

Симпатикалық жүйке

- жүрек соғысын күшейтеді, қан тамырларын тарылтады, көз қарашығын ұлғайтады, өт бөлінуін азайтады, тердің бөлінуін кү.шейтеді

Парасимпатикалық жүйке

- жүрек соғысын баяулатады, қан тамырларын кеңейтеді, көз қарашығын кішірейтеді, өт бөлінуін күшейтеді

Жүйке жүйесінің ішкі мүшелердің жұмысын реттейтін бөлімі

- вегетативті немесе өсімді (автономды)

Жұлын

- омыртқа жотасының өзегінде орналасқан, ұзындығы 42-45 см, салмағы 34-35 г, жоғарғы шеті сопақша мимен жалғасқан, сырты ақ заттан іші көбелек тәрізді сұр заттан тұрады, дәл ортасында жұлын сұйықтығына толы өзек болады. 31 жұп жүйке таралады, алдыңғы түбір қозғалтқыш, артқы түбір сезгіш жүйке талшықтарынан түрады








Сезім мүшелері

Адамда болады

- 5 түрлі сезім мүшелері (көз, құлақ, мұрын, тері, тіл)

Сезім мүшелерін кейде атайды

- сенсорлық жүйе деп

Анализатор дегеніміз

- сыртқы және ішкі тітіркенуді қабылдап, талдайтын сезімтал жүйкелер жиынтығын

Анализатор бөліктері

- 1) рецерторлық - шеткі, 2)өткізгіш; 3)орталық - ми мен жұлын

Адам сыртқы ортада болып жатқан өзгерістердің 80-90 пайызын біледі

- көру арқылы

Көру мүшесі тұрады

- көз алмасы мен қосымша мүшелерден

Көз алмасы

- пішіні шар тәрізді, 3 қабықшадан тұрады (ақ, тамырлы және торлы қабықша)

Сыртқы қабық

- қалың, тығыз, дәнекер ұлпасынан тұратын ақ қабықша. Ақ қабықшаның алдыңғы жағы мөлдір әрі дөңес қасаң қабықшаға айналады.

Ақ қабықшаның қызметі

-көз алмасына пішін береді

Қасаң қабықшаның қызметі

-жарық сәулесін еркін өткізеді.

Ортаңғы қабық

- қан тамырларына бай болғандықтан тамырлы қабық деп аталады. Қызметі көзді қоректік заттармен қамтамасыз ету

Нұрлы қабық

- тамырлы қабықтың алдыңғы жағы, пигментке бай, көзге түс береді

Қарашық

- нұрлы қабықтың дәл ортасындағы тесік, қызметі жарық сәулесін еркін өткізеді

Нұрлы қабық қасаң қабық арасындағы қуыс

- сулы ылғалмен толтырылған

Сулы ылғалдың қызметі

- көз қысымын реттеу

Қарашықтың артқы жағында орналасқан екі жағы да дөңес линзаға ұқсаған мөлдір дене

- көз бұршағы (хрусталик)

Қызметі

- жарық сәулесін торлы қабыққа шоғырландыру

Ішкі қабық

- таяқша және колба тәрізді рецепторлары бар

Сары дақ

- колба тәрізді жасушалардың жиынтығынан түзілген, жарықты жақсы сезеді

Соқыр дақ

- жарықты сезетін жасушалары болмайды, жарық сәулесін қабылдамайды, көру жүйкесінің көз алмасынан шығатын жері

Таяқша тәрізді жасушалар арқылы көреді

- түнде, ымырт жабылған кезде

Колба тәрізді жасушалар арқылы

- жарық жақсы түскен кезде ғана тітіркеніп, заттың түсін ажыратады

Көздің қосымша мүшелері

- қабақ, кірпік , көз алмасын қозғалтатын бұлшықеттер, жас бездері, қас

Қабақ пен кірпік қорғайды

- көзді шаң-тозаңнан, жарқыраған жарықтан

Қас

- аққан терді көздің ішіне жібермей ұстап, қорғайды

Жас арқылы

- көзді ылғалдап, жылытады, зиянды микробтарды жояды, көзге түскен заттар шығарылады

Көз ауруларының ішінде көп таралған жұқпалы түрі

- көз қарығуы (коньюнктивит)

Көз ауруларын емдейтін дәрігер

- офтальмолог (окулист)

Кітап пен көздің арақашықтығы

- 30-35 см

Теледидар мен көз арақашықтығы

- 2,5- 3м

А витамині жетіспесе

- ақшам соқыр

Түсті ажырата алмайтын жұқпалы ауру

- дальтонизм

Жақыннан көргіштік

- сығырлық (ортасы ойыс линзалы көзілдірік кию керек)

Алыстан көргіштік

- қырақтық (ортасы дөңес линзалы көзілдірік кию керек)

Алыстан көргіштік көбінесе кездеседі

- қарт адамдарда

Жақыннан көргіштік көбінесе кездеседі

- мектеп оқушыларында

Есту мүшесі

- құлақ (дыбыс пен тепе-теңдікті сезеді)

Құлақ бөлімдері

- 3 (сыртқы, ортаңғы, ішкі)

Сыртқы құлаққа жатады

- құлақ қалқаны мен сыртқы дыбыс жолы

Құлақ қалқаны

- ауадағы дыбыс тербелістерін құлақтың ішіне бағыттайды

Сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады

- дабыл жарғағы

Ортаңғы құлақ

- дабыл жарғағынан кейін басталады, самай сүйегінің ішінде орналасқан, ауа болады, есту түтігі арқылы жұтқыншақпен жалғасады, 3 есту сүйекшесі болады (балғашық, төс, үзеңгі)

Ішкі құлақ

- қуыстар мен иірім өзекшелерден тұратын күрделі жүйе (шытырман)

Шытырман

- есту мен тепе-теңдік мүшесі

Дыбыс толқынының таралу жолы

- дыбыс толқыны → дабыл жарғағының тербелісі → ұлулы денедегі сұйықтықтың тербелісі → есту рецепторларының тітіркенуі → жүйке қозу толқынының пайда болуы

Иіс сезу

- заттың иісін қабылдау

Иіс сезу рецепторлары орналасқан

- мұрын қуысының жоғарғы жағында

Дәм сезу мүшесі

- тіл

Тілдің

- ұшы -тәттіні, артқы бөлігі - ащына, жиегі -қышқылды, ұшы мен жиегі - тұздыны сезеді


Тірек-қимыл жүйесі

Қаңқа қызметі

- тірек, қорғаныс, қан түзу

Бұлшықет қызметі

- қимыл-қозғалысты қамтамасыз ету, ішкі мүшелерді қорғау

Ересек адамның қаңқасында

- 200-ден астам сүйектер бар

Сүйектер пішіні мен мөлшері жағынан бөлінеді

- 3 - ке (ұзын, қысқа, жалпақ)

Ұзын сүйектер

- жілік сүйектер (түтікті болады) аяқ-қол сүйектері

Қысқа сүйектер

- омыртқа, алақан, табан, саусақ

Жалпақ сүйектер

- бассүйек, қабырға, төс, жамбас, жауырын

Қаңқа бөлінеді

- бассүйек, тұлға, иық белдеуі мен қол сүйектері, жамбас белдеуі мен аяқ сүйектері

Тұлға қаңқасы

- омыртқа жотасы мен қабырғалар және төссүйектен тұрады

Тұлғаның негізгі тірегі

- омыртқа жотасы, саны 33-34 ( 7 - мойын, 12 - арқа немесе көкірек, 5 - бел және 4-5 құйымшақ)

Омыртқаның құрылысы

- дене мен доғадан тұрады

Бірінші мойын омыртқа

- ауыз (атлас немесе атлант)

Омыртқа жотасының бір бүйіріне қарай иілуі бұзылғанда пайда болады

- сколиоз

Кеуде қуысын құрайды

- 12 арқа омыртқа, 12 жұп қабырға мен төссүйек

Кеуде қуысында орналасқан мүшелер

- жүрек, өкпе, ірі қантамырлар, кеңірдек, ауатамырлар, өңеш және жүйкелер

Бассүйек бөлімдері

- ми сауыты мен бет бөлімі

Ми сауыты сүйектері

- маңдай, төбе, самай, шүйде

Бет бөліміне жатады

- үстіңгі және астыңғы жақ, бет, мұрын , таңдай және т. б.

Қол қаңқасы

- иық белдеуі (бұғана, жауырын) және қол сүйектері (тоқпан жілік, кәрі жілік, шынтақ сүйек, қолбасы сүйектері( білезік, алақан, саусақ))

Аяқ қаңқасы

- жамбас белдеуі (мықын, шат, шонданай) аяқ сүйектері (ортан жілік, асықты жілік, толарсақ, табан және башпай)

Жалпақ табандылық пайда болады

- аяқ ұшы сүйектерінің дұрыс қалыптаспауынан

Сүйек жуандап өседі

- сүйекқап арқылы

Сүйек ұзарып өседі

- сүйектің екі шетіндегі шеміршекті қабаттағы жасушалардың бөлінуінен

Адам өседі

- 20-25 жасқа дейін

Бейағзалық заттар (су, минералды заттар)

- сүйектің 2/3 бөлігін құрайды, мықтылық, беріктік қасиет береді

Ағзалық заттар

-1/3 бөлігін құрайды, иілгіштік және серпімділік қасиет береді

Сүйектің құрамы

- 50 ℅ су, 12,5 ℅ ағзалық зат оссеин, 21,8℅ кальций фосфаты; 15,7℅ май

Сүйектердің байланысуы

- қозғалмайтын (ми сауыты, сегізкөз, жамбас), шамалы қозғалмалы (омыртқа), қозғалмалы немесе буындық

Адам денесіндегі буын саны

-230

Буын дегеніміз

- сүйектердің қозғалмалы байланысатын жері

Буынның шығуы

- сүйек басының таюы

Бұлшықеттер пішініне қарай бөлінеді

- жалпақ, төртқырлы, көпқырлы, домалақ, ұзынша

Бұлшықеттердің атқаратын қызметі

- бүгу, жазу, айналдыру, бұру, көтеру

Бас бұлшық еттері

- шайнау және ымдау

Арқа бұлшықеттері

- трапеция, ромб

Көкірек бұлшық еттері

- қабырғааралық, көкет

Құрсақ бұлшықеттері

- алдыңғы тіс тәрізді, сыртқы және ішкі қиғаш,тік

Қол бұлшықеттері

- иық және қол бұлшықеттері

Екібасты бұлшықет жиырылғанда

- бүгіледі

Үшбасты бұлшықет жиырылғанда

- жазылады (иық, шынтақ)

Адам ағзасындағы ең ұзын бұлшықет

- аяқтағы тігінші бұлшықеті

Тізе буынын жазатын бұлшық ет

-төртбасты

Ағзаның ішкі ортасы


Ағзаның ішкі ортасына жатады

- қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы

қан құрамы

- 55℅ плазма, 45℅ қан жасушалары

Плазма құрамы

- 90-92℅ су; 7-8℅ нәруыз; 0,7-0,8℅ май; 0,12℅ глюкоза; 0,9℅ тұз

Плазмадағы нәруыздар

- альбуминдер (4,5℅), глобулин (1,7-3,5℅), фибриноген(0,4℅)

сарысу дегеніміз

- фибриноген нәрузы болмайтын қан сарысуы

Қан жасушалары

- лейкоциттер, эритроциттер, тромбоциттер

Эритроцит

- қанның қызыл түсті ядросыз жасушалары, өздігінен қозғалмайды; 1 мм3 қанда 4,5-5 миллион; жаңа туған нәрестеде 1мм3 қанда 6-7 млн болады, 3 айдан кейін қалыпқа келеді

Қанның қызыл түсі

- гемоглобинге байланысты

Оттегімен қосылған гемоглобин

- оксигемоглобин

Оттегіне қаныққан қан

- алқызыл түсті

Көмірқышқыл газына қаныққан вена қаны

- күңгірт қызыл түсті

Қанның қызыл түсті пигменті

- гемоглобин

100 мл қанда болады

- 15-16 г гемоглобин

Эритроциттің тіршілік ету ұзақтығы

-120-127 күн

Эритроцит түзіледі сүйек кемігінде

- түзіледі сүйек кемігінде, ыдырайды баыр мен көкбауырда

Лейкоцит

- қанның түссіз, ядролы, амеба тәрізді қозғалғыш жасушалары; 1 мм3 қанда 4-9 мың болады; 5-9 тәулік өмір сүреді

Лейкоциттер құрылыс ерекшелігіне сәйкес бөлінеді

- түйіршікті (эозинофилдер, базофилдер, нейтрофилдер) және түйіршіксіз (лимфоцит, моноцит)

Фагоцитоздық қабілет тән

-нейтрофилдел, моноцит, эозинофилдерге (жасушалық иммунитетті қалыптастырады)

Гуморальдық иммунитетті қалыптастырады

- лимфоциттер

Тромбоциттер

- қан пластинкасы, домалақ немесе сопақша пішінді, ядросыз жасушалар,1 мм3 қанда 250-400 мың, тіршілік ету ұзақтығы 7-10 тәулік

Қанның ұюы

-қанда болатын ерігіш фибриноген нәруызының ерімейтін фибринге айналуынан

Жарақаттан аққан қан ұйыйды

- 4-5 минутта

Фибриногеннің фибринге айналуы

-протромбин нәруызына байланысты

Протромбин түзіледі

- К витаминінің қатысуымен

Қан ұюы үшін қан сарысуында болуы қажет

- кальций тұзы

Тұқым қуалайтын қан ұйымайтын ауру

- гемофилия

Қаны ұйымайтын адам қанында жоқ

- глобулин нәруызы

Қан сарысуы неге ұйымайды

- фибриноген нәруызы болмағандықтан

ұлпа сұйықтығы

- ағзада жасушалар арасын толтырып тұратын, қан сарысуынан түзілетін түссіз мөлдір сұйықтық. Ересек адамда 14-20 литр болады

Ұлпа сұйықтығы айналады

- мүшелерден және лимфа тамырларынан ағып шығып, лимфаға айналады

Лимфа

- адамның лимфа тамырлары мен лимфа түйіндерінде болатын сұйық дәнекер ұлпа немесе сарғылт түсті мөлдір сұйықтық

Лимфаның химиялық құрамы

- 95℅ су, 1-2℅ нәруыз; 0,1℅ глюкоза; 0,9℅ тұз

1 тәулікте түзіледі

- 2-4 л лимфа

Лимфоцит дегеніміз

- бауырда түзілетін, лимфада болатын лейкоцит

Лимфаның қызметі

- ұлпа сұйықтығын қан айналым жүйесіне қайтарады; ағзаға түскен зиянды заттарды сүзіп қалады; аш ішек бүрлерінде майды сіңіреді

Иммундық жүйенің орталық мүшелер

- кемік майы, айырша без

Ағзадағы кемік майының мөлшері

- 2,5-3 кг

Иммундық жүйенің шеткі мүшелері

- бадамша бездер, лимфа түйіндері, көкбауыр, соқырішек

Лимфа түйіндері

- көбінесе ірі қантамырлар маңында болады, жалпы саны - 460

Көкбауыр

- 9-11 қабырғалар тұсында орналасқан; салмағы 150-200 г; қызметі қан жасушаларын түзу және уақытша сақтау

Лимфоцит жасушалары атқаратын қызметіне қарай бөлінеді

- Т-лимфоцит (айырша безде түзіледі); В-лимфоцит (лимфа ұлпаларында жетіледі)

Қарсыгендер (антиген)

- ағзаға түскен зиянды микробтар мен олар бөліп шығарған улы заттар

Қарсыдене

- антигендерге қарсы ағзада түзілген заттар

Шешекке қарсы егуді алғаш рет қолданған ағылшын дәрігері

- Эдуард Дженнер

Бір адам қаны екінші адам қанына сәйкес келмейтіні анықталды

- 1900 жылы

Резус-фактор дегеніміз

- адам мен макака-резус маймылының қанында болатын ерекше нәруыз

СПИД ауруын қоздыратын вирусқа алғаш анықтама берген

- 1983-1984 жылы американдық Роберт Галло мен француз ғалымы Люк Монтанье

Бірінші рет СПИД ауруы тіркелді

- 1981 жылы АҚШ-тың Калифорния штатында

Жүрек-қантамырлар және лимфа жүйелері


Жүректің салмағы

- 253-300г

Жүрек қабырғасының қабаттары

- сыртқы дәнекер ұлпалы (эпикард); ортаңғы бұлшықетті (миокард); ішкі эпителий ұлпалы (эндокард)

Жүрекше мен қарынша аралығында

- қанды бір бағытқа қарай өткізетін жақтаулы қақпақшалар бар

Жүрек қуыстары мен қанның ағу бағыты

- жүрекше →қарынша →артерия қантамырлары

Ересек адам жүрегі соғады

- минутына 70-75 рет

Жүрек соғу кезеңдері

- жүрекшенің жиырылуы (0,1 сек); қарыншаның жиырылуы (0,3 сек); үзіліс(0,4 сек)

Қарыншалар әрбір жиырылғанда қантамырларға ағады

- 70-80 мл қан

1 минутта жүректен өтеді

- 5-5,5 л қан

Жүрек бұлшықеті жасушалары

- 1-ші жиырылатын; 2-ші өткізгіш жүйесін құрайтын

Жүрек автоматиясы дегеніміз

- жүректе болатын қозу толқынына жауап ретінде бұлшықеттің ырғақты жиырылуы

Жүрек жұмысын зерттейтін аспап

- электрокардиограф

Жүрек жұмысының реттелуі

- жүйкелік (сопақша мидағы орталық, вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөліктері) және гуморальды (адреналин, тироксин гормондары)

Калий тұзы

- жүрек жұмысын баяулатады

Кальций тұзы

- жүрек жұмысын күшейтеді

Артерия

- жүректен шыққан қанды алып кетуші қантамыры

Вена

- жүрекке қан әкелуші тамыр

Артерия қантамырының қабырғасы

- 1-ші сыртқы қабаты дәнекер ұлпасынан тұрады; ортаңғы қабаты бұлшықетті; ішкі қабаты жалпақ эпителий эпителий жасушаларынан түзілген

Ең ірі артерия

- қолқа (аорта)

Артерия қаны

- алқызыл түсті оттегіне қаныққан

Артерия қаны ақпайтын артерия қантамыры

- өкпе артериясы

Вена қаны

- күрең қызыл түсті, көмір қышқыл газына қаныққан

Вена қаны ақпайтын вена қантамыры

- өкпе венасы

Вена қантамырының ерекшелігі

- қанның кері ағуына мүмкіндік бермейтін жарты ай тәрізді қақпақшалары бар

Қылтамыр

- адам шашынан 50 есе жіңішке, барлық мүшелер мен ұлпаларды торлайды, қабырғасы бір қабат эпителий жасушаларынан түзілген

Үлкен қанайналым шеңбері

- жүректің сол жақ қарыншасынан басталып, дене жасушаларына қанды таратып, жүректің оң жақ құлақшасына құяды

Кіші қанайналым шеңбері

- жүректің оң жақ қарыншасынан басталып, өкпеде көмірқышқыл газын оттегіне алмастырып, жүректің сол жақ қарыншасымен аяқталады

Қанның үлкен және кіші шеңберлерде айналу уақыты

- 23-27 с

Тамырдың соғуы дегеніміз

- артерия қантамырларының ырғақты тербелісі

Қанқатпа (варикоз) пайда болады

- вена қантамырларының кеңеюінен

Жүрек кемістігі

- жүрек қақпақшаларының зақымдануы

Қаназдық (анемия)

- қанда эритроциттердің азайып, гемоглобиннің кемуінен болады

Аққандылық (лейкемия)

- лейкоциттердің тез көбейіп қан ағынын толтырып жіберуі

Лимфа

- сарғылт түсті сұйықтық

Лимфаның қаннан ерекшелігі

- нәруызы аз, эритроциттері жоқ

Лимфа жүйесінің қанайналым жүйесінен ерекшелігі

- артерия тамыры жоқ, қылтамырларының ұшы тұйық, бір бағытқа жүрекке қарай ағады

Лимфа қылтамырлары торламайтын мүшелер

- ми, жұлын, қағанақ, шеміршек, көз бұршағы

Лимфа түйіндерінің орналасқан жері

- қолтық, шат, мойын, құрсақ қуысы, шынтақ пен тізенің бүгілісі, астыңғы жақ сүйек

Лимфа жүйесіне жатады

- лимфа қылтамырлары, лимфа тамырлары, лимфа түйіндері, лимфа өзектері

Лимфа өзегі дегеніміз

- ірі лимфа тамырлары

Лимфа сұйықтығы қанайналым жүйесіне қосылады

- үлкен қанайналым шеңберінің ірі вена қантамырларымен

Лимфа жүйесінің қызметтері

- 1-ші ұлпа сұйықтығын қанайналым жүйесіне қосады; 2-ші лейкоцит түзеді; 3-ші биологиялық сүзгі қызметін атқарады; 4-ші аш ішек бүрлерінде майды сіңіреді

Ересек адамдағы лимфа мөлшері

- 1-2 л



Тынысалу жүйесі

Тынысалу

-мүшелер мен қоршаған орта арасындағы газ алмасу

Ауа өтетін жолдар

-мұрын қуысы (кеңсірік), жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, ауатамыр

Кеңсіріктегі кірпікшелері мен түктері бар сілемейлі қабаттың қызметі

-ауа жылыту, микробтарды жою, шаң-тозаңдарды ұстап қалу

Ас қорыту және тынысалу жүйесіне де жататын мүше

-жұтқыншақ

Мұрын қуысына енген микробтарды жояды

- лейкоциттер

Мұрын қуысының бөліктері

-2

мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше

- көмекей (көмей)

Ер адамның көмекейінің орташа ұзындығы

- 44 мм

Әйел адамның көмекейінің орташа ұзындығы

- 36 мм

Дыбыс шығаруға қатысады

- көмекей, дыбыс саңылауы, мұрын, ауыз қуысы, тіл, ерін, тіс

Көмекейдің төменгі бөлімі жалғасады

- кеңірдекке

кеңірдек

- өңештің алдыңғы жағында орналасқан, ұзындығы 9-12 см, жартылай шеміршекті мүше

Кеңірдек жалғасады

- ауатамырға

Ауатамыр тармақшаларының ұштары шоғырланып аяқталады

- іші ауаға толы өкпе көпіршіктері альвеолдармен

Альвеола

- диаметрі 0,2-0,3 мм, қабырғасы бір қабат эпителий жасушаларынан тұрады, сыртын қылтамырлар торлаған

Өкпе

- көкірек қуысының қабырғасына жанаса орналасқан кеуекті, серпімді мүше

Оң жақ өкпе

- 3 бөлікті

Сол жақ өкпе

- 2 бөлікті

Өкпенің сыртын қаптайды

- Дәнекер ұлпасынан түзілген өкпеқап (плевра)

Тыныс алуға қатысады

- көкет және қабырғааралық бұлшықеттер

Атмосфералық ауаның (тыныс алғандағы) құрамы

- 78℅ азот, 21℅ оттегі, 0,03℅ көмірқышқыл газы

Тыныс шығарғандағы ауаның құрамы

- 49℅ азот, 16℅ оттегі, 4℅ көмірқышқыл газы

Өкпедегі және ұлпадағы газ алмасу кезеңдері

- 1)сыртқы өкпелік; 2)газдардың қан арқылы тасымалдануы; 3)ішкі ұлпалық

Өкпедегі газ алмасу жүреді

- диффузия жолымен

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы дегеніміз

- адам терең тыныс алып, тыныс шығарғандағы ауаның ең көп мөлшері

Ер адамдардағы ӨТС

- 3500-4800 мл

Әйелдерде ӨТС

- 3000-3500 мл

Жалпы ӨТС

-3500 мл

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы

- тыныстық сыйымдылық (500 мл) + тыныс алудың қосымша сыйымдылығы (1500 мл) + тыныс шығарудың қосымша сыйымдылығы (1500 мл)

Қалдық ауа сыйымдылығы дегеніміз

- терең тыныс шығарғанда өкпеде қалып қойған ауа (1200 мл)

ӨТС анықтайтын құрал

- спирометр

Тыныс алу орталығы

- сопақша мида

Тыныс алу гуморальды жолмен реттеледі

- адреналин, тироксин гормондары арқылы

Өкпені жарақаттайтын ауру

-туберкулез

Даладағы лас шаңның ішінде туберкулез тақшалары тіршілік етеді

- 3-14 күн

Бүкіл ағзаны әлсірететін кең тараған жұқпалы ауру

- тұмау

Темекі түтініндегі адам ағзасына зиян келтіретін заттар

- 200-ден астам

Асқорыту жүйесі


Тәулігіне қажет нәруыз

- 100-120 г

Тәулігіне қажет көмірсу

- 450-500 г

Тәулігіне қажет май

- 70-100 г

Тәулігіне қажет су

- 1,5-2,5 л

Асқорыту дегеніміз

- тағам құрамындағы күрделі ағзалық қосылыстардың ыдырап қан мен лимфаға өтуі

Асқорыту мүшелері

- ауыз қуысы →жұтқыншақ →өңеш →қарын →аш ішек →тоқ ішек →тік ішек

Асқорыту мүшелерінің қабырғасы тұрады

- 3 қабаттан 1) сыртқы - дәнекер ұлпадан тұратын сір қабат; 2) ортаңғы - бұлшықет; 3) ішкі -эпителий

Ауыз қуысы тұрады

- ауыз кіреберісі және нағыз ауыз қуысы деп аталатын 2 бөлімнен тұрады

Жұтқыншақ

- түтік пішінді іші қуыс бұлшықетті мүше, көлденең жолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады, ұзындығы - 11-13 см

Жұтқыншақтың ауыз қуысына жалғасқан жерінде орналасқан

- 6 бадамша бездер

Өңеш

- ұзындығы 25 см

Қарын

- құрсақ қуысының жоғарғы бөлімінің сол жағында көкеттің астында орналасқан асқорыту жолының кеңейген мүшесі

Қарынның көлемін үлкейтеді

- ішкі жағын астарлап жатқан қатпарлы сілемейлі қабықша

Қарынның қабырғасындағы бірыңғай салалы бұлшықет талшықтарының орналасу бағыты

- ішкі - қиғаш; ортаңғы - сақина тәрізді; сыртқы - ұзынынан

Қарынның өңешпен және ұлтабармен жалғасқан жерінде болады

- сақина тәрізді бұлшықет

Аш ішек

- қарын мен тоқ ішекті жалғастыратын түтік пішінді бұлшықетті мүше, ұзындығы 5,5-6 м

Ұлтабар

-аш ішектің қарыннан басталған 25-30 см бөлімі

Ұлтабарға ашылады

- бауыр және ұйқы безінің өзегі

Аш ішектің сілемейлі қабықшасында болады

- тұйық өскін түріндегі бүрлер

Бүрлердің сырты түзіледі

- бір қабатты эпителий жасушаларынан

Аш ішек бұлшықеттері

- ішкісі сақина тәрізді, сыртқысы ұзына бойы орналасқан

Аш ішекте май, көмірсу сіңуін тездететін витамин

-А,В

Тоқ ішектің ұзындығы

- 1,5-2 м

Бүйен

- тоқ ішектің аш ішектен басталған жері

Соқыр ішек (аппендикс)

- бүйеннің төменгі шетіндегі ұзындығы 7-8 см-дей құрт тәрізді тұйық өскін

Тоқ ішектің соңғы бөлімі

- тік ішек

Су қайтадан сіңіріледі, нәжіс қалыптасады

- тоқ ішекте

Тоқ ішекте болатын бактериялар

- өсімдік жасұнықтарын ыдыратады, кейбір витаминдерді синтездейді, зиянды микробтардан қорғап, тамақтың дұрыс қорытылуын қамтамасыз етеді

Тістің құрылысы

- сауыты (денесі), мойыны және түбірі

Тісті қаптайды

- кіреуке (эмаль)

Адам денесіндегі ең қатты ұлпа

- тіс кіреукесі (1 мм3 - 400 кг салмаққа төтеп береді)

Жақ сүйектеріндегі тіс ұяшықтарына цемент заты арқылы бекінеді

- тіс мойыны арқылы

Бір түбірлі тістер

- күрек, сойдақ (ит)

Екі түбірлі тістер

- кіші және үлкен азу

Үш түбірлі тістер

- жоғарғы жақтың үлкен азу тістері

Тістің негізгі бөлігін құрайды

- дентин заты

Микробтардың әсерінен тістің дентин затының бұзылуынан болатын ауру

- тісжегі

Тұрақты тіс саны

- 28-32 күрек тістер- 8, сойдақ тістер - 4; кіші азу тістер - 8; үлкен азу тістер - 12

Сүт тістің саны

- 20, 2 жасқа дейін шығады

Тұрақты тістер толық шығып бітеді

- 12-14 жаста

Үлкен (ақыл) тістер шығады

- 18-20 жаста

Қазіргі замандағы физиологиялық теорияға академик И. П. Павловтың қосқан үлесі

- қарын сөлі бөлінуінің гуморальдық жолмен реттелуін көрсетті

Асқорыту бездеріне жатады

- 3 жұп сілекей, бауыр және ұйқы бездері

Асқорыту бездерінің қызметін Павлов зерттеді

- фистула (жыланкөз ) әдісі арқылы

Қазіргі кезде асқорыту мүшелерінің ішкі сілемейлі қабығындағы өзгерістерді зерттеуде қолданылады

- эндоскопия әдісі

Асқорыту бездерінен бөлінетінсөлдің құрамындағы күрделі ағзалық заттарды қарапайым заттарға дейін ыдырататын ерекше заттар

- ферменттер

Зәр шығару жүйесі

Ыдырау өнімдері дегеніміз

-ағза енді қайта пайдаланбайтын зат алмасудың соңғы өнімдері

ыдырау өнімдері шығарлатын мүшелер

-бүйрек,өкпе,тері,тер бездері,ішек

Ыдырау өнімдер күйі

-сұйық, газ, қатты

Зәр шығаратын жүйесіне жатады

-2 бүйрек,2 несепағар,1 қуық,1 зәр шығару өзегі

Ыдырау өнімдерін шығаратын негізгі мүшесі

-бүйрек(75%)

Бүйрек орналасқан

-1-ші, 2-ші бел омыртқасының екі жағында

Бүйректің пішіні

-үрмебұршақ тәрізді

Салмағы

-150гр

Бүйрек қақпасы

-бүйрек артерия тамырлары, бүйрек веналары, жүйке талшықтары мен несепағар жолы бүйрекке енетін ойыс жағы

Бүйректің сыртқы қабаты

-қыртысты,

Бүйректің ішкі қабаты

- милы

Бүйрек астаушасы дегеніміз

-бүйректің ойыс жағыдағы шағын қуыс

Бүйректің құрылымдық және қызметтік бірлігі

-нефрон(әр бүйректе миллионнан астам)

Нефрон бөлінеді

-1)Бүйрек денешігі - сыртынан қоршап жатқан бөлімі қыртысты затта орналасқан; 2)нефрон өзекшелері - шумақталып ішкі бозғылт милы қабатта орналасқан

Артерия қантамырлары 2 рет қылтамырлар шумағын құрайды

-бүйректе

Бүйректен минутына өтеді

-5л қан

Бүйректің ең негізгі қызметі

-сүзгіштік, "биологиялық сүзгі деп аталады"

Несеп ағар

-қабырғасы қалың бұлшық етті түтікше пішінді жұп мүше, ұзындығы 25-30 см, бүйректі қуықпен жалғастырады

Қуық

-жамбас қуысында орналасқан, сыйымдылығы 500 мл

Зәр шығару өзегі

-әйелдерде ұзындығы 3-3,5 см, ерлерде 18см

Ерлерде зәр шығаратын өзегінің қызметі

- зәр шығарады және жыныс жасушасын шығарады

Зәрдің құрамы

-96 % -су,1,5% бейорганикалық заттар,2,5% ағзалық зат

Несепнәр бауырда түзіледі

-аммиактан

Тәулігіне бөлінетін зәр мөлшері

-1,2-1,6 литр

Зәрдің сарғыш түсті болуы

-урохром пигментіне байланысты

Урохром түзіледі

-гемоглобиннің ыдырауынан, ішекпен бүйректе, өт пигментінен

Бүйректе тәулігіне ағып өтеді

-1700-1800 литр қан

Зәр түзілу кезеңдері

-1.сүзілу (филтрация); 2.қайта сіңірілу (реабсорбция)

Бірінші реттік зәрдің түзілімі

-қыртысты затта орналасқан бүйрек денешігіндегі "капсуладағы" қылтамыр шумағында" 10л қаннан 1л бірінші реттік зәр түзіледі

Бірінші реттік зәрдің құрамы

- қан сарысуына ұқсас, бірақ нәруыздары жоқ

Екінші реттік зәр түзіледі

- судың және басқада заттардың қанға қайтадан сіңуінен, тәулігіне 1,5 литр (нефрон өзекшелерінде)

Уремия "зәрлі қан"

- қанда несепнәрдің мөлшерінің шектен тыс көбеюі

Нефрит

- бүйректің ең қауіпті ауруы, бүйрек қабынады

Жарақаттан бүйректен қанға көп бөлінеді

- қан тамырларын тарылтып қан қысымын көтеретін "ренин" заты

Бүйрек тасы

- зәр құрамындағы нашар еритін қатты заттардың бүйректе жиналуы (зәр шығару жолында)

Цистит

- қуықтың қабынуы

Энурез (шыжың)

- түнде зәр тоқтамауы

Қазіргі кезде өте қауіпті бүйрек ауруларын емдеу кезінде қолданылатын жасанды бүйрек аспабы

- гемодиализатор

Тері

Адам денесінің сыртқы жабыны

- тері

Терінің қызметі

- қорғаныш,зат алмасу,жылу реттеу,сезу,ыдырау өнімдерін бөлу,газ алмасу,қор жинау

Құрылысы

-1.сырқы қабаты эпидермис; 2.ортаңғы қабаты нағыз тері"дерма"; 3.ішкі қабат шелді қабат

Эпидермис

-көп қабатты жалпақ эпителий ұлпасынан тұрады, қалыңдығы әр түрлі мысалы: алақан мен табанда 0,5-2,3 мм; көкіректе, құрсақта, санда, білекте, мойында-0,02-0,05 мм

Эпидермис қабаты

-1.мүйізді қабат; 2.өсуші қабат;

Мүйізді қабат

-теріні сыртқы орта әсерлерінен қорғайды, ауру қоздырғыш ағзаларды өткізбей, түлеп түсіп отырады

Мүйізді қабаттан пайда болады

-шаш,түк,тырнақ

Эпидермистің өсуші қабатындағы тірі жасуша бөлінуінен

-тері қалпына қалпына келіп отырады

Тері ауруларын емдейтін дәрігер

-дерматолог

Дерма қабаты түзіледі

-дәнекер қабатынан, қалыңдығы 1-2,5 мм

Дерма қабатын

-сыртқы емізікшелі, ішкі торлы

Емізікшелі қабатта

-қантамыр, лимфа тамырлары, жүйке талшықтары жиі орналасқан

Саусақ ұшындағы тері бедері

-емізікшелі қабатта

Торлы қабаты

-тірек қызметін атқарады, түк түбірі, май бездері және тері бездері осы қабатта орналасқан

Тер безінің пішіні

-түтікше тәрізді

Тер бездері көп шоғырланған

-алақан, табан, қолтық, тақым

Майлы бездер өзектері ашылады

- түк түбіріне

Теріден бөлінетін майдың қызметі

-теріні құрғап кетуден сақтап, теріге теріге су өткізбей жұмсақтығы мен серпімділігін қамтамасыз етеді

Шел қабаты

-дәнекер ұлпадан тұрады, жиналған майлы заттарды ағза қажет кезінде пайдаланады, ағзаны суықтан және сыртқы ортаның механикалық әсерінен қорғайды

Эпидермистің қосалқы мүйізді түзілістері

-шаш,түк,тырнақ

Түк болмайды

-алақанда,табанда,ерінде

Шаш дегеніміз

-бас терісінде қалың өскен түктер

Саусақ ұштарының сыртында орналасқан жалпақ мүйізді түзіліс

-тырнақ

Дені сау ересек адамның дене температурасы

-36,5-36,9 градус

Адамды қазаға ұшыратады

-43 градусқа температура көтерілу және 25 градусқа төмендеу

Адамның бір тәулікте бөлетін 1350 Дж энергиияның тері арқылы сыртқа шығатыны

-80%-ы

Адам денесінде жылудың реттелуі

-химиялық және физикалық

Саңырауқұлақ арқылы таралатын тері ауруы

-теміреткі

Қышыма кене таратады

-қотыр ауруын

Теріге түс беретін пигмент

-меланин

Жыныс жүйесі


Жыныс безі

-аралас без

Аталық жыныс жасушасы түзіледі

-сперматогенез

Аналық жыныс жасушасы түзіледі

-овогенез

Аталық және аналық жыныс жасушасы түзіледі

-гаметогенез

Жатыр

-жамбас қуысында қуықтың артқы жағында орналасқан алмұрт пішінді бұлшықетті мүше

Ұрықтану

-аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы

Аналық бездің жетілуі

-овуляция (айына бір рет)

Аталық жыныс безінен бөлінеді

-300 млн бар 3-5 см3 шәует

1 см3 шәуетте қалыпты жағдайда

-60 млн сперматозоид болады

Сперматазоидтер ұрықтандыра алады

-24-48 сағат дейін

Ұрықтың дамуын зерттейтін ғылым

-эмбриология

Ұрықтың алғашқы 4 айға дейінгі дамуы

-ұрықтық

4 айдан кейінгі дамуы

-нәрестелік

Постэмбриогенез

-туған сәттен өлгенге дейінгі кезең

Жатырда ұрықтың сырты қапталған

-қабықпен (қағанақпен)

Жүктіліктің 3 айында анасы мен ұрықтың ұлпаларында түзілетін арнайы мүше

-ұрықжолдас

Ұрық тыныс алады,қоректенеді,қажетсіз заттарды бөледі

-ұрықжолдас арқылы

Кіндік бау түзіледі

-ұрықты ұрықжолдас пен байланыстырып 3қантамыр (2 артерия,1вена), бірігуінен

Постэмбриогенез кезеңдері

-1.нәрестелік (1-28күн) нәресте өз алдына тіршілік ете бастайды

2.емшектік кезең(1-12ай) қорқынды өседі қозғалыс әрекеттері дамиды,сүт тістері дами бастайды, омыртқа бағанында иілімдер бола бастайды, аяқ-қол бұлшықеттері дами бастайды

3.Мектепке дейінгі сабилік кезең(1-3жас) сәби еркін жүреді, сөйлейді, әуестігі артады, әрнәрсені білгісі келеді, сүт тістері толық шығып үлгереді 2 жасқа дейін

4.Мектепке дейінгі естияр (4-6жас) бұл не деген сұраққа жауап іздейді,ми көлемі артып дамиды,ойын арқылы өседі

5.мектеп жасындағы ересек (7-11қыздар,8-12ұлдар) іс әрекетке сапалық өзгеріс байқалады,жаңа дағдылар қалыптасады,жауапкершілікті сезінеді

6.жасөспірімдік кезең (12-15қыздар,13-16ұлдар)екінші жыныстық белгілер дами бастайды.

7.балғын жастық (16-20бойжеткен,17-21бозбала) барлық мүшелер мен мүшелер жүйесінің қалыптасуы толығымен жетіледі

8.кемелденген (21-55әйедер,22-60ерлер) ақыл-ой саласы,ойлау қабілеті жетіліп,шығармашылық іс-әрекеттер табыстарға жетелейді

9.мосқалдық (56-74 әйелдер,61-74ерлер) қимыл әрекеттері баяулайды,зат алмасу процесі қарқыны бәсеңдейді

10.Қарттық кезең(75-90жас) барлық мүшелер жүйесінің қызметі зат алмасу қарқыны баяулайды есте сақтау қабілеті төмендейді

11.Ұзақ өмірлі кезең(90жастан жоғары)

Акселерация

-жас өспірімнің қарқынды өсуі

Геронтология

-ұзақ жасаушыларды зерттейтін ғылым

Мінез-құлық және психика

Мінез құлық дегеніміз

-өз қажетін қанағаттандыру мақсатын қалыптастыратын күрделі психикалық және физиологиялық үдерістер жиынтығы

Этология дегеніміз

-мінез-құлықты зерттейтін ғылым

Рефлекс ұғымын ғылымға алғаш рет енгізген француз ғалымы

-Декарт

Шартсыз рефлекс жүзеге асады

-жұлын,сопақша ми,ортаңғы ми,мишық

Түйсік инстинкт дегеніміз

-туа пайда болған ретті тізбек арқылы бірінен-бірі байланыстыратын шартсыз рефлекс жиыны

Тағамдық шартсыз рефлекс

-нәрестенің алғаш рет анасын емуі

Қорғаныштық шартсыз рефлексі

-көзді жыпылықтату

Бағдарлаушы шартсыз рефлекс

-басты және көзді бұру

Шартты рефлекстер жүзеге асады

-алдыңғы ми сыңарларындағы орталықтар арқылы

Ми қыртысының рефлекстік қызметін ғылыми тұрғыда түсіндірген

-Сеченов, еңбегі"ми рефлекстері" 1863ж

Рефлекстер туралы ілімді одан әрі толықтырып дамытқан орыс ғалымы

-Павлов

Жоғары жүйке қызметінің физиологиясы, мінез құлық туралы ғылымның негізін салушы ғалым

-Павлов

Бірінші және екінші сигналдық жүйе туралы ілімді жасаған

-Павлов

Биологиялық ырғақ дегеніміз

-Тірі ағзаларға тән ырғақты өзгеріс

Хронобиология және биоритмология дегеніміз

-тірі ағзаларда болатын ырғақты зерттейтін ғылым

Адам ұйқымен өткізеді

-өмірінің 1/3 бөлігін

Жаңа туған нәресте

-21-22 сағат

Алты айлық нәресте

-14сағат

Бір жасар сәби

-13сағат

17 жасар жасөспірім

-8 сағат

Ағзаның қорғаныш тежелуі

-Ұйқы

Ұйқы кезіндегі мидың белсенділігіне байланысты ұйқы бөлінеді

-1.баяу ұйқы: ми қыртысында баяу биоэлектрлі толқындар пайда болады,тыныс алу, тамырдың соғуы баяулайды,бұлшықет босаңсиды,қан қысымы төмендейді

2.тез ұйқы: ми қыртысында өте ұсақ бірақ жиі биоэлектрлі толқындар пайда болады, тыныс алу, тамыр соғу жиілейді, қан қысымы артады, зат алмасу күшейеді. Бұл кезде адам ұйықтап жатқанымен миы белсенді қалыпта болады. Бірақ адамды ояту қиынға соғады. Оғаш ұйқы деп те аталады

Адам түс көреді

-тез, оғаш ұйқы кезінде

Ми мен ағза тынығады

-ұйқының екі кезеңінде де

Түс көру

-тікелей мидың қызметіне байланысты күрделі психикалық үдеріс

Ұйқы орталығы

-аралық мида

Ұйқы бұзылуының кең тараған түрі

-ұйқысыздық

Летаргия

-қимылсыз ұйқы ауруы(бірнеше аптадан бірнеше жылға созылуы мүмкін)

Сана

-тек адамға ғана тән айналадағы бар нәрсені психикалық бейнелеудің көрінісі адам миының ең жоғарғы деңгейдегі қызметі

Түйсіну, қабылдау, ұғу

-айналадағы заттардың,құбылыстардың сезім мүшелері арқылы мида бейнеленуі

Зейін

-белгілі бір жағдайда адам психологиясының шоғырлануы,жинақталуы

Нышан немесе тума талант дегеніміз

-бойға біткен өзіне тән қабілет ерекшеліктің бейімі

Қабілеттілік

-жеке адамның бойындағы белгілі бір іскерлік,икемділік,біліктілік,т.б қасиеттерінің жиынтығы

Темперамент

-адамның жеке басына тән белсенділік іс-әрекетінің , көңіл күйінің көріністерін сипаттайтын ерекшеліктері

Темпераменттерді зерттеу

-Гиппократ

Бірінші ширақ топ сангвиник

-қозу мен тежелудің күші шамалас бір-біріне алмасуы тез жүреді,салмақты сезгіш,сезімтал,өзін бір қалыпты ұстай біледі,ұстамдылығы басым,қиындыққа төзімді әрі оны жеңе біледі

Салмақты байсалды топ флегматик

-қозудың күші айқын басымдылық көрсетеді,тежелу үдерісінде айқын әрі сылбыр көңіл күйі айқын байқалады,бірақ жұмысқа қабілетті,шыдамды,төзімді,тұйық,ұстамды,бос сөзді ұнатпайды,өзіне сенеді.ісі тындырымды

Ұстамсыздау топ хомрик

-қозу үдерісі өте күшті жүреді,тежелу одан баяу болады,өте ширақ,салмақты емес,ұшқалақ,ұзақор,кекшіл,айқанынан қайтпайды,бірақ адамдармен тез тіл табысады

Әлсіз топ меланхолик

-қозудың күші әлсіз,өте сезімтал, тез ренжиді,өзіне-өзі сенбиді,тұйық сылбыр,сөзге сараң,жасқаншақ,ұялшақ,кекшіл,уайымшыл,бірак бастаған ісін аяғына дейін істейді,өзін көпшіліктен бөлек ұстайды

Жігер

-адамның түрлі қиындықты саналы түрде жеңе білу қабілеті

Ішімдіктің бір литр қандағы мөлшері 0,04 ℅ болса

- ми қыртысының қызметі бұзылып, дұрыс ойлай алмайды

Ішімдіктің бір литр қандағы мөлшері 0,1 ℅ болса

- қозғалу үйлесімділігі бұзылады, көңіл-күйі күрт өзгереді

Ішімдіктің бір литр қандағы мөлшері 0,3 ℅ болса

- адам мүлдем есінен танып, не істегенін сезбейді

Ішімдіктің бір литр қандағы мөлшері 0,6 ℅-дан асса

- адам өледі

Ішімдік ағзада сақталады

- 1-2 тәулік

Қазіргі кезде жүйке жүйесін улайтын заттардың ең қауіптісі

- есірткі

Қазақстан халқының орташа өмір сүру ұзақтығы

- 64 жас (әйелдер - 71 жас, ерлер - 60 жас)

30


© 2010-2022