Қолданбалы курс тақырыбы: Биология және техника

Раздел Биология
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы,Райымбек ауданы

Ақсай орта мектебінің биология пәні

мұғалімі Сейфолдаева Бибігүл Бөшенқызы

Қолданбалы курс тақырыбы :

« Биология және техника»

(Жаратылыс тану бағыты үшін)

Түсінік хат.

Адам баласы қазіргі уақытта бұрын соңды болмаған орасан зор табыстарға жетіп жатыр. Техника саласын дамыта түсуде. Тұрмысқа қажетті энергия қуатын, материал- дық шикізатттарды тікелей табиғат көздерінен алу үшін қуатты да ,адам тәрізді істерді атқара алатын «ақылды машиналар» жасауда.Нанотехнология да дамуда. Осындай көптеген ғылым салаларының ішінде оқушыға бірден -бір белгілі бір бағытта маманданатын, қызығушылығын тудыратын ғылым саласының бірі -бионика.деп ойлаймын. Ғылым мен техниканың бір тұлға болып,тұтас кемелденуінің бір айғағы да -ол бионика .

Оқушылар курсты меңгеру барысында бионика ғылымының жетістіктерін,ғылым ретінде қалыптасуы,техниканы тұрмысқа пайдаланып,ғылым мен техниканың бір -бірімен ұласуын,табииғаттағы тірі ағзалардың тіршілігіндегі ғажап әрекеттер туралы біледі. Оқу процесі кезінде оқушы танымдық ой санасын, ойлау қабілетін дамытады. Білім жүйесі ғылыми түрде қалыптасады.

Екінші жағынан тұлғаның қалыптасуына ең қажетті элемент- өз бетінше жұмыс жасауға дағдылануы.

Үшіншіден, оқу процесінде ынталандырушылық,танымдық,тәрбиелілік,дамытушылық және тексеру сияқты фнукциялар жүзеге асырылады.

Жеке іздену жұмыстарын жүргізу барысында оқушылар еңбекқорлыққа,табандылыққа, творчестволықпен жұмыс жүргізуге,ұмтылысқа талпынады.

Пән аралық байланысқа негізделген ақпараттар енгізілген. Оқушылар мазмұнына байланысты биолог,физик, биофизик,өнертапқыш, инженер, архитектор,конструктор, техника ғылым саласы мамандықтары бойынша қажетті ақпараттар ала алады.

Бағдарлама да оқытылатын тақырыптар мазмұнымен қатар танымжорық енгізілген.

Курсты оқытудың мақсаты :

1. Оқушылар мектеп бағдарламасына сәйкес тірі ағзалардың құрылысы, тіршілік әрекеттері туралы оқып үйрету. Ғылым мен техниканы байланыстыру арқылы табиғи, техникалық ғажаптармен таныстыру.

2. Пән бойынша оқыту , дамыту, тәрбиелеу фнукцияларын іске асыру.

3.Кәсіби бағдар беру.

Курсты оқыту міндеттері

1. Оқушыларды жаратылыс тану ғылымы дүниетанымы мен техника ғылымының ғылым бейнесін, ғылыми көзқарасын қалыптастыру.

2. Тірі ағза тіршілігіндегі іс - әрекеттері мен техниканың дамуындағы құбылыстардың үйлесімділігін ұғыну арқылы ойлай білуге дағдыландыру.

3. Қызығушылығын тудыру.

4. Мамандықтарға баулу, кәсіби бағдар беру.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар :

  • Бионика ғылымы мақсаты мен міндеттерін білу.

  • Зерттеу бағыттары, әдістері

  • Қалыптасуы , басқа ғылым салаларының әсері. Тірі табиғаттың біртұтастығы

  • Тірі табиғатты көшірмелеу . Тірі табиғат іс - әрекеттерін техникада пайдалану

  • Құстар, жануарлар дене құрылыс ерекшеліктері, тіршілік әрекеттері

  • Өнертапқыштар еңбегі . Өсімдіктер әлемі

  • Тірі табиғат конструкциясы. Тұрмыста, техника т.б салаларда пайдалану.

  • Адам ағза мүшелері , құпиясы

  • Бионик ғалымдар, басқа да осы салаға байланысты маман иелері туралы

  • Қоршаған ортада тірі ағзалардың әрекетіне сипаттама бере алуы тиіс.

Оқушыларға ұсынылатын әдебиетер тізімі :

Қ.Қайымов.« Биология және техника» Алматы

Қ.Қайым. « Бионика табиғат перзенті».1977

Б.Шайкенов « Табиғаттағы биологиялық тепе -теңдік»

Ж.Әбиев. « Биология ғажаптары»,1969

Т. Таубаев « Жасыл әлем ғажаптары»,1964

Т. Сұлтанқұлов « Хайуанаттар тіршілігі ғажайыптары» 1977

Қ. Қайкенов «Балықтар әлемінде»1981

Пайдаланылған әдебиеттер :

Қ.Қайымов.« Биология және техника» Алматы

Қ.Қайым. « Бионика табиғат перзенті».1977

« Биология және техника» күнтізбелік жоспары

\аптасына 1 сағат. Барлығы 34 сағат\

Тақырып мазмұны

Сағат саны

Мерзімі

1

Кіріспе

Бионика ежелден белгілі жаңа ғылым.

1

2

Бионика ғылымының мақсаты мен міндеті. Негізгі әдістері

1

3

Бионика ғылымының қалыптасуына басқа ғылымдардың әсері.

1

4

Бионика ғылымының зерттеу бағыттары

1

5

Бионика өмірге жолдама алды.

1

Тір ағза және техника .

6

Тірі ағза тіршілік әрекетінің техникамен байланысы

1

7

Тіршілік етудегі энергияның ролі.

1

8-9

Өнертапқыштар -табиғат шәкірттері

2

10

Құстар мен техника. Өнертапқыштар жаңалығы

1

11-12

Хайуанаттар тіршілігі инженерлер назарында

2

13-14

Табиғат тамашалары және биониктер

2

15-16

Микроорганизмдер адамдарға қызмет етіп,биониктерге бағыт сілтейді.

2

17

Танымжорық

1

18

Реферат \ өзіндік ізденіс жұмыстары

1

19

Биологиялық ырғақ пен физиологиялық сағат.

1

20-21

Табиғат шеберханасы.

2

22-23

Табиғат - құрылысшы, конструктор,архитектор

2

24

Дене мүшелерінің құпиясы

1

25-26

Органдар сыры толық ашылды ма?

2

27-28

Жануарлардың алтыншы сезім органдары бионикаға меңзейді.

2

29-30

Табиғат тәлімі

2

31-32

Қазақ халқының тіршілік әрекетінің табиғатпен үндестігі. Деректер жинақтау. Хабарлама жасау.

2

33

Танымжорық.

Натуралистің қолжазбасынан

1

34

Сынақ тапсыру.

1



© 2010-2022