Открытый урок по теме

Сабақтың тақырыбы: Гүлдің құрылысы. Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларды гүлдің құрылысымен таныстыра отырып, гүл туралы жалпы мәлімет беру, білімін жетілдіру. ә)Аналық пен аталықтың қызметі мен құрылысымен таныстыру. Гүл туралы алған білімдерін дамыту. б) Табиғатта жүргенде гүлдерге қамқор болуға және оларды қорғауға тәрбиелеу Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік. Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, бөлме гүлі, суреттер, таратпа қағаздар. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Шаттық шеңбері «Мен тілеймін саған...». ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау ( үй тапсырмасы таратпа қағаздар арқылы  тексеріледі.) 1. Сабақтың ішкі құрылысына не жатады? 2. Сабақ қандай қызмет атқарады? 3. Сабақтың түрлерін ата. 4. Өзек қандай қызмет атқарады? 5. Жасымықша қай қабатта орналасқан, қандай қызмет атқарады? 6. Үрмебұршақ, пияз сабақтың қай түріне жатады? 7. Бақбақ, күріш сабақтың қай түріне жатады? ІІІ. Жаңа сабақ. Саб...
Раздел Биология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Гүлдің құрылысы.
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларды гүлдің құрылысымен таныстыра отырып, гүл туралы жалпы мәлімет беру, білімін жетілдіру.
ә) Аналық пен аталықтың қызметі мен құрылысымен таныстыру. Гүл туралы алған білімдерін дамыту.
б) Табиғатта жүргенде гүлдерге қамқор болуға және оларды қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, бөлме гүлі, суреттер, таратпа қағаздар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Шаттық шеңбері «Мен тілеймін саған...».
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау
( үй тапсырмасы таратпа қағаздар арқылы тексеріледі.)
1. Сабақтың ішкі құрылысына не жатады?
2. Сабақ қандай қызмет атқарады?
3. Сабақтың түрлерін ата.
4. Өзек қандай қызмет атқарады?
5. Жасымықша қай қабатта орналасқан, қандай қызмет атқарады?
6. Үрмебұршақ, пияз сабақтың қай түріне жатады?

7. Бақбақ, күріш сабақтың қай түріне жатады?

ІІІ. Жаңа сабақ. Сабаққа кіріспе: Балалар жаңа біз сендермен бір-бірімізге гүл беру арқылы жылы лебіздерімізді білдіріп жатырмыз. Бүгінгі сабағымыз дәл осы гүл туралы болмақ. Ендеше сендер мына сұраққа жауап беріп көріңдерші.

- Гүл деген не, қалай ойлайсыңдар?

- Ия, дұрыс айтасыңдар. Ал енді нақты бір анықтама беріп көрелік.

Гүл дегеніміз - көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген қысқарған өркен.
Гүл бөлімдері - гүл сағағы, гүл табаны (тұғыры), тостағанша жапырақша, аталық пен аналықтан тұрады.

Гүл сағағы - жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері.

Гүл табаны - гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының жоғарғы жағындағы кеңейген жері.

Тостағанша - көбіне жасыл түсті, гүлдің сыртында бірікпеген жеке немесе біріккен жапырақшалардан тұрады.

Күлте - тостағанша жапырақшалардан кейін орналасады.

Аталық - гүлдің көбеюге қатысатын бөлімі. Әрбір аталық - аталық жіпшесінен және тозаңқаптан тұрады.

Аналық - гүлдің жеміс түзуге қатысатын негізгі бөлімі гүлдің дәл ортасында орналасады. Аналықтың ұшын - ауыз, ортаңғы жіңішкерген жерін - мойын, түп жағындағы жуандаған жерін - жатын дейді.

Дұрысгүл мен бұрысгүл. Гүл жазықтығына бірнеше сызық жүргізгенде теңдей бөлікке бөлінсе - дұрысгүл. Гүл бөлімдеріне бір сызық жүргізуге ғана болса, бірнеше сызықпен теңдей бөлінбесе - бұрысгүл.

IV. Білімін тексеру.
Қатысты терминдерді орналастыр. Аналыққа, аталыққа, гүлдің құрылысына қатысты сөздерді асты-астына сәйкестендіріп қою.

V. Биологиялық диктант.

  1. Аналықтың ең негізгі бөлігі бір және көп ұялы бөлігі жатын деп аталады.

  2. Жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері гүл сағағы деп аталады.

  3. Күлте - тостағанша жапырақшалардан кейін орналасады.

  4. Гүл жазықтығына бірнеше сызық жүргізгенде теңдей бөлікке бөлінсе - дұрысгүл деп аталады.

  5. Тостағанша жапырақша мен күлте жапырақшаны гүл серігі дейді.


VІ. Қорытынды есебінде « Сұрақ - бізден, жауап - сізден» ауызша сұрақтарға жауап беру.
1. Гүлдің аталығының құрылысын атап бер.

2. Аналықтың құрылысын ата?
3. Гүл дегеніміз не?
4. Гүл бөлімдерін ата.

VІІ. Оқушыларды бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма беру.
Қосымша материалдардан гүлдің суретін және бөлме өсімдіктерінің аттарын және талдауын жазып келу, сөзжұмбақ құрастыру. Параграфты оқып келу және сұрақтарға жауап беру.





Телтай Сәрсенбеков атындағы орта мектебі

МДШО коммуналдық мемлекеттік мекемесі









Ашық сабақ

Тақырыбы Гүлдің құрылысы









Сыныбы 6

Пән мұғалімі Құттыбекова Е. Ж.



2014-2015 оқу жылы

© 2010-2022