Сыныптан тыс жұмыс. Тақырыбы: Туған жеріміздің табиғатын аялайық

Раздел Биология
Класс 12 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Невский орта мектебі

1.Сабақтың тақырыбы: Туған жеріміздің табиғатын аялайық!

2.Сабақтың мақсаты:а)оқушыларды шығармашылықпен жұмыс

жасауға дағдыландыру б)сөйлеу мәдениетін дамыту,туған елін,жерін Отанын,табиғатты сүюге в)білімдерін көрсете білуге

тәрбиелеу.

3.Көрнекіліктер:суреттер,нақыл сөздер

4.Сабақтың барысы:а)Ұйымдастыру бөлімі

б)Оқушылардың қатысуы

в)Қорытынды

1-жүргізуші:Ей, табиғат,шеберсің-ау,шеберсің

Көрмегенді көрсетерсің,берерсің

Ұлан-ғайыр байлығыңды місе етпей,

Аш көзденген адамдарға не дерсің?

2-жүргізуші:Халқымыздың мақтанышы болып саналатын ғалым, этнограф, саяхатшы Ш.Уалиханов кезінде былай деген

екен:Табиғат пен адам,өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан

ғажап,олардан құпия не бар?Осы айтылғандарды құрмет тұтсақ,адам баласына бақ пен құт әкеледі.

1-оқушы:Туған жер деген сөзде терең ұғым бар,әрі ол әрбір

адамның жарық дүниеге келген киелі мекені.

2-оқушы:Туған жер бар үмітім күтер алдан

Қасиетіңізді қастерлеп көтере алған

Мен қалай туған жерді ұмытамын

Қаны тамған,кіндігім сенде қалған

Қалайша ұмытамын мен Анамның

Бесігіме әлдилеп бөлегенің

3-оқушы:Туған жер,атамекен, ауыл деген сөздер жүргенімізге

жылы естіліп,сағыныш сезімге бөлейді,өмірге деген сүйіспен

шілігімізді арттыра түседі,ет жүрегімізді елжіретеді.

4-оқушы: Қандай ғажап ажарлы, аса көркем.

Қазақстан-арайлы туған өлкем

Тереземіз тең бүгін басқа елдермен

Өсе берсін ұл-қызың жайып өркен

Егемендік нышаны жарқын жастық

Болашаққа сеніммен қадам бастық

Көркейтейік туған жер табиғатын

Кең даламда жайқалсын алтын астық

5-оқушы: Туған жердің тағдыры біздің ата-бабамызды да

ерекше толғандырған.Олар өз ұрпақтарына осыншама кең

алқапты алақанымен аялап, ата жаулардан аман алып

қалған,оның әрбір ағашын,тасын, бұлағын аялай білген.

6-оқушы: Әрбір сөзі өнеге ата менен бабаның

Батыр ұлы көп болады даланың

Ұрпақтарын ұлылыққа жетелеп

Тағылымына зор мән берген баланың

7-оқушы:Табиғатты аялау әрбір адамның борышы.Табиғатты

сүйе білген,оны аялы алақанымен аялай білген адамның

ары да, жаны да таза болады.

Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

Жер бетінің ажары ол-сәніміз

Туған өлке табиғатын аялап

Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.

8-оқушы:Біздің ата-бабаларымыз бұлақтың көзін ашып,айналасына жасыл желек еккен.Туған жерге бау-бақша

егу де ата-бабадан қалған мұраның бірі.

Бағбан бабам бау өсіріп жеріне

Үлгі-өнеге көрсетті ол еліне

Бабалардан тағылым алған ұрпақтар

Тартып туар арғы ата-тегіне

Жасыл бақ көркі болған кең даланың

Ұ мытылмас ұлылығы ер бабамның

Жайқалған жасыл бақты көрген кезде

Құрметпен мен бабамды еске аламын.

9-оқушы:Ал,қазіргі кезде қырқылған ағаштарды көргенде,

ата-бабаның өнегесіне немқұрайды қарайтын қатыгездерді

аяусыз жазалағым келеді.

Мұңлы неге табиғат-Анамыз,

Қазір біланздің уланған ба санамыз?

Балаңа арнап бақ өсір -деген сөзді

Тереңінен ойлап айтқан бабамыз

Көзін ашып бақ өсір бұлағыңа да

Айналсын құтты қоныс тұрағыңа

Жайқалсын өлкемізде саялы бақ

Бөленіп күннің нұрлы шуағына.

Барлығы хормен:

Уландырма қазағымның даласын

Әрбір бала адал емсін Анасын

Аналар да тастамаын баласын

Шуағыңмен тазарт адам санасын

Атамекен әнімен кешіміз аяқталады.

Невский орта мектебі

Сыныптан тыс жұмыс

Тақырыбы:Туған жеріміздің табиғатын аялайық!

,

1.Сабақтың тақырыбы:Негіздердің құрамы және жіктелуі

2.Сабақтың мақсаты:а)жаңа тақырыппен оқушыларды таныстыру .б)индикаторларға әсері,негіздердің қышқылмен

әрекеттесуі жайлы білімді одан әрі дамыту.в)оқушылардың

пәнге деген қызығушылығын арттыру, білім сапасын көтеру,

қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

3.Көрнекіліктер:сызбалар,кестелер,слайдтар,компьютер,интерактивті тақта.

4.Сабақ түрі:жаңа сабақ.

5.Сабақ барысы:а)Ұйымдастыру бөлімі

б)Үй жұмысын тексеру

в)Жаңа сабақ

г)Индикаторлармен жұмыс

(метилоранж,лакмус, фенофталеин)

ж)Бағалау

з)Үйге тапсырма

Сабақты ''Химиялық элемент ''ойынан бастадым.(әрбір оқушы элементтің таңбасын жазып,салыстырмалы атомдық массасын жатқа айту керек.)

Үй жұмысын тексеру.Судың химиялық қасиеттері

а)Су қандай заттармен реакцияға түседі?

Жауабы:Жай және күрделі заттармен.

б)Судың белсенді металдармен әрекеттесуі жаз.

в)Судың мырышпен әрекеттесу реакциясын жаз.

г)Су кейбір бейметалдармен да әрекеттесе алады

д)Судың күрделі заттармен әрекеттесуін жаз.

е)Судың бейметалл оксидтерімен әрекеттесуі

Жаңа сабақты меңгеру.Негіздер дегеніміз-құрамына бір немесе бірнеше гидроксоптармен байланысқан металл атомы кіретін күрделі заттар.

Мысалы:натрий гидроксиді-NaOH

кальций гидроксиді-Ca(OH)₂

литий гидроксиді -LiOH

барий гидроксиді-Ba(OH)₂

мыс гидроксиді - Cu (OH)₂

Негіздердің бірінің құрамында ортақ гидроксотоп -ОН бар.

Химиялық элеманттің аталу мен теңб

Химиялық элементтің қосыл валент.

Химиялық формуласы

Аталуы.

Калий-К

I

KOH

Калий гидроксиді

Темір-Fe

II

Fe(OH)₂

Темір(II) гидроксиді

Мыс-Cu

II

Cu(OH)₂

Мыс (II) гидроксиді

Кальций-Ca

II

Ca(OH)₂

Кальций гидроксиді.

Темір-Fe

III

Fe(OH)₃

Темір (III) гидроксиді

Алюминий-AE

III

AE(OH)₃

Алюминий гидроксиді.

Негіздердің жіктелуі.

Суда еритін Суда еритін

li OH, NaОH, KOH,RвOH, Cu (ОН)₂Fe (OH)₂ Zn (OH)₂ CsOH суда өте жақсы ериді және т/б

Bа (ОН)₂ жақсы

ериді.Са (ОН)₂ аз ериді.

а )Заттардың формулалары берілген P₂ O₅,KCE, NaOH, SO₃ H₃PO₄, Ba (ОН)₂ , HNO3, FeloHl₂ Cr (ОН)₃ осылардың ішінен тек негіздердің формулаларын теріп жазыңдар. ж/бы: NaOH, Ba (OH)₂ , Fe (OH)₂ , Cr(OH)₃

б) Мына оксидтері сәйкес гидроксидтер формулаларын жазыңдар. Калий оксиді. Магний оксиді, калыций оксиді, натрий гидроксиді.

1) K₂O------KOH 3)CaО-----Ca(OH)₂

2)Mgo-----Mg (ОН)₂ 4)Mn₂O------Mn(OH)₂

Cілті мен қышқыл ертінділер...әсері,индикатор түсі ...өзгеруі.

Индикатор

Ортадағы

индикатор

түсі

Қышқылдық

Сілтілік

Б ейтарап

Лакмус

Фенофталеин

Метилоранж

қызыл

түссіз

қызғылт

көк

таңқурай түсті

сары

күлгін

түссіз

қызылсары

Лакмус пен Метилоранж ашық сабаққа келіпті.

Лакмус-сілтіге салса,көгереді.Метилоранж-сілтілік ортада ,

сары болады.

Сабақты бекіту.Үйге тапсырма:Негіздердің құрамы мен

жіктелуі тақырыбын оқып келу.Оқушылардың білімдерін

бағалау.(2-7жаттығуларды орындау)



Презентация

Тақырыбы:Н егіздердің құрамы мен

жіктелуі.

Орындаған:химия және

биология пәнінің мұғалімі

Саркеева Г.Қ



© 2010-2022