Урок по биологии Жасушаның ашылу тарихы

Раздел Биология
Класс 6 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок по биологии Жасушаның ашылу тарихы.Урок по биологии Жасушаның ашылу тарихы.Урок по биологии Жасушаның ашылу тарихы.Урок по биологии Жасушаның ашылу тарихы.Күні 12 айы 03 бекітемін

Сабақтың тақырыбы: Жасушаның ашылу тарихы.

Сабақтың мақсаты:1.Жасуша жайлы түсінік беру, жасушаның маңызын түсіндіру.

2. Оқушылардың шапшаңдығын, тез ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3.Жауапкершілікке, табандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.

Сабақтың әдісі: көрнекі баяндау

Сабақтың барысы:1 ұйымдастыру.

2Жаңа сабақты түсіндіру.

§3. Жасушаның ашылу тарихы. Ұлғайтқыш құралдар

Тірі ағзалардың ортақ белгісі - денесі жасушадан (клеткадан) тұрады. Кез келген тірі ағзаның тіршілік белгілерін сақтайтын ең кіші құрылымдық бөлшегі - жасуша. Көлемі кіші болғанымен, мыңдаған қосылыстар, жүздеген заттар жасушада ұдайы түзіліп, реакция тізбегіне қатысады. Жасушада тірі ағзаларға тән зат пен энергия алмасу, органикалық қосылыстардың түзілуі, өсу, көбею, тыныс алу жүреді.

Жасушаның ашылу тарихы микроскоптың шығуына байланысты. 1590-1610 жылдардың аралығында оптика шеберлері голландиялық әкелі-балалы Янсендер жарық микроскобын ойлап тапты. Микроскоп шыққаннан кейін өсімдік жасушасын зерттеу мүмкіндігі туды.

1665 жылы алғаш рет ағылшын ғалымы Роберт Гук өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен қараған. Ол майда ұяшықтарды көріп, оны жасуша деп атаған. Әдетте біз жасушаны жай көзбен көре алмаймыз. Оның мөлшері миллиметрдің мыңнан бір бөлігімен өлшенеді. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінде денесі бір ғана жасушадан тұратын өте қарапайым ағзаларды біржасушалылар дейді. Біржасушалылар көпжасушалы ағзалар сияқты тіршілік етеді.


Микроскоптың құрылысы

Микроскоп (грекше: «микро»- ұсақ, «скопэ»- қараймын) - өте ұсақ заттарды 100-ден 2 000 есеге дейін үлкейтіп көрсететін күрделі құрал (1-сурет).

Микроскоптың негізгі бөлігі - үлкейтіп көрсететін әйнектері бар көру түтігі. Көру түтігінің жоғары жағына 2 линзасы (әйнек) бар окуляр (латынша: «окулус»- көз) кигізілген. Төменгі жағына бірнеше линзасы бар объектив (латынша: «объектум» - зат) орналасқан. Көру түтігінің екі жағында бұрандасы бар. Бұранда арқылы көру түтігі жоғары көтеріп, төмен түсіруге болатын тұтқаға (штативке) бекітіледі. Көру түтігінің дәл астында ортасы тесік заттық үстелше орналасады. Заттық үстелшенің астында жарық қабылдайтын айналмалы айнасы бар. Микроскоптың барлық бөлшектері орнықты тұру үшін табанға бекітіледі. Затты тек жарықтың көмегімен көретіндіктен жарық микроскобы деп аталады.

Көретін затты неше есе үлкейтетінін білу үшін окуляр мен объективте жазылған сандарды бір-біріне көбейтеді. Мысалы, окулярда 15´ , ал объективте 40ґ болса, 15ґ40 = 600 есе үлкейтеді.

Микропрепарат дайындау

Микроскопқа қажетті құрал-жабдықтар: заттық әйнек (заттық шыны), жабын әйнек, су, сапты ине, тамызғы (пипетка). Кез келген затты микроскоппен қарау үшін алдымен препарат (микропрепарат) дайындайды. Ол үшін заттық шыныға тамызғымен 1-2 тамшы су тамызып, оған көретін затты салады. Үстін жабын шынымен жауып, заттық үстелшеге орналастырады да микроскоппен қарайды. Көретін затты еш уақытта сусыз қарауға болмайды. Өсімдік жасушасының ішкі құрылысын микроскоппен қарауға ең ыңғайлысы пияздың мөлдір қабығы - пияз өңі. Препарат жасауға аршылған пияз аламыз (2-сурет). Оның шырынды қабатының дөңес жағынан жұқа мөлдір қабықшасын сылып аламыз. Препаратты микроскоппен қарағанда, бір-біріне тығыз орналасқан ұзынша пішінді жасушалар көрінеді. Жасушаның қабықшасы, цитоплазмасы мен ядросы анық көрінеді. Судың орнына йодтың судағы әлсіз ерітіндісін тамызса, ядросы қоңыр түсті болып айқын көрінеді.

Микроскоппен жұмыс істеу тәртібі:

1. Микроскоппен отырып қана жұмыс істеу керек. Оны үстелдің шетіне (5-8 см қашықтықта) орнықты етіп қояды. Жұмыс істеп болғанша микроскопты орнынан қозғамайды. 2. Қарайтын заттың дайын препаратын микроскоптың зат үстелшесі ортасындағы тесікке дәл келтіріп орналастырады.

3. Қозғалмалы айна арқылы заттық үстелшедегі препаратқа жарық түсірілуі тиіс (жарықтың түскен-түспегенін окулярға қарап бақылайды). 4. Бұрандамен зат анық көрінгенше көру түтігін ептеп қана жоғары немесе төмен қозғайды. Объективпен көретін заттың ара қашықтығы мөлшермен 1 см-дей болғанда, зат анық көріне бастайды.

5. Жұмыс істеп болған соң микроскопты қабына салу қажет. 6. Микроскопты түрлі химиялық реактивтермен қатар қоюға болмайды, бөлек таза шкафта сақталады.

Микроскоптан басқа майда затты (3-5 есе) сәл үлкейтіп көрсететін, құрылысы қарапайым құрал - ұлғайтқыш қол әйнегі (лупа). Оның негізгі бөлімі - екі жағы бірдей дөңес шыны (линза). Пайдалануға ыңғайлы болу үшін шынының айналасы құрсауланған, қолмен ұстайтын сабы бар. Ұлғайтқыш әйнектің сабынан ұстап, заттың бейнесі анық көрінгенше затқа біресе жақындатып, біресе алыстатып қарайды.

Ұлғайтқыш қол әйнегінен күрделірек тұтқалы ұлғайтқыш әйнек болады. Ол затты 10-25 есе үлкейтеді. Тұтқалы ұлғайтқыш әйнектің де табаны (микроскоптікіндей), зат қоятын үстелшесі (тұтас тұнық әйнектен жасалған), қозғалмалы айнасы бар. Көру түтігін қозғайтын бұрандасы болады. Қарапайым көру түтігінің бір жағы - окуляр, екінші жағы - объективі. Затты көру тәртібі микроскоптағыдай.

Қорытынды.

А 1. Жасушада қандай процестер жүреді? 2. Ұлғайтқыш құралдардың түрлерін атап, айырмашылығын талдап көрсетіңдер. 3. Микроскопқа қажетті жабдықтарды атаңдар.

В 1. Микроскоптан негізгі бөліктерін атап, орналасқан жерін көрсетіңдер.

2. Көру түтігінде қандай бөлшектер орналасады? 3. Окуляр мен объективтің құрылысын, айырмашылығын айтып беріңдер.

С 1. Орналасу ретіне қарай микроскоптың бөлшектерін жатқа айтып беріңдер. 2. Жасушаның ашылу тарихының себептері, ашқан ғалымдар. 3. Микроскоппен қарау үшін микропрепаратты қалай дайындайды?



© 2010-2022