Жасушаның химиялық құрамы (10 сынып)

Раздел Биология
Класс 10 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Пәні: Биология 8Б

Сабақтың тақырыбы: §5Жасушаның химиялық құрамы:су,минералды тұздар.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға жасушаның органикалық құрамы туралы білім беру.

Білімділік: Жасушаның химиялық құрамындағы заттар,минералды тұздардың жасушадағы рөлі,нуклеин қышқылдарының қызметі туралы білімді қамтамасыз ету.

Дамытушылық: Жасушаның химиялық құрамын,су мен минералды тұздар туралы білімді сұрақ-жауап,түсіндіру әдісі арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелілік: Оқушыларды жасушаның химиялық құрамын,су мен минералды тұздардың адам өміріндегі маңызы жөнінде айта отырып,оқушыларды жүйелі жұмыс істеуге, өз ойын тиянақты айтуға,өзгені тыңдауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекіліктері: оқулық,плакат,тест тапсырмасы,перфокарта

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгіме,әңгімелесу.

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері: Жасуша органоидтарының суретін салу және оларды әртүрлі түспен бояу.

Химия;жасуша құрамындағы ағзалық қосылыстар элементтерден тұрады.

Сабақ құрылымы: I.Ұйымдастыру.

II. Үй жұмысын тексеру.

III. Жаңа тақырыпты баяндау.

IV. Бекіту.

V. Қорытындылау.

VI. Үйге тапсырма.

I.Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды түгендеп,сабаққа назарын аудару.

II. Үй жұмысын тексеру: §4.Жасуша органоидтары

Перфокарта сұрақтары;

1.Жасушалардың құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылым

  1. Цитология

  2. Зоология

  3. Ботаника

  4. Анатомия

  5. Ихтиология

2.Жасуша органоидтары:

  1. рибосома,митохондрия,лизосома,гольджи жиынтығы,жасуша орталығы

  2. эндоплазмалық тор,рибосома,митохондрия,лизосома,гольджи жиынтығы,жасуша орталығы

  3. митохондрия,лизосома,гольджи жиынтығы,жасуша орталығы

  4. лизосома,гольджи жиынтығы,жасуша орталығы

  5. гольджи жиынтығы,жасуша орталығы

3.Түйіршікті ЭПТ қызметі

  1. Майлар мен полисахарид алмасу

  2. Энергия жинақтаушы

  3. Жасуша бөлінуіне қатысады

  4. Көбеюге қатысады

  5. Нәруыздар синтезделеді

4.Домалақ немесе сопақ пішінді,бір қабатты жарғақшалы түзіліс

  1. Митохондрия

  2. Рибосома

  3. Лизосома

  4. Жасуша орталық

  5. Гольджи жиынтығы

5.Жасушаның ішін түгелдей бірімен бірі тығыз байланысқан түтікшелермен торлап жататын 2 жарғақшалы түзіліс

  1. Митохондрия

  2. Рибосома

  3. Лизосома

  4. Эндоплазмалық тор

  5. Гольджи жиынтығы

6.Ядроға жақын ,жасуша орталығын айнала қоршап жататын көпіршік,түтікше тәрізді түзіліс

  1. Митохондрия

  2. Рибосома

  3. Лизосома

  4. Жасуша орталық

  5. Гольджи жиынтығы

7.Центриоль Гольджи жиынтығына жақын орналасқан цилиндр пішінді 2 денешік

  1. Митохондрия

  2. Рибосома

  3. Лизосома

  4. Жасуша орталық

  5. Гольджи жиынтығы

8.Өсімдікке ғана тән органоид



  1. Митохондрия

  2. Рибосома

  3. Пластид

  4. Жасуша орталық

  5. Гольджи жиынтығы

9.Жасушаның негізгі тіршілік қасиеттері

  1. Зат алмасу,тітіркенгіштік,көбею,өсу мен даму

  2. тітіркенгіштік,көбею,өсу мен даму

  3. көбею,өсу мен даму

  4. өсу мен даму

  5. даму

10.Оттектің жасушаның құрамды бөліктерімен қосылуы

  1. тітіркенгіштік

  2. өсу

  3. жасушалық тынысалу

  4. даму

  5. көбею

III.Жаңа тақырыпты баяндау. Жасушаның химиялық құрамы.Жасушаның құрамында 80-нен астам химиялық элементтер кездеседі. Олар жасушадағы зат алмасу процестеріне қатысады. Әрбір жасушаның құрамы агзалық және бейагзалық қосылыстардан тұрады. Ағзалық қосылыстарға: нәруыздар (ақуыз), майлар, көмірсулар және нуклеин қышқылдары жатады. Бейағзалық қосылыстар: су және минералды тұздар. Ағзалық қосылыстар жасуша құрамының 20-30% үлесіне тең.1. Нәруыздар - көміртегі, сутегі, оттегі, азот, күкірт және т. б. элементтерден тұратын күрделі ағзалық заттар. Нәруыздар 45°-80° С-да ұйиды. Олардың құрамы 20 аминқышқылынан тұрады.2. Майлар үш элементтен құралған, олар: көміртегі, сутегі, оттегі. Майлар судан жеңіл, суда ерімейді. Май глицерин мен май қышқылынан тұрады.3. Көмірсулар - майларға ұқсас, көміртегі, сутегі, оттегіден тұрады. Көмірсу деп аталу себебі, сутегі мен оттегінің арақатынасы сумен бірдей. Демек, сутегі атомы оттегі атомынан 2 есе көп деген сөз. Көмірсуларға әр түрлі суда тез еритін тәтті (кристаллы) қанттар жатады. Бұлардың ішінде көбірек таралғандары - глюкоза (жүзім қанты) мен гликоген (жануарлар крахмалы). Гликоген бауыр мен бұлшықеттер жасушаларында кездеседі.Нәруыздар, майлар және көмірсулар - жасуша цитоплазмасының, ядросының және органоидтарының негізгі құрылыс материалдары болып саналады. Жасушаның бейағзалық заттары - су мен минералды тұздар. Жасуша цитоплазмасында су мөлшері аздау болады. Сондықтан цитоплазма - қоймалжың, жартылай созылмалы сұйықтық. Су жасушаға еріткіш ретінде өте қажет. Себебі жасушадағы түрлі химиялық реакциялар тек еріген заттардың арасында жүреді. Қорек заттары жасушаға тек сұйық (еріген) күйінде қабылданады. Жасушаның 80%-ы су. Оңдагы кажетсіз өнімдер мен зиянды заттар су арқылы сыртка шығарылады.Жасуша цитоплазмасында тұздардан көбірек кездесетіндері: хлорлы натрий, хлорлы калийден баска натрий, калий, кальций, магнийлердің фосфорлы және көмірқышқылды тұздары. Минералды тұздар судың жасушалар мен жасушааралық заттардың арасында теңдей бөлінуін қамтамасыз етеді.

Нуклеин қышқылдары (лат. nucleus - ядро) жасуша ядросында түзілетіндіктен осылай аталған. Нуклеин қышқылдарының құрамында көміртегі, оттегі, сутегі және фосфор болады. Нуклеин қышқылдары 2 топка бөлінеді:Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ);Рибонуклеин қышқылы (РНҚ).

IV. Бекіту.Биолологиялық диктант.

1.Әрбір жасушаның құрамы ...........және..............қосылыстардан тұрады.(ағзалық,бейағзалық).

2.Майлар үш элементтен тұрады,олар;........,..........,.........(көміртегі,сутегі,оттегі).

3.......... деп аталу себебі,сутегі мен оттегінің арақатынасы сумен бірдей.(көмірсу)

4.Жасушаның бейағзалық заттары-............ мен ..........(су,минералды тұздар)

5.Нуклкин қышқылдары екі топқа бөлінеді ............,............(РНҚ,ДНҚ)

6. Нәруыздар мен көмірсулар ыдырағанда ......... бөлінеді.(энергия)

7. ......... - жасушаның цитоплазмасында болады.(РНҚ).

V. Қорытындылау.Деңгейлік сұрақтар

  1. Жасушаның химиялық құрамында қандай заттар кездеседі-ағзалық (су,минералды тұздар) бейағзалық (нәруыз,май,көмірсу,нуклеин қышқылы).

  2. Нуклеин қышқылдары қандай қызмет атқарады-тұқым қуалау белгілерін ата анасынан ұрпаққа берілуі

  3. Көмірсулар жасушаның қандай заттары және олар жасушада қандай қызмет атқарады-энергия бөлінеді.

  4. Су жасушаға не үшін қажет- еріткіш

  5. Нуклеин қышқылдары жасушаның қай бөлігінен табылған,құрамында қандай элементтер бар -ядро,көміртегі,сутегі,оттегі,фосфор

  6. Майдың құрамындағы элементтерді атаңдар,олар жасушада қандай қызмет атқарады көміртек,оттек,сутек

  7. Көмірсулардың құрамындағы элементтерді атап оларға нелер жататынын ,қасиетін,жасушадағы рөлін түсіндіріңдер көміртек,сутек,оттек,азот,күкірт және т.б.

  8. Жасушаның химиялық құрамы қандай қосылыстардан тұратынын сызбанұсқа арқылы талдаңдар?

VI. Үйге тапсырма. §5 Жасушаның химиялық құрамы

.









© 2010-2022