«Химиялық және биологиялық заңдар» (химия+биология) аукцион сабақ

"Описание материала: Сабақ жоспарын дайындаған кезде оқушылардың танымдық, ұқыптылық, пәнге қызығушылық қасиеттерін дамыту үшін дәстүрлі емес сабақ түрін өткізу өте қолайлы. Мұндай сабақ жоспарын дайындау оқытушы тарапынан ізденісті, білімді, шыдамдылық пен төзімділікті, тапқырлықты талап етеді. Заман талабына сай технологияларды, әдіс - тәсілдерді қолдану оқытушының біліктілігі мен заманауи екендігін көрсетеді. Оқушылар жаратылыстану математика бағытында жұмыс жасайды. Мұндай оқушылар әр мате...
Раздел Биология
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: " Химиялық заңдар "

Мақсаты: " Химиялық заңдар тақырыбы бойынша білімдерін тексеру; шапшаң ойлау қабілетін дамыту; биржа мен аукциондағы іскерлік қатынасқа, тәртіпке уйрету"

Сабақ түрі: химиядан аукцион сабақ

Көрнекі құралдар: ойынға қажетті ақша белгілері: 500, 1000, 2000, 5000, 10000.

Сабақ жоспары:

1. Тақырыппен таныстыру
2. Лот 1. "Бейорганикалық химияның негізгі заңдары"
3. Лот 2. "Химик ғалымдар"
4. Лот 3. "Органикалық химияның негізгі заңдары"
5. Лот 4. "Әзілді химия"
6. Қорытынды

Лот 1. "Бейорганикалық химияның негізгі заңдары"

1. Заттың сақталу заңын кім ашты? (Ломоносов М.В)

2. Металлдардың кейбір тотығу реакцияларын зерттеген француз химигі (А. Л. Лавуазье)

3. Заттың құрамының сақталу заңын кім ашты? (Ж.Л. Пруст)

4. Химиялық реакциялардың жүру заңдылығын алғаш ұсынған француз химигі (К. Л. Бертолле)

5. 1887 жылы электролиттік диссоциация теориясын ұсынған швед ғалымы (С. Аррениус)

6. 1863 жылы металлдардың электрохимиялық қуатын құрастырған химик, Петербург ғылым академиясының академигі ( Н. Н. Бекетов)

Лот 2. "Химик - ғалымдар"

1. Композитор, үздік орыс химигі (А. П. Бородин)

2. Итальян ғалымы Станислао Канницароның (1826-1910) химия тарихына мұрасы ("эквивалент", "молекула", "атом")

3. Нобель сыйлығының лауреаттары, әйел химиктері (Мария- Склодовская- Кюри, Дороти Кроуфут- Ходжкин)

4. Дүние жүзі зертханаларында қолданылатын универсалды штативтерді құрастырушы- химик (Р. Бунзен)

5. 1774 жылы ауаның құрамын эксперименталды анықтаған француз химигі (А. Л. Лавуазье)

6. Ең бірінші химия ғылымдары докторы атағын алған орыс әйел химигі (Ю. В. Лермонтова)

Лот 3. "Органикалық химияның негізгі заңдары"

1. Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясын шығарушы (А. М. Бутлеров)

2. 1932 жылы алғаш синтетикалық каучукты өнеркәсіпте алу әдісін тапқан ғалым (С. В. Лебедев)

3. Сынап тұздары қатысымен жүретін таза ацетиленнің сумен әрекеттесу реакциясы қандай ғалымның есімімен аталған? (М. Г. Кучеров)

4. 1891 жылы мұнайды өнеркәсіптік крекингілеу әдісін шығарған орыс инженері (В. Г. Шухов)

5. Пекиндік Цай Лунь несімен атақты (Алғаш шүберектен қағаз жасаған)

6. Құрылымдық формулаларды жазуды ұсынған (Ф. А. Кекуле)

Лот 4. "Әзілді химия"

1. Адамның қай мүшесінде су мөлшері өте көп және өте аз? (көздің шыны тәрізді денесінде- 99%, тіс эмалінде - 0,2 %)

2. Қазіргі кездегі химияның наны не? (күкірт қышқылы)

3. Күн көзінде қандай киіммен күюге болады? (ацетатты жібек киімінде)

4. Нанның көлемін көбейтетін, бірақ нан пісіруде қолданбайтын ұн (фосфоритті ұн, жақсы шикізат)

5. Қандай сүтте сүт болмайды? (Ca (0H)2)

6. Жоғары температурада да күймейді (асбест)

7. Қандай металлдарды суық сумен жандыруға болады? (калий, рубидий, цезий)

8. Фарфор ең алғаш қайда табылды? (Қытайда)

9. Қағаз қанша уақыт "өмір сүреді"? (70-80 ж)

10. Химиктерге көп зиян келтірген элемент (фтор)

6. Қорытынды.



© 2010-2022