• Преподавателю
  • Биология
  • Сүйектер, бұлшық ет, сіңірлер –тірек қимыл жүйесінің құрамдас бөліктері. Олардың маңызы. Қаңқада сүйектердің байланысуы Буындардың құрылысы

Сүйектер, бұлшық ет, сіңірлер –тірек қимыл жүйесінің құрамдас бөліктері. Олардың маңызы. Қаңқада сүйектердің байланысуы Буындардың құрылысы

Сабақтың тақырыбы: Сүйектер ,бұлшық ет , сіңірлер –тірек қимыл жүйесінің құрамдас бөліктері . Олардың маңызы . Қаңқада сүйектердің байланысуы Буындардың құрылысы .  Мақсаты:Тірек қимыл мүшелер жүйесінің құрылысын,қаңқадағы әрбірсүйектің басқа сүйекпен ерекше байланысуын және буындардың құрылысын түсіндіру . а) білімділік: тірек –қимыл жүйесінің  құрылысы мен қызметтері туралы жаңа анатомиялық –физиологиялық түсініктерді қалыптастыру қаңқаның құрылысы мен қызметтері туралы білімдерін қалыптастыру...
Раздел Биология
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Сүйектер ,бұлшық ет , сіңірлер -тірек қимыл жүйесінің құрамдас бөліктері . Олардың маңызы . Қаңқада сүйектердің байланысуы Буындардың құрылысы .

Мақсаты:Тірек қимыл мүшелер жүйесінің құрылысын,қаңқадағы әрбірсүйектің басқа сүйекпен ерекше байланысуын және буындардың құрылысын түсіндіру .

а) білімділік: тірек -қимыл жүйесінің құрылысы мен қызметтері туралы жаңа анатомиялық -физиологиялық түсініктерді қалыптастыру қаңқаның құрылысы мен қызметтері туралы білімдерін қалыптастыру

ә)дамытушылық: Адамның тік жүруіне және еңбек етуіне байланысты қаңқасында пайда болған ерекшеліктерді анықтауға үйрету .

б)тәрбиелік: Салауатты өмір сүруге үйрету санитарлық -гигиеналық дағдыларын қалыптастыру .

Пән аралық байланыс: Жануартану

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақ типі: Аралас сабақ

Әдісі: сұрақ ,жауап, баяндау, тірек сызба

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

3. Білімді тексеру кезеңі .

4. Мақсат қою кезеңі.

5. Материалды түсіндіру кезеңі .

6 .Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі .

7. Бекіту кезеңі .

8.Үйге тапсырма беру кезеңі .

Жоспары:

1Тірек-қимыл жүйесінің маңызын ?

2Адам қаңқасының бөлімдерін ?

3Сүйектердің байланысын және буындардың құрылысын орналасуы мен қызметі қандай ?

Жаңа материлды оқыту

Қимыл -қозғалыс-бұл өмір Шынында да,адам о бастан қимылға бейімделген ,бәлікім табиғат солайшешкенболар. Біз сондықтан жүреміз ,жүгіреміз ,секіреміз,жүземіз ,күнде мыңдаған әр түрлі қимыл жасап ,еңкейіп тік жүреміз Мұның барлығын сүйек-бұлшықет жүйесі немесе тірек -қимыл апаратты қамтамасыз етеді . Барлық тірі ағзаларға тән қасиет -қимыл қозғалыс . Қимыл -қозғалыс дененің өсіп , дамуына әсер етеді .Оның адам денсаулығын сақтаудағы маңызы зор .

Қимыл-қозғалыссыз адамның еңбек етуі мүмкін емес .Дененің қимыл -қозғалысы сүйектерге бекінген бұлшық еттердің жиырылып -созылуына байланысты . Тірек -қимыл жүйесі денеге тяныш болып, оны қимыл-қозғалысқа келтіреді және ішкі мүшелерді қорғайды . Қаңқа және бұлшықет адамның тірек құрылымы мен қимыл -қозғалыс мүшелері болып табылады .Бұлардан құралған тірек -қимыл жүйесі адамның тік жүріп , түрлі еңбектермен шұғылдануына мүмкіндік туғызады . Адамның иық белдеулерінің эволюция тұрғысында дамуы ,олардың жүруге қатыспауы ,оның есесіне дене еңбегі түрлерінің дамуы,ой еңбегінің өрлеуіне үлкен қозғалтқыш күш болып ,әсерін тигізеді .Тірек-қимыл жүйесі бұдан басқа тіректік, қозғалтқыш және қорғаныш қызметтерін атқарады .Сүйек кемігінде қан жасушалары түзіледі.Сүйектің құрамында минералды тұздар мен микроэлементтер болатындықтан минералды алмасуға қатысады .Адам қаңқасы бір-бірімен өзара буын қалталары арқылыбайланысқан жеке сүйектерден тұрады Қаңқада 200-ден астам сүйектер бар. Ағзада болатын барлық сүйектер пішіні ,мөлшері жағынан ұзын сүйектер, қысқа сүйектер, жалпақ сүйектер деп бөлінеді . Ұзын сүйектеге қол -аяқты құрайтын жіліктер жатады .Ұзын сүйектердің жілік майы толтырып тұратын ортаңғы бөлігі қуыс болғандықтан түтікті сүйектер деп те атайды.Қысқа сүйектерге -омыртқа ,алақан,табан ,саусақ сүйектері жатады .Жалпақ сүйектердің ұзындығы мен ені әртүрлі. Жауырын , бас сүйектері , қабырға ,төс , жамбас сүйектері-жалпақ сүйектер .Сүйектердің байланысы. Сүйектің сыртында бұлшықеттер, сіңірлер бекінетін әр түрлі сайшалар төмпешіктер ,қантамырлары мен жүйкелер өтетін тесіктер болады Қаңқаны құрайтын сүйектер әр түрлі байланыыстар түзеді. Атқаратын қызметіне қарай байланыстар қозғалмайтын ,жартылай қозғалмалы және қозғалмалы деп бөлінеді. Қозғалмйтын байланысқа ми сауыты сүйектері мен сегізкөз жатады. Бұлар бір-бірімен тұтасып қозғалмайтындай болып байланысқан . Жартылай қозғалмалы-шеміршектер арқылы омыртқалар бір-бірімен байланысқан .Қозғалмалы немесе буындық байланыстарға аяқ-қол сүйектерінің байланысы жатады . Буындар адам денесінде 230-дан астам буындар бар .Буын деп сүйектердің қозғалмалы байланысатын жерін айтады .Әрбір буының сырты тығыз дәнекер ұлпадантүзілген қабықпен қапталған .Оны буын қапшығы дейді .Буын қапшығында қабырғаларынан бөлінетін буын сұйықтығы болады. Сұйықтық үйкелісті кемітіп ,сүйектердің буын ойығында еркін қозғалуына мүмкіндік береді .

Сонымен буында буын беті,буын қуысы ,буын сұйықтығы және қапшығы болады .Сүйектің бір-бірімен байланысатын шеті жылтыр ,тегіс шеміршекпен қапталған . Қозғалу кезінде шеміршек үйкелісті азайтып ,оқыс соққыны әлсіретеді .

6.Сабақты түсінгенін тексеру.

1. Сүйектер қандай ұлпаға жатады ?

А Эпителий

Б.Бұлшықет

В. Дәнекер

Г.Жүйке

Д. Борпылдақ талшықты дәнекер

2. Бұлшықет ұлпасының түрлері-

А .Безді эпителий

Б.Көлденең жолақты

В .Дәнекер

Г. Бірыңғай салалы

Д. Жүйке

3. Тірек -қимыл жүйесінің қызметі

А Қимыл-қозғалыс

Б Сезгіштік

В Тіректік

Г Қорғаныштық

Д Реттеу

4. Қысқа сүйектер

А Тоқпан жілік

Б Қабырғалар

В Омыртқалар

Г Білезік сүйектері

Д Жауырын

5. Жалпақ сүйектер

А Сирақ сүйектері

Б Төс

В Бас сүйектері

Г Жамбас

Д Жауырын.

7. Бекіту кезеңі. Тест тапсырмасы.

1. Сүйектер қандай ұлпаға жатады ?

А Эпителий

Б.Бұлшықет

В. Дәнекер

Г.Жүйке

Д. Борпылдақ талшықты дәнекер

2. Бұлшықет ұлпасының түрлері-

А .Безді эпителий

Б.Көлденең жолақты

В .Дәнекер

Г. Бірыңғай салалы

Д. Жүйке

3. Тірек -қимыл жүйесінің қызметі

А Қимыл-қозғалыс

Б Сезгіштік

В Тіректік

Г Қорғаныштық

Д Реттеу

4. Қысқа сүйектер

А Тоқпан жілік

Б Қабырғалар

В Омыртқалар

Г Білезік сүйектері

Д Жауырын

5. Жалпақ сүйектер

А Сирақ сүйектері

Б Төс

В Бас сүйектері

Г Жамбас

Д Жауырын

8. Үйге тапсырма беру.



















© 2010-2022