Открытый урок по биологии на тему Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары (6-класс)

Раздел Биология
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: §34 Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға мәдени өсімдіктердің шығу тегі және көптүрлілігі туралы түсінік беру, олардың маңызына қызметі тоқталып өту.
Дамытушылық: Оқушыларға мәдени өсімдіктердің негіздері және олардың маңыздылығын ашу, білімдерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, білімдерін шыңдау.
Тәрбиелік: Оқушыларға түрлі ойын элементін пайдаланып ойын еркін жеткізуге, ашық айтуға, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың өту әдісі: ауызша, баяндау, сұрақ жауап

Сабақтың көрнекілігі: Кесте, сурет, муляж, электронды оқулық, интерактивті тақта, тірек - сызба.


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгелдеу оқушы назарын сабаққа аудару, сыныпты қалыпқа келтіру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІ.1."Білім минуты"
1.Мәдени дақылдардың қандай түрлерін білесіндер?
2.Мәдени дақылдар қандай бағытта өсіріледі?
3.«Картоп-екінші нан»деп неге аталған?
4. Көкөністік дақылдардың қандай манызы бар?
5.Түйнек деген не?

ІІ.2. Кестені толтыру:

Мәдени дақылдар

Мәдени дақылдарға жататын өсімдіктер

Көкөністік

Орамжапырақ, сәбіз, қызанақ, қияр, пияз, зәйтүн, картоп, т.б.

Жеміс-жидек дақылдары

Алма, алмұрт, қара өрік, шие, құлпынай, жүзім, алхоры, т.б.

Май алынатын өсімдіктер немесе техникалық дақылдар

Күнбағыс, соя, қыша, рапс, зәйтүн, т.б.

Даражарнақтылар немесе астық тұқымдастар

Бидай, сұлы, арпа, күріш, жүгері, тары, қарабидай т.б.

ІІІ. Жан-жақты білімдерін тексеру

Лездемелік сұрақтар:
1. Ең тез өсетін өсімдік?(Бамбук)
2. Өсімдіктің қай мүшесі жасыл асхана деп аталады?(Жапырақ)
3. Саңырауқұлақты зерттейтін ғылым?(Микология)
4. Адам қолымен өсірілетін өсімдіктер?(Мәдени)
5. Өсімдіктін жер асты мүшесі?(Тамыр)
6. Ең ірі жеміс?(Асқабақ)
7. Органикалық тыңайтқыштарды атаңыз?(Көң, құс саңғырығы)
8. Суықтан да биіктен де қорықпай таудың ұшар басында өсетін қай өсімдік?(Еңлікгүл)
9. Дүниеде ең бик ағаш?(Эвкалипт)

10. Бриология қандай ғылым? (мүктер)

ІV.Жаңа сабаққа даярлық:

  1. Мәдени өсімдіктердің жабайы өсімдіктерден айырмашылығы неде?

  2. Қандай мәдени өсімдіктерді білесіңдер? (суреттер)

V. Жаңа сабақ:

МОткрытый урок по биологии на тему Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары (6-класс)әдени өсімдіктердің шыққан орталықтары. Осы заманғы адам мәдени өсімдіктерсіз өмір сүре алмаған болар еді. Мәдени өсімдіктер адамды ең қажетті заттармен қамтамасыз етеді. Мәдени өсімдіктер - астық, көкөніс, жеміс - жидек, мата тоқуға қажетті шикізат. Мәдени өсімдіктерсіз қант, май, мал азығы да болмас еді. Үй жиһазы, қағаз, дәрі, үй ішін сәндейтін әр түрлі заттардан өзге де қажеттіліктерді тек мәдени өсімдіктерден аламыз. Мәдени өсімдіктердің сан алуан түрлері мен іріктемелерін алу үшін қаншама жылдар өтті емес пе? Алғашқы адамдар тек жабайы өсімдіктердің тұқымы, жемісі, пиязшығы және басқа бөліктерін пайдаланды. Өсімдіктерді қолда өсіру әдісін меңгере алмағандықтан, табиғаттың бергенін ғана місе тұтты. Сондықтан бұл кезең жинаушы кезең деп аталды. Адамзат тарихындағы бұл кезең сан ғасырларға созылды. Адамдар біртіндеп кейбір өсімдіктерді тұқымынан өсіру жолын тапты. Ондай адамдар құнарлы топыраққа өсімдікті өсірумен ғана шектелмей, ол өсімдіктің сапасын өзгертуді де меңгерді. Өсімдіктің өзіне қажетті өнім беруін реттеу үшін сұрыптал, іріктеу қажет болды. Адам сұрыптау жолымен қолдан шығарған бір тұр дарақтарының жиынтығы іріктеме деп аталады. Сөйтіп өмірге селекция ғылымы келді. Жануарлардың қолдан шығарылған түрін қолтұқым дейді. Өсімдіктердің жаңа іріктемелерін, жануарлардың жаңа қолтұқымдарын шығарумен шұғылданатын ғылым - селекция деп аталады (латынша «селекция» - іріктеу, сұрыптау).
Мәдени өсімдіктердің сан алуандығы және шығу орталығын орыс ғалымы Н. И. Вавилов зерттеді. Ол бес континентті айналып шығып, дүние жүзінің 52 елдерінде болды. Н. И. Вавилов өсімдіктердің 400 - ге жуық түрінің Оңтүстік Азияда, 200 - ге жуық түрінің Оңтүстік Америкада мәденилендірілгенін дәлелдеді. Ол осы сапарында мәдени өсімдіктердің 1 000 - ға жуық түрін зерттеді. Сөйтіп өсімдіктер сан алуандығының орталықтарын белгіледі.

Открытый урок по биологии на тему Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары (6-класс)Қазақстанда қант қызылшашы мен кендірді биологиялық сұрыптау жағынан ғылыми тұрғыда сипаттаған алғашқы ғалым - Кәрім Мыңбаев. Ол көксағыздың биологиялық ерекшеліктерін зерттеп, оны сұрыптау әдістерін тапты. Кандидаттық және докторлық диссертациясын Ленинградта академик Н. И. Вавиловтың жетекшілігімен қорғаған Кәрім Мыңбаевтың негізгі ғылыми еңбектері өсімдіктер генетикасы мен селекциясына арналған. К. Мыңбаевтың армандаған іс - жоспарларының бірқатары кейін жүзеге асты. Сөйтіп, Қазақстанды астықты өңірге айналдыру, Бетпақдаланы мал шаруашылығы үшін пайдалану, сондай - ақ Орталық және Оңтүстік Қазақстан аймақтарын суландыру, құмкөшкінін тежеу мақсатында жаңа жерлерге сексеуіл отырғызу жобалары халық игілігіне айналды.
Өсімдік шаруашылығының өнімін алуда мәдени өсімдіктерді егудің маңызы зор. Бұл - ауыл шаруашылығы негізгі саласының бірі. Егістік дақылдар тобы дәнді дақылдар, түйнекжемісті және тамыржемісті дақылдар, майлы дақылдар, малазықтық дақылдар, тоқыма дақылдары, бақша дақылдары болып бөлінеді. Ал жемісті дақылдар: шекілдеуікті дақылдар, сүйекті, жидекті, жаңғақжемісті, цитрусты дақылдарға жіктеледі. Демек мәдени өсімдіктер жергілікті халықты - азық - түлік өнімдерімен, мал шаруашылығын - малазықпен, адамзатқа қажетті шикізаттармен қамтамасыз етеді. Мәдени өсімдіктер мен олардың іріктемелерін адамзат қаншама жылдар табиғатты4 бергенін жинақтап, жинаушы кезеңді бастан өткізді. Сөйте - сөйте өсімдіктерді өсірумен ғана емес, оны өзіне қажетті өнім беруге сұрыптал, іріктеуді меңгерді. Өсімдіктерден - іріктеме, жануарлардан қолтұқым шығарумен шұғылданады.
Әйгілі ғалым Н. И. Вавилов мәдени өсімдіктердің шығу орталығын зерттеді. Ғалым - селекционер Кәрім Мыңбаев Қазақстанда өсімдіктер генетикасы мен селекциясын зерттеуді өркендетті.

Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары:

  1. Оңтүстіказиялық тропиктік орталық. Бұл - күріштің, қант қамысының, көптеген жеміс және көкөністік дақылдар отаны. Бұған тропиктік Үндістан, Үндіқытай, Оңтүстік-Шығыс Азияның аралдары жатады.

  2. Шығысазиялық орталық. Бұл - сояның, тарының бірнеше түрінің, көптеген жемістік және көкөністік дақылдардың отаны. Бұған Орталық және Шығыс Қытай, Жапония, Тайван аралдары, Корея жатады.

  3. Оңтүстік-батысазиялық орталық. Бұл - бидай, қарабидайдың бірнеше түрлерінің, көптеген дәнді дақылдар, бұршақ, жүзімнің отаны. Бұған кіші Азия, Орта Азия, Иран, Ауғанстан, Солтүстік-батыс Үндістан жатады.

  4. Жереортатеңіздік орталық. Бұл орталық мәдени өсімдіктер түрінің бірнеше түрі кездеседі. Атап айтқанда: зәйтүн, көптеген малазықтық өсімдіктер (жоңышқа, біргүлді жасымыөқ), орамжапырақ өскен.

  5. Абиссиналық орталық. Бұл - дәндік құмай, бананның бір түрінің, майлы ноқат өсімдігі, бидай мен арпаның бірқатар ерекше түрлерінің отаны. Бұған Африка материгінің шағын ауданы жатады.

  6. Орталық америкалық орталық. Бұл - жүгері, ұзын талшықты мақта, какао, асқабақ, үрмебұршақ, - 900-ге жуық мәдени өсімдіктердің отаны. Бұған Оңтүстік Мексика жатады.

  7. Андылық (Оңтүстік Америкалық) орталық. Бұл - көптеген түйнекті өсімдіктердің, соның ішінде картоптың, дәрілік өсімдіктердің отаны. Бұған Анд тау жотасы атырабының бөлігі жатады.

Оқушылардың зерттеу жұмыстары:

  1. Саяқбай Айда: «Күнбағыс өсімдігінің биологиялық ерекшеліктер мен пайдасы»

Атабек Бақыт: «Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері мен емдік қасиеттері»

VІ. Сабақты бекіту.

«Алтын қақпа» ойыны

  1. Тас қақпа сұрағы: Іріктеме деген не?

  2. Күміс қақпа сұрағы: Селекция қандай ғылым?

  3. Алтын қақпа сұрағы: Кәрім Мыңбаев Қазақстан үшін қандай еңбек жасады?

VІ. 2 Сәйкестендіру тесті

Мәдени орталықтар

Өсімдік атаулары

1.Оңтүстік Азия
2.Шығыс Азия
3.Оңтүстік-Батыс Азия
4.Жерорта теңізі
5.Абиссиния орталығы
6.Орталық Америка
7.Анд(Оңтүстік Америка)

А.Картоп
Ә.Мақта
Б.Банан
В.Зәйтүн ағашы
Г.Бидай
Ғ.Қара бидай
Д.Соя,тары
Е.Күріш
Ж.Қант қамысы
З.Үрмебұршақ
И.Асқабақ


  1. ____

  2. ____

  3. ____

  4. ____

  5. ____

  6. ____

  7. ____

Дұрыс жауап

1. Е,Ә
2. Д
3. Г,Ғ
4. В
5. Б
6. И,З
7. А,Е
Тест

1) Дүние жүзіндегі мәдени өсімдіктердің шығу тегін зерттеп, мәдени орталықтарын ашқан ғалым

А) И.Мичурин ә) Н.Вавилов б) В.Ковалевский в) Г.Карпеченко

2) Қайсысы мәдени өсімдік

А) Жуа ә) Жусан б) Тары в) Ебелек

3) Сұрыптау жолымен қолдан шығарған бір түр дараларының жиынтығы

А) Іріктеме ә) Жинаушы кезең б) Қолтұқым в) селекция

4) Қазақстанда өсімдіктер генетикасы мен селекциясын зерттеуді өркендетуші

А) С.Я.Шабаев ә) А.Б.Бұқтыбаева б)И.Г.Цыганков в) К.Мыңбаев

5) Жануарлардың қолдан шығарған түрі қалай атаады?

А) Іріктеме ә) Қолтұқым б) Селекция В) Жинаушы кезең

6) Вавилов еңбегінде неше орталықты ажыратты

А) Алты ә) Сегіз б) Жеті в) Тоғыз

7) Картоптың отаны

А) Оңтүстік Америка ә) Солтүстік Америка б) Азия в) Иран

Жауабы: 1-ә, 2-б, 3-а, 4-в, 5-ә, 6-б, 7-а


VІІ. Қорытынды

VІІІ. Үйге тапсырма: §34 Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары

Оқушы білімін бағалау


© 2010-2022