• Преподавателю
  • Биология
  • Ашық сабақ. Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілер класы. Бунақденелілердің дамуы және пайда-зияны (8 сынып)

Ашық сабақ. Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілер класы. Бунақденелілердің дамуы және пайда-зияны (8 сынып)

8сынып                                                                           биология пәні Сабақтың  тақырыбы:         Бунақденелілер класы. Бунақденелі лердің дамуы және пайда-зияны. Сабақтың  мақсаты:    Бунақденелілер класына жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктерін айқындау.   Бунақденелілер туралы білімдерін тереңдету және кеңейту.   Оқушылардың  интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.   Тірі ағзаларға деген қамқорлық қарым-қатынасқа тәрбиелеу. Сабақ типі : аралас Құра...
Раздел Биология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8сынып биология пәні

Сабақтың тақырыбы:

Бунақденелілер класы. Бунақденелі лердің дамуы және пайда-зияны.

Сабақтың мақсаты:

Бунақденелілер класына жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктерін айқындау. Бунақденелілер туралы білімдерін тереңдету және кеңейту.

Оқушылардың интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тірі ағзаларға деген қамқорлық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақ типі : аралас

Құрал -жабдықтар: Интерактив тақтасы, презентация

Барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

1-ші тапсырма :

Санмен тізбеленген белгілердің қай буынаяқтыларға тән екенін кестеге толтырыңдар:

Ашық сабақ. Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілер класы. Бунақденелілердің дамуы және пайда-зияны (8 сынып)Ашық сабақ. Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілер класы. Бунақденелілердің дамуы және пайда-зияны (8 сынып)

Шаянтәріздестер

Өрмекшітәріздестер

1.Зәршығару жүйесі -жасыл бездер

2.Ұзын және қысқа мұртшасы болады

3.Жүретін 8 аяғы бар

4.Зәршығару жүйесі -сатанбез және мальпигий тамырлары

5.Тыныс алу мүшесі-желбезек

6.Тыныс алу мүшесі- өкпе қапшығы және демтүтік

7.Астың ішектен тыс қорытылуы тән

8.Хитинде нәруыз көбірек болады

9.Хитинге әктенген заттар көбірек сіңеді

10.Көздері қарапайым құрылысты

11.Циклоп,дафния,таңқышаян

12.Кене, құршаян,бүйі

2-ші тапсырма : Сәйкестігін тап:

Мамықкене

Мөлшері 0,2-1,0 мм ,өрмек бездері болады

Қышыма кене

Түрлі өсімдіктердің шырынын сорады

Алма кенесі

Мал шаруашылығына зиян келтіреді

Тайгалық кене

Азық-түлік қорын бүлдіреді

Қамба кенесі

7-9 рет ұрпақ береді;алма,алхорыны зақымдайды

Нәзікбас кене

әкаяқ ауруын туғызады

Берішкене

адамда қышыма ауруын туғызады

Өрмеккене

энцефалит ауруын жұқтырады

ІІІ Жаңа тақырып бойынша жұмыс

Жоспары:

  1. Бунақденелілер класының жалпы сипаттамасы

  2. Бунақденелілердің даму жолдары

  3. Бунақденелілердің маңызы

  4. Зиянды бунақденелілер

ІV Тақырыпты бекіту

Сандық диктант 1 - " иә" 0- " жоқ"

1.Бунақденелілер буынаяқтылар типіне жатады

  • 2.Дене бөлімдері: баскөкірек және құрсақ

  • 3.Демтүтік арқылы тыныс алады

  • 4.Масаның ауыз мүшесі-кеміріп-жалаушы.

  • 5.Толық түрленіп даму 4 сатыдан тұрады.

  • 6.Имаго-дернәсілдің бір түрі.

  • 7.Инелік толық түрленіп дамиды.

  • 8. Қанқыз -зиянды жәндік.

  • 9.Жаяушегірткелер -қанатсыз дернәсілдер

  • 10.Энтомология -бунақденелілерді зерттейді

  • Диктант жауаптары:

  • 1-1
    2-0
    3-1
    4-0
    5-1
    6-0
    7-0
    8-0
    9-1
    10-1

V қорытынды бөлім

  • 1.Сипаттаңыз

  • 2.Салыстырыңыз

  • 3.Ұсыныс жасаңыз

VІ Үйге тапсырма: § 47; тапсырмалар 1,2 / 223 бет/

© 2010-2022