Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі

Оқушыларды қалқанша бездің құрылысы мен қызметі туралы түсінік беру, білімін жетілдіру; оқушылардың қалқанша безі туралы алған білімдерін одан әрі дамыту және дағдыларын қалыптастыру;ойлау қабілетін дамыту; оқушыларды ізденімпаздыққа,  ұқыптылыққа, өз ойын еркін  жеткізе білуге тәрбиелеу мақсатында құрылған ашық сабақта СТО элементтері,  ауызша , баяндау, түсіндіру әдіс-тәсілдері, интерактивті тақта, микседема, кретинизм, базедов ауруларының суреті секілді көрнекілік құралдары пайдаланып өткізіл...
Раздел Биология
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: биология. Сыныбы: 8.

Сабақтың тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Оқушыларды қалқанша бездің

құрылысы мен қызметі туралы түсінік беру, білімін жетілдіру;

ә) дамытушылық: Оқушылардың қалқанша безі туралы алған білімдерін одан әрі дамыту және дағдыларын қалыптастыру;ойлау қабілетін дамыту;

б) тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың өту әдісі: СТО элементтері, ауызша , баяндау, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, микседема, кретинизм, базедов ауруларының суреті.

Сабақтың пән аралық байланысы: химия, экология, география

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) сәлемдесу;

ә) оқушыларды түгелдеу;

б) оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Білім шыңы.

Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі

1. Шың. Эндокриндік бездер даму орындарына қарай неше топқа бөлінеді және оларды ата?

2. Тұлпарлар тобы. Сыртқы секреция бездерінің ерекшелігі неде? Өсу гормоны жетіспесе?

3. Сұңқарлар тобы. Гормон дегеніміз не? Гипофиз безінің пішіні және салмағы қанша?

4. Қырандар тобы. Сыртқы секреция бездері дегеніміз не? Ішкі секреция бездерін ата?

Мына суреттерге сиптаттама беру.

Қалқанша бездің құрылысы мен қызметіҚалқанша бездің құрылысы мен қызметіҚалқанша бездің құрылысы мен қызметіҚалқанша бездің құрылысы мен қызметі

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.

Гуморальдық реттелу физиологиялық процестердің гуморальдық реттелуі биологиялық белсенді химиялық заттар гормондар көмегімен жүзеге асыралады. Гормондарды арнайы бездер бөліп шығарады, олар қанмен лимфаға түсіп, содан кейін бүкіл организмге таралады. Жас ұлғайған кезде өсу гормонының артық синтезі акромегалия ауруына дененің кейбір бөліктерінің өсуіне себепші болады.

ІV. Жаңа сабақты баяндау.

Мойында көмекейдің алдыңғы жағында пішіні таға тәрізді, өзара байланысқан екі бөліктен тұратын қалқанша без орналасқан. Оның массасы -15-30 г. Ол бірқатар гормондар бөліп шығарады. Олардың ішінде негізгісі тироксин зат алмасуды реттейді, органикалық заттардың тотығу процестеріне, даму, өсу процестерін реттеуге қатысады. Ұлпалардың бөлінуіне, жүйке және жүрек іс әрекетінің қозуын күшейтуге қатысады. Тироксин құрамына йод кіреді. Йодтың жетіспеушілігі қалқанша бездің қызметін бұзады.

Қалқанша бездің қызметі бұзылған кезде адамда әр түрлі аурулар пайда болады. Ересек адамда қалқанша бездің гормондары жеткіліксіз бөлінсе, микседема ауруы дамиды. Бұл кезде зат алмасу, әсіресе нәруыз алмасу баяулайды. Дене температурасы, жүрек іс әрекеті төмендейді. Тері астында су жиналады. Тері ісінеді және құрғайды Шаш түседі әрі сирейді. Адам енжар болып, ойлауы мен сөйлеуі баяулайды. Бұл ауруды өмір бойы тироксин гормонын енгізу жолымен емдейді. Ол гормонның синтезі организмдегі йод мөлшеріне байланысты. Егер тамақта йод жетіспесе, адамда эндемиялық зоб ауруы пайда болады. Бұл ауру суы мен топырақ құрамында йод жетіспейтін аймақта кездеседі. Сондықтан йодты ауру адам йодты калий мен натрий арқылы алады. Адам тәулігіне тамақпен бірге 0,15-0,20 мг йод алуы керек. Біздің республикамызда йодтың тәуліктік мөлшерін толтыру үшін йодталған тұз, йодталған су, йодталған нан сатылады.

Эндемиялық зоб ауруының белгелері: қалқанша бездің кг ға дейін ұлғайып өсуі, жүйкенің жоғары қозғыштығы байқалады, адам ентігіп қалады. Бұл аурумен ауыратын адам балық тағамдарын, теңіз қырыққабатын пайдаланып, тағамға йодталған тұз қосуы керек. Оқушылар мен балабақша балалары йодомарин ішуі керек.

Балаларда қалқанша бездің қызметі жеткіліксіз болғанда ойлау процесі баяулайды, дене бітімі мен үлкен ми сыңарлары қыртысының қызметі бұзылады, өсу және жыныстық жетілу тоқтайды. Мұндай ауру кретинизм деп аталады. Егер дер кезінде емдемесе, ауру салдарынан арылуға болады.

Қалқанша бездің қызметі шмадан тыс жоғарыласа және организмде гормондар артық мөлшерде болса, зат алмасу қарқындылығы артады, жүрек қағуы жиілейді, жүйке жүйесінің қозуы жоғарылайды. Адам көп тамақ ішсе де, қатты арықтайды. Сонымен қатар өте ашуланшақ, қатты терлегіш болады.көз қарасы бей жай болса да, көзі бадырайып тұрады. Бұл ауру базедов ауруы немесе бадырақ көз деп аталады. Ауруды хирургиялық жолмен қалқанша бездің бір бөлігін алып тастап, сондай- ақ рентген сәулесімен және қалқанша бездің қызметін баяулататын препараттармен емдеуге болады.

Тироксин бөлінуі мен синтезін гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондарының бірі реттейді. Егер тироксин жеткілікті болса, гипофиз гормонының мөлшері кемиді де, организмнің қалыпты қызметі қамтамасыз етіледі. Бұл кезде зат алмасу қарқындылығы, ұлпалармен мүшелердің оттекті пайдалану деңгейі артады. Қазақстанда йод жетіспейтін аймаққа жатады. 2000жылдардан бастап Қазақстанда йод жетіспеушілігі аурулары көбейе бастады. Әлемде 750 млн. Адам осы дертпен күресуге мәжбүр екен. Ал1,5 млрд аданың ағзасында осы дерттің айқын белгілері көрініс берген. Біздің еліміз йод жетіспейтін аймақтардың қатарында. Адам қанының құрамындағы йод мөлшері жыл мезгіліне байланысты көбейіп- азайып отырады.

Йод мынадай тағамдарда көбірек болады. Балық түрлерінде, теңіз балдырларында, балық майында көп. Ламинария. Жеміс-апельсин, лимон, банан, қауын, жүзім ананас, құлпынай, алма, құрмада көп. Сүт жұмыртқа, сары май, сиыр еті, бидай өнімдері йодқа бай. Жидектерде , сарымсақ , шалқан, қызылша, картоп, сәбіз қызанақта бар. Бірақ балық пен етті қайта - қайта мұздатқанда ондағы йод жойылып кетеді.

Без көлденеңінде 50-60 мм, алдыңғы- артқы бағытта бүйір үлестері аймағында 18-20мм, қылта деңгейінде 6-8 мм массасы шамамен 30-40 г. Қалқанша безі негізінен зат алмасу қарқындылығы арттырады. Ауруды тироксин гормоны мен емдейді.

Қалқанша без барлық омыртқалы жануарларда болатын ішкі секреция бездерінің ішіндегі ең ірісі Қалқанша без көмекейдің алдыңғы жағында орналасқан пішіні таға тәрізді.

Ересек адамдарда оның салмағы шамамен 30-60 г, пішіні таға тәрізді, бірімен-бірі өзара байланысқан екі бөліктен тұрады. Қалқанша безде іші шырышты затқа толы қуыстар бар. Шырышты заттан тироксин гормоны бөлінеді, ал оның құрамында йод болады. 50 жастан әрі қарай калқанша бездің салмағы мен мөлшері кішірейеді. Жаңа туған баланың қалқанша безінің салмағы 1-2 г.

Қызметі:1) тироксин гормоны барлық зат алмасуға (нәруыз бен май) қатысады;

2) ағзаның өсуі мен дамуына әсер етеді;3) жүйке жүйесі мен жүрек жұмысының қозуын арттырады. Қалқанша бездің қызметі бұзылғанда пайда болатын ауытқулар. Қалқанша безден бөлінетін гормондар жетіспесе, адам микседема (грекше «мyха» - шырыш және «оідема» - ісіну) ауруына шалдығады.

Аурудың белгілері:

1) ағзада зат алмасу 30-40%-ға дейін бәсеңдейді, әсіресе нәруыз алмасуы бұзылады;

2) терінің астына су жиналады, тері құрғап, дене ісінеді;

3) дене температурасы төмендейді;

4) жүрек соғысы баяулайды;

5) қозғалысы бәсеңдеп, ойлау қабілеті нашарлайды; шашы түсіп, сирейді.

Ауруды тироксин гормонымен емдейді. Тироксин гормонының синтезделуі ағзада йодтың болуына байланысты. Адам йодты, йодты калий, йодты натрий түрінде тағаммен қабылдайды. Адам денесінде 30-50 мг йод болса, соның, шамамен 15 мг қалқанша безде кездеседі.

V. Сабақты бекіту.

Тұлпарлар

10

20

30

Сұңқарлар

10

20

30

Қырандар

10

20

30

Тұлпарлар

10. Жаңа туған сәбидің қалқанша безінің салмағы қанша?

20. Тәулігіне адамның қабылдайтын йод мөлшері қанша?

30. Кретинизм ауруына сипаттама бер.

Сұңқарлар

10. Қалқанша безінің қызметі қандай?

20. Қалқанша безінің салмағы қанша?

30. Бақшаңкөз ауруына сипаттама бер.

Қырандар

10. Қалқанша без көлденеңінде қанша мм болады?

20. Қалқанша бездің алдыңғы артқы бағытта бүйір үлестері аймағы қанша мм болады?

30. Микседема ауруына сипаттама бер.

Алма жинау.

1. Микседема (Грекше -«муха»-шырыш және «оідема»-ісіну).

2. Адам денесінде 30-50 мг йод болса қаншасы қалқанша безінде болады. (15%).

3. Кретинизм (Фрунцузша «crtinisme»- жарымес).

4. Бадырақкөз ауруын қай ғалым сипаттап жазды. (К.А. Базедов).

5. Микседема ауруында зат алмасу неше пайызға дейін бәсеңдейді(30-40%).

6. Тироксиннің молекуласында йодтың неше пайызы бар (65%)

VI. Қорытынды

Қалқанша без барлық омыртқалы жануарларда болатын ішкі секреция бездерінің ішіндегі ең ірісі Қалқанша без көмекейдің алдыңғы жағында орналасқан пішіні таға тәрізді.

Ересек адамдарда оның салмағы шамамен 30-60 г, пішіні таға тәрізді, бірімен-бірі өзара байланысқан екі бөліктен тұрады.

VII. Оқушы білімін бағалау

VIII. Үйге тапсырма.

Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі.


© 2010-2022