• Преподавателю
  • Биология
  • Доклад на тему Жоғары сыныптарда тесттік бақылау арқылы оқушылардың білім деңгейін анықтау

Доклад на тему Жоғары сыныптарда тесттік бақылау арқылы оқушылардың білім деңгейін анықтау

Раздел Биология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ЖОҒАРЫ СЫНЫПТАРДА ТЕСТТІК БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ.

Орынханова Сауле Әуезханқызы.

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №3 мектеп-интернаттың жоғары санатты биология пәні мұғалімі


Әлемде тестік тапсырмалар арқылы білім сапасы мен деңгейін тексеру, жоғары технологиялар қатарына жатқызылады.

Тестілеу әдісі көптеген дамыған елдерде қазіргі білімнің ажырамас бөлігіне айналған жастардың дайындық деңгейін және жалпы білім сапасын болжаудың тиімді құралы ретінде пайдаланылады.

Оқушылардың білімінің мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігін бақылауды ұйымдастырудың бір түрі - тесттік бақылау жүйесі. Ол оқушылардың өз бетінше жұмыс әрекетін арттырып, оқытудың тиімділігіне қол жеткізіп, ойлау қабілетін, шығармашылық әрекетін белсендіреді. Осыларға қоса оқушылардың білімдеріндегі олқылықтар анықталып, уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Тест тапсырмаларын мұғалім өз қалауынша тақырып, тарау бойынша құрайды. Бірақ тесттердің көмегімен оқушылардың шығармашылық дәрежесін бақылау мүмкін емес. Толық педагогикалық мақсатқа жету үшін оқу үрдісінде тесттерді тексерудің барлық басқа түрлері мен тәжірибелік, семинар сабақтар, реферат, баяндама әзірлеу арқылы оқушылардың нақты даярлық дәрежесін көре аламыз.

Соңғы жылдары тесттік әдіс оқу-білімге қатысты барлық үйымдарда кеңінен қолданып жүр. Тест дегеніміз не? Тест арқылы сынауда қандай жаңалық бар? Оның сұрақтары қалай дайындалады, оны қалай өткізеді, тест арқылы сұраққа қалай дайындалу керек?

«Тест» - ағылшын сөзі, сынақ, байқау деген мағынаны білдіреді.

Тестік бақылаудың түрлері өте ерте заманнан басталады. Б.э.д III ғасырда Ертедегі Вавилонда мектеп оқушыларының жазу дағдығын тексеру үшін алғашқы емтихандар жүргізілген. Осы сынақты өткен адам 2-ші кезеңге әңгімелесуге шақырылған. Осындай сынақтар Ежелгі Грецияда, Спарта да жүргізілген.

Сынақтардың түрлері Қытайда чань-буддизм мектептерінде кең қолданылған, онда жұмбақтар, ребустар, психологиялық жағдайлар арқылы сынақтар жүргізілген. Бұл мектепте ойлануға уақыт бермей қолма-қол жауап беру қолданылған. Ең алғаш рет оқушылардың білімін тексеру үшін тестті ағылшын педагогы Дж. Фишер 1864 жылы қолданған.

XIX ғасырда жалпы білім беру жүйесінде көптеген жаңалықтар, өзгерістер пайда болды. Тестік бақылаудың негізін салушылардың бірі ағылшын ғалымы Френсис Гальтон. Ол өзінің бақылау ізденіс жұмыстарын 1884-1885 жылдарында жүргізді. Сынаққа 5-80 жас аралығындағы адамдар қатысты. Ф.Гальтон тестің қорытындысын жасау үшін бақылау жүйесін жасады.

Жалпы білімді бағалаудың тестік жүйесі Англия, АҚШта жақсы дамыған. Бүгінде тест қолдану оқытушылармен қатар оқушылар үшін де көп тиімді екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Нәтижесі тікелей белгілі болады. Тесттік әдіс талапкердің білім дәрежесін анықтауда көп уақыт алмайды.

Тест - оқушылардың білімін және дағдыларын тексеретін құрал болып табылады.

Жалпы педагогикада тестік бақылау бір-бірімен тығыз байланысты 3 қызметті орындайды:

  • Диагностикалық

  • Оқыту

  • Тәрбиелеу

Диагностикалық қызмет: негізгі қызмет, оқушының білім деңгейін, пән бойынша тақырыпты қалай меңгергенін анықтайды. Объективтілігі жағынан тест педагогикада үлкен орын алады.

Оқыту қызметі : оқушылардың оқу материалдарын меңгеруге деген белсенделігін арттыру. Оқыту функциясының ролін арттыру үшін қосымша сұрақтар қайталауға арналған, өз бетімен оқуға арналған тақырыптарды, ұқсас тесттердің, орындалған тесттің қорытындысын талдау.

Тәрбиелік қызметі : оқушылардың есте сақтау, қайталау, белгілі уақытта тапсырманы орындап үлгіру қасиеттерін тәрбиелейді. Тестті талдау кезінде оқушы өз біліміне сын көзбен қарауға үйренеді.

Білімді бағалаудың басқа түрлеріндей тестік бақылаудың ерекшелігі де, кемшілігі де болады.

Ерекшелігі:

  1. Сапалы, объективті, өткізілуі стандартты түрде, жалпы білім тексеріледі.

  2. Әділетті, оқушылар бірдей жағдайға қойылады.

3. Тестік бақылау кең көлемді оқу материалын қамтиды. Мысалы, ауызша емтихан 2-4 тақырып, жазбаша емтихан 3-5 тақырып қамтылады.

4.Бағалауы нақты.

5.Экономикалық жағынан тиімді (тексеретін адамдар саны, уақыты)

Кемшілігі:

  1. Тестік сұрақтарды құрастыру, топтастыру ұзақ үрдіс. Барлық пәндер бойынша стандартты тестер жоқ, бар болған да сапасы дұрыс емес.

  2. Тестік бақылауда оқушылардың шығармашылық қабілетін бағалай алмаймыз.

  3. Тесте көп сұрақтардың қамтылуы уақыттың жетпеуіне, асығуына байланысты кемшілік болады.

  4. Тесте кездейсоқтық болуы әбден мүмкін. Жауап беру кезінде.

  5. Сұрақты аяғына дейін оқымау.

«Педагогикалық тест» деп белгілі мазмұны бар, ерекше формадағы тапсырмалардың жүйесін атайды. Тест сынаққа түскендердің бір пән бойынша білімінің құрамы мен құрылымын анықтайды. Басқа сынақ жұмыстарымен салыстырғанда, тесттің артықшылығы - оның объективті, сенімді, көп варианттылығы болып табылады. Тесттің міндетті түрде бірнеше варианты болуы керек. Бұл тексеру кезіндегі тиімділікті арттырады, өйткені мұнша тапсырманың барлығын жаттап алу, есте ұстау немесе көшіріп алу мүмкін емес. Тест тапсырмалары тек бақылау ретінде емес, оқушыларды үйрету, машықтандыру үшін де тиімді. Педагогикалық тест арқылы әрбір оқушының білім деңгейін нақты және тез анықтауға болады.

Педагогикалық тест нәтижелі болу үшін оның қорытындысын міндетті түрде статистикалық өңдеуден өткізу керек.

Педагогикалық тестіні құрастыру күрделі іс болып табылады, бірақ мектеп мұғалімі тест тапсырмаларының комплектісін жасай алады. Ал, тест тапсырмалары сабақ барысында оқушылардың білімін тексерудің қатаң формасын машықтандырады.

Тест тапсырмасына қойылатын негізгі талаптар мыналар:

  • Тест жұмысын өткізуде белгілі бір уақыттың болуы;

  • Тапсырмаларды орындау үшін берілген нұсқаулардың түсінікті, айқын болуы;

Мектепте оқушы білімін бекіту, қайталау, алған білімді жүйелеу және бақылау мақсатында пайдалануға болатын тестің бірнеше түрлері бар.

Тестің түрлері.

Толықтыру тесті

Реттік тесті

Доклад на тему Жоғары сыныптарда тесттік бақылау арқылы оқушылардың білім деңгейін анықтауДоклад на тему Жоғары сыныптарда тесттік бақылау арқылы оқушылардың білім деңгейін анықтау

Таңдамалы тесті

Аралас тесті

Доклад на тему Жоғары сыныптарда тесттік бақылау арқылы оқушылардың білім деңгейін анықтау

Еске түсіру тесті

Кәсіптік бағдар тесті

Доклад на тему Жоғары сыныптарда тесттік бақылау арқылы оқушылардың білім деңгейін анықтау

Сәйкестендіру тесті

Баламалы тесті

Доклад на тему Жоғары сыныптарда тесттік бақылау арқылы оқушылардың білім деңгейін анықтау

1. Толықтыру тесті: оқушыларға тапсырма сөйлем түрінде беріледі де сөйлемдегі кей сөз орынына (цифр, формула, сөз т.б) үш нүкте беріледі. Мұндай тапсырмадағы жауап қысқа тұжырымды бір мәнді болуы шарт.

2. Таңдамалы тесті: оқушыларға берілген тапсырмамен қоса оның дұрыс және дұрыс емес жауаптары беріледі. Тапсырма карточка арқылы беріліп, оның жауабының саны төртеуден кем болмағаны жөн. Оқушы жауабы бағдарламаланған құрылым арқылы немесе перфокарта кілті болады.

3. Еске түсіру тесті: сұрақ нақты беріледі де, жауабы бір мәнді болуы шарт. Еске түсіру тестінің сұрақтарын түзегенде сұрақ нақты, анық қойылады, ал жауабын сөз, сан, формула т.б түрде берілуі мүмкін.

4. Сәйкестендіру тесті: мағынасы бір - бірімен байланысты тапсырмалардың екі бағанға әр түрлі ретпен орналаытырылуы. Мұндай тесті жасауда бірінші бағанда қысқа тұжырымды сөйлем болса, екінші бағанда сәйкес сөз, белгі, сызба болуы керек.

Сөйлем саны 5 тен 15 ке дейін болса, екінші бағандағы сөз, белгі, сызба, нұсқа т.б саны екі - үшеуі артық болғаны.

5. Реттік тесті: бақылау объектісі (құбылыс, шамалар, формула т.б) ретімен жазылуы (айтылуы) керек. Тесті тапсырма дайындағанда оның саны 10 шақты болғаны жөн.

6. Аралас тесті: оқушыға берілетін тапсырма әртүрлі тест түрінде (мысалы: толықтыру, таңдамалы т.б) беріледі.

7. Кәсіптік бағдар тесті: мазмұнына қандай да бір кәсіптің пәндік оқыту кезеңінде айқындалуына немесе одан бір мағлұмат алатынына негізделеді.

8. Баламалы тесті: тестің бұл түрін жасауда жауабын білуге ықпал ететін сөзден аулақ болған жөн. Сөйлем қысқа тұжырымды, мазмұнды бір мәнді болғаны дұрыс. Тестің мұндай түрінің жауабы сөзбен (дұрыс, дұрыс емес) ия немесе жоқ немесе белгілер арқылы +, - т.б беріледі. Мұндай типтен тестік тапсырманы графикалық диктант үлгісінде пайдалануға болады.

Қазіргі оқыту үрдісінде өте жиі кездесетін тест түрлері «оқыту тесті» және «бақылау тесті».

Оқыту тестінің мақсаты белгілі бір модульды не тақырыпты меңгертуге арналады, оқытушы негізгі рольді атқарады. Тапсырмалар сұрақ қою, жауап беру, есте сақтау, жазып алу, үйден ауызша қайталау, қайтадан жалпы сұрақ-жауап түрінде тексеру.

«Бақылау тесті» осыдан кейін жүргізіледі,яғни оқушылардың тарау бойынша немесе белгілі бір тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау үшін. Мысалы, 11 сыныпта биология пәнінен ҰБТ-ге дайындық барысында оқыту тестін сабақта жүргізбей, бірден бақылау тестін алдым. Биология пәнін таңдаған 12 баланың 54% орындады. Ал, келесіде оқыту тестін өткізіп, тақырыпты меңгергеннен кейін, нәтижеде 98% орындады. Бұл тестердің тағы бір тиімділігі, егер ол әр модуль-тарау сайын өтсе, оқушылардың сабаққа дайындалуын тәртіпке келтіреді.

Әр тестен кейін түзету жұмысын жүргізу міндетті түрде қажет. Арнайы дәптерге оқушы қате сұрақты белгілейді, ол сұрақтың дұрыс жауабын өзара талдап,әрі мұғалім толықтырады. Дұрыс жауап жазылады. Осындай түзету жұмыстарын жүргізу нәтижесінде оқушылардың пәнге байланысты терминдердің нақты баламасын білмейтіндерін, қарапайым сұрақтарға оқушы көп зейін аудармайтынын анықтадым және жою мақсатында 100-ге жуық термин сөздерді жазып, жаттап, тексердік.

Жоғарғы сыныптарда тест алу арқылы күтілетін нәтижелер:

1.Сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы артады.

2.Білімді өз бетімен алу жолдарын үйренеді.

3. Танымдық іс - әрекеті, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, тез шешім жасау әрекеті дамиды.

Менің оқушыларымның жетістіктері:

1. Биология пәні бойынша сапа көрсеткіші 100 %

2. Аудандық олимпиадада оқушыларым үнемі жүлделі орындарды алып, облыстық олимпиадаға қатысуда.

3. ҰБТ нәтижелері: ҰБТ-ға дайындаған оқушыларым жылма-жыл жоғары балл жинап, грант иегері атанады. Атап айтқанда 2008-2009 оқу жылында биология пәнін таңдаған жеті оқушы 4 пен 5-ке тапсырып, 7-і де грант иегері атанды. 2009-2010 жылы биология пәнін таңдаған 18 оқушының 8-і грант иегері, 2 оқушым « Алтын белгі» иегері атанды (Балғабаева Айдана мен Пазылов Азамат).2010-2011 оқу жылында биология пәнін таңдаған 12 оқушының «9»- 5-тік баға, «3»- 4-тік баға алды. 1 оқушым Оразкелдиева Балхадиша «Үздік аттестат» иегері атанды.

Қолданылғанәдебиеттер:

1..К.Сарманова «Тест дайындау тәсілдері», «Қазақстан мектебі» 1999 ж .№9

2. К.Мұқашева «Тест әдісінің тиімділігі», «Ауыл мектебі» 2004 ж.№6

3.А.Боранбаева «Ұлттық біріңғай тестілеу - заман талабы», «Білімдегі жаңалықтар» 2004ж.№2

4.Н. Берікұлы «Педагогика», Ақтөбе 2004ж

5. К.О.Өмірбаева «Оқыту процесіндегі Инновациялық ізденістер», Ақтөбе 2002ж

6. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев «Педагогика», Алматы 2002ж

7. С.К.Мұхамбетова «Педагогика», Ақтөбе 2002ж

8. Ж.Мұхитова «Тест түрлері», «Қазақстан мектебі» 2002ж. №5


5

© 2010-2022