Жаңа технологиялық әдістерді биология сабағында қолдану

Жаңа технологиялық  әдістерді  биология сабағында  қолдану         Ұсынылған  коучинг  жоспары  –  сындарлылық  теориясы  негізінде  құрылған. Мұнда  АКТ  мен  ресурстарды  қолдану  арқылы - синхронды  емес  оқыту, сөз  сөйлей  білу және өз бетімен жұмыс  жасай  білу,  оқу материалы әңгіме түрінде баяндалатын, проблемалық  жағдаят туғыза  отырып,  сұрақтар  қойып оған жауап алатын, өзара  білім  алуға  көмектесетін - диалогтік  оқыту,  қадағалау, тәжірибе, ойлану  нәтижесінде алынған  ақпараттың... Коуч                           Б.Бегеш Күні 19. 02. 2014 жыл Сабақ  тақырыбы Бірлескен  және  топтық  жұмыс Жалпы мақсаты Мұғалімдер топтарда  бірлескен    жұмысты  ұйымдастыруды  үйренеді Оқу нәтижелері Топтап оқыту әдістемесін  меңгереді, сыни  тұрғыда  ойланады,             әңгімелесу  арқылы  ой-пікірін жеткізе  алады Түйінді идеялар: Жоспарлау мен оқытудың талдауы болашақта пайдалы болған жағдайда ғана, яғни тәжірибені жетілдіру жолдарын көрсеткен жағдайға ғана тиімді болады. Бірлескен жоспарлау мұғалімнің білімі мен тәжірибесін жетілдірудің қуатты құралы болып табылады. Бағалау Формативті  -  «Смайлик» Бірлескен жұмысқа негізделген әдіс: 1.  Психологиялық  тренинг «Танысу». Мұғалімдер бір  шеңбер  бойына  тұрып, аты-жөнін, мектебін, пәнін, санатын  айтып  шығады                     ( 5 мин) 2.  Топқа бөлу.  Жеміс – жидек  суреттерін  таңдап  алу  бойынша         4 топқа  бөлінеді. (3 мин) 3.  «Сынық  құмыра»  көрсетілімі  көрсетіледі Бағыттаушы сұрақтар: Көрсетілім  не  туралы? Өмірмен  байланыстырыңыз. Баламен  салыстырыңыз. а)  Жеке  талдау:  пікірлерін, ойларын жинақтайды, параққа           түсіреді ( 1мин) ә)  Жұпта  талқ... Рефлексия Кері  байланыс  парағын  толтыру     Қорытынды    Коучинг  40 - 45 минутқа   шақталып  жоспарланған. Коучинг  екі  бөлімнен   тұрады. І  бөлім – көрсетілім  «Сынық  құмыра», ол  жұппен,  топпен  талқылауды  талап  етеді. ІІ  бөлім  «Топқа  оқушы  ерекешелігіне  қарай  топтастыру».  Коучинг  жоспарына  оқытудың  7  модулінің  АКТ-ні  қолдану,  сыни  тұрғыда  ойлану, диалогтық  оқыту, дарынды  балаларды  анықтау  секілді  түрлері  енгізілген.  Жаңа  технологияның  бұл  түрлері  соңғы  кездері  білім  беруде  ерекше  мән  қойылып...
Раздел Биология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұсынылған коучинг жоспары - сындарлылық теориясы негізінде құрылған. Мұнда АКТ мен ресурстарды қолдану арқылы - синхронды емес оқыту, сөз сөйлей білу және өз бетімен жұмыс жасай білу, оқу материалы әңгіме түрінде баяндалатын, проблемалық жағдаят туғыза отырып, сұрақтар қойып оған жауап алатын, өзара білім алуға көмектесетін - диалогтік оқыту, қадағалау, тәжірибе, ойлану нәтижесінде алынған ақпараттың мағынасын тану секілді - сыни тұрғысынан ойлау, бағыттаушы сұрақтар мен пікірталас орталық орын алатын - әңгіме жүргізудің сократтық әдісі, ақпаратты бірлесе іздеу, талқылау, талдау, ұжымдасып әрекет ету арқылы ымыраға , пәтуаға келтіретін - бірлескен оқу әдісі, бір мәселенің бірнеше шешімін іздеу мақсатында қолданатын- дивергентті ойлау әдісі, оқудың ағымдағы бағалану түрі-қалыптастырушы (формативті) бағалау әдісі, өткенді сараптайтын, алдағы жұмысты болжайтын - кері байланыс әрекеті және сыныптағы ахуалды қалыптастыратын тренингтер т. б. қолданылады.

Коуч

Ж. Алибекова

Күні

19. 02. 2014 жыл

Сабақ тақырыбы

Бірлескен және топтық жұмыс

Жалпы мақсаты

Мұғалімдер топтарда бірлескен жұмысты ұйымдастыруды үйренеді

Оқу нәтижелері

Топтап оқыту әдістемесін меңгереді, сыни тұрғыда ойланады, әңгімелесу арқылы ой-пікірін жеткізе алады

Түйінді идеялар:

Жоспарлау мен оқытудың талдауы болашақта пайдалы болған жағдайда ғана, яғни тәжірибені жетілдіру жолдарын көрсеткен жағдайға ғана тиімді болады.

Бірлескен жоспарлау мұғалімнің білімі мен тәжірибесін жетілдірудің қуатты құралы болып табылады.

Бағалау

Формативті - «Смайлик»

Бірлескен жұмысқа негізделген әдіс:

1. Психологиялық тренинг «Танысу». Мұғалімдер бір шеңбер бойына тұрып, аты-жөнін, мектебін, пәнін, санатын айтып шығады ( 5 мин)

2. Топқа бөлу. Жеміс - жидек суреттерін таңдап алу бойынша

4 топқа бөлінеді. (3 мин)

3. «Сынық құмыра» көрсетілімі көрсетіледі

Бағыттаушы сұрақтар:

Көрсетілім не туралы?

Өмірмен байланыстырыңыз.

Баламен салыстырыңыз.

а) Жеке талдау: пікірлерін, ойларын жинақтайды, параққа

түсіреді ( 1мин)

ә) Жұпта талқылайды (3 мин)

б) Топта талқылайды ( 5 мин)

в) Әр топ өз ойларымен бөліседі

г) Постерге көрсетілімнен қалыптасқан ой туралы мәтел ойлап

тауып, қорытындылайды (3 мин)

4. Топқа бөлу. Түрлі суреттермен шағын топқа бөлу

5. Сергіту сәті. «Қара жорға» ( 5 мин)

6. «Топтап оқытуда оқушының ерекшелігін, мінезін ескеру»

а) Қозғалу арқылы әр топқа берілген параққа түрлі ерекшелігі

бойынша оқушыны қалай топтастыру керектігін жазады, оқиды

( 5 мин)

ә) Топтап оқытуда оқушының ерекшелігін, мінезін ескеру

анықтамасы беріледі.Топ мүшелері қарап, оқып шығады. ( 5 мин)

Өздерінің бастапқы жауаптарымен салыстырып, талдау жасайды

(5 мин)

Рефлексия

Кері байланыс парағын толтыру

Қорытынды

Коучинг 40 - 45 минутқа шақталып жоспарланған. Коучинг екі бөлімнен тұрады. І бөлім - көрсетілім «Сынық құмыра», ол жұппен, топпен талқылауды талап етеді. ІІ бөлім «Топқа оқушы ерекешелігіне қарай топтастыру». Коучинг жоспарына оқытудың 7 модулінің АКТ-ні қолдану, сыни тұрғыда ойлану, диалогтық оқыту, дарынды балаларды анықтау секілді түрлері енгізілген. Жаңа технологияның бұл түрлері соңғы кездері білім беруде ерекше мән қойылып келетін әдістердің бірі.

Сондай-ақ бұл коучингіде мұғалімдер топтап оқыту әдісін, топқа бөліну әдісін, топқа оқушының ерекшеліктеріне байланысты орналастыру жолын, баланың тыңдай білуіне және қалай дұрыс әңгімелесу керектігі туралы үйренеді. Сонымен қатар, баланың сабақ барысында әр түрлі тәсілдермен сергітіп алу кректігін түсініп, оқушымен кері байланысуды, формативті бағалауды үйрене алады. Нәтижесінде, мұғалімдер осы әдістерді пайдалануға ұмтылып, сабақ үдерісінде пайдаланып, қолданатын болады, - деп сенемін!



© 2010-2022