Қанның құрамы мен қаситтері

Бұл ашық сабақ биология пәнінен 8 сыныпта өткізілді. Сабақтың тақырыбы "Қанның құрамы мен қасиеттері".Сабақтың мақсаты:   Білімділік:  Организмнің ішкі сұйық ортасы қан және қан жасушалары, олардың қызметі туралы білімдерін жетілдіру.Дамытушылық: Оқушыларды организмнің ішкі сұйық орталарымен таныстырып, алған білімдерін тиянақтап, одан әрі лабораторияларда өз беттерімен жұмыс жасауға дағдыландыру, ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларға қан ауруларының алдын – алуға, тазалық сақтауға, а...
Раздел Биология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қанның құрамы мен қаситтеріҚанның құрамы мен қаситтеріҚанның құрамы мен қаситтеріҚанның құрамы мен қаситтеріҚанның құрамы мен қаситтеріҚанның құрамы мен қаситтеріБиология пәнінен ашық сабақ


Сынып: 8 «А»

Күні: 09.12.2014 жыл

Пән: Биология

Сабақ реті: 26

Пән мұғалімі: Егимбаева Жулдыз Кенесовна

Сабақтың тақырыбы: «Қанның құрамы мен қасиеттері»


Сабақтың мақсаты: оқушыларға қанның құрамы мен қасиеттері жайлы жетік білім беру

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Организмнің ішкі сұйық ортасы қан және қан жасушалары, олардың қызметі туралы білімдерін жетілдіру.

Дамытушылық: Оқушыларды организмнің ішкі сұйық орталарымен таныстырып, алған білімдерін тиянақтап, одан әрі лабораторияларда өз беттерімен жұмыс жасауға дағдыландыру, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларға қан ауруларының алдын - алуға, тазалық сақтауға, адамгершілігі мол азамат болуға, алғырлыққа үйрету.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты игеру

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ауызша түсіндіру, СТО стратегиясы, фронтальді сұрақтар,

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар, суреттер, плакаттар, қан жасушаларының суреттері, сәйкестендіру тестісі, биологиялық диктант.

Пәнаралық байланыс: химия, валеология, қазақ тілі

Керекті құрал - жабдықтар: оқулық, жұмыс дәптері, микросскоп, препарат.

Болжамдап отырған нәтиже: оқушылардың қанның құрамы мен қасиеттері жайлы жетік, толық білім меңгеруі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Оқушылармен амандасу. Сыныптың тазалығын тексеру. Сыныптың кезекшілігін анықтау. Оқушыларды түгендеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

ІІ. Психологиялық ахуал орнату

Мұғалім: - Балалар, бүгінгі біздің ашық сабағымыз жақсы, жоғарғы деңгейде өтуі үшін, біз ең алдымен сабаққа психологиялық тұрғыдан дайын болуымыз керек. Сол себепті алдарында жатқан өлең жолдарын оқып, психологиялық ахуал орнатамыз.

«Мен» ұстаным

Жігер деген - МЕН!
Сенім деген - МЕН!
Күш деген- МЕН!
Сезім деген- МЕН!
Жастық шақ деген- МЕН!
Махаббат деген- МЕН!
Денсаулық деген- МЕН!
Ақыл деген- МЕН!
Дарын деген- МЕН!
Бар ғажайып деген- МЕН!
Бар байлық деген- МЕН!


Қанның құрамы мен қаситтері


Психологиялық ахуал орнату


Бәрі маған байланысты,
Бәрі менің қолымда!


Мұғалім: Жақсы, балалар! Сабаққа деген сенімділігіміз туды. Енді үй тапсырмасын тексеру кезеңіне көшеміз. Үйге берілген тапсырма «Қаңқа бөлімдері». 1-2 минут қайталаймыз.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі


Мұғалім: Үй тапсырмасын тексеруді фронтальді сұрақтардан бастаймыз.


Фронтальді сұрақтар


  1. Адам қаңқасы қандай қызмет атқарады? (тірек, қорғаныш, қозғалыс)

  2. Адамның қаңқасы қанша сүйектен тұрады? (200-ден астам)

  3. Сүйек жасушалары қалай аталады? (остеоциттер)

  4. Сүйектің химиялық құрамы? (30% органикалық заттар, 60% бейорганикалық заттар)

  5. Жалпақ сүйектерге қандай сүйектер жатады? (жауырын, қабырға, бет бөлімдері, бассүйек)

  6. Қозғалатын сүйектерге қандай сүйектер жатады? (жіліктер)

  7. Бейорганикалық заттар сүйекке қандай қасиет береді? (мықтылық, беріктік)

  8. Жартылай қозғалатын сүйекке қандай сүйек жатады? (омыртқа)

  9. Қысқа сүйектерге қандай сүйектер жатады? (омыртқа, алақан)

  10. Сүйек ұлпасы қалай аталады? (остеондар)

Мұғалім:Жақсы балалар. Енді қаңқа бөлімдерін еске түсіреміз. Қаңқа бөлімдерін тақтаға жазамыз және сол бөлімді алдарыңыздағы қаңқадан көрсетеміз.


Қанның құрамы мен қаситтеріҚанның құрамы мен қаситтері

Қанның құрамы мен қаситтері


«Қаңқа бөлімдерін» көрсету арқылы үй тапсырмасын тексеру

Мұғалім: Жақсы, енді сәйкестендіру тестісін орындаймыз

Сәйкестендіру тестісі


  1. Алдыңғы жағынан төспен байланысады


  1. Органикалық заттар


  1. Омыртқа жотасы

В. Сүйекқабы


  1. Иілгіш, созылғыш қасиет береді

С. Қабырға


  1. Сүйектің сыртын қаптайды


  1. Бас


  1. Қозғалмайтын сүйек

Е. 33-34

Қанның құрамы мен қаситтеріҚанның құрамы мен қаситтері

«Сәйкестендіру тестісін» орындаудағы үзінді

Мұғалім: Жақсы, келесі тапсырманы орындаймыз.

«Иә» және «жоқ» стратегиясы

  1. Сүйектің бейорганикалық заттарына нәруыз бен көмірсу жатады.

  2. Сүйектің органикалық заттарына майлар мен нуклеин қышқылдары жатады.

  3. Органикалық заттар сүйекке мықтылық қасиет береді.

  4. Сүйектің 50 % пайызын минералды заттар құрайды .

  5. Ұзын сүйектерге жіліктер жатады.

Мұғалім: Жақсы, балалар. Үй тапсырмасына жақсы дайындалып келгенсіндер. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтарын бар ма? Барлығы түсінікті ма? Олай болса жаңа сабақты бастаймыз.

ІV. Қызығушылықты ояту

Мұғалім: - Ең, алдымен, сабақты бастамас бұрын «қан» туралы бұған дейін білгендерің бар, естігендерің бар, сол себепті ассоциациялық карта құрайық.

Ассоциациялық карта

V. Ой қозғау


Проблемалық сұрақтар

1) Не себепті адам ұялғанда немесе өтірік айтқан кезде беті қызарады?

2) «Адам денсаулығы қанның құрамын зерттеу арқылы анықталады» дегенді қалай түсінесіз?

  • 3) Қазақ жеті атадан қыз алмаған, оның сыры неде?

  • 4) Қан арқылы берілетін ауруларды білесіз бе?

  • 5) Қанға байланысты қандай тұрақты тіркестерді білесіз?

  • Қан жалау - таяқ жеу

  • Бетіне қан жүгірді - ауырған

  • Кескен жерінен қан шықпас - ұятсыз адам

Қанның құрамы мен қаситтері

Ассоциациялық карта құру


Мұғалім: Өте, жақсы, балалар! Енді дәптерді ашамыз, бүгінгі күнді жазамыз. Тақырыпты жазамыз.

VІ. Жаңа сабақты түсіндіру


  • Жаңа сабақ жоспары

  • 1) Қан туралы жалпы түсінік

  • 2) Қанның құрамы

  • 3) Қанның қызметтері

  • Қан туралы жалпы түсінік

  • Қан-дәнекер ұлпасына жатады. Қан тамырларының бойымен үздіксіз ағады. Мүшелер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Адам организміндегі қанның жалпы мөлшері 4,5 - 5 л. Дененің 7 % ын құрайды. Ағзаның ішіндегі қанның тұрақтылығын гомеостаз деп атайды.

Қанның құрамы мен қаситтеріҚанның құрамы мен қаситтері

Жаңа сабақты түсіндіру


  • Қанның құрамы

  • Плазма - мөлдір, түссіз сұйықтық. 90-92 - су, 7-8 нәруыз, 2 - глюкоза, майлар, минералды тұздар. Нәруыздар:

  • 1) глобулиндер - ағзаны бакериялардан қорғайды.

  • 2) альбуминдер - судың мөлшерін реттейді

  • 3) фибриноген - қан ұюына қатысады


Қан жасушалары

Қасиеттері

Эритроциттер

Лейкоциттер

Тромбоциттер

  1. Түсі

Қызыл

Ақ

Түссіз

  1. Мөлшері

1 мм³=4.5 - 5 млн

1 мм³=6-8 мың

1 мм³=180-450 мың


  1. Құрамындағы негізгі нәруызы

Гемоглобин

Фагоциттер

Фибриноген

Сарысу


  1. Тіршілік ұзақтығы

120 күн

2-4 күн

7 күн

  1. Түзілуі

Сүйектің қызыл кемігінде, көкбауырда

Сүйек кемігінде, көкбауыр, лимфа түйіндерінде

Қызыл сүйек кемігі


  1. . Ыдырауы

Қөкбауыр мен бауырда

Көкбауырда

Көбауыр мен өкпеде


  1. Қызметі

Оттек пен көмірқышқыл газын тасымалдау

Санитарлық қызмет

Қан ұюына қатысады


Қанның қызметтері


VІІ. Бекіту


Мұғалім: Жаңа сабақ түсінікті ма сіздерге? Түсінбеген жерлеріңіз болса, сұрақ қойыңыздар. Түсінікті болса, онда өтілген жаңа сабағымызды биологиялық диктант бойынша бекітейік.

Биологиялық диктант


  1. Қан ... ұлпасына жатады. (дәнекер)

  2. Адам ағзасында ... л қан бар. (4,5-5л)

  3. Қанның 50-55 % ... құрайды. (плазма)

  4. Қанның формалы элементтеріне .., .., .., жатады. (эритроциттер, тромбоциттер, лейкоциттер)

  5. Ішкі ағзадағы қанның тұрақтылығын ... деп атайды. (гомеостаз)

Микропрепарат қарау


Микросскоп арқылы адам қанының дайын препаратын қарау. Көріп тұрған суретті альбомдарына салып, құрамындағы эритроцит, тромбоцит және лейкоциттерін анықтау

VІІІ. Қорытынды


Тест жұмысы


1.Қан жасушаларын ең алғаш көрген және «қан шарлары» деген атауды берген ғалым? (А.Левенгук)

2.Плазма деген не? (қанның сұйық бөлігі)

3.Гемоглабин деген не? (қанның қызыл пигменті)

4.Қан айналым мен қан жүйесін зерттейтін ғылым саласы қалай аталады? (Гемотология)

5.Организнің ішкі ортасына не жатады? (қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа )

6.Қанның 1 мм³қанша эритроцит болады? ( 4,5 - 5 млн)

IV Үй тапсырмасын беру кезеңі: §28.оқу, 105 беттегі кесте толтыру

V Бағалау. Оқушылар оқу парақтарының ұпай санымен бағаланады.

ІX. Бағалау парағы

Сынып ________________________________________________________

Оқушының аты - жөні: ___________________________________________

Фронтальді сұрақтар

Қаңқа бөлімдері

Сәйкестендіру тестісі

«ие» және «жоқ» стратегиясы

Биологиялық диктант

Барлығы


Бағалау критерийі:

20 - 22 ұпай «5»

17 - 19 ұпай «4»

12 - 16 ұпай «3»


X. Рефлексия


Оқушылардың сабақтан алған әсерлерін, өздерінің сабаққа қалай қаысқандығын смайликтер арқылы көрсету

© 2010-2022