«Оқушылардың дарындылығын дамытуда ғылыми-жоба жұмысының ролі»

Қазіргі жаһандану заманында белсенді, құзіретті, бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеу – алға қойған басты мақсаттарымыздың бірі болып табылады. Бұл мақсатты жүзеге асыру әсіресе оқу, білім саласында қызмет атқаратын жандар –ұстаздар үшін ең маңызды мәселе. Жас жеткіншектердің арасынан талантты да дарынды, ерекше қабілетті балаларды таңдап алу, олармен тікелей жұмыс жүргізу – осы мәселенің бір шешімі болып табылады. Қазіргі жаһандану заманында белсенді, құзіретті, бәсекеге қабілетті жас ұрпа...
Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Оқушылардың дарындылығын дамытуда ғылыми- жоба

жұмысының ролі»

Қазіргі жаһандану заманында белсенді, құзіретті, бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеу - алға қойған басты мақсаттарымыздың бірі болып табылады. Бұл мақсатты жүзеге асыру әсіресе оқу, білім саласында қызмет атқаратын жандар -ұстаздар үшін ең маңызды мәселе. Жас жеткіншектердің арасынан талантты да дарынды, ерекше қабілетті балаларды таңдап алу, олармен тікелей жұмыс жүргізу - осы мәселенің бір шешімі болып табылады. Қазіргі жаһандану заманында белсенді, құзіретті, бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеу - алға қойған басты мақсаттарымыздың бірі болып табылады. Бұл мақсатты жүзеге асыру әсіресе оқу, білім саласында қызмет атқаратын жандар -ұстаздар үшін ең маңызды мәселе. Жас жеткіншектердің арасынан талантты да дарынды, ерекше қабілетті балаларды таңдап алу, олармен тікелей жұмыс жүргізу - осы мәселенің бір шешімі болып табылады.

Қазіргі кезде дарындылық ұғымына байланысты түрлі анықтамалар бар. Мысалы американдық педагог Дж. Рензулли дарындылыққа мынандай анықтама берді: «Дарындылық - үш байланыстың үйлесімділігі: интеллектуалды қабілеттілік, шығармашылдық тәсіл және нәтижеге жетудегі ынталылық.» Ал атақты орыс педагогы Н. Ожегов дарындылықты «Табиғаттан берілетін ерекше қабілет », - деп те тұжырымдайды. Дарын - адам бойындағы асқан талант, ерекше қабілет, бала бойындағы алғырлық, зеректік.

"Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының " басты мақсаты оқушылардың талдау, синтездеу, әрі логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, яғни оқушылардың сабақ бойы ой еңбегімен шұғылдануын қамтамасыз ету, оқушыны ізденуге, өз бетімен қорытынды жасауға үйрету болып отыр. Білім - ел қазынасы, халқымыздың білімділігі еліміздің байлығының ең маңызды бөлігі десек, білімнің негізі мектепте, яғни бар ғылымның бастауы - мектеп, «Елдің келешегі бүгінгі жастардың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздың қолында» деп Елбасы бізге үлкен міндет артып отыр.Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы болатын - ұстаз қолында, сондықтан да біздің басты мақсатымыз - білім сапасын жақсарту.

Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру. Қазіргі кезеңде білім беру жүйелерінде қайта құру жүріп жатыр, білім беру жүйелерінің жаңа ұлттық моделі құрылуда.

Білім беру жүйесінің қайта жаңартылуы баланың шығармашылық дарындылығын тануға және болжам жасауға жаңа көзқарасты талап етуде. Дарынды балаларды тану - нақтылы бір баланың дамуын талдаумен байланысты ұзақ үрдіс. Дарындылықты қандай да бір әдіспен анықтау мүмкін емес (мысалы сынақтан өткізу). Дарынды баланы тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет. Дарындылықтың табиғаты шексіз. Осы дарындылық пен шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі ең тиімді болып есептеледі.
Зерттеушілік, ізденушілік - бала табиғатына тән құбылыс. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез.

Педагогикалық үрдісте балалардың дарынын ашуда оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығы қажет. Зерттеу білігі мен дағдысы тек ғылыммен айналысатын адамға ғана емес, сондай-ақ әр адамның түрлі саладағы қызметіне қажет.
Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйде емес, өзі ашады.

Психологтар «зерттеу тәртібін» тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамытуда маңызды деп көрсетеді. Шынында да ізденушілік белсенділігі төмендеген сайын адам қолынан еш нәрсе келмейтін сияқты үрей туғызатын жағдайға тап болуы мүмкін. Сөйтіп, білімге деген ынтасы басылып, нәтижесінде өзінің қабілетін, мүмкіндігін әлдеқайда төмендетіп алуы ғажап емес.
Зерттеу ісі қазіргі кезде ғылыми қызметкерлердің белгілі топтарына ғана тән емес, сондай-ақ бүгінгі заман адамының өмір сүру тәсіліне енген, кәсіби шеберлігін танытуда өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады.

Бұл пікірді Абайдың жетінші қара сөзіндегі « Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Екіншісі - көрсем, білсем деп, ер жетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, «ол неге өйтеді?», « бұл неге бүйтеді?» деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді», - деген ой-тұжырымы растайды. Биік танымдық қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан оқушыны ізденушілікке баулу бастауыш кластан басталуы тиіс.

Өйткені бастауыш класс оқушысының түрлі сөздіктер мен қызықты әдебиеттерді іздеп табуға, оқып танысуға деген құштарлығын басым болады. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады.
Дарынды бала қойылған проблеманы тұтастай көре біліп, оған байланысты болмыс сырларын көптеп шешуге, белгісіз нәрселерге зер салып, қызығады, түсініксіз нәрсені білуге ынтазарлық, түрлі сұрақтарға жауап іздеп, ой әрекетімен шұғылдануға бейім келеді.

Дарынды оқушының ізденушілік қасиетін қалыптастыру оқытудың түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады.Солардың ішіндегі ең тиімдісі (зерттеуге оқыту)- оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру.
Сондықтан мектеп оқушыларының дарындылығын дамыту жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру басты мақсат, ғылыми проблема болып табылады.
Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру үшін олардың өзгермелі әрекеттерін айналадағы нақты құбылыстар мен таныс объектілерді зерттеумен байланыстырудың маңызы зор.
Тақырыпты таңдағанда «мені не қызықтырады?»-деген сұраққа жауап беру керек.
Тек мұғалім оқушыға химия сабағында жоба жаза алатынын және жақсы идеялардың барлығы да жазу кезінде болатынын түсіндіріп, оқушының жазуға деген қызығушылығын арттырса сонда бала зерттеу жұмысын жазуға талпынады.

Зерттеу жұмысымен айналысу, шығармашылық жоба жазу оқушының аналитикалық ойлау қабілетін дамытады, шешім қабылдай алу қабілетін қалыптастырады. Оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға көмектеседі.

Оқушыны химия сабағында ғылыми-зерттеу жұмысына қатыстыру үшін алдымен, оны қызықтыра отырып, зерттеу талабын қалыптастыру керек. Яғни оқушы ақпаратты ала білуге, оны басқаларға хабарлай білуге талпынуы тиіс. Ең алдымен оқушыны өздігінен шешім қабылдауға, ақпараттар алуға, оны басқаларға жеткізе білуге үйрету қажет.
Қазіргі білім мен тәрбиенің негізгі бағыты-жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру, тұлғаның «Мен» менталитетін қалыптастыру, өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту мәселесінің айналасында болып отыр.

Расында да, тұлғаға дұрыс бағыт беру, даму, қалыптасу аймағына енгізу, өз белсенділіктерін туғызу, өзін-өзі тәрбиелеу іс-әрекеттерін ықпал ету-ұстаздар алдындағы жауапты міндет.
Осы үрдістегі мұғалімнің ролін төмендегіше саралауға болады:
- диагностикалық жұмыстар арқылы психологпен бірлесе отырып,
ғылымға икемді, дарынды балаларды анықтау;
- тәрбие жұмыстары арқылы оқушылардың ғылымға деген жағымды
көзқарасын қалыптастыруға түрткі жасау;
- танымдық белсенділіктерін дамыту үрдісінен іздену. Оқушылардың танымдық белсенділіктерін қалыптастыру - оларды ғылыми-ізденіс аймағына енгізудің басты жолы.
Оқушылардың ғылыми қоғамы мұғалімдермен бірлесе отырып, балалардың ынтасы, қабілеттерін ескеріп, өз қалауларына жол ашып, іздену, зерттеу тақырыптарын алуды ұйымдастыру, ғалымдармен тікелей байланыса отырып, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуі керек.

Оқушыларды ғылыми ізденіске баулу мақсатында «Мен-зерттеушімін» , «Мен - жобалаушымын» деген дәптер арнату. Дәптерге оқушылар ғылым әлеміне енудің түрлі жолдарын жазады, ұлы ғалымдар еңбегі, өмірінен мәліметтер береді. Оның маңызы оқушыларға практикалық та, теориялық та көмек бере алатынында. Ол әр баланың алдында жатады. «Мен-зерттеушімін» тақырыбында оқушылармен «дөңгелек стол», әңгімелер өткізуге болады. Алғашқы әңгімелерде «ғылыми жұмыстардың түрлері» сөз болады. Бұл жұмыстың тиімділігі оқушылардың ғылым туралы ұғымдарын кеңейтуге ықпал етіп, іздену, зерттеу жұмыстарының түрлерімен таныстырады.

Оқушылардың химия сабағында ғылыми қоғамдарын ұйымдастыру.

Оқушылардың ғылыми қоғамы.

Мектеп оқушыларының ғылыми қоғамының негізгі міндеті кластан тыс және үйірмелік жұмыс жүйесін оқу-тәрбие процестерімен байланыстыра отырып ғылыми деңгейге көтеру.

Оқушылардың ғылыми қоғамын құру үшін мектепте белгілі бір дәрежеде дайындық жұмысы өтуі керек:

- Пәндік үйірмелер байқауы

- Ғылыми білгірлердің,эрудиттердің ойын байқауы

- Пәндік олимпиадалар мен техникалық,шығармашылық көрмелер сайысы

- Бейнелеу өнерінің көрмесі.

Оқушылардың ғылыми қоғамының құрылымы.

- ОҚҒ-ны оқу ісінің меңгерушісі немесе тәрбие жұмысының орынбасары басқарады.

- ОҚҒ бірнеше секциялардан тұрады.

- ОҚҒ-ның гуманитарлық бағыты(қоғамдық ғылымдар, педагогика, экономика, заң ,психология, тарих ,өлкетану, өнертану, этнография, тілдер ,әдебиет ,т .б.)

- ОҚҒ-ның жаратылыстану бағыты(ботаника ,экология ,валеология, зоология, генетика, ауыл шаруашылығы, тәжірибесі, география, геология, химия, биология, медицина, физиология, орман шаруашылығы.)

- ОҚҒ-ның математика саласын тереңдетіп оқытатын оқытатын жағдайда автоқұрастыру, өнертапқыштық есеп,математика ,теориялық және қолданбалы физика, электрофизика, астрономия, бағдарламалау, автоматика ,кибернетика, прибор құрастыру.

Оқушылардың ғылыми жарыстарын өткізу жолдары

- Мектептің ғылыми жарыстарына секция отырысында сұрыптап алынған ең үздік жұмыстар қатысады.

- Басқарудың негізгі органы - мектеп конференциясы,оны қыркүйекте(бір жылға ғылыми жоба тақырыбын бекіту),мамырда (аяқталған ғылыми жобалардың қорытындысын шығару,жобаны қорғау )өткізу қажет.

- Бірінші кезең(мектепішілік) жеңімпаздары,екінші кезең(облыстық) ғылыми жарыстарына қатысады.

- ОҚҒ мүшесінің жеке жұмысы - түпдеректермен,қосымша әдебиетпен өз бетінше жұмыс жасау,орындалған жұмыспен,ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыбымен жұмыс жасау.

- Секциялық жұмысқа түрлі байқауларды қою мен өткізу,рефераттық жұмыстарды талдау,ғылыми-зерттеу іздеу,өнертапқыштық жұмыстарды қорғау жатады.


Ғылыми жобаларды орындауға қойылатын талаптар.

1. Жоба мәтіні компьютерде орындалу керек

2. Титул парағы

3. Мазмұны

4. Аннотация

5. Зерттеу бөлімі

6. Қорытынды

7. Пайдалынған әдебиеттер тізімі

Титул парағында мыналар көрсетіледі:

1.Жұмыс орындалған мекеменің толық атауы,қаласы, мектебі;

2.Автордың тегі, аты-жөні, класы;

3.Жұмыстың атауы;

4.Жұмыстың ұсынылған бағыты, секциясы;

5.Жетекшінің тегі, аты-жөні, әкесінің аты;

6.Қаласы (жарыстың өтетін жері)жылы;

Аннотация

- Зерттеудің мақсаты.

- Гипотеза.

- Зерттеудің барысы, кезеңдері.

- Эксперименттің әдістемесі.

- Зерттеудің жаңалығы және дербестік дәрежесі.

- Жұмыстың нәтижесі және қорытындысы.

- Қорытындылардың практикалық қолдануы.

Кіріспе бөлімі.

- Көлемі (екі беттен артық болмау керек)

- Зерттеу тақырыбының маныздылығы.

- Жұмыстың мақсаты, міндеті.

- Алға қойылған міндеттерді шешу әдісі қысқаша көрсетіледі

Зерттеу бөлімі.

- Жұмыстың зерттеу бөлімі жиырма беттен артық емес жеке бөлімдерден тұруы мүмкін.

- Таңдап алынған тақырып бойынша бұрыннан белгілі нәтижелерге аналитикалық талдау жасау.

- Таңдап алынған жұмысты атқарудың қажеттілігіне көз жеткізу және мақсатын құрастыру.

- Алға қойылған міндеттерді шешудің әдістерін сипаттау.

- Безендірілген материал(сызбалар ,графиктер, суреттер,фотосуреттер).

- Пайдаланылған әдебиетке сілтемені төртбұрышты жақшада беру керек, мысалы(2).Мәтінде кездесетін сілтемелерге орай нөмірлеу ретті болуы керек.

Стендті безендіруде қойылатын талаптар

- Стендттің жоғарғы жағына көлденінен абстрактты, қатысушының аты-жөнін, жасын,мектебінің атауы ,қаласы, облысын орналастыру қажет;

- Стендтегі материал жұмыстың мазмұнын айқындалатын талғамдықпен безендірілген болуы керек, нөмірленіп байланған графиктер, фотосуреттер, суреттер, диаграммалар, қорытындылар болуы тиіс;

- Мазмұнын дайындау кезіңде негізінен назарды жоба авторының алған нәтижелерін көрсетуге аудару қажет;


Ғылыми жобаны қорғау

Жобаны қорғау кезінде авторға баяндама үшін 10-15 минут беріледі, онда жұмыстың ғылыми аппарты айтылуы тиіс. Бағалау кезінде ғылыми жобаның ғылыми аппаратына жете мән беріледі .Ғылыми аппаратта:

1.Тақырыптың өзектілігі.

2.Мақсаты мен міндеттері.

3.Зерттеу әдістері.

4.Ғылыми болжамы.

5.Дерек көздері.

6.Жаңалығы.

7.Зерттеу кезеңдері мен қорытындылары.

Әр ұстаз өз оқушыларының арасынан жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болар дарын иелерін анықтай алу қажет. Ендігі жерде «Дарын дегеніміз не?», «Дарындылық деген не?», «Дарынды балалар қандай болады?» - деген сұрақтар тудырады.

«Дарындылық - үш байланыстың үйлесімділігі: интеллектуалды қабілеттілік, шығармашылдық тәсіл және нәтижеге жетудегі ынталылық.» Дж. Рензулли

"Дарындылық табиғатпен берілетін ерекше қабілет"Н.Ожегов.

Дарын-адам бойындағы асқан талант, ерекше қабілет,бала бойындағы алғырлық, зеректік.

Дарынды балаларға тән ерекшеліктер:

өте белсенді;

танып білуге деген құштарлығы жоғары;

есте сақтау қабілеті жоғары;

сөз қоры мол;

сұрақ қоя біледі;

шыншыл, турашыл;

өздігінен ізденіс жасай алады;

Дарындылықтың түрлері

- Интелектуалдық дарындылық

- Академиялық дарындылық

- Шығармашылық дарындылық

- Көркемдік орындаушылық дарындылығы

- Әлеуметтік дарындылық

Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізудің жолдары

- баланың жасырын,тым тереңде жатқан қабілеттерін ояту;

- қиындықты жеңе білуге , оқулықтан материалды сұрыптап ала алуға үйрету,

- баланы шығармашылыққа баулу және өз бетінше ізденіске бейімдеу;

- білімді құзіретті деңгейге жеткізу;

- теориялық білімді практикада қолдана білуге үйрету

Дарынды балалардың шығармашылығын дамытуға бағытталған жұмыстар жұмыстар:

- дебат жұмысы;

- пікірталастар;

- интеллектуалды ойындар;

- ғылыми жоба жарыстары;

- конференция;

- олимпиада.

Ғылыми зерттеу жұмысы - бұл қол жеткен білімді кеңейту және жаңа білімдер алу, ғылыми топтамаларды тексеру, ғылыми негіздеу мақсатында зерттеулер, тәжірибелер жүргізу болып табылады.

Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбын таңдау:

- қиялға негізделген, құбылыстарға бағытталған фантастикалық тақырып;

- өзіндік бақылаулар мен эксперимент жүргізу және практикамен тығыз байланысты эмприкалық тақырып;

- түрлі қайнар көзден алынған деректермен материалдармен танысу жұмыстарына бағытталған теоретикалық тақырыптар.

Жобалардың тақырыбы мынадай болуы мүмкін:

«Ауыз су проблемасы», «Темекінің ағзадағы бос-радикалды тотығу реакциясына әсері», «Адам ағзасында қышқылдық- негіздік балансты сақтау», «Азот тынайтқыштары», «Химия тұрмыста», «Химия ауылшаруашылығында», «Химиялық элементтер адам ағзасында», «Ағымдағы сулардың экологиялық проблемалары».

Зерттеу жұмыстарының негізгі кезеңдері:

  • I кезең - тақырыпты таңдау:

а) ғылыми - зерттеу орындарына саяхат жасау;

ә) пайдаланылатын әдебиеттерді іздестіру.

  • II кезең -тақырыппен жұмыс жүргізу:

а) тақырыпқа байланысты жоспар даярлау;

ә) мұрағат материалдары;

б) баспасөз материалдары;

в) әдебиеттер тізімі.

  • III кезең - тақырыпқа байланысты зерттеу жүргізу:

а) зерттеу жүргізу;

ә)жаңа ақпараттар жинау;

б) талдау жасау;

  • IV кезең - тақырыпты қорғау:

а) нәтижелерді, ұсыныстарды қорытындылау,

есеп беру.

Дарынды оқушыны дамытуда ғылыми жоба жұмысының ролі :

- Ғылыми және қосымша әдебиеттермен жұмыс жасауды үйренеді;

- Өзіндік ізденіске бағыт алады;

- Қоғамдық өмірге бейімделген интеллектуалды жеке тұлға бола алады.

- Еліміздің ғылыми дәрежесін жоғары деңгейге жеткізуге өз үлесін қосады.

Дарынды оқушыларды таңдау барысында назар аударатын ерекшеліктер:

  • өте белсенді;

  • танып білуге деген құштарлығы жоғары;

  • есте сақтау қабілеті жоғары;

  • сөз қоры мол;

  • сұрақ қоя біледі;

  • шыншыл, турашыл;

  • өздігінен ізденіс жасай алады;




Дарындылықтың түрлері :

интеллектуалдық дарындылық - ерекше шапшаң дамиды (ойлауы,байқағыштығы өте жоғары, білімге, жаңалыққа құмар, оқуы жеңіл, өз ойын жақсы жеткізе алады, алған білімдерін кез-келген уақытта еске түсіріп, пайдалана алады және құрдастарынан көп біледі);

академиялық дарындылық -білім алуға ерекше құмар (оқуды есте ұзақ сақтап, жаңғырта алады, жаңалықтар ашады, құбылыстар зерттейді, берілген тапсырманы зор қызығушылықпен орындайды, қоршаған дүниені танып білуде сұрақтар қояды);

көркемдік дарындылық -шапшаң ойлайды, тез нәтижеге жетеді, тез ілгерілеуді, сауалды көп қояды, әдеттен тыс қызығушылығы бар, кең көлемді білімді меңгереді, есте сақтау қабілеті жоғары;

шығармашылық дарындылық- көздеген мақсатына жете білетін, ізденіс белсенділігі жоғары. Өз бетінше ойлап істеуге қабілетті, зерттеу жұмыстарының нақты нәтижесіне жете біледі;

әлеуметтік дарындылық - өз талап-тілектерін қатал, әділдік, адамгершілік сезімі

жоғары .

Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мақсаты:

баланың жасырын,тым тереңде жатқан қабілеттерін ояту;

қиындықты жеңе білге , оқулықтан материалды сұрыптап ала алуға үйрету,

баланы шығармашылыққа баулу және өз бетінше ізденіске бейімдеу;

білімді құзіретті деңгейге жеткізу;

теориялық білімді практикада қолдана білуге үйрету.

Дарынды балалармен жұмыс істемес бұрын оларды топ ішінен анықтап алуымыз қажет. Олардың дарындылық белгілері қандай ?

Дарынды балалармен жұмыс жүргізу үшін:

Дарындылықтың түрлері анықталған соң оларды топқа бөліп , әрқайсысымен жеке жұмыс жүргізген жөн.

Біріншіден, талантты балаларға әрдайым жаңа, күрделі тапсырмаларды беріп отыру қажет, өйтпесе оларың пәнге деген қызығушылығы төмендейді. Сондықтан, оларды оқыту жүйесі дәстүрлі оқыту жүйесінен ерекшеленіп отыруы тиіс. Олар ғылыми, энциклопедиялық әдебиеттермен,күрделі сөзжұмбақтарыменен жұмыс істейді, қызықты тапсырмаларды шешеді, химиялық тәжірибелерді орындайды, арнайы қосымша сабақтарға қатысады. Дарынды балалармен жұмысты жүйелі түрде жүргізген жөн. Берілген тапсырмалардың шешімін баланың өзі тапса , күтілген нәтиже мол болмақ.

Екіншіден, дарынды баланың өз қабілеттерін көпшілік алдында қысылмай көрсетуі үшін, оның бойында көшбасшылық қаситтерді дамыту қажет. Осы мақсатты іске асыру үшін сабақ барысында рөльдік ойындар, брейн -рингтер, викториналық сұрақтар, интеллектуалды ойындар жүргізіліп отырғаны дұрыс. Дарынды оқушының жеке тұлғасын дамыту, олардың бос уақытын, өз қабілетін, шығармашылығын дамытуға бағытталған шаралар комплексін ұйымдастыру:

дебат жұмысы;

пікірталастар;

интеллектуалды ойындар;

ғылыми жоба жарыстары;

конференция;

олимпиада;

Ғылыми зерттеу жұмысы-бұл қол жеткен білімді кеңейту және жаңа білімдер алу, ғылыми топтамаларды тексеру, ғылыми негіздеу мақсатында зерттеулер, тәжірибелер жүргізу болып табылады. Ғылыми зерттеу жұмыс-бұл оқушыны қызықтыратын тақырыбы бойынша жобалау, зерттеу барысында өзінің және басқаның тәжірибесінен үйрену, сабақ алуға негізделген. Ғылыми жобаны жасау барысында оқушылар көп нәрсеге өзі көз жеткізеді, қосымша және ғылыми материалдармен жұмыс істеуге, рефераттар, баяндамалар жазуға, сол еңбектерін ғылыми-практикалық конференцияларда қорғауға үйренеді. Яғни, бұл оқушылардың танымдық қасиеттерін арттырудың, өз еңбектерінің нәтижесіне толығымен қанағаттанып, оқудағы жетістіктерін сезінудің бірден-бір жолы болып табылады.


Тақырып түрліше болуы мүмкін :

қиялға негізделген, құбылыстарға бағытталған фантастикалық тақырып;

өзіндік бақылаулар мен эксперимент жүргізу және практикамен тығыз байланысты эмприкалық тақырып;

түрлі қайнар көзден алынған деректермен материалдармен танысу жұмыстарына бағытталған теоретикалық тақырыптар.

Жобалардың тақырыбы мынадай болуы мүмкін: « Ауыз су проблемасы», «Темекінің ағзадағы бос-радикалды тотығу реакциясына әсері», «Адам ағзасында қышқылдық- негіздік балансты сақтау », «Азот тынайтқыштары», «Химия тұрмыста», «Химия ауылшаруашылығында», «Химиялық элементтер адам ағзасында», «Ағымдағы сулардың экологиялық проблемалары», «Су өсімдіктеріне ауыр металдардың әсері».

Ғылыми жоба мынандай бөлімдерден тұрады: -кіріспе бөлімі;

-негізгі

эксперимент нәтижесі;

-қорытынды/бөлім;

-әдебиеттер тізімі.

Зерттеу жұмыстарының негізгі кезеңдері:

I кезең - тақырыпты таңдау:

а) ғылыми - зерттеу орындарына саяхат жасау;

ә) пайдаланылатын әдебиеттерді іздестіру.

II кезең -тақырыппен жұмыс жүргізу:

а) тақырыпқа байланысты жоспар даярлау;

ә) мұрағат материалдары;

б) баспасөз материалдары;

в) әдебиеттер тізімі.

III кезең - тақырыпқа байланысты зерттеу жүргізу:

а) зерттеу жүргізу;

ә)жаңа ақпараттар жинау;

б) талдау жасау;

IV кезең - тақырыпты қорғау:

а) нәтижелерді, ұсыныстарды қорытындылау, есеп беру

Дарынды оқушыны дамытуда ғылыми жоба жұмысының ролі:

  1. Ғылыми және қосымша әдебиеттермен жұмыс жасауды үйренеді:

  2. Өзіндік ізденіске бағыт алады;

  3. Қоғамдық өмірге бейімделген интеллектуалды жеке тұлға бола алады.

  4. Еліміздің ғылыми дәрежесін жоғары деңгейге жеткізуге өз үлесін қосады.

Ғылыми жұмысқа тартудағы іс-шаралар:

  1. Ата-анамен алдын-ала әңгіме жүргізу;

  2. Кездескен проблемаларды жасырмай, келісіп шешім қабылдау;

  3. Баланың көңіл-күйі, денсаулығы жайлы білу;

  4. Ғылыми жұмыс жасауға ата-аналардың келісімін алу;

  5. Ата-ананың рухани сауаттылығын білу.

Менің дарынды оқушымен жұмыс жоспарым бойынша ғылыми жобамен

жұмыс жасай алады-ау деген, яғни шығармашылық дарындылығы бар бірнеше

оқушыларды іріктеп алдым. Олар: Маратбекова Ақерке, Орынбасаров Абзал және Сабыралиева Айнұр. Әр оқушым ғылыми жұмыс тақырыптарымен ізденіп, мектепішілік ғылыми жоба байқауына қатысты.Осы оқушылардың ішінен дарындылығы жоғары болып, жұмысы жоғары дәрежеде қорғалып, ауданда ғылыми жоба жарысында жүлделі 1-ші орынды иеленіп, дипломмен марапатталды.


Оқушының ғылыми жобамен жұмыс істеу реті:

Жұмыс істеу

кезендері

Жұмыстың мазмұны

Оқушылардың атқарған қызметі

Пән мұғалімінің қызметі

1

2

3

4

Ұйымдастыру

кезеңі

Зерттеу тақырыбын таңдап, мақсатын қою.

Ғылыми-зерттеу орындарына саяхат жасайды,пайдаланатын әдебиеттерді іздестіру .

Зерттеу жасаудағы негізгі бағыт, амалдарды белгілеп, мақсатын анықтауға көмектесу.

Жоспарын құру

  1. Тақырыпқа байланысты жоспар даярлау.

  2. Мұрағат материалдарын жинақтау.

  3. Баспасөз материалдарын жинақтау

  4. Әдебиеттер тізімін құру.

Жұмысқа кірісу, жоспарын құру, міндеттерін белгілеу.

Жаңа идеялар ұсыну, тақырыппен байланысты ұсыныстар айту.

Зерттеу

жұмыстарын

жүргізу

1.Зерттеу жүргізу;

2 .Жаңа ақпараттар жинау;

3. Талдау жасау.

Аралық міндеттерді шешу арқылы зерттейді, ғылымдармен кеңеседі

Бақылайды, кеңес береді. Қызмет барысын қосымша атқарады.

Нәтижелерін

анықтау

1.Ақпараттарды талдау.

2.Тұжырымдар жасау.

Ақпараттарды талдайды,практикасымен ұштастырады.

Зерттеу барысын қадағалайды, кеңес береді

Ұсыну және есеп беру

Нәтижелерді, ұсыныстарды талқылау.

Есеп береді, жоба ұсынады, талқылайды.

Тыңдайды, қатысушы ретінде мақсатын шешуге арналған сұрақтар қояды

Сапасы мен нәтижесін бағалау

Талқылау, ұсыну

Оқушының білім күшін, ғылыми деректерді пайдалануын, мүмкіндігін, зерттеудің сапасын бағалайды.












Дарынды оқушылармен жұмыс жоспары

2014-2015 оқу жылы

Атқарылған жұмыс жоспары

Мерзімі

1

Дарынды оқушыларды анықтау

Қыркүйек

2

Шығармашылық тақырыптарын бекіту

Қазан

3

Шығармашылық жұмыстың орындалуын қадағалау

Үнемі

4

Шығармашылық байқауларға қатысу

Үнемі

5

Ақпараттық жаңалықтар енгізу

Үнемі

6

Материалдар іздестіру

Үнемі

7

Проблемалық тақырыптарда рефераттар жазу

Әр тоқсан

8

Шығармашылық жұмыспен қамтылған оқушылармен дөңгелек үстел өткізу

Айына бір рет







Ғылыми жұмыспен айналысатын дарынды оқушылардың тізімі

2013-2014 оқу жылы

Оқушылардың

аты-жөні

Сынып

Дарындылықтың

түрі

Тақырыбы

1

Орынбасаров Абзал

11 «б»

Шығармашылық

Менің болашақтағы мектебім

2

Маратбекова Ақерке

11 «Б»

Шығармашылық

Стекловидная-24 бидайы

3

Сабыралиева Айнур

10"А"

Шығармашылық

Астұзының ерекшеліктері






© 2010-2022