Жасушаның органикалық және бейорганикалық құрамы

Раздел Биология
Класс 10 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

10 сынып. Биология.

Cабақтытың тақырыбы: «Жасушаның химиялық құрамын қорытындылауға арналған тапсырмалар»

Сабақтың мақсаты:

1. I бөлімді қорытындылау.

2. Өткен тақырыптарды пысықтау, еске түсіру, қайталау. Оқушылардың ой-өрісін дамыту.

3. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Қайталау.

Сабақтың түрі: Сұрақ-жауап.

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап, сурет салу, терминдерге жауап беру.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

II. Сұрақтар мен тапсырмалар бөлімі

І. Ұйымдастыру бөлім

Амандасу,оқушыларды түгелдеу,сабақ мақсатымен танысу.

II. Сұрақтар мен тапсырмалар бөлімі

Сұрақтар мен тапсырмалар бөлімін 3 кезеңге бөлдім.


  1. Біліміңді сына

  2. Суретке дұрыс атау беру



  1. Цитология ғылымы нені зерттейді?

А) жасушаларды В) ұлпаларды

С) өсімдіктерді Д) жануарларды

2. Өсімдіктерде қандай көмірсулар кездеседі? А) гликоген Д) крахмал, жасұнық (клетчатка) В) липид С) нәруыз

3. Тұңғыш рет 1736 жылы қандай ғалым бидай ұнынан желімтіктелген нәруыз алды?

А) Р. Воклен С) Ч. Дарвин

В) Б. Браконно Д) Я. Беккори

4. Аминқышқылдарының орын ауыстыруы организмге қалай әсер етеді?

А) организм қызметі артады С) организмге ешқандай әсері жоқ

В) организмде ауру пайда болады Д) организм қызметі баяулайды

5. ДНҚ полимерінің мономері қандай заттардан тұрады?

А) нуклеотид С) нуклеин қышқылы

В) аминқышқылы Д) ферменттер

6. Ферменттер қандай қызмет атқарады?

А) тасымалдау С) катализаторлық

В) ақпараттық Д) энергетикалық

7. Аминқылдарының құрамына қандай топтар кіреді?

А) СООН, NH2; С) СН2ОН, NH2;

В) СООН, NH3; Д) СО2, NH2;

8. ДНҚ-ның екі еселенуін қандай ғалымдар зерттеді?

А) Дж. Уотсон С) Э. Чаргафф

В) Р. Франклин Д) М. Месельсон, Ф. Сталь

9. Нәруыздың бірінші реттік құрылымында қандай байланыс болады?

А) сутектік С) дисульфидтік

В) пептидтік Д) иондық

10. РНҚ-ның құрамына қандай көмірсу кіреді?

А) пентоза С) полисахарид

В) рибоза Д) сахароза

11. Денатурация кезінде нәруыз:

А) қасиеті өзгереді С) катализаторға айналады

В) тасымалдау қызметін атқарады Д) өзгеріске ұшырайды

12. Улы қасиеті бар нәруыздар қалай аталады?

А) ферменттер С) токсиндер

В) гормондар Д) сапалы нәруыздар

13. РНҚ қандай мономері бойынша ДНҚ-дан ерекшеленеді?

А) тимин С) гуанин

В) урацил Д) цитозин

14. Глюкоза көмірсулардың қайсысына жатады?

А) моносахарид С) дисахарид

В) полисахарид Д) гликоген

15. Жасушада 1 г май ыдырағанда қанша энергия бөлінеді?

А) 17,7 кДж С) 16,5 кДж

В) 38,9 кДж Д) 18,2 кДж

16. ДНҚ-ның екі еселенуін қалай атаймыз?

А) денатурация С) рекомбинация

В) ренатурация Д) ампифликация

17. ДНҚ тізбегін жалғайтын ферменттер?

А) ДНҚ-полимераза С) трансфераза

В) лигаза Д) лиаза

18. Өсімдіктерде тіректік қызмет атқаратын полисахарид:

А) крахмал С) нәруыз

В) липид Д) жасұнық (клетчатка)

19. Жануар организміндегі көмірсулар қалай аталады?

А) крахмал С) нәруыз

В) липид Д) гликоген

Төмендегі суреттердің атауларын беріңіздер

Жасушаның органикалық және бейорганикалық құрамы Жасушаның органикалық және бейорганикалық құрамы Жасушаның органикалық және бейорганикалық құрамы

Жасушаның органикалық және бейорганикалық құрамыЖасушаның органикалық және бейорганикалық құрамыЖасушаның органикалық және бейорганикалық құрамы

Жасушаның органикалық және бейорганикалық құрамы


© 2010-2022