• Преподавателю
  • Биология
  • Открытый урок по биологии на тему: Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс

Открытый урок по биологии на тему: Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс

Тақырыбы:Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс.Мақсаты: Білімділік:  Студенттерді күрделі бейорганикалық қосылыстардың бір – біріне айналу заңдылықтарымен таныстыру, генетикалық қатарды құра білуге үйрету, негізгі бейорганикалық қосылыстар жайындағы білімді жүйелеу.Дамытушылық:   Өздігінен  жұмыс іздеу дағдысын, шығармащылық қабілетін арттыру дағдысын қалыптастыру. Химиялық формула мен теңдеу құру, есеп шығару біліктіліктерін дамыту.Тәрбиелік:  Ізденімпаздыққа, жауапкершілкке...
Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Открытый урок по биологии на тему:Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс.Открытый урок по биологии на тему:Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс.Тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс.

Мақсаты:

Білімділік: Студенттерді күрделі бейорганикалық қосылыстардың бір - біріне айналу заңдылықтарымен таныстыру, генетикалық қатарды құра білуге үйрету, негізгі бейорганикалық қосылыстар жайындағы білімді жүйелеу.

Дамытушылық: Өздігінен жұмыс іздеу дағдысын, шығармащылық қабілетін арттыру дағдысын қалыптастыру. Химиялық формула мен теңдеу құру, есеп шығару біліктіліктерін дамыту.

Тәрбиелік: Ізденімпаздыққа, жауапкершілкке, ұйымшылдыққа, ұқыптылққа тәрбиелеу.

Түрі: аралас.

Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, ой қозғау.

Көрнекіліктер: компьтер, интерактивті тақта, Астiv vote құралы.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Үйге тапсырма.

VІ. Бағалау.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын сұрау «Қайталау - білім анасы»

Кесте толтыру, берілген заттарды сәйкес кластарға орналастыру

Оксид

Негіз

Қышқыл

Тұз

СuS04; НСІ; НN03; NаОН; НgO; S02; А12S3; Nа2S03;N205; Н3Р04; Ғе(ОН)3; NaНS04;


Сәйкестендіру тест


Тест

  1. Азот қышқылының формуласы?

а) НСІ; б)Н2S04; в)НN03; г)NаОН.

  1. Қышкылдар неден тұрады?

а) металл мен оттектен; б) бейметалл мен оттектен; в) металл мен кышқыл калдығынан; г) сутек атомдары мен қышқыл қалдығынан.

  1. Сілті түзетін оксид?

а)Nа20; б)СuО; в)Ғе203; г)S03.

  1. Бейтараптану рекциясы дегеніміз не?

а) оксид пен қышқылдың арасындағы реакция; б) тұз бен тұздың арасындағы реакция; в) Қышқыл мен негіздің арасындағы реакция; г) тұз бен қышкылдың арасындағы реакция.

  1. Төменде келтірілген пікірлердің қайсысы тұздарды сипаттайды?

а) біреуі оттек болатын барлық заттар; б) оттекті қосылыстар; в) кемінде екі элементтің атомдарынан тұратын заттар; г) металл атомдары мен қышқыл қалдықтарынан тұратын заттар.

  1. Төменде келтірілген пікірлердің қайсысы оксидтерді сипаттайды?

а) металл атомы мен кышқыл қалдықтарынан тұратын заттар; б) металл атомы мен оттектен тұратын заттар; в) сутек атомдары мен қышқыл қалдығынан; г) біреуі оттек болып келетін биэлементті қосылыстар.

  1. Берілген заттардың ішінен суда ерімейтін негізді көрсетіңіз;

а) КОН б) Сu(ОН)2 в)Ва(ОН)2 г)LiОН

  1. Қышқыл және сілті ерітіндісін анықтайтын зат;

а) катализатор; б) ингибитор; в) индикатор; г)электролит.

  1. Екідайлы оксид қайсысы?

а) СuО; б) ҒеО; в)ВеО; г) Nа20.

  1. Негіздер дегеніміз қандай заттар?

а) металл атомы мен қышқыл қалдықтарынан тұратын заттар; б) металл атомы мен оттектен тұратын заттар; в) сутек атомдары мен қышқыл қалдығынан; г) біреуі оттек болып келетін биэлементті қосылыстар.

Жай заттардың және қосылыстардың химиялық қасиеттерін есімізге түсірсек, бір заттың басқа затқа айналу заңдылықтары қатарын құра аламыз. Мысалы;

Бұл сызбадан қандай қорытынды шығаруға болады? Бұдан көретініміз, екі жағдайда да тұз түзіледі.

Бұл байланыс химиялық реакция кезінде, яғни бір зат екінші затқа айналғанда жүзеге асады. Яғни, бір зат басқа заттан түзіледі. Грекше «пайда болу», «шығу тегі» - «генезис». Демек, заттар кластар арасындағы байланыс генетикалык байланыс деп аталады. Генетика - XX ғасырдағы жаңа ғылым. Организмдердің тұқым қуалағыштығын зерттейді. Ген - тұқым қуалайтын тек.

Тарихта: VII ғ. Күлтегін жазуында: «Зат тәңірі», «Алла», «Көк аспан», «Қара жер». Әдебиетте: Шәкәрім Құдайбердиев «Үш анық» еңбегінде:

«Кетті. келді, толды, семді, өзгеленді бұл ғалам,

Туды. өлді, жанды, сөнді, өршіп өнді қайтадан»

Астрономияда: Ауа→ от→жер →су

Биологияда: Ата - ана→ ген→ұрпақ

Генетикалық (тектік ) байланысты химияда қалай түсінуге болады?

Яғни, тегі металл болса ----------► негіз түзіледі

Тегі бейметалл болса------- ► қышқыл түзіледі

Жай (металл, бейметалл) және күрделі (оксид, қышқыл, негіз, тұз) заттардың барлығының өзара байланысы генетикалық байланыс деп аталады (генезис - шығу тегі).

Енді осы генетикалық байланыстарды тұздарды алудың мысалында қарастырайық:

1. Кейбір металдар мен бейметалдар езара әрекеттесіп (синтез әдісі) тұз түзеді: Fe + S = FeS

2. Негіздік оксидтер мен қышқылдық оксидтердің өзара әрекеттесуі де тұз береді. СаО + СО2= СаСО3

3. Қышқыл мен негіздік оксидтің әрекеттесуінен де тұз түзіледі.

MgO + H24= MgSО4+ H2O

4. Негізбен қышқылдық оксидтердің әрекеттесуі де тұз тудырады.

ЗСа(ОН)2+ Р2О5= Са3(РО4)2+ ЗН2О

5. Қышқылдар мен негіздер әрекеттесуі арқылы да тұз алуға болады:

NaOH + HNО3=NaNО32О

6. Тұз бен қышқылдың әрекеттесуі жаңа тұз бен жаңа қышқыл береді, тұз тұнбаға түседі:

Са3(РО4)2+ 3H24= 3CaSО4↓+ 2Н3РО4

7. Тұз бен негіздің әрекеттесуі жаңа тұз бен жаңа негіз береді, олардың біреуі тұнбаға түсуі керек.

ҒеСl3+ 3NaOH = Ғе(ОН)3↓ + 3NaCl

8. Металл мен баска тұз әрекеттескенде де жаңа тұз бен металл түзіледі:

Fe + CuSO = FeSO + Cu

9. Тұз бен тұз әрекеттескенде жаңа екі тұз түзіледі, олардың біреуі тұнбаға түседі.

ЗВаСl2+ 2Na3PO4= Ва3(РO4)2↓+ 6NaCl

10. Металмен қышқыл әрекеттескенде тұз бен сутегі түзіледі.

Mg + 2HCl = MgCl2 + Н2

  1. Сабақты бекіту.

Реакция теңдеулерін жазу.

а)СuO→CuCI2→Cu(OH)2→CuO→Cu(NO3)2

б)АI2S3→AI(OH)3→AI2(SO4)3→ AI(OH)3→ АI2O3

8. «Біліміңді сынап көр!»

200 г. ерітіндіде 10 г. тұз бар. Ерітіндідегі тұздың массалық үлесі қандай? 1)100 г 2)20 г 3)0,05 г 4)0,2 г 5)10г

  1. Үйге тапсырма: «Ерітінділердің маңызы» тақырыбына шағын жоба даярлап келу.

  1. Бағалау.



© 2010-2022