Бейімділік. Бейімділіктің жетілдірілуі, салыстырмалылығы

Сабақтың тақырыбы: § 44. Бейімділік. Бейімділіктің жетілдірілуі және оның салыстырмалы сипаты.Сабақтың мақсаты: Бейімділік (бейімделгіштік) және оның түрлері мен салыстырмалы сипаты туралы түсініктер алу.Міндеттері: 1.Оқушыларда бейімділік және оның түрлері мен салыстырмалы сипаты туралы ұғымдар қалыптастыру. 2. Оқушылардың танымдылық қабілетін арттыра отырып, бейімділіктің түрлерін ажырата білуге үйрету. 3.Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.Күтілетін нәтиже: ...
Раздел Биология
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 17.02.15 ж №44 сабақ 9 «а, ә, б, в»

Сабақтың тақырыбы:

§ 44. Бейімділік. Бейімділіктің жетілдірілуі және оның салыстырмалы сипаты.

Сабақтың мақсаты: Бейімділік (бейімделгіштік) және оның түрлері мен салыстырмалы сипаты туралы түсініктер алу.

Міндеттері:

1.Оқушыларда бейімділік және оның түрлері мен салыстырмалы сипаты туралы ұғымдар қалыптастыру.

2. Оқушылардың танымдылық қабілетін арттыра отырып, бейімділіктің түрлерін ажырата білуге үйрету.

3.Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Күтілетін нәтиже:

1.Оқушыларда бейімділік және оның түрлері мен салыстырмалы сипаты туралы ұғымдар қалыптасады.

2. Оқушылар бейімділіктің түрлерін ажырата білуге үйренеді.

3.Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: топтастыру, «Сұрақты ұстап ал!» ойыны, постер қорғау, биологиялық диктант, суретті тест, сәйкестендіру тесті, СТО элементтері (ой қозғау, бағалау парағы)

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, флипчарт

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау § 43

ІІІ. Жаңа сабақты түсіну.

ІV. Бекіту.

V. Үйге тапсырма беру.

VІ. Қорыту

І. Амандасу. Түгелдеу.

Топтастыру ( жыл мезгілдеріне байланысты «көктем, жаз, күз, қыс» деп 4 топқа бөлу).

Психологиялық тұрғыдан сабаққа әзірлеу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

«Сұрақты ұстап ал!» ойыны бойынша (Мұғалім сұрақ қойған кезде кезек-кезекпен допты әр топқа лақтырады. Егер де допты қағып алған адам сұраққа жауап берсе, онда ол топ 3 ұпай алады. Егер де ол жауабын білмесе, допты басқа топқа 2 ұпайға лақтырады. Егер де доп тағы да кері лақтырылатын болса, онда дұрыс жауаптың құны 1 ұпайға дейін төмендейді).

І - топқа сұрақтар:

1.Алғашқы эволюциялық факторларды айтыңыз.

2. Популяциялық толқын дегеніміз не?

3. Географиялық оқшаулану дегеніміз не?

ІІ - топқа сұрақтар:

1.Популяциялық толқындардың авторы кім?

2. Оқшаулану дегеніміз не?

3. Экологиялық оқшаулану деген не?

ІІІ - топқа сұрақтар:

1.Гендердің ығуы дегеніміз не?

2. Оқшауланудың типтерін атаңыз.

3. Популяциялық толқындарға мысал келтіріңіз.

ІV - топқа сұрақтар:

1.Гендердің ығу құбылысын ашқан ғалымдар кімдер?

2. Биологиялық оқшаулану дегеніміз не?

3. Биологиялық оқшауланудың түрлерін ажыратып сипаттаңыз.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіну:

Миға шабуыл:

Биологиялық алға басу және кері кету деген не? «Эволюциялық табыс» немесе «Эволюциялық сәтсіздік» деген не? Түйенің шөлде тіршілік етуі үшін қандай бейімделушіліктер бар?Табиғи сұрыпталу дегеніміз не? Тіршілік үшін күресте қандай ағзалар тірі қалады?

Тіршілік үшін күрестің нәтижесі - табиғи сұрыпталу және оның нәтижесі - бейімделгіштік(бейімделу).

Әрбір топ тақырыптың мазмұнын ашу үшін жоспар бойынша берілген тақырыпшаларды постерде қорғау.

Постер: Критерийлері:

І - топ: «Қорек талғауға бейімделу және климаттық бейімделу ерекшеліктері»

ІІ - топ: «Қорғаныш реңнің түрлері: бүркеніш және жасырушы рең»

ІІІ - топ: «Еліктеу реңі және көрнекілеу немесе сақтандырушы рең»

ІV - топ: «Бейімделгіштіктің салыстырмалы сипаты»

Сабақтың мазмұны: Бейімделгіштік - адаптация дегеніміз тірі ағзалардың қоршаған ортаның нақтылы жағдайларында құбылысында, мінез-құлқы мен физиологиясында тірі қалуды жоғарылататын ерекшеліктерді иемдену қасиеті.

Кезінде Ламарк тірі ағзалардың өздері өмір сүретін қоршаған орта жағдайларына бейімделуге мәжбүр болатынын байқады. Дарвин теориясында бейімделгіштік дамытылып, толықтырылды. Тірі ағзалардың әрқайсысы өз табиғи қоршаған ортасынан барынша көп пайда алуға, сондай-ақ әрқайсысы оған қарама-қайшылық көрсетпеуге тырысады.Тіршілік иелерінің барлығының міндеті - тіршілік үшін күресте онша шиеленіссіз өтетін өз экологиялық таушасын (ниша) табу. Сонымен эволция нәтижелерінің бірі - тірі ағзалардың қоршаған орта жағдайларына бейімделгіштігі.

Бейімделгіштіктің түрлері

Бейімділік. Бейімділіктің жетілдірілуі, салыстырмалылығыБейімділік. Бейімділіктің жетілдірілуі, салыстырмалылығыБейімділік. Бейімділіктің жетілдірілуі, салыстырмалылығыБейімділік. Бейімділіктің жетілдірілуі, салыстырмалылығы

1.Қорек талғауға бейімделу 4.Гүлді өсімдіктердің айқас

тозаңдандыруға бейімделуі

2.Климаттық бейімделу 3.Қорғаныш реңдер

ҚБейімділік. Бейімділіктің жетілдірілуі, салыстырмалылығыорғаныш реңдер

Бейімділік. Бейімділіктің жетілдірілуі, салыстырмалылығыБейімділік. Бейімділіктің жетілдірілуі, салыстырмалылығы

Қорғаныш рең еліктеу реңі көрнекілеу реңі немесе

Бейімділік. Бейімділіктің жетілдірілуі, салыстырмалылығыБейімділік. Бейімділіктің жетілдірілуі, салыстырмалылығыБейімділік. Бейімділіктің жетілдірілуі, салыстырмалылығы сақтандырушы рең

Бүркемелеу немесе бөлшектену көлегейлену немесе

бүркеніш рең реңі жасырушы рең

ІV. Бекіту: А) сәйкестік тесті

Бейімделудің түрлері

Дұрысы

Негізгі ерекшеліктері

1.Қорек талғауға бейімделу

1-Г,

2-А,

3- В,

4 -Ә,

5-Б,


А) Ағзаларда төтенше табиғи жағдайлардағы тіршілікке байланысты кең өрісті бейімделу.

2.Климаттық бейімделу

Ә) қауіпсіз жәндіктердің пішіні мен түсі, мінез-құлығы жағынан улы, шағатын, қауіпті жәндіктерге ұқсастығы.

3.Көрнекілеу

реңі

Б) жануарлардың дене пішіні мен реңінің айналадағы ортаның түсіне сәйкес келуі.

4. Қорғаныш

рең

В) қарсыласын үркіту немесе абдырату жолы.

5.Жасырушы рең

Г) қорек тапшылығынан және тіршілік үшін күрестің шиеленісуінен дарақтардың бір бөлігі қоректенудің жаңа көзіне ауысты

Ә) Биологиялық диктант

1.Тірі ағзалардың қоршаған ортаның нақтылы жағдайларында тірі қалуды жоғарылататын ерекшеліктерді иемдену қасиеті .......(бейімделгіштік) деп аталады. 2.Ағзаларда төтенше табиғи жағдайлардағы тіршілікке байланысты....... (климаттық) бейімделу пайда болды. 3.Қорғанышсыз ағзалардың екінші бір едәуір қорғанышы бар түрге ұқсас болып келуі - ......... (еліктеу) реңі. 4.Қорғаныш реңді ....(3 ) типке бөледі. 5. Бұл ..... (бейімделгіштік) табиғи сұрыпталудың нәтижесі.

Б) суретті тест (берілген суреттерден дұрысын анықтау)

1.Еліктеу реңіне қайсы сурет мысал бола алады? ( теңіз атбас балығы)

2. Көрнекілеу реңі төмендегілердің қайсысына тән? (кең алқымға)

3. Жасырушы реңнің мысалы болатын сурет қайсысы? (дәуіт, шегіртке, жұлдызқұрт)

В) Берілген пайымдаулардан дұрыс, бұрысын анықта (дұрыс «+», бұрыс «-»)

1. Көрнекілеу реңі- қарсыласын үркіту немесе абдырату жолы. +

2. Қорек талғауға бейімделу - ағзаларда төтенше табиғи жағдайлардағы тіршілікке байланысты кең өрісті бейімделуі. -

3. Бейімделгіштік - адаптация деп те аталады. +

4. Табиғатта тіршілік жағдайларына нағыз бейімделген формалар жоқ. +

5. мимикрия - сақтандырушы рең. -

V. Үйге тапсырма беру: § 44

VІ. Қорыту: үйге тапсырма беру, оқушыларды бағалау.


Бағалау парағы

Топтың аты: --------------------------

Топ басшысы: -------------------------------------


Топ мүшелері

Үй тапсыр

масы

«Сұрақты ұстап ал!» ойыны

Пос

тер қор

ғау

Бекіту

Белсенділігі

Қоры

тынды ұпай

1


2


3


4


5


6


Топтық бағалау



Критерий: жоғары ұпай - 3



























1.Қорек талғауға бейімделу. Көптеген жануарлар қорек тапшылығынан және тіршілік үшін күрестің түр ішінде шиеленісуінен пайда болып, дарақтардың бір бөлігі қоректенудің жаңа көзіне ауысты. Үлкен шымшық ірі бунақденелілермен қоректенеді. Көкшіл шымшық ағаш қабығы астындағы ұсақ бунақденелілерді жейді. Айдарлы шымшық қылқан жапырақтылардың тұқымын қорек етеді. Ал шөжешымшық және шөрешымшық бунақденелілердің орташа мөлшері сан алуан түрлерін аулайды. Сөйтіп шымшықтардың әр түрі ормандағы өсімдіктердің бір белдеуқабатында өмір сүреді.

2. Климаттық бейімделу. Ағзаларда төтенше табиғи жағдайлардағы тіршілікке байланысты кең өрісті бейімделу пайда болды. Жануарлар мен өсімдіктердің солтүстіктің суығына, ал шөлде тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктердің ылғал және жоғары температураның тапшылығына бейімделуін жеке анықтап зерттеуге болады.

3.Қорғаныш реңдер. Қорғаныш реңдерді негізгі 3 типке бөлуге болады: қорғаныш реңі(маскировка), еліктеу реңі(мимикрия), көрнекілеу реңі(демонстрация) немесе сақтандырушы рең. Қорғаныш реңнің мынадай түрлері бар: 1) бүркемелеу немесе бүркеніш реңі, 2) бөлшектену реңі, 3) көлегейлену немесе жасырушы рең.

3.1. Қорғаныш реңі: қауіпсіз жәндіктердің пішіні мен түсі, мінез-құлығы жағынан улы, шағатын, қауіпті жәндіктерге ұқсастығы. Мысалы, балшықшы сауысқан, т.б. құс жұмыртқасының түсі мен пішіні қиыршық жұмыр тасқа ұқсас болады. Жауынан қорғана алмайтын усыз, жыртқышқа жеуге жарамды кейбір жәндіктер, улы, жыртқышқа, жеуге жарамсыз жәндіктерге ұқсас келеді. Жануарлардың қимылы, ұшып-қону ерекшеліктері де жауынан бүркемеленудің бір түрі болып табылады. Мысалы, кейбір көбелектер ағаштан үзіліп түскен жапырақ тәрізді ұшады. Өсімдіктер бүркеніші негізінен пайдалы жәндіктерді өзіне тарту не зиянды жануарларды үркіту, сескендіру бағытында дамиды. Бұл организмді түгел қамтымайды, тек белгілі бір органда пайда болады. Мысалы, белозор (Раrnassіa) өсімдігінің гүлі шырынсыз болғанымен, ол бал шырынды өсімдіктерге ұқсас. Жәндіктер онда шырын бар деп қонып, гүлін тозаңдандырады. Орхидеяның гүлі тозаңдандырушы жәндіктердің ұрғашысына ұқсас болғандықтан, олардың еркегі оған қонып, тозаңдандырып кетеді. Бүркеніш реңнің жануарлар тіршілігінде маңызы өте зор. Әр түрлі пішін мен бүркеніш реңдер жануарлардың сол ортаға бейімделгендігінің нәтижесі болып табылады.

3.1.1.Бүркеніш рең. Бүркеніш рең - жауы тез байқайтын ашық жерде тіршілік ететін организмдердің жауынан қорғануы үшін қажет болып табылатын бейімделушілік. Жерге ұя салып балапан басатын (шіл, құр,бөдене, сайрауық, т.б.) құстардың реңі мекен ететін орта жағдайына ұқсас. Сондықтан олар жұмыртқа басып ұясында козғалмай жатқан кезде жауына байқалмайды. Тіпті жүмыртқаларының қабығындағы (сыртындағы) секпілді дақтары да, жұмыртқаны жарып шыққан балапандарының түсі де тіршілік ететін орта жағдайына ұқсас болып келеді. Ұяларына ешкім бара алмайтын өте биік құз жартастарға ұя салатын ірі жыртқыш құстар мен жұмыртқаларын жерге көметін құстардың жұмыртқа қабығында теңбіл дақтар болмайды. Көбелектердің жапырақтағы жұлдызқұрттары жапырақтың түсіндей жасыл, қабықтағылары сұрғылт-қоңыр (қабық түсіне ұқсас) болады. Шөлде тіршілік ететін жануарлардың сыртқы түсі құмға ұқсас сарғыш болып келеді. Біркелкі бүркеніш рең жәндіктерге (көк қасқа шегіртке), кесірткелерге, акбөкендерге, арыстандарға да тән.Жыл маусымының өзгеруіне байланысты жануарлардың түгінің түсі де өзгереді. Мысалы, ақ түлкі, ақкіс, аққоян, ақ шіл - қыста ақ түсті (қардың түсіндей) болады.Күндіз ұшатын көбелектердің бүркеніш реңі қанаттарының астыңғы жағында (қанат асты түрлі түсті) болғандықтан қонғанда қанаттары жайылмай бір-біріне беттесіп жиналып тұрады. Ал түн көбелектерінің бүркеніш реңі қанаттарының үстіңгі жағында, сондықтан олар қонғанда қанаттары жазылып тұрады.

3.1.2. Жасырушы рең - жануарлардың дене пішіні мен реңінің айналадағы ортаның түсіне сәйкес келуі. Мысалы, шөп арасында жүретін жәндіктердің реңі сол жердің өсімдігі түстес (тропиктік орманда тіршілік ететін жыландардыондағы шырмауықтардан ажырату мүмкін емес), мәңгі жасыл ормандағы жануарлар жасыл түсті, құмдағы жануарлар сарғыш түсті болады.

3.2. Еліктеу реңі. Еліктеуші рең (мимикрия грекше "mimikos" - еліктегіш). Бұл рең өсімдіктер мен жануарларда табиғаттың белгілі бір өлі және тірі заттарына еліктеуінен байқалады. Өздігінен қорғана алмайтын организмдердің бүркеніш реңдері бір немесе бірнеше түрлерге ұқсас болып келеді. Мысалы: тарақанның дене пішіні, мөлшері, ашық реңі ханқызы коңызынан аумайды; теңіз атбас балығы мен ине балықтың дене пішіндерінің балдырға ұқсауы; гүл шыбынының жабайы араға ұқсауы; усыз жыландардың улы жыландарға ұқсауы, т.б. еліктеуіш реңдер жауынан сақтанып, тірі қалуына мүмкіндік береді.

3.3.Көрнекілеу реңі немесе сақтандырушы рең - қарсыласын үркіту немесе абдырату жолы.Бұл рең улы, шағатын, күйдіретін жәндіктерде айқын байкалады. Олардың реңдері бірден көзге түсетін, есте сақталып қалатындай өте ашық, түрлі түсті айқын бояулы болып келеді. Мысалы, ханқыз қоңызы(қызыл, сары, коңыр, күрең қызыл, айкын жолақты, т.б.) улы, ащы, сары түсті күйдіргіш сұйықтық бөлетіндіктен оған құстар еш уақытта жоламайды.

Бейімделгіштіктің салыстырмалы сипаты. Табиғатта тіршілік жағдайларына нағыз бейімделген формалар жоқ. Кез келген бейімделу белгілері нақты орта жағдайларында ғана пайдалы болады. Егер тіршілік ортасы өзгерсе, ол белгілер қажетсіз болып қалуы да мүмкін. Егер қайтадан көндігудің сәті түспесе, онда дарақтар өлімі үдерісінде толық өліп бітеді. Мысалы сары шекшекке қарағанда жасыл шекшектер шөп сарғайғанға дейін ғана тіршілігін жақсы сақтап қалады. Бұдан соң оларды құстар оңай байқайды. Сөйтіп мамырдағы жақсы жағдай маусым-тамызда жаман жағдайға айналады.










А) сәйкестік тесті

Бейімделудің түрлері

Дұрысы

Негізгі ерекшеліктері

1.Қорек талғауға бейімделу


А) Ағзаларда төтенше табиғи жағдайлардағы тіршілікке байланысты кең өрісті бейімделу.

2.Климаттық бейімделу

Ә) қауіпсіз жәндіктердің пішіні мен түсі, мінез-құлығы жағынан улы, шағатын, қауіпті жәндіктерге ұқсастығы.

3.Көрнекілеу

реңі

Б) жануарлардың дене пішіні мен реңінің айналадағы ортаның түсіне сәйкес келуі.

4. Қорғаныш

рең

В) қарсыласын үркіту немесе абдырату жолы.

5.Жасырушы рең

Г) қорек тапшылығынан және тіршілік үшін күрестің шиеленісуінен дарақтардың бір бөлігі қоректенудің жаңа көзіне ауысты

Ә) Биологиялық диктант

1.Тірі ағзалардың қоршаған ортаның нақтылы жағдайларында тірі қалуды жоғарылататын ерекшеліктерді иемдену қасиеті ....... аталады. 2.Ағзаларда төтенше табиғи жағдайлардағы тіршілікке байланысты....... бейімделу пайда болды. 3.Қорғанышсыз ағзалардың екінші бір едәуір қорғанышы бар түрге ұқсас болып келуі - ......... реңі. 4.Қорғаныш реңді .... типке бөледі. 5. ..... табиғи сұрыпталудың нәтижесі.

В)Берілген пайымдаулардан дұрыс, бұрысын анықта

(дұрыс «+», бұрыс «-»)

1. Көрнекілеу реңі- қарсыласын үркіту немесе абдырату жолы.

2. Қорек талғауға бейімделу - ағзаларда төтенше табиғи жағдайлардағы тіршілікке байланысты кең өрісті бейімделуі.

3. Бейімделгіштік - адаптация деп те аталады.

4. Табиғатта тіршілік жағдайларына нағыз бейімделген формалар жоқ.

5. мимикрия - сақтандырушы рең.



Б) суретті тест (берілген суреттерден дұрысын анықтау)

1.Еліктеу реңіне қайсы сурет мысал бола алады?

Бейімділік. Бейімділіктің жетілдірілуі, салыстырмалылығыБейімділік. Бейімділіктің жетілдірілуі, салыстырмалылығы

Бейімділік. Бейімділіктің жетілдірілуі, салыстырмалылығы

2. Көрнекілеу реңі төмендегілердің қайсысына тән?

Бейімділік. Бейімділіктің жетілдірілуі, салыстырмалылығыБейімділік. Бейімділіктің жетілдірілуі, салыстырмалылығы

Бейімділік. Бейімділіктің жетілдірілуі, салыстырмалылығы


3. Жасырушы реңнің мысалы болатын сурет қайсысы?

Бейімділік. Бейімділіктің жетілдірілуі, салыстырмалылығыБейімділік. Бейімділіктің жетілдірілуі, салыстырмалылығы

Бейімділік. Бейімділіктің жетілдірілуі, салыстырмалылығы

© 2010-2022