Өсімдік жасушасы және ұлпалары

Раздел Биология
Класс 6 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өсімдік жасушасы және ұлпалар тарауы бойынша тест.

1. Биология ғылымы нені зерттейді?

а) өсімдіктерді ә) жануарларды б) тірі организмдерді

2. Қазақстанда " Қызыл кітап " тұңғыш қай жылы шықты?

а) 1968 ж ә) 1978 ж б) 1991 ж

3. Ақмола облысының су батпақты аймағындағы қорық

а) Наурызым ә) Қорғалжын б) Үстірт

4. Елімізде өсімдіктері мен жануарлары әр алуан, арнайы қорғалатын тұтас

табиғи аймақтар қалай аталады?

а) қорықша ә) тыным бақ б) қорық

5. Жасушада жүретін барлық тіршілік әрекетіне қатысады, жасушадағы зат алмасудың көпшілігі жүзеге асады. Ол үздіксіз қозғалыста болады

а) цитоплазма ә) ядро б) вакуоль

6. Жасушаның көбеюіне қатысады

а) пластиттер ә) ядро б) цитоплазма

7. Сабақ пен тамыр ұшында орналасқан ұлпа

а) жабын ә) өткізгіш б) түзуші

8. Өрік, шабдалы, жаңғақ, шие сүйектері қандай ұлпа?

а) тірек ә) түзуші б) фотосинтездеуші

9. Сыртқы ортамен қатынас жасап, газ алмасу, су булануды реттейді

а) жабын ә) түзуші б) негізгі

10. Жасушалары жас, ұдайы бөлінетіндіктен өсімдік өседі, бүршіктері мен гүл- шоқтары ашылады, тұқымынан жас өсімдіктер өсіп шығады

а) жабын ә) түзуші б) тірек

11. Өте ұсақ заттарды бірнеше мың есеге үлкейтіп көрсететін құрал

а) ұлғайтқыш қол әйнек ә) тұтқалы ұлғайтқыш әйнек б)микроскоп

12. Жасуша бөліктерін зақымдаудан қорғайды

а) пластиттер ә) жасуша қабықшасы б) вакуоль

13. Тін талшықтары қандай ұлпа?

а) жабын ә) түзуші б) тірек

14. Өсімдікті мал жеуден қорғайды

а) түзуші ә) өткізгіш б) бөліп шығарушы

15. Қоректік заттар қозғалысын қамтамасыз етеді

а) тірек ә) бөліп шығарушы б) өткізгіш

16. Жасушалары қатты қиыршықты

а) тірек ә) өткізгіш б) бөліп шығарушы

17. Заттарды ішке бөліп шығарушы ұлпа

а) шірнеліктер ә) домалақ басты түктер б) сүт жолдары

18. Жасушалары өте ірі, онда қоректік зат қоры жиналады

а) жабын ұлпа ә) негізгі ұлпа б) өткізгіш ұлпа

19. Хлоропластары бар тірі жасушалар тобы

а) тірек ұлпа ә) негізгі б) түзуші

20. Гүл күлтелеріне, күзгі жапыраққа піскен жемістерге, жем тамырлары қызыл, сары түс береді.

а)хлоропаститтер ә) хромопластиттер б) лейкопластиттер

21.Жасушаны қоректендіреді,жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейді, улы заттарды ыдыратады.

а) пластиттер ә) жасуша қабықшасы б) вакуоль

22.Өсімдікте органикалық зат түзуге қатысады, жасуша аралықтары кең, хлоропластары көп болады

а) тірек ұлпа ә) бөліп шығарушы ұлпа б) фотосинтездеуші ұлпа

23.Жасушаның тығыз, сыртында 2 қабат қабықшасы бар бөлімі

а) пластиттер ә) ядро б) цитоплазма

24.Жасушаның ішіндегі желім тәрізді созылмалы қоймалжың сұйықтық

а) пластиттер ә) ядро б) цитоплазма

25. Өсімдіктерде қоректік заттар қорын жинауға қатысатын түссіз пластидтер

а)хлоропаститтер ә) хромопластиттер б) лейкопластиттер

26.Өсімдікке жасыл түс беретін және органикалық зат түзуге қатысатын пластидтер

а)хлоропаститтер ә) хромопластиттер б) лейкопластиттер

27.Жасуша аралық зат алмасу жүретін, көршілес жасуша цитоплазмаларын өзара байланыстыратын саңылаулар орналасады.

а) ядрода ә) жасуша қабықшасында б) пластидтерде

28.Тамырдың топырақтан сорып алған минералды тұздарының ертіндісін жер үсті мүшелеріне жеткізеді. а) жабын ұлпа ә) негізгі ұлпа б) өткізгіш ұлпа

29.Өсімдіктерге арналған қызыл кітап ең алғаш қай жылы шығарылды
а) 1978 ж ә) 198 ж б) 1991 ж

30.Өсімдіктің тамырында, түйнегінде, тұқымында кездесетін қоректік қор жинауға қатысатын ұлпа қалай аталады?

а) Хлоропластар ә) хромопластар б) лейкопластар

31. Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы:

а) организм ә) мүше б) ұлпа

32.Өсімдік тану оқулығын жазған ғалым

а) Ж . Күдерин ә) Х.Досмұхамедұлы б) Б.М.Мусин

33.Жануартану оқулығын жазған ғалым

а) Ж . Күдерин ә) Х.Досмұхамедұлы б) Б.М.Мусин

34.Микроскоп неше есе үлкейтетінін қалай біледі?

а) окуляр мен обьективтегі санды қосады ә) окуляр мен обьективтегі санды көбейтеді б) окуляр мен обьективтегі санды бөледі

35.Жасушаны ең алғаш ашқан ғалым

а) А. Левенгук ә) Роберт Гук б) Б.М.Мусин


© 2010-2022