Аукцион сабақ ҰБТ-ге дайындық

№176 орта мектепАшық сабақАукцион(ҰБТ-ге дайындық)Сыныбы:11 Пән мұғалімі: Игембаева ГүлнарҚызылорда қаласыСабақтың тақырыбы: Аукцион сабағы (ҰБТ-ке дайындық)Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың биология пәні бойынша ҰБТ-ке дайындауда білім деңгейлерін кеңейте отырып түсіндіру;2. Логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін, дүниетанымын, пәнге деген қызығушылығын дамыта түсу.3. Өз бетінше жұмыс жасауға, еңбек қорлыққа, адалдыққа, өмірдегі қыйындықтарды жеңіп, өзінің таңдаған мамандығына жете білуге тәрбиеле...
Раздел Биология
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№176 орта мектеп





Ашық сабақ

Аукцион

(ҰБТ-ге дайындық)

Сыныбы:11

Пән мұғалімі: Игембаева Гүлнар



Қызылорда қаласы

Сабақтың тақырыбы: Аукцион сабағы (ҰБТ-ке дайындық)

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың биология пәні бойынша ҰБТ-ке дайындауда білім деңгейлерін кеңейте отырып түсіндіру;

2. Логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін, дүниетанымын, пәнге деген қызығушылығын дамыта түсу.

3. Өз бетінше жұмыс жасауға, еңбек қорлыққа, адалдыққа, өмірдегі қыйындықтарды жеңіп, өзінің таңдаған мамандығына жете білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аукцион сабақ

Сабақтың әдісі: Зерттеу әдісі, іздендіру әдісі, топтау әдісі

Көрнекілігі: электронды оқулық, слайд топтамасы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру (сыныпты 2 топқа бөлу)

Мұғалімнің кіріспе сөзі: - Бүгінгі сабағымыз «Білім биржасы» сайыс түрінде өтеді. Білім биржасында білім аукционға түседі. Сайыста тапсырмаларды сатып аласыңдар. Ақша бірлігі - эвро. Сайыс соңында қай топ көп ақша жинайды, сол топ жеңіске жетеді. Сынып екі топқа бөлінген.

І - тур. Білім аукционы

ІІ - тур. Таңдау - табыс

ІІІ - тур. Эрудиттер сайысы





1 сұрақтың жауабы 10 еуро лот 1

І-топ

1. Жасушаның бөліну аралықтары. (Жасуша циклі)

2. Табиғатты қорғауда өте ықпалды акцияларды іске асыратын, 1971 құрылған халықаралық үкіметтік емес ұйым. (Grecпреасе)

3. Нәурыздың екінші реттік құрылымында қандай байланыс болады.

(Сутектік байланыс)

4. Бактериофагтарды алғашқы рет сипаттап жазған ағылшын вирусологы:

( Ф.Туорт)

5. Ұлпаның оттектік қабылдауын жылдамдататын гармон:

(Адреналин)

6.Тіршілігін ұяда өткізіп жинаған дәндерді жұмсартатын қай құмырсқа:

(Жұмысшы құмырсқа)

7. Үшбашпайлы жылқының атауы (Эогиппус)

8. Қазақстанда топырақ өңдеудің эрозияға қарсы топырақ қорғайтын қайрымсыз жырту жүйесін жасаған кім? (А.Бараев)

9. ақпараттық РНК алынып тасталған бөлікті қалай атайды:

(Интрон)

10. Карпеченконың еңбегі:

(Турып пен қырыққабатты будандастыру арқылы туысаралық будан алды)

ІІ-топ

1. Мутация мөлшерінің саналы түрде арттыру үдерісі:

(Бағытты мутагенез)

2. Қазақстанда Қызыл кітап жасауда құлшынушы белгілі ғалым зоолог кім?

(А.Слудский)

3. Қандағы темірдің тұрақтылығын сақтайтын гормон:

(Гипофиз)

4.Тұмаудың нағыз қоздырғышы қай жылы табылды?

(1933ж)

5. Нәруыздың үшінші реттік құрылымында қандай байланыс:

(S-S)

6. Іш сүзегі бактериясын ертіп жіберетін бактериофагті анықтаған кім?.

(Канадалық бактериолог Дж. Эрелль)

7. Микросома деп атаған америкалық ғалым.

(А.Клод кейінен рибосома)

8.Адамның өсу гормоны қанша нуклеотидтен тұрады:

(584 нуклеотид)

9.Физикалық және химиялық мутагентердің әсерінен бұзылған ДНК құрылымының қалпына келуі.

(Репарация)

10. Кейбір саңырауқұлақтарда тыныс алу кемістігі болатыны анықталған. Бұл қай мутацияға жатады.

(Цитоплазмалық мутация)

Сен білесің бе?

Интеграция - бактериофагтің бактерия жасушасының сақиналы хромосомасына енуі.

Пируват - пирожүзім қышқылының анионы (СН3 СОСОО-) - немесе осы қышқылдың тұзы.

Тилакоид - хлоропласт оргоноидінде фотосинтез процесін жүргізуге әсер ететін негізгі элемент

Гендер банкі - рекомбинантты ДНҚ негізінде алынған белгілі организмдердің гендерінің жиынтығы

І тур. Білім аукционы лот 2

Білім аукционы

Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға - 10 еуро. Қай топ жоғары

баға береді? 1,2,3 сатылды!

Дұрыс жауап берген жағдайда өз қорына эвро қосады

Дұрыс жауап бермесе алынып тасталады.

№1 лот. Аукционға сұрақ:

Ең алғаш белгілі жануарларды тіршілік ортасына байланысты жіктеген ғалым? (Гиппократ)

Білім аукционы

Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға - 10 еуро. Қай топ жоғары

баға береді? 1,2,3 сатылды!

Дұрыс жауап берген жағдайда өз қорына эвро қосады

Дұрыс жауап бермесе алынып тасталады.

№2 лот. Аукционға сұрақ

Дене қуысы алғаш пайда болған тип? (Жұмырқұрттар типі)

Білім аукционы

Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға - 10 еуро. Қай топ жоғары

баға береді? 1,2,3 сатылды!

Дұрыс жауап берген жағдайда өз қорына эвро қосады

Дұрыс жауап бермесе алынып тасталады.

№3 лот. Аукционға сұрақ

Көпжасушалы жәндіктерден бұрын кездеспеген асқорыту мүшесі бауыр қай жәндіктерге тән? (Былқылдақ денелілер)

Білім аукционы

Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға - 10 еуро. Қай топ жоғары

баға береді? 1,2,3 сатылды!

Дұрыс жауап берген жағдайда өз қорына эвро қосады

Дұрыс жауап бермесе алынып тасталады.

№4 лот. Аукционға сұрақ :

Ең алғаш сілекей бездері, ортаңғы құлақ қуысы қай жануарларда пайда болды?

(Қосмекенділерде)

Білім аукционы

Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға - 10 еуро. Қай топ жоғары

баға береді? 1,2,3 сатылды!

Дұрыс жауап берген жағдайда өз қорына эвро қосады

Дұрыс жауап бермесе алынып тасталады.

№5 лот. Аукционға сұрақ :

Жүйке жүйесін ең алғаш қай жануардан кездестірдік ? (Ішекқуыстылар типі)

ІІ тур. Таңдау табыс лот 3

1 тапсырма.

Электронды оқулықпен жұмыс.

(6 сынып оқулығы, 14 тапсырма )

2 тапсырма.

Сиқырлы формулалар сөйлейді

  1. Т0К(5)А(5)Ж(2)

  2. Т(5)К(5)А(20)Ж(1)

  3. Т(4)А(4)Ж(1)

  4. Т(2)К(2+2)АЖ

  5. Т3+(5)К(5)АЖ


3 тапсырма. Кестеде берілген белгілерге сәйкес болатын ауруларды тауып жазыңдар

4 тапсырма. Жылдар сөйлейді





5-тапсырма. Термин сөздердің мәнін түсіндір





6-тапсырма. Митоздың жүру жолын түсіндір.

Аукцион сабақ ҰБТ-ге дайындық





7- тапсырма. Бұл тапсырма аукционға түседі. Бастапқы баға 10 еуро.

Биологиялық есеп.

1-есеп. Әке-шешесінің қаны екеуінде де І топ болса, балаларының қан топтары қандай болады?

2-есеп. Шешесінің қаны ІІ топ, әкесінің қаны ІҮ топ болса, балаларында ата-аналарының қан топтары тұқым қуалай ма?

ІІІ тур. Эрудиттер сайысы 10 еуро лот4

1 тапсырма

2-тапсырма 20 еуро

Мына тіршілік кезеңдері қайсы замандарға сәйкес келеді?

1) Силур; 7) Антропоген;

2) Девон; 8) Кембрий;

3) Бор; 9) Пермь;

4) Ордовик; 10) Палеоген;

5) Неоген; 11) Карбон;

6) Юра 12) Триас

Кайнозой (Ks)


Мезозой (Ms)


Палеозой (Ps)


Протерозой (Pts)


Архей (Аг)








3-тапсырма 30 еуро








4 - тапсырма. Эрудиттер аукционы

Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға - 30 еуро. Қай топ жоғары баға береді? 1,2,3 сатылды! Дұрыс жауап берген жағдайда өз қорына эвро қосады

Дұрыс жауап бермесе алынып тасталады.

Көбінесе науқастардың соқыр ішегін немесе көмекей безін сылып тастауға тура келеді. Демек, бұл мүшелер болмаса да өмір сүруге болады екен. Ауырғанша күтудің қажеті бар ма? Ертерек, жас кезінде өспей тұрып-ақ, оларды алып тастаған дұрыс болмай ма? Жауаптарыңды негіздеп түсіндіріңдер.



5 - тапсырма 40 еуро

6 - тапсырма 50 еуроАукцион сабақ ҰБТ-ге дайындық









7 - тапсырма тілек

Құрметті мектеп бітіруші түлектер!

Бүгінгі өмір үлкен білім мен еселі еңбек етуді талап етеді. Сендердің алдағы уақытта осы өзіміздің ҚАЗАҚ елін, ұлтын сүйетін, Қазақтың көк байрағын көкте желбіретер азаматтар болуларыңа тілектеспіз! Алдағы үлкен сыннан абыроймен өтіп, білікті маман атануларыңа тілектеспіз!

Барлық пәннен 25 балл

ҰБТ-ғы соңғы кездегі кездескен тапсырмалар

  1. Вакуоль

А) Қоректік қор жинайды С) Су алмасуды сақтайды Е) Көбеюге қатысады

В) Жасыл түс береді Д) Зақымданудан қорғайды

2. Ағзалық заттарды қалыптастырудағы энергия көзі ретінде ультракүлгін сәуле шығарудың ролін болжамдаған ғалым:

А) Аристотель В) Демокрит С) Ф.Реди Д) Д.Холдейн Е) У.Гарвей

3. Биопоэз теориясы тұжырымдалады:

А) Бейрорганикалық заттардың ыдырауы С) Бейорганикалық заттардан микроорганизмдердің түзілуі

В) Органикалық қосылыстардың ыдырауы Д) Бейорганикалық заттардан тұздардың пайда болуы

Е) Органикалық заттар тірі организмдер арқылы түзіледі.

4. Аюдың қысқы ұйқыға кету себебі

А) Ылғал жетіспеуінен С) Температураның төмендеуінен

В) Ауа райына байланысты Д) Қоректің жетіспеуінен Е) Жарықтың жетіспеуінен

5. Жарқанаттармен тозаңданатын өсімдіктердің гүлдері ашылады?

А) Таңертең В) Көктемде С) Түсте Д) Күзде Е) Түнде

6. Солтүстік өңірде, қарағайлы орманда өседі:

А) Жерқына В) Құрттәрізді қына С) Цертария Д) Пельтигера Е) Бұғы қынасы

7. Қырықбуынның өсімді көбею мүшесі болып саналады:

А) Споралар, түйнектер С) Тамырсабақтар, түйнектер Е) Өркендер, сабақтар

В) Сорустар, сабақтар Д) Тамырсабақтар, түйнектер

8. Бір-бірімен бірікпеген күрделі көп аналықтардан түзілген

А) Жаңғақ С) Бөлшекті жаңғақша Е) Қауашақ

В) Жинақталған жемістер Д) Шырынды жемістер

9. Плаундардың өскіншелері -

А) Даражынысты, ұзындығы 40 мм С) Қосжынысты, ұзындығы 20 мм

В) Қосжынысты, ұзындығы 40 мм Д) Қосжынысты, ұзындығы 20 мм

Е) Даражынысты, ұзындығы 20 мм

10. Будандастыру жетістіктерімен тікелей байланысты емес және будан алынып қойғаннан кейін қолданылатын әдіс:

А) Тозаң қоспасымен тозаңдандыру В) Үйлестіру С) Ментор әдісі Д) Полиплоидия

Е) Алдын ала өсімді жақындасу

11. Дельта тәрізді бұлшықеттердің орналасуы, қызметі

А) Бетте орналасады, мимикалық қозғалыс келтіреді В) Мойында орналасады, жиырылады

Д) Иық белдеуінде орналасады, қолды қозғалысқа келтіреді Е) Аяқта орналасады, қозғалыс береді

12. Топырақтың ластануының антропогендік жолы

А) Дауыл В) Су тасқындары С) Қышқыл жауын Д) Құйын Е) Көшкіндер

13.Өсімдіктерде органикалық қосылыстардың тотығуы дегеніміз...

А) Осмос қысымы С) Тұқымның өнуі Е) Өсімдіктің өнуі

В) Фотосинтез процесі Д) Тынысалу

14. Аш ішекте майлардың, көмірсулардың сіңуін тездететін дәрумендер:

А) Д,С В) А,К С) А,В Д) С,В Е) С,РР

15.Амебаның денесінде цитоплазманың қозғалысы әсерінен ең алдымен пайда болады

А) Өскін В) Кірпікше С) Бүртік Д) Жалғанаяқ Е) Талшық

16.Құмырсқа илеуінде аталық пен аналықтың қызметі

А) Ұя салу С) Жаулардан қорғау Е) Көбею

В) Қорек жинау Д) Жинаған дәндерді жұмсартады

17. Жасушаның бөліну аралықтары:

А) Синтез алдындағы кезең С) Синтез кезеңі Е) Синтезден кейінгі кезең

В) Интерфаза Д) Жасуша циклі

18. Харди-Вайнберг формуласы:

А) Р2АА+3РgAa+g2aa B) P2AA+2PgAa+g2aa C) P2AA+2PgAa+g3aa

D) PAA+2PgAa+gaa E) P3AA+2PgAa+g2aa

19. Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына тіркелген жануарлардың І-санаты

А) Белгісіздер С) Жойылып бара жатқандар

В) Саны азайып бара жатқандар Д) Сирек кездесетіндер Е) Қалпына келтірілгендер

20. Бір-бірімен бірікпеген күрделі көп аналықтардан түзілген

А) Жаңғақ С) Жинақталған жемістер Е) Бөлшекті жаңғақша

В) Қауашақ Д) Шырынды жемістер

21. Саңырауқұлақтардың өздігінен дүниеге келуі туралы тұжырымдаманы ұсынған ғалым:

А) А.Левенгук В) Р.Гук С) Ж.Б.Ламару Д) К.Линней Е) Л.Пастер

22. Хромосома санының еселенбей өзгеруінен туындайды:

А) Делеция В) Инверсия С) Гаплоидия Д) Анеуплоидия Е) Полиплоидия

23. Жоғары температурада цитоплазмада зат алмасу процесі

А) Жүрмейді В) Кері кетеді С) Төмендесе баяулайды Д) Жылдамдайды Е) Тоқтайды

24. Сұйық ластағыш заттар

А) Оттегі В) Көмірқышқыл газы С) Қоқыс Д) Метанол Е) Күкірт

25. Ұқсас жұп хромосомалардың сәйкес бөліктерінің өзара айқасуы

А) Кроссинговер В) Коньюгация С) Локус Д) Транслокация Е) Полимерия

Қорытынды: Жеңген топты анықтау








© 2010-2022