Откырытый урок на тему Балықтарды қорғау

Раздел Биология
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Балықтарды қорғау

Мақсаты:

1.Білімділік: Оқушылардың балықтардың сыртқы,ішкі құрылыстары,көбеюі,дамуы,маңызы туралы білімдерін айқындау.

2.Дамытушылық: Балықтардың құрылыс,мінез-құлық ерекшеліктерін,маңызын көрсету арқылы танымдық біліктіліктерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Балықтарды қорғау шаралары арқылы оқушыларды экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктері:Электронды оқулық,схемалар,суреттер.

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап,проблемелық жағдайлар

Сабақтың түрі: білімді қорытындылау.

Сабақтың жүру барысы:

І.Ұйымдастыру: Психологиялық тренинг белгілер тарату,

Жарық - өзің жақсы білесің,өзгенің білгенің жақсы көресің.

Ашық - өзің бүгінгі сабақты өте жақсы білесің.

Жабық - мұғалім менен сабақ сұрамаса екен деп ойлап отырсың.

Қараңғы - сабаққа толық дайындалмап едім.

ІІ.Қызығушылықты ояту үй тапсырмасы. «Оқыту» стратегиясы арқылы электронды оқулықтан балықтар класына жалпы сипаттамасын,құрылысының ерекшеліктерін еске түсіру.

Тапсырма:1. тірек-сызбалар,суреттер арқылы балықтырдың ішкі,сыртқы құрылысының ерекшеліктерін айту.

Тапсырма: 2.Балықтардың көбеюі,дамуы.

Терминдердің мағынасын түсіндір.

Өтпелі балықтар - уылдырық шашу кезінде балықтардың сапар шегуі.

Уылдырық шашу - балықтардың көбею жолы.

Балық шоғалы - аталық балық жасушасы.

Тапсырма: Суретті пайдалана отырып балықтардың дамуы туралы мәтінді қалыпқа келтір.

Балықтардың барлығы уылдырықтарын суға шашады.Ұрықтанғаннан кейін уылдырықтың мөлдір қабықтары ісінеді де біріне-бірі жабысады,үлкен ұрықтанған ұрық - зигота пайда болады.Бірнеше күннен кейін уылдырықтан балықтың личинкасы - итшабақ шығады.Итшабақ өз өмірінің алғашқы күндерінде жүзбейді және уылдырықтың сары уызымен қоректенеді;өйткені оның әлі аузы болмайды,бірнеше күннен кейін мүйіз жақтары бар ауыз пайда болады.Судың астындағы балдырларды қырып кеміреді.

Тапсырма:Далада,көлде тұрып қалған суда бірнеше уақыттан соң балықтар пайда болды? Бұл қалай болуы мүмкін? Нәлім 9 млн уылдырық,тікен тәрізді балық -180 уылдырық шашады.Балықтардың ұрықтануы неліктен әр түрлі?

Тапсырма:Шеміршекті балықтарға жататын белгілерді анықта.

1.Негізінен,теңіз түрлері.

2.Қабыршақтары ірі,жалпақ.

3.Желбезекті,қанаттары жоқ.

4.Тірітуарлар немесе жұмыртқасын тірі туатындар.

5.Алдыңғы миы үлкен,2 жарты шарға бөлінген.

6.Желбезек тесіктері қақпақтармен жабылған.

7.Қаңқасы шеміршекті,сүйек ұлпасы жоқ.

8.Жеке жынысты.

9.Жүзу торсылдақтары жоқ.

10.Қабыршақтары майда,тікенекті.

11.Ішінде бұралмалы қақпақ.

12.Іштей ұрықтанады.

13.Аузы құрсақ жағында.

14.Несебі қатпаршақ арқылы шығады.

15.Қос торсылдағы көлбеу орналасқан.

16.Сырттай ұрықтанады.

17.Аузы басының алдыңғы жағында орналасқан.

18. Ұрғашылары ірі жұмыртқаларын тығыз мүйізді қабыршаққа салады.

ІІІ. «Сергіту»әріптері шатасқан сөздерден балықтардың атауларын құрастыр:

Тхахба қрақанйа мәніл акертс

Мағынаны тану : Балықтарды қорғау , шығармашылық жұмыстары

Рефлексия бөлімі Кері байланыс

Нені білдім Нені білгім қеледі

Оқушыларды бағалау

Үиге тапсырма беру



© 2010-2022